Материалдар / «Сауат ашу сабағында оқу дағдыларын қалыптастыру»

«Сауат ашу сабағында оқу дағдыларын қалыптастыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
сауат ашу пәні бойынша оқушыны жылдам оқу дағдысын қалыптастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Сәуір 2024
390
3 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Сауат ашу сабағында оқу дағдыларын қалыптастыру».

Мақсаты: Сабақта жаңа технологиялардың әдіс- тәсілдерін қолдану, оқушы жеке тұлға ретінде жеке дара ерекшеліктерін ескеру. Балалардың зейінін тұрақтандыру, қабылдауын және оқу қабілетін дамыту.

«Балбұлақ» 6 жастағы балаларды мектепке интеллектуалды-шығармашылық дамыту студиясында 7 жылдық тәжірибем бар. Жұмыс барысын бастағаннан бастап, мен әрдайым ізденіп оң нәтижеге қол жеткізу үшін, әр түрлі тәсілдерді пайдалана отырып, іздендім.

Баланы оқуға үйретуде , нәтижеге жету үшін, түрлі әдіс-тәсілдер мен технологияларды пайдаланған жөн. «Сауат ашу» сабағында ең бірінші дыбысты танытып, кейін дыбыстарды қосу арқылы оқуға үйретіледі. Оқуға үйрету үшін балаға қызықты тапсырма немесе ойын түрінде үйреткен тиімді. Ендеше түрлі тәсілдерді пайдалана отырып оқуға бейімдеуге болатыны жөнінде сіздермен өз тәжірибеммен бөліскім келеді.

«Жүгіртіп оқу» - әдісі.

Бұл әдістің мақсаты: Балаға ойын түрінде көрсете отырып, оқу дағдысын қалыптастыру. Балаға оқуды үйреткенде мына әріпті екінші әріпке қосасың деп оқытқаннан көрі, мына әріп екініші әріпке қарай жүгіреді деп көрсету арқылы оқытылады. Оны бала бірден қабылдап, екі, үш дыбысты қосып оқу, одан көп дыбысты қосып үйреніп оқуға жаттығады. Мысалы:

АDrawObject1 т ат немесе а т ат деп көрсетіп оқытылады.

«Буындап оқыту» әдісі

Оқудың алғашқы кезеңінен дұрыс оқудың негізі басталады. Осы кезде жеке сөзді әріптеп оқытпай (а-ғ-а-ш, б-а-л-ы-қ) буындап буындарды жалғастырып оқуды ( а-ғаш, ба-лық ) меңгерту қажет. Буындармен ойын ұйымдастыру, оқушыға күн сайын бірнеше буындарды тізбекпен көрсете отырып оқыту пайдалы болмақ.


«Сөзді тұтас оқу» әдісі

Сөзді тұтас оқу үшін балаға күнделікті жаттығу жұмыстары мен тапсырмаларды көбірек пайдаланған жөн. Ол үшін мен өз тәжірибемде «Адасқан әріптер» ойыны арқылы сөзді тұтас оқуға жаттықтырамын.

О У Ы С Б Қ

Қ Ш А А

«Баспалдақ» әдісі

Балалар баспалдақ арқылы оқуда жылдам оқуға жаттығады. Әрі ойын, әрі оқу жылдамдығын арттыру үшін тиімді.

«Деңгейлеп оқыту» әдісі

Сауат ашу кезінде әріп таныта отырып, қосымша топшамалармен де жұмыс істелінеді. Топшамалар оқушылардың деңгейіне байланысты алынады. Өз сабақтарымда «Деңгейлеп оқыту технологиясының» әдіс – тәсілдерін қолданамын. 1-деңгей:

  1. «С» әрпін қоршап сызып шық.

О Ю С Б О С Р С Э С А С О С

  1. Өзге әріптің астын сыз.

С С С С С С Э С С С З С

  1. Оқы:

Ас ос ус са со су сы сас аса осо сус сес ыс сы

2-деңгей:

1.Оқы, сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жаз:

Са-ра, са-бақ, сан. Са-зан, (се-гіз, са-на, са-ғат, ма-са, тас, со-қа, қыс.

Са-ра са-бақ о-қы.

Са-мат са-на.

3-деңгей:

1.Оқы:

Сай-ра мен Са-нат – сы-нып-та ке-зек-ші. О-лар сы-нып-қа ер-те кел-ді. Са-нат шаң сүрт-ті. Са-ра су құй-ды. Сы-нып-та са-бақ бас-тал-ды.


«Қызықты сурет»

Балаға сөйлемді оқыта отырып, әбден жаттыққан соң шағын әңгіме немесе ертегі кейіпкерлерінің орнына суреттер пайдаланып оқытқан тиімді. Бала қызыға оқып, оқуға деген қызығушылығы артады және жалықпай оқиды.

Ағашта өседі.

ойнады.


«Көңілді шеңбер»

Бұл әдіс О.Н. Ткачеваның «Жылдам оқуға үйрету» тренингісінен алынған болатын. Дөңгелектің қозғалысымен бала жылдам оқып, оқу шапшаңдығын арттырады. Оқуға деген қызығушылығы жоғарылайды.


Пирог 4

бала





«Ызыңдап оқу»

Сауат ашу сабағында тез оқу дағдысын қалыптастыруға да көп көңіл бөлінеді. Бұл мақсатта Зайцевтің «Ызыңдап оқыту» әдісін пайдаланамын. Әр сабақтың алдында 2-3 минут мәтінді түгел топ оқушылары ызыңдап оқып шығады. Бұл әдіс оң нәтижеге жеткізеді.

Жылдың басындағы және екінші жарты жылдықта сауат ашу сабағы бойынша оқушылардың білім сапасының өскенін көруге болады. Жылдың басында білім сапасы 35%, ал екінші жарты жылдықтың басында 67%-ды көрсетіп, білім сапасының жоғарылағанын байқатты. Қорыта айтқанда, сабақта ойын элементтерін неғұрлым жиірек пайдалансақ, соғұрлым сабағымыз қызықты тартымды өтеді. Артта қалған, жасық, оқуға ынтасыз, күшпен оқитын оқушы болмайды. Керісінше, баланың өмірі, қоршаған ортаны танып білу, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады.Ойын - оқушылардың сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін ұштайды. Сабақты қызықты өткізу үшін қосымша материалдар пайдаланып (интерактивті тақта т.б.), замануи технологиялармен ұштастыру тиімді. 
Сол себептен мен өзімнің тәрбиелеп жүрген оқушыларыма оқу тәрбие үрдісінде болып жатқан жаңалықтарды пайдаланып, көздеген нәтижеме жетемін.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!