Материалдар / Сценарий: физика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыс

Сценарий: физика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Физикалық кеш. Сыныптан тыс жұмыс. Сценарийі негізінде қазақтың өлшем бірліктері және наурыз. Қызықты әрі сапалы разработка.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Сәуір 2022
506
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1 – жүргізуші: Уа, халайық, халайық! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! Наурыз мейрамына шақырамыз! Келіңіздер, тамашаны көріңіздер!

2 – жүргізуші:Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,

                         Босқа қарап тұрмаңыздар,

                         Наурыз тойы басталды.

                         Береке де осында.

                         Мереке де осында.

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді!
Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман-есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын!

2- Жүргізуші: Күй ойнайды қазағымның қанында
Күй ойнайды қазағымның жанында
Жүрегімнің жүрегімнің дүрсілі
Ол алтын саз күмбірлеген домбыра демекші алдарыңызда физика-информатика мамандығының 3 курс студенті Жеңісқызы Айсананың орындауында әні.



1-жүргізуші:Келесі кезекте ой сергіту мақсатында физика пәніне байланысты жұмбақтар.

Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланам күн сайын жарық үшін

                              (Электр тоғы)

* * * * *

Бар жоғын білмейсің,

Онсыз өмір сүрмейсің.

                          (Ауа-диэлектрик)

* * * * * 

Үстінде орманы, суы бар,

Сені де, мені де

Көтерген, алыпты тауып ал?

                           (Жер-өткізгіш)

* * * * *

Өзі затты құрайды,

Теңесуге таразыны сұрайды.

                               (Масса)

* * * * *

Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасақ,

Ньютонға ол келеді.

                                (Күш)  

* * * * *

Жай көзге көрінбейді,

Қозғалуға ерінбейді.

                                 (Молекула)

* * * * *

Жоғарыламайды ешқашан,

Түрлендірсең егерде.

Басқа күйге ауысса,

Жұмыс істейді әрқашан.

                                   (Энергия)

* * * * *

Көтерілсе жоғары,

Ерітер мұхит мұздарды.

Төмен түссе шамалы,

Сездірер суық ызғарды.

                                  (Температура)

* * * * *

Оңынан оқы тіршілік нәрі,

Солынан оқы онсыз адам,

Өсімдік, аң, құс,

Әп-сәтте сөнер,

Тұншығып бәрі.

                            (Ауа)

* * * * *

Қос сүрлеу бар жолымда,

Екі қамшы қолымда

Міндім де екі арғымақ

Таудан түстім қарғып-ақ.

                              (Шаңғы) 



1-жүргізуші: Қазақ халқы бұрынғы заманнан бері той, мейрам, мереке,ойын және де тағы да басқадай көңіл күйді көтере алатын жиындарды өткізе алатын халық. Ауыл аймақ жиналатын дәстүрлі мерекелік жиындардың түрлері қазақтарда жиі кездесіп тұрады. Олардың түрі көп.Солардың бірі “қыз қуу”ойыны. Қыз қуу қыз бен жігіттің атқа мініп, бірін бірі қуатын ойын түрі. Ойынның шарты бойынша қыз бен жігіт атқа мінеді. Кейін атқа мінген қыз белгілі жерге дейін шауып қашу керек, ал жігіт оны қуып жетіп сүйуі керек. Қуып жете алмаса, қыз қамшымен жігітті қуып, оны қамшымен ұрады. Бұл ойын ғашықтардың сезімдерін білдіреді, немесе қыз бен жігітті таныстыру мақсатында істеледі.Біз бұл ойынды заманға сай етіп өзгерттік.Яғни шарт бойынша 1 қыз және 3 ұл бала болуы керек.Қыз бала мәренің жанында ,ал ұл балалар стартта тұрады.Ұл балаларға физикадан сұрақ қойылады,сұраққа жауап беру арқылы біздің сері жігіттер бір қадам алдыға басады.Бірінші мәреге жеткен адам жеңімпаз атанады.

1. Инерция құбылысын ашқан кім? (Галилей Галилей)

2. Дене салмағын өлшейтін құрылғы (таразы)

3. 1 кг судың көлемі? (1 литр)

4. Үш ат шауып бара жатыр. Әр ат 5 шақырымға жүгірді. Ат үстінде отырған адамдар неше километр жол жүрді? (5 км)

5. Күштің негізгі өлшем бірлігі (Ньютон)

6. 1 пұт (16 кг) нешеге тең

7. Сағаттың ¼ бөлігі неге тең? (15 минут)

8. Мензуркамен қандай физикалық шама өлшенеді? (көлемі)

9. Ең үлкен планета ? (Юпитер)

10. Қолда 10 саусақ бар, 10 қолда неше саусақ бар? (елу)

11. Бір килограмм салмақ қай кезде үлкен массаға ие болады: жазда ма, қыста ма? (олардың массалары бірдей)

12. Аз мөлшердегі сұйықтық қалай аталады? (тамшы)

13. Көзе көрнеді,және сонымен қатар көрінбейді? (тұман)

14. Табиғатта көп кездесетін зат қалай аталады? (Су)

2-жүргізуші:

Еліміздің әрбір парасатты азаматы, ең алдымен, өз халқының тілін, дінін, өткенін білуі қажет, себебі өзін, өз халқының жақсысын түсіне білген адам ғана өзгені де сыйлай алады. Қазақтың барлық сөзінің шегі, өлшемі болған. Адамдар әрбір өлшемнің атқаратын міндеті бар екенін білген, сөйтіп оны ішкі рухани салмақтың сыртқы көрінісі деп қараған. Заттың сыртқы өлшемі, оның биіктігі мен тереңдігі, қаттылығы мен жұмсақтығы – бәрі түйсікке әсерін тигізетін құбылыстар.Іс-шарамыздың келесі кезеңі қазақ халқының өлшембірліктеріне арналады.(Живой слайд кетеді)

 Елі — Бір саусақтің көлденең ені (~2–2.5 см);

Тұтам (Біртұтам) — жұдырықтың ені (~8–10 см);

Сынық сүйем — бүгілген сұқ саусақ пен бас бармақ арасындағы аралық (~13–15 см);

Сүйем — көсілген бас бармақ пен сұқ саусақ арасындағы қашықтық (~17–20 см);

Білем — саусақтың ұшы мен қолдың бірінші буынының аралығындай мөлшер (~18–21 см);

Кере қарыс — бас бармақ пен шанышақ аралығы (~19–20 см);

Қарыс (Қарыс сүйем) — бас бармақ пен ортан саусақты кергендегі аралық (~20–22 см);

Шынтақ — саусақтардың ұшы мен шынтақ аралығы (~44-51 см);

Кез — саусақтардың ұшынан иыққа дейінгі қашықтық (~70-80 см);

Аршын — бір метрге жуық ұзындық (~90-100 см);

Құлаш — иық деңгейінде кере созылған екі қол ұшының арасы (~166см-170 см);

2-ЖҮРГІЗУШІ:Бүгінгі біздің іс-шарамызды биден бастайық.Алдарыңызда физика-информатика мамандығының 3 курс білім алушыларының орындауында “қара жорға ”биі.



1-жүргізуші: Қадірлі Алаш жұрты! Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз. Мемлекетіміз –тұғырлы. Тәуелсіздігіміз – ғұмырлы болсын!

2-жүргізуші: Әз Наурыз әр шаңыраққа құт береке ырыс әкелсін!Келесі кездескенше,сау болыңыздар!!!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ