сценарий І.Жансүгіров

Тақырып бойынша 11 материал табылды

сценарий І.Жансүгіров

Материал туралы қысқаша түсінік
Ілияс Жансүгіров сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

І. Жансүгіров шығармаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған

Қазақ поэзиясының құлагері Ілияс Жансүгіров» тақырыбында

«Ілияс оқулары» байқауының сценарийі


Жүргізуші:Берсүгір, Жансүгірден таралғансың,

Тауда туып, тасынан нәр алғансың.

Ерттеп мініп пырағын қара өлеңнің,

Туған тілді жырлауға жаралғансың.

Армысыздар,оқушылар мен қонақтар жыр сүйер қауым!

« Ілияс Жансүгіровтің есімі туған ел әдебиетінің тарихында Гималайдай зәулім биікте танылды. Сондай-ақ оның Құлагердей дүлдүл ақындығы поэзия «бәйгесінде» әманда алда келіп, Абай мұрасындай мәңгі жасамақ.Әйгілі ақын, драматург, сөз зергері Ілияс Жансүгіров бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында (қазіргі Алматы облысы, Ақсу ауданында) туған. Ілияс жас күнінен бастап ән мен күйге, өлең-жырға құмар болып өседі. Ол 1927-1938 жылдары өндірте жазып, поэзия, проза, драматургия, сын, аударма саласында жиырмадан астам кітап шығарып, артына мол әдеби мұра қалдырды. Ақынның эпикалық шығармаларындағы бейнелеу тілінің байлығы, стиль өрнегі, құйылған сөз тасқыны, Ілияс Жансүгіровті қазақ халқының сүйікті қаламгерлерінің бірегейі етті. Оның шығармаларына арқау болған тақырып өрістері де алуан түрлі.Поэзия, проза, драма салаларындағы шығармаларына өзі ғұмыр кешкен ортадағы нақтылы өмір көріністерінен бастап, тарихи тақырыпқа дейін арқау болып отырады. Қандай тақырыпқа қалам тербесе де ел қамы, халық тағдыры, ұлттың болмыс қасиеті - оның шығармаларының алтын арқауы.Жерлес ақынымыздың шығармаларын дәріптеу, рухани байлығымызды кеңейту, оқушылар шығармашылығын дамытып шын дарынды анықтау мақсатында өтетін Ілияс оқуын бастауға рұқсат етіңіздер!

Ортамызға қатысушыларымызды қошетпен шақырсақ

1_______________________________________

2__________________________________________

3____________________________________________

4____________________________________________

5_____________________________________________

6_________________________________________________

Бәрекелді енді байқаудың ережесімен таныс болыңыздар.

1 – ші ережесі қатысушы өзін қысқаша таныстырып оқитын шығармасының тақырыбын айтып өтеді.

2- ші Қатысушы оқылатын шағарманы нақышына келтіріп жатқа мәнерлеп оқиды.

Ереже түсінікті болса Ендеше, байқауға төрелік жасайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар

1______________________________________________

2______________________________________________

3_______________________________________________

Жүргізуші: Әдебиетте орның бөлек нар тұлға,

Ұстанымың бопты «Алға, тартынба!»,

Жырларыңды оқиды ұрпақ сүйсініп,

Өшпейтұғын із қалдырдың артыңда.

Бізге сыйлап, кеттің маржан, жақұтты,

Біз ұрпағың едік неткен бақытты!

Менің де өз жүрегімде жырым бар,

Өлең жазам, бос өткізбей уақытты.

Қызығамын жырларынды жаттауға.

Тырысамын мұраңызды сақтауға.

Ақындықтан жалғап баба мирасын.

Уәде етем, ел үмітін ақтауға! - дей отырып, бүгінгі Ілияс оқуын бастаймыз.

Жүргізуші: Өнермен өрге қарай басқан қадам.

Өнермен жыр шумағын шашқан қалам

Өлеңмен сусындатқан әрбір жанды

Өнермен мәңгілікке аскақ адам. Сөз кезегі әділқазылар алқасына

Жүргізуші:Біз қазақпыз ұлысын ардақтаған,

Мен сіздерге жырымды арнап бағам

Шабыттана өлеңді тармақтаған.

«Қазағым» деп жырлаған ақын бабам,

Ілиястай арқалы ақын барда.

Ақындыққа жас ұрпақ ұмтылады,

Әдебиеттің шыңында атың барда.

Біздің халық бай шіркін ақындарға,- дей отырып, байқауды қортындылап қатысушыларды марапаттауға ортамызға шақырамыз

Міне Байқау да өз мәресіне жетті осы шараға қазылық еткен апайларымызға және ақын өлеңін жатқа оқуған қатысушыларымызға алғыс білдіреміз сау саламатта болыңыздар!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.11.2024
522
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі