ІІ. НЕГІЗГІ
БӨЛІМ Сыни ойлау – ашық қоғам
негізі. Сыни ойлау деген –әр жеке тұлғаның кез –келген жағдайдағы
мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе
алуы.Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады.Ол –
өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін
табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз
пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың
пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын
зерттеу дегенді білдіреді.Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, іздене,
дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен
тәжербиенің бірлігі. .Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен
тұрады. Біріншіден, сын тұрғысынан
ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Екіншіден , сын
тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру
емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қаблеті жоқ, керсінше терең
ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру мүмкін, тың
идеялар ойлап табуы мүмкін. Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау
сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан
басталады.Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып
келеді.Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап беруге
талпынады. Сын тұрғысынан ойлау
бағдарламасы қызығушылықты ояту,
мағынаны ашу, ой
толғаныскезеңдерінен түзіледі. Сауат
ашу сабақтарында оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау
технологиясын қолдана отырып тұлға қалыптастыру тәжербиесін
сабақтарда қолданудамын.Сын тұрғысынан ойлауда оқушы болжайды,
зерттеп, қорытып, өз ойын жеткізеді, негізін ашады, сұрыптайды,
талқылайды,, сын көзбен қарайды,пікірін дәлелдейді, пікір алмасады,
ортақ пікірге келеді, мақсатқа жетеді, өзін – өзі басқарады, топпен
жұмыс істеуге үйренеді, жан дүниесін өзгертеді, ойлауды дамытады,
қызығушылықты дамытады, қызығушылықты артырады, кез – келген
сабақты меңгертеді, оқушы өзін – өзі
тәрбиелейді. Сын тұрғысынан ойлау
-ашық қоғам негізі.Ол өз алдына
сұрақтар қойып және оларға үнемі жауап іздеу, әр мәселеге
байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу,сонымен қатар
басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелерді
қисынын зерттеу дегенді білдіреді.Сыни ойлау-адам өмірінің бір
саласы. Олай делінетіні-бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен
шешімдер ішінен өздері үшін маңызды, әрі пайдалы екенін, тек
қажетті ақпараттарды ғана жинап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата
білуге көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту
технологиясяның дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы-білімнің дайын
күйінде берілмеуі. Бұл жобаның мақсаты- демократиялық қоғамда өз
көзқарасы, пайымдауы бар,өзін-өзі жетілдіріп отыратын, айналадағы
үдерістерге сыни көзбен қарап, жауап бере алатын жеке тұлғаны
қалыптастыру. ІІІ.
ҚОРЫТЫНДЫ