Материалдар / Шебер қолдар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шебер қолдар

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшадағы қол өнер үйірмесі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2024
88
0 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Үйірме аты:

«Шебер қолдар»

Уақыты:


Кабинет: Акт зал


Жетекшісі: Камзина Н.А


Жұмыс тақырыбы

Дән мен тұқымнан картиналар жасауды үйрену

Мақсаты

Білімділік: жалпы дәнді – дақылдар туралы толық мағлұматтар беру;
Дамытушылық: қол өнерге деген қызығушылығын арттыру, ойлау шеберліктерін, эстетикалық талғамын ұштастыру;
Тәрбиелік: осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.
Көрнекілігі: Дәннен жасалған картина.


Қауын тұқымы
Емдік қасиеті. Тәтті, дәмді, суық райлы, іркілген қанды таратады, өкпені тазалайды, ішекті дымқылдандырады. Ауыздың сасуына: қауын тұқымынан қажет мөлшерде алып талқандап, таңертең ашқарынға ауызды ысады немесе балмен араластырып дәрі жасап тіске басса да болады. Бел, аяқ қақсап ауырғанда: 120гр. қауын тұқымын талқандап 10 күн араққа шылап, бір ішкенде 10мл-ден үш күн ашқарынға ішеді. Ішекке ас тоқтап тынышсыздануға 6-15гр. Қауын тұқымын талқандап сумен ішеді. Қауын тұқымы 10гр. , аю балдырған 30гр, жылан қабығын бір дана талқандап, әр ретте 12гр, тамақ алдында ішеді. Соқыр ішек қабынуға: басқа дәрілерді қауын тұқымын қосып ішкізсе, соқыр ішектің қабынуының алдын алады.
Асқабақ. Асқабақ пен дәрмене (жусан түрі) ұрығының ұнтағынан бір-бір ас қасық алып, сол ұнтақты жарты килограмм қара мейізге қосып темір келіде жаншып, осының бас бармақтайын күніне 4 рет глимастасы бар балаға жегізсе, бір күннің ішінде іштегі құртты айдап шығарады.
Асқабақты сүтке қайнатып ас орнына жиі ішсе - бауыр, көкбауыр, қант диабеті ауруларына өте жақсы ем. Ал асқабақ сабағын суға қайнатып ішсе, несепті жүргізеді, бүйрек пен жүректің ісініп ауырғанын қайтарады.
Сөкті — тарыны ақтап, қауызынан тазартып алады. Тазаланған сөк — арнайы өңделген тары дәні — жоғары, бірінші және екінші сортқа бөлінеді. Кейбір сөктің ашқылтым дәмі болады. Оны кетіру үшін тарыны қайнаған суға әбден жуады.
Қарақұмық жармасын буланған немесе буланбаған қарақұмық дәнінен алады. Құрамында сіңімді белоктар, крахмал мол болады. Қарақұмық жармасының белоктары басқа қосылыстармен алмастыруға болмайтын амин қышқылдарына бай. Өндеу тәсілдері мен дон сапасына қарай қарақұмық жармасы ұнтақталмаған тұтас жарма және тез пісетін жарма болып бөлінеді. Ұнтақталған қарақұмық дәні тез піседі. Сұрыпталған жарманы бірінші және екінші сортқа бөледі. Ал ұнтақ жарма сортқа бөлінбейді. Жармадан қоймалжың ботқа әзірлейді, ал сұрыпталмаған жарманы дербес тағам түріндегі кебіртек ботқа, сонымен бірге гарнирге, турамаға пайдаланады.
Асбұршақ. Асбұршақ бағалы, жоғары ақуызды дәнді бұршақ дақылы болып табылады. Қазақстанда аудандастырылған сорттарының тұқымдарына орта есеппен 24-27% ақуыз, 50%-ден астам көмірсулары (негізінен крахмал), айтарлықтай мөлшерде май , күлдік заттар мен дәрумендер (А, В, С ж.б.) болады. Тұқымдары жоғары қоректілігімен және жақсы дәмдік санасымен ерекшеленеді, әр түрлі тағамдар дайындауға бүтін және үгітілген тұқымдар кеңінен қолданылады, консервіленген түрде де пайдалануға болады. Асбұршақтан әр түрлі мал азықтық өнімдер ден (дара азық, шөп ұны, пішен, пішендеме, т.б.) өндіріледі.
IV. Дәнді – дақылдарды жұмысқа дайындау реті.
• Қауын дәнін алдын – ала жуып, күнге кептіріп алады;
• Асқабақ дәнін әбден сүртіп, кептіріп аламыз;
• Таңдалған дәндерді суретке байланыстыра отырып эскиз дайындаймыз;
• Дәндеріміз жылтыр, әрі әдемі көрінуі үшін түссіз лак ерітіндісімен бояу керек.

Сергіту сәті

Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

(жұмбақтар шешу)
1. Аппақ дала, қойлары қара. (қағаз бен әріптер)
2. Мұрнында байлауы бар,
Адамның айдауы бар. (ине)
3. Тілі жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде. (қаламсап)
4. Орақ болып туады,
Табақ болып тұрады. (ай)
5. Суықта солмайды,
Аязда тоңбайды. (жасанды гүл)
6. Кетер ұшып күзде -
Күдеріңді үзбе
Көктем шыға Қайта,
Қауышады бізде. (құстар)
7. Бетіңді тырыстырады,
Арқаңды құрыстырады.
Ыңғайына көне берсең,
Досыңмен де ұрыстырады. (ашу)
8. Дүниеде бір қудың бар беті қатқан,
Бетінде бетегесі шығып жатқан.
Қараса сол құдыққа көз жетпейді,
Құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан.
(оқу, білім)

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Рисунок 67

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Күтілетін нәтиже:

Білуі/ түсінуі керек:

-Дән және тұқым түрлерін ажыратуы;

-Дән мен тұқым түрлерінің әр түрлі мақсатта қолд/дығын; -Материалдарды таңдауы,эскиз жасауды; Істей білуі керек: -ДВП үстіне эскизді орналастырып, үлгіні бастыруды; -Алынған суретке қарай дәндерді дұрыс орналастыруды; -Дұрыс желімдеуді;




























Үйірме аты:

«Шебер қолдар»

Уақыты:


Кабинет: Акт зал


Жетекшісі: Камзина Н.А


Жұмыс тақырыбы

Құрақты пішу, Құрақты көктеп тігу, Құрақ көрпеше жасау

Мақсаты

Білімділік: құрақ түрлерімен, олардың шығу тарихымен таныстыру және құрақ құрау элементінің үлгісідайындау, жасалу технологиясын үйрету.
Дамытушылық: Құрақ құрауда геометриялық фигураларды пайдалана білуге, оларды түрлендіруге, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Халқының өнерін, салт - дәстүрін бағалай білуге, әсемдікке, шыдамдылыққа тәрбиелеп, эстетикалық талғамын арттыру.

-Бұйым дайындауға қолданылатын мата мен өңдеу түрлерін;

-өлшем алу ережесін;

-Әр түрлі тігу әдістерінің орындалуын;

-түс үйлестіруді;

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, дайын бұйымдар,
технологиялық карта.

Қажетті құрал - жабдықтар: мата, үлгі, ине, жіп, қайшы, сызғыш, бор, тігін машинасы, үтік, үтік столы.


Халқымыздың қолөнері құрақ құрау өнері 15 - 16 ғ. дамыған. Екі түрлі матаны бір - бірімен қиылыстыра тігетін болсақ, қарапайым ғана құрақ шығады.
Қ Ұ Р А Қ
Көл жағасында өсетін өсімдік.
Мата қиындысынан жасалатын бұйым
Яғни құрақ дегеніміз шығынсыз өнім жасаудың бір түрі.
Негізінен құрақтың 200 - ден аса түрі бар.
Құрақ құрау екі мақсатты көздейді:
1. Матаның қиындыларын іске ұқсату.
2. Үлкен сәнділікке баулу, матадан әртүрлі фигуралар жасай отырып, қиылыстырып бір бұйым жасап шығару
Құрақ құрау қолөнердің ерекше бір түрі. Бұрынғы кезден - ақ қазақтар тілім - тілім маталарды құрап киім, көрпе, тұрмысқа қажетті түрлі дүниелерді жасайтын. Құрақ жабдықтар тек әдемілік үшін ғана жасалған емес. Ертеден сиқырлы күштерге сенетін қазақтар құрақтан тігілген заттар да оның иесін тіл - көзден сақтап, үйіне бақыт алып келетіндігіне сенген. Ал ең бастысы, құрақ - құрақ бұйымдар отбасының татулығын сақтап, ру мен ру, тайпа мен тайпа арасындағы адамдардың бірлігін нығайтатындығына нанған. Құрақ құрау халқымыздың үй тұрмысы бұйымдарында ұрпақтан ұрпаққа ұласқан ұлттық тәсілдегі өнері. Құрақ құрау үшін қалған қиынды маталар қолданылған. Құрақ құрау өнерінің терең мән - мағынасы бар. Ертеде әжелеріміз құрақ құрай отырып, қызына, немересіне арналған құрақты: Отан болып құралып кетсін, өсіп - өнсін» деген тілекпен жасаған. Қазақ қолөнерінің қарапайым да қайталанбас түрі қиыстырып құрақ қию, одан көздің жауын алатындай өте бағалы бұйымдар жасау. Құрақ көрпешелердің әрбір бөлшегі геометриялық фигуралардан тұрады. Шаршы, алты бұрыш, трапеция, пирамида, үшбұрыш, ромб, тікбұрыш, параллелограм. Осы тұста біз математикамен тығыз байланыстылықты байқаймыз.
Геометриялықфигуралар
Құрақ түрлері
↓Геометриялық ------- Зооморфты ----- Өсімдік тектес ----- Тұрмыстық ---- Ғарыштық
Үшбұрыш -------------- Мүйіз ------------- Гүл -------------------- Балта ------------ Жұлдызша
Төртбұрыш ------------ Аққу -------------- Жауқазын ----------- Ши --------------- Айшық
Құраққа қойылатын талап біреу – ол мата бөлшектерінің симмитриялы болуы және түстерінің үйлесімді орналасуы. Түс шеңберінде түстер 2 топқа бөлінеді: жылы және суық.Түс шеңберінде бір – біріне қарсы тұрған түстерді қарама қарсы түстер дейді. Олар қызыл – жасыл, сары – күлгін, көк -қоңыр
Құрақ құрау Еуропада « Пэчверк техникасы» деп аталады.
Орыс халқында «Лоскутная техника» немесе «Липочиха». Жапон халқында «Сашико» дейді.
Пэчворк ( patchwork) ағылшын тілінен аударғанда «құрақ құрау, құрастыру» қызықты жұмыс, қиял беруші өнер. Отаны Индия елінен табылған. Құрақ техникасы АҚШ, Германия, Швеция елдерінің мұражайында кездеседі. Алматыда Ә. Қастеев мұражайында құрақпен жасалған бұйымдар бар.

Құрақ құрау техникасы екі бағытта дамып келеді.
1. Құрақ құрау /құрақ мозайкасы/.
2. Жапсырмалау/аппликация/
Құрақты қандай бұйымдарда қолданамыз?
Дастархан, сөмке, әмиән, қолғап, көрпе, жастық тыс т. б.
Слайдтар арқылы құрақ әдісімен жасалған бұйымдарды көрсету. Жасалған дайын бұйымдарды көрсету.

Сергіту сәті

Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым өнерлі,
Құрақ құрап үйренді.

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Қорытынды

Құрақ
құрақ сөзіне қатысты өз ойларын жазады.
Жұмысты бекіту
Құрақтан қандай бұйымдар жасалады.
Құрақ дегеніміз не.
Құрақ құрауда ең бастысы нені ескеруіміз керек.

Бағалау

Жұмыстарын тексеру, бағалау.

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Рисунок 67

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Күтілетін нәтиже:

Білуі/ түсінуі керек:

-Бұйым дайындауға қолданылатын мата мен өңдеу түрлерін;

-өлшем алу ережесін;

-Әр түрлі тігу әдістерінің орындалуын;

-түс үйлестіруді;

Істей білуі керек:

-Құрақты жобалауды, өлшем алуды;

-Үлгі дайындауды және матаны пішуге дайындауды;

-бастыра тігу, бүгіп тігу әдістерін орындауды;










Үйірме аты:

«Шебер қолдар»

Уақыты:


Кабинет: Акт зал


Жетекшісі: Камзина Н.А


Жұмыс тақырыбы

Суретті бастыра моншақпен кестелеу

Мақсаты

Білімділік: қолөнер тарауы бойынша алған мәліметтерді жинақтау, пысықтау. Педагогтерді моншақтармен кестелеу элементтерімен таныстыру. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Тақырып бойынша білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: жұмыс істеу дағдыларын, оқу еңбегі шеберліктерін, танымдық қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: еңбекке тәрбиелеу, салт-дәстүрді құрметтеп, әсемдікке, эстетикалық талғамға тәрбиелеу. Кестелеудің көмегімен дербес шығармашылыққа тарту,моншақтармен жұмыс істеуге қызығушылық тудыру, еңбекке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

- педагогтарға моншақ түрлерімен танысу арқылы, моншақпен кестелеу технологиясы туралы түсінік бере отырып, су моншақпен жұмыс істеудегі шеберлігін арттырып, білімін жүйелеу;
- өз бетінше ұқыпты жұмыс істеу дағдысын, ойлау, қабылдау, шығармашылық қабілетін дамыту;
- педагогтардың қолөнерге деген қызығушылығын арттыру, сұлулық пен әсемдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: - шебер қолдар үйірмесі.
Сабақтың әдісі: - сұрақ – жауап, топтық жұмыс.сарамандық жұмыс.
Көрнекілігі: - бұйым түрлерінің үлгілері, схемалар, суреттер, сызбалар.
Керекті құрал – жабдықтар: бисер түрлері, сым, қайшы, жіп түрлері, әр түрлі суреттер.


Барлық қолөнер сияқты бисердің де тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Сондықтан бисердің отаны Ежелгі Египет деп болжайды.
Бисер – ұсақ домалақ келген, диаметрі 2 мм - ден көп болмайды.
Бусер – жалған меруерт (жемчуг)
Моншақ – үлкендеу бисер, диаметрі 2мм.
Рубка – қысқа таяқшалар.
Стеклярус – ұзын таяқшалар, домалақтар және көпқырлы.
- Бисердің арнайы инесі бар: 1) жіңішке №1, №0.
2) жапон инесі №10, №11, №12 болу керек.
- Моншақпен кестелу кезіндегі кеңестер:
- Ұсақ, - сопақша,
- домалақ, - әртүрлі хрусталь,
- шыны, - керамикалы,
- металл, моншақтардан жасалған моншақтарды бисер деп атайды.
Су моншақтан жасалатын бұйым түрлері:
Зергерлік бұйымдар:
Сырға, алқа, білезік, сақина, жүзік, тақия
Моншақпен кестелеу

- Қауіпсіздік ережесі:
1) Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды.
2) Инені аузыңа салма.
3) Моншақтар шашылып кетпес үшін оларды бөлек жалпақ ыдыстарда немесе қорапшаларда ұстаған жөн.
4) Сымды қайшымен қияды.
5) Сымды көзге жақын ұстамайды.

Қорытынды

Нәтижеге қол жеткізеді.

Бағалау

Жұмыстарын тексеру, бағалау.

Бағалау парақшасын толтырады.

Күтілетін нәтиже:

Білуі/ түсінуі керек: -Моншақпен кестелеудің жіппен кестелеуден өзіндік ерекшелігін; -Моншақпен кестеленген жұмыстармен танысу;

- Суретті бастыра кестелеудің өзіндік ерекшелігін ажыратады

Істей білуі керек: -Кестелеуге мата таңдап, эскизді орналастырып,

-Дайындалған моншақтармен суретті бастыра кестелеуді


Picture 15








Үйірме аты:

«Шебер қолдар»

Уақыты:

Кабинет: Акт зал

Жетекшісі: Камзина Н.А

Жұмыс тақырыбы

Пластикалық бөтелкенің қақпақтарынан түрлі бұйымдар жасауды үйрену

Мақсаты

Білімділік:Пластикалық бөтелкелер қоршаған ортаға зиян келтіреді, ал шебер қолдарында олар қажетті және пайдалы болуы мүмкін.

Дамытушылық: Қол өнерге деген қызығушылығын арттыру, ойлау шеберліктерін, эстетикалық талғамын ұштастыру;
Тәрбиелік: осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.
Көрнекілігі: түрлі елдерде пластикалық бөтелкелерді кәдеге жарату әдістерімен.


Пластикалық бөтелке — сұйықтықтарды сақтау және тасымалдау үшін арналған пластикалық контейнерлер. Пластикалық бөтелкелер олардың өндірісінде, толтыру желілерінде жұмыс істеуге, дайын бұйымдарды тасымалдауда үлкен қолайлылық береді, өйткені олардың салмағы шыны бөтелкелерден он есе аз және олар бұзылмайды. Пластикалық бөтелкелер әдетте сусусындармотормайыөсімдік майыдәрілік заттарсусабындарсүтсия және т.б. тәріздес сұйықтарды сақтау үшін қолданылады.

Бүгін өте танымал болып табылады осындай бағыт қол өнері ПЭТ-бөтелке. Бірақ басты кейіпкерлері тек оның бір бөлігін ғана «крышечки». Жарқын түрлі - түсті «кругляшки» шығармашылық үшін тамаша материал. Олардың ішінде жасауға болады көптеген қызықты заттарды.

Пластикалық бөтелкелерге байланысты экологиялық проблемалар және оларды әлемнің әр түрлі елдерінде кәдеге жарату тәсілдері.

Пластикалық бөтелке біздің өмірімізге барынша енді. Ол өндірісте арзан және ыңғайлы. Жыл сайын миллиондаған пластик бөтелкелер шығарылады. Статистика мәліметтері бойынша шағын қала ай сайын 20 тонна пластикалық бөтелкеден қалдық шығарады. Жыл сайын мұндай қалдықтардың саны өсуде.

Бүгінде елімізде өндірістік қалдықтармен қоса есептегенде, 48 миллиард тоннаға жуық қоқыс бар. Жыл сайын елімізде 5 миллион тоннаға жуық зат тұрмыста пайдаланылып, артынша полигондарға жіберіледі. Кей мамандардың пікірінше, 2050 жылға қарай қалдықтардың саны шамамен 1,5 есе артпақ. Тау-тау болып үйілген қалдықтардың экологияға кері әсер ететіні белгілі.Мұндай әсем өнер туындысы кез-келген адам жасай және безендіре алады. Сондай-ақ пластикалық бөтелкелерден сіз де жасай аласыз және басқа бақша фигуралар: пингвиндар , бақа, аралар тағы басқалар жасауға болады.

Жұмыс кезінде қайшымен, желіммен ҚТ ережелерін және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Бізге қажет: икемді сым; өткір қайшылар; ашық жалын; тігу; әрине, пластикалық бөтелкенің өзі.

Жұмысқа түспес бұрын шөлмекті кір мен заттаңбадан мұқият жуу қажет. Содан кейін оны жақсы кептіру керек.

Бақшаға арналған бөтелкелерден гүлдержасау.

Қысқы немесе күзгі бақ үшін пластикалық бөтелкелерден гүл жасай аласыз. Бірақ гүлге арналған бірінші нұсқаға қарағанда, бүкіл бөтелке мұнда түбінен басқа болмақ. Осылайша, төменгі жағынан біз бірнеше сантиметр шегініп, оны біркелкі кесеміз. Бұдан кейін алынған шеңбер 5-6 жапыраққа бөлінеді және біз осы нүктелерден мойынға дейін тегіс сызықтарды тартамыз. Осы жолдарда бөтелкені жапырақтарға кесеміз. Әрбір жапырақ, бірінші жағдайда, біз дөңгелек шетіне береміз және оларды сыртқа бұрамыз. Дайын гүлдер боялған болуы мүмкін және бақтың қоршау бағандарының шетіне орналастырылуы мүмкін. Бұл нәтижелер пластикалық бөтелкелерді қоршаған ортаға пайдаланудың салдары туралы ойлануға мәжбүрлейді және пластикалық бөтелкелерге екінші өмірін сыйлайды.

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Күтілетін нәтиже:

Білуі/ түсінуі керек:

- Пластикалық бөтелкенің қақпақтарынан әр түрлі мақсатта пайдалануға болатынын ; - Пластиканың өзіндік ерекшелігін; - Эскиз жасап , өлшемдер жүргізуді;

Істей білуі керек:

- Эскиз бойынша бұйым жасауды ;


- Жасалған бұйымды өз қалауы бойынша безендіруді; - Бұйымға өзіндік баға беруді;



Үйірме аты:

«Шебер қолдар»

Уақыты:


Кабинет: Акт зал


Жетекшісі: Камзина Н.А


Жұмыс тақырыбы

Шырша дайындау

Мақсаты

Білімділік: Шырша туралы мағлұмат беру. Шыршаның жасалу жолдырын үйрету;

Дамытушылық:   танымдық қабілетін, ой - өрісін, өзіндік іс - әрекетін, шығармашылық қабілетін дамыту, қызығушылығын, таным белсенділігін арттыру; Тәрбиелік: Ұқыпты, таза, әдемі жұмыс жасауға үйрету. Еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;

Әдісі: топпен жұмыс, түсіндірі, сұрақ - жауап

Көрнекілігі: шырша бүрлері, ермек саз, бұтақтар, құстың қауырсындары т.б.


Шырша (лат. Pіcea) – қарағай тұқымдасына жататын қылқан жапырақты, мәңгі жасыл ағаш. Шыршаның барлық түрі күн көзін жақсы көреді. Сұрыпты түрлері
жеңіл топырақты, ық жерлерде жақсы өседі. Жыл сайын сынған, майысқан бұтақтарын кесіп, реттеп отыру керек. Шырша – қарағай тұқымдасына жататын биіктігі 30 - 50 м, баяу өсетін қылқанжапырақты ағаш. 15 - 20 жылға дейін өте жай, кейін жылына 30 см - ге дейін өсетін болады. Мәңгі жасыл өсімдік болғанымен, 6 - 12 жылда қылқандарын кезекпен түсіріп, жаңарып отырады. Өсе келе жан - жағына Жайыла түсетіндіктен, олардың бір - бірінен немесе өзге ағаштардан арақашықтығы кемінде 6 м болғаны дұрыс. Шыршаны ауа тазартатын ерекше қасиетіне қарай, аурухана, шипажайлардың маңына көптеп еккен дұрыс. Шыршаның түрі өте көп. Шығыс Шыршасының қылқаны сары немесе алтын түстес, ине қылқанды шыршаныкі көк, көкшіл, еуропалық шыршаның қылқаны қою жасыл, балқандық шыршаныкі күміс түсті немесе сұр болады. Дүние жүзінде 50 - ге жуық түрі бар. Түрлеріне қарай 50 - 150 жыл аралығында өмір сүреді. Олардың арасында бойы бір метрден аспайтындары да бар. Шыршаның ағашы жұмсақ, жеңіл және мықты емес. Сондықтан құрылыста, ағашты қайта өңдеуде қолданылады. Шыршадан жасалған музыкалық аспаптардың дауысы керемет болады. Шыршаны жол жиектеріне жел ұстағыш ретінде егеді. Тұқымы орман құстары мен кеміргіштеріне тамақ ретінде қызмет етеді. Діңінің қабығы тері илеуде қолданылады. Көптеген елдерде жаңа жыл ағашы ретінде танымал.

Сергіту сәті

Шаңғыменен сырғанап,
Боран болып уілдейміз.
Қар болып жапалақтап,
Бұршақ болып түсеміз.

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

(жұмбақтар шешу)
1. Аппақ дала, қойлары қара. (қағаз бен әріптер)
2. Мұрнында байлауы бар,
Адамның айдауы бар. (ине)
3. Тілі жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде. (қаламсап)
4. Орақ болып туады,
Табақ болып тұрады. (ай)
5. Суықта солмайды,
Аязда тоңбайды. (жасанды гүл)
6. Кетер ұшып күзде -
Күдеріңді үзбе
Көктем шыға Қайта,
Қауышады бізде. (құстар)

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Күтілетін нәтиже:

Білуі/ түсінуі керек: шырша бүрлерінен аңдар, құстар бейнелерін жасай білуді үйренеді.

Істей білуі керек: шырша бүрлерінен жасалынған аңдар, құстар бейнелері жайында жаңа түсініктерді игереді. Меңгереді: шырша бүрлерінен аңдар, құстар бейнелерін жасай білуге және ұқыпты жұмыс істеуге дағдыланады.



Үйірме аты:

«Шебер қолдар»

Уақыты:


Кабинет: Акт зал


Жетекшісі: Камзина Н.А


Жұмыс тақырыбы

Фетра кесінділерімен жұмыс (сөмке,гүл, т.б.)

Мақсаты

Білімділік: . Жас ұрпаққа рухани жаңғыру аясында инновациялық технологияларды қолдана отырып ұлттық төл мәдениетімізді , салт-дәстүрімізді насихаттау. Танымдық қасиеттерін дамыту. Шеберлікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу. Киізден, жүннен жасалатын күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар жасаудың ыңғайлы жолдарын іздестіру,өз қолдарынан сөмке жасау. Дамытушылық: . Фетр матасына қойылатын талаптарды өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру. Тәрбиелік: Тәрбиеленушілерге осы заман талабына сай өзгеріп келген жүнмен жұмысты үйрету негізінде ұлттық өнерді қастерлеуге, дәстүрді сақтауға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: әр түрлі сөмкелер, әр түрлі түсті фетр матасы, фетр матасынан жасалған сөмкелер,терио желім, қайшы,жіп түрлері, схема, шаблон, суреттер, Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сабақ барысымен таныстыру. 2. Тәрбиеленушілердің назарын сабаққа шоғырландыру. 3. Қауіпсіздік ережелері. ІІ. Қызығушылықты ояту. 2 Тәрбиеленушілердің зейінін аудару. ІІІ.Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау. 1.Жұмыс барысына керекті құрал-жабдықтарды түгенде! 2. Инені арнайы ине салғышта немесе жастықшаға түйре! 3.Қайшыны ашық ұстама,ұшынан ұстап сабымен бер. 4.Жіптерді қолмен үзбей, қайшымен қию керек.Фетр матасынан жасалған бұйымдарынан көрме ұсыну.(сөмкелер,гүлдер,т,б...) Тәрбиеленушілердің зейінін аудару.


Сарамандық жұмыстың барысы: 1. Сөмке жасайтын мата түсін таңдау

2. Қағазға болашақ сөмкенің лекалосын түсіру, қию.

3. Лекало арқылы болашақ бұйымды фетр мата бетіне түсіру, қию.

5. Бұйымды айналдырып кестелеп,көктеп тігу.

6. Қағазға дайын сөмкенің бетіне орналастыратын ою-өрнекті түсіру.

7. Қағаздары ою-өрнекті жұқа фетр матасына бастыру, қию

8. Дайын сөмке бетіне ою-өрнекті орналастыру, желіммен жапсыру 9. Сөмке бетіне дайын оюды терможеліммен жапсыру. Киіз - (ағыл. Felt, нем. Filz) (түрікше ajlyk – жамылғы, жапқыш) – қойдың күзем жүнінен басылған, үй тұрмысында пайдаланылатын бұйым. Көшпелі халық өмірінде киіздің алатын орны ерекше. Киіз қазақ жеріндегі көшпелі тайпаларда б.з.б. 1- мыңжылдықта белгілі болған. Киіз Басу – дәстүрлі қазақ қоғамында дамыған киіз жасау өнері. Оған жүн талшықтарының бір-бірімен ұйыса байланысатын қасиеті негізге алынған. Фетр - (қалпақтық биязы киіз) басу процестері де Киіз Басу дәстүрлі технологиясымен бірдей. Жүн – ұйысуға бейім бірден-бір талшық. Қазіргі кезде киіз бұйымдары қауырт өркендеу үстінде, шеберлер бұйымды жасауда өте кең ауқымды киізді пайдаланады. Қазіргі заманғы әр түрлі технологияларды пайдалана отырып, сан түрлі фактуралар мен маталарды – жібек, мақта, кендір, тоқыма заттарды уйлестіре отырып, нағыз өнер жауһарларын жасап жур. Олардың ішінде – моншақ, сәнді түйме, шаш қыстырғыш, білезіктер мен белдіктер, сөмкелер, әмияндар, ұялы телефондарға арналған қаптамалар, жеңіл аяқ киім, тіпті етіктер де бар.Киіз басу өнері көне заманнан бүгінге дейін жетіп отыр. Тіпті одан бұрынырақ келген деуге де болады. Оған дәлел киіз үй біздің заманымыздан бұрынғы 3000 –жылдықта пайда болды деген деректер бар. Тіпті таңғаларлығы сол қабірлерден қазір де әжелеріміз істейтін ызылған құрлар, жіптер, ақ, қара, жолақты ұсақ шақпақты жүн кездеме, шұғалар табылған. Міне осы деректерге қарап халқымыздың жүнді пайдаланып киіз басу, арқан, жіп есу, құр ызу сияқты қолөнерінің тарихының әріден басталғанын көреміз. Демек, киіз басу өнері Орта Азияны қоныстанған көшпенді ұлттардың шаруашылығының тұрмыс мәдениетінің туындысы.Бұл халқымыздың атадан балаға ертеден бүгінге дейін жалғасқан тарихи тума мамандығы.Киізді халқымыз көшпенді тұрмысының барлық қажетіне жаратты. Мәселен, баспанасына жабынды, басына сая, еденіне төсеніш, үстіне киім, өлісін арулайтын, тірісіне сән – салтанат бағыштайтын аса қажетті тұтыну материалы болды. Сөмкенің қолданылуына қарай бірнеше түрі бар. Оны әр түрлі пішін мен көлемде матадан, былғарыдан тігуге болады. Біз қол тігістерінің техникасыбойынша сөмкені фетрдан тігеміз. Сөмке тігу үшін материалдың қалыңдығына қарай ине мен жіпті дұрыс таңдау қажет.

Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

3.Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жұмыстың орындалу реті:

1қағаздың өлшемі 50см х 20см болатын сөмкенің негізін қиып аламыз.

2.Оның дәл ортасын тауып, екіге бүктейміз.

3.Тағы да екіге бүктеп, тұтқасының енін 4 см етіп белгілеп аламыз. Белгі ізін қайшымен қиып, арасын ашамыз. 4.Бүйір бөлігіне көлемі 15 см х 8 см екі бөлік қиып алып, олардың төменгі жағына кертік белгілейміз.

5.Материалдың оң бетінен сөмкенің негізгі бөлігі мен бүйір бөліктерінің кертіктерін теңестіріп,жапсыру .

6. Оны фетр матасына тусіріп қиып аламыз

7. Іс машинасымен тігеміз

8. Сөмкені әшекейлеу үшін гүл жапсыруға және әр түрлі әшекейлер жапсырамыз

өз қалауларынша.

Қорытынды

Қауіпсіздік ережелерін сақтау. Нәтижеге қол жеткізеді.

Бағалау

Жұмыстарын тексеру, бағалау.

Бағалау парақшасын толтырады.

Күтілетін нәтиже:

Білуі/ түсінуі керек: -фетра түрлерін ажыр/ды;

-Жұмыс үшін қажетті матаны таңдауды; Істей білуі керек: -Жасалған эскиз бойынша пішуді, өлшемдер алуды;

-Фетратүстеріндұрысорналастыруды;
















Үйірме аты:

«Шебер қолдар»

Уақыты:


Кабинет: Акт зал


Жетекшісі: Камзина Н.А


Жұмыс тақырыбы

Түрлі материалдарды қолдана отырып ертегі сюжеттерін құрастыру.

Мақсаты

- Мектепке дейінгі жасындағы баланы театр түрлері арқылы шығармашылық және парасаттылық қабілеттерін жан-жақты дамыту;

- Сөз өнерін қастерлей білуге, өз білімін көтеруге, шешендікке баулу.

- Балалардың сөздік қорларын байытып, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу;

- Театрлық іс - әрекетті ертегілерді пайдалана отырып – ойын дамыту.


Театрландырылған ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спектакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.

Балабақшадағы театрландырылған іскерлік бағдарламасы: 5 бөлімнен тұрады.

Театрландырылған ойын. Кез келген өмірлік мән жайда өз құрбыластарымен және үлкендермен қарым-қатынас жасай білуге, кез-келген жұмысқа шығармашылық қабілетпен қарауға, эстетикалық сезіммен ойнау арқылы мінез құлқын дамыту. Бұл бөлімдегі ойын 3-ке бөлінеді:

- дамытушылық

- әсемділік

- театрлық.

Саусақ театрында– саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын саханалау болып табылады. Саусақ театры - бұл баланың көңілін көтеру үшін ғана емес, сонымен қатар оның ойлау қабілетін дамытатын ұсақ моторикасын дамытудың тамаша құралы. Кейбір педиатрлар тіпті дамуын артта қалдырған балаларға осындай көңілді терапияны тағайындайды.

Бұл қажетті - балалардың тоқылған қолғаптары;

  • - түрлі-түсті материалдардың кішкене бөліктері - перде, киіз, жүн, мақта және т.б.;

  • - фарш материалы;

  • - моншақтар;

  • - акрил бояулары;

  • - тігін аксессуарлары.

1-қадам

Саусақ театрын жасаудың ең оңай жолы - ертегі кейіпкерлері тігілетін қолғапты пайдалану. Әрбір жаңа қуыршақтың өз қолғабы болса жақсы болар еді - осылайша ол баланың қолынан ұстай алады. Алайда, ең көп таралған нұсқа - ертегі кейіпкерлерінің барлығы бір қолғапта, әр саусақта орналасқан кезде.

2-қадам

Алғашқы қойылымды «Шалғам» ертегісі негізінде жасаңыз. Сол қолда бас бармақта тышқан, сұқ саусақта - репа болады. Оң жақта - атасы, әйел, немересі, қателік және мысық.

3-қадам

Шалқан. Оны жасау үшін сары немесе қызғылт сары және жасыл жүнді пайдаланыңыз. Екі қызғылт сары шеңберді кесіңіз, оларды төменде және қолғап саусағына тігу үшін салатын орын қалдырып, біріктіріңіз. Шыңдарды жасыл матадан бұлт тәрізді кесектерге кесу арқылы жасауға болады. Оларды тігіп, ішіне бұраңыз, қажет рельефті жасау үшін еркін жабыңыз және көрпеңіз. Шалғамға жасыл «бұлтты» тігіңіз.

4-қадам

Тышқан. Ол үшін сұр матаны пайдаланыңыз. Қолғап саусағының диаметріне сәйкес келетін фрусто-конустық 2 бөлікті кесіңіз. Оларды тігіп, толтырыңыз. Басын екі шеңберден жасаңыз. Сондай-ақ, мұрынды конус түрінде жасаңыз. Мұртты жасауды ұмытпаңыз, оны бала жұлып алып жұта алмайтындай етіп мықтап тігіңіз.

5-қадам

Ата, әйел, немере. Осы таңбаларды белге дейін жасаңыз. Торстың негізінде дәл сол қиылған конус орналасқан. Атаңызға мата-көйлек, әйелге гүлді көйлек, немереңізге жарқын сарафан жасаңыз. Барлық бірдей матамен қолыңызды үстіңгі жағыңыз. Басты екі шеңберден тігіңіз. Атаңа үлкен мұрын мен сақал бер, бас киімді ки. Сәби - сонымен қатар үлкен мұрын, көзілдірік, шарф. Немереңіз үшін тоқылған өрім тоқыңыз. Акрил бояуларымен барлық кейіпкерлердің көздері мен ауыздарын салыңыз немесе моншақпен кесте тігіңіз.

6-қадам

Қате және мысық. Торсты және басты алдыңғы таңбаларға ұқсас етіп жасаңыз. Үлкен құлаққа және мұрынға тігіс, құйрықты тоқу. Мысық үшін - тұмсықты сызыңыз, үшбұрышты құлақ пен мұртты тігіңіз, үлкен құйрықты ұмытпаңыз.


Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Күтілетін нәтиже: Білуі/ түсінуі керек: -Ертегі сюжеттерін дұрыс құрастыра білуді; -Түрлі материалдардан әр түрлі бұйымдар жасауға болатындығын; -Жұмыс үшін материал- ды дұрыс таңдауды. Істей білуі керек: - Ақ беттің үстіне үлгі бойынша ертегі суреттерін салуды; -Желімдеу арқылы жинақталған материалдарды дұрыс орналастыруды; -Фон үйлестіруді


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!