Материалдар / "Сатылай кешенді талдау" технологиясы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Сатылай кешенді талдау" технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл сабақтарында "Сатылай кешенді талдау" технологиясын қолдану арқылы оқушылардың есте сақтау,ойлау қабілеттерін,сөйлеу мәнерін қалыптастыру
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ТАЛДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІКТЕРІ

 

 Астана қаласы

С.Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназия

Бастауыш сынып мұғалімдері:

Ильясова Ж.Х.

Елеуова Ж.Қ.

Ибраева А.С.

 

Қазіргі жағдайда еліміздің білім беру жүйелерінде жаңа адамды қалыптастыру бағытында сан алуан жұмыстар жүргізіліп келеді. Оның бастыларының бірі әрі бірегейі – білім мазмұнын ұлттық негізде жетілдіре түсіп, білім мен тәрбиені ұлттық рухта әлемдік жүйеге жақындастыру. Сол себепті оқу-ағарту саласының оқу үрдісіне жаңа технологияларды кең көлемде енгізу талап етіледі.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті–оқудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткендей-ақ, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалық технологиялар кеңінен қолданылуда.

«Технология» - өнер, оқыту, шеберлік деген мағынаны білдіретін грек сөзі. Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу үрдісін ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.

Ғалым зерттеуші Ф.Ш.Оразбаева өзінің «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» еңбегінде: «Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, адамзаттық және басқа да көптеген келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді дамытуына көмектеседі. Оқыту технологиясын таңдап, іріктеу- оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін басқарудың негізгі бір буыны», - деп нақтылап айтқан.

Әрбір технологияның өзіндік әдіс-тәсілдерді мұғалім мен оқушы арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай қолданылады. Мен өз сабақтарымда және сабақтан тыс іс шараларда сыни тұрғыдан ойлау, ойын технологиясының элементтері, интерактивті әрекеттер технологиясы, пікірталас технологиясы, деңгейлеп оқыту технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы, зерттеу және жобалау технологиясы және дамыта оқыту технологиясын тиімді қолданып келемін. Аталған технологиялардың ерекшеліктеріне қарай әрі сабақ тақырыбына сәйкес пайдаланамын. Қазір бастауыш сыныпта қазақ тілі және әдебиеті пәнінен Н.А.Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша жүйелі түрде оқытып жүрміз.

Ерекше айта кететіні, «Сатылай кешенді талдау» қазақ елінің төл технологиясы, себебі біріншіден, технологияның теориялық негізі ретінде А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Т.Шонанов, М.Жұмабаев, Қ.Жұбанов т.б. көрнекті ғалымдардың ғылыми әдістемелік тұжырымдарын басшылыққа алады; екіншіден, Ыбырай, Абай, Шоқандардың ағартушылық ұстанымдарын енгіз етеді; үшіншіден, теория мен практиканы ұштастыруда ғалым-әдіскер Ф.Ш.Оразбаеваның тілдік қатынас теориясына негізделеді; төртіншіден, ұрпақтың тілін дамытуға, ұлттық құндылықтарды бағалай білуге, құрметтеуге үйрету мақсатында ауыз әдебиетінің бай мұрасынан бастап бүгінгі күнгі сөз зергерлерінің әдеби ой-толғамдарын жаттату, мәтін, тіл дамыту, тіл ұстарту жаттығуларына материал етіп пайдаланылады. Сатылай кешенді талдауда баланың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда болады. Ол үшін оқушы өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі қажет. Осыдан келіп, оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.

«Сатылай кешенді талдау» технологиясында мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар: ынтымақтастық, өзара сыйласты, түсіністік, әріптестік сияқты қасиеттер. Бұл технологияның маңызды тағы бір ерекшелігі – оқушыларды жақсы, жаман, орташа оқиды деп бөлмей, тек материалды өте жылдым, баяу қабылдауына қарай тапсырманы он деңгейлге икемдеп, барлық баланың дамуы қолайлы жағдай туғызуды мақсат етеді.

Қорыта айтқанда, «Сатылай кешенді талдау» - тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен шектелмей, сонымен қатар оқушының жалпы тұлғалық дамуына, ойлау мен есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты танымдық-психологиялық   қасиеттердің жақсы үйлесімді дамуына бағытталған оқытудың түрі» деп, Н.А.Оразақынованың айтқандай, бұл талдау ғылыми жетістіктердің бірі.

Қазақ тілі сабақтарында мұғалімдердің мақсаты – оқытудың ұтымды жолдарын, амал-тәсілдерін іздеп, жаңа технологияларды дұрыс пайдаланып, сол арқылы жоғары деңгейлерге жету. Демек, сатылай кешенді талдау технологиясы оқушылардың тіл мен әдебиет салалары бойынша меңгерген теориялық білімдерін тәжірибеде терең талдап меңгере алатын, жете игермеген теориялық білімдерін талдау сызба негізінде меңгере алатын тиімді де ұтымды технология деп білеміз.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.

2.Ф.Ш.Оразбаева., Р.С.Рахметова. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 2005 ж.

3. Оразахынова Н.А. Сатылай кешенді талдау технологиясының ғылыми-әдістемелік негіздері. (монография). Алматы, 2007. –287 б.

4. Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық/ Тұрсынова Г.Т – Астана: «Арман-ПВ», 2013 жыл.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!