1-сабақ
Тізбектелген сабақтар
топтамасындағы 1-сабағымды Тағам және сусын бөліміндегі « Ұлттық
тағамдар.Мәтін» тақырыбында өткіздім.Сабақта топтық,диалогтік оқыту
әдісін қолдандым.Сабаққа қандай әдістерді кіріктіруді
қарастырдым.Жаңа сабақты бастамас бұрын сыныпты шаттық шеңберіне
тұрғызып,таңдаған тағам және сусын суреттері бойынша топқа
бөлдім.Топ ережесімен таныстырдым.Әр топтың орнын белгіледім.1- топ
«Тағам» тобы,2-топ «Сусын» тобы болып орналастырылды.Топ басшысы
сайланды.Әр тапсырма орындалғаннан кейін топ басшысы смайликпен
бағалап отыратындығын ескерттім.
Оқушыларға «Допты қағып ал»
ойыны арқылы өтілген тақырыпқа байланысты ашық сұрақтар
бердім.Балалар ойынға қызығып ,белсене араласты.Мерей мен Әли
рөлінде ойнап балалар мәтін туралы түсінік қалыптастырды.Келесі
тапсырмада балалар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастырып топ
болып қорғап шықты.Бұнда еңбек,жан-жануарға мейірімділік көрсету
мақсаты көзделді.Оқушылардың ойлауын дамыту мақсатында «Сөзжұмбақ»
шешкіздім.
Оқушылардың
көңіл-күйі,шаршамауы жөн деп сергіту сәтін өткіздім. «Қазақы
дастарханым» әнін үнтаспадан тыңдаттым.Сыныпта диалогтік әңгімені
дамыта отырып Мерсердің айтуынша ұжымдық түсіну мен білім беруге
қол жеткізуге,табыстс талқылауға әңгімелесудің зерттеушілік түрі
басымдыққа ие екендігіне көз жеткіздім. Бұны жұппен жұмыс барысында
байқадым.Балалардың есте сақтау қабілетін жаттықтырып,зейінін
шоғырландыру мақсатында «Есте сақтау» диктантын жазғыздым.Келесі
тапсырма шығармашылық тапсырма болды .Шығармашылық тапсырма
оқушының ойлау қабілетін дамытады.Мерсердің айтуынша білімді
бірлесіп алуда тең құқылы серіктестер болып табылатынын сезіндіру
мақсатымен топтық жұмыс жүргіздім.Әр топқа тірек-сөздер арқылы
жұмбақ құрастыруды ұсындым.Оқушылар топпен бірлесе жұмыс істеу
арқылы жұмбақ құрастырды.Топтық жұмыс кезінде оқушылар
шығармашылығын шыңдап қана қоймай, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
екендігін түсіне бастады.Ұжым болып орындаған жұмыс тартымды бола
бастады. Бірлескен жұмыс барысында топ мүшелерінің барлығы да қызу
әрекетте болды.Өйткені берілген тапсырма бірлескен жұмыс арқылы
ғана орындалуы тиіс.Сабақты қаншалықты меңгергендігін анықтау
мақсатында тест жұмысын жүргіздім.Көңіл-күй смайликтері арқылы
балалар сабаққа «ұнады» деген рефлекция берді.Дәстүрлі сабаққа
қарағанда топтық жұмыста балалар пікір алмасып,құнды ой-пікірлерін
айта алатындығына көз жеткіздім.Топтық жұмыс барысында сабаққа
енжар қатысатын Р есімді оқушының топ мүшелеріне пікірін айтып
жатқанын байқадым.