Материалдар / Шебер қыздар

Шебер қыздар

Материал туралы қысқаша түсінік
Тəлімгерлер мен сынып жетекшілеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қырқүйек 2018
601
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Шебер қыздар» сайысыМақсаты: Оқушылардың білімдері мен ойлау қабілеттерінің ұшқырлығын сынау, пәнге деген қызығушылығын арттыру, өнерді түсініп және оны бағалауға үйрету.Көрнекілігі: нақыл сөздер, қолөнер бұйымдарыСайыстың барысы: Бүгінгі заман талабына сай әрбір адам сегіз қырлы бір сырлы болуы қажет. Ал заман көшіне ілесуі үшін әрбір оқушының бойына асыл қасиеттерді сіңіртуде ұстаздың әсері зор.Жүргізуші: Армысыздар, құрметт ұстаздар және оқушылар! Ұлттық мәдениетіміздің ең байырғы және аса құнды салаларының бірі – ол қолөнер. «Өнерлінің өрісі кең»,-демекші оқушылар арасындағы «Шебер қыздар» атты сайысымызды бастайық. Қазылар орнықтырар әділдікті, Кімдердің жауаптары кәміл шықты? Өнер мен шеберліктің сайысында, Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,-деп бүгінгі доданы саралайтын әділ қазылар алқасымен таныс болайық.Жүргізуші: Ал, енді сайыскерлерімізбен таныс болайық. 1-топ «Іскер» тобы2-топ «Шебер» тобы3-топ «Өнер» тобыҚұрметті сайыскерлер сіздерге сәттілік тілейміз.Бағдарламасы:
  • «Таныстыру» кезеңі
  • «Кім жылдам?» кезеңі
  • «Ойлан тап» кезеңі
  • «Ою ойғанның ойы ұшқыр» кезеңі
  • «Икемді қол» кезеңі
  • «Бұрымды шаш» кезеңі
  • «Кім мықты?» кезеңі
  • «Таныстыру» кезеңінде әр топ өз атымен, ұранымен, эмблемасымен таныстырады. Ең жоғары ұпай 5 баллдық жүйемен есептеледі.
  • «Кім жылдам?» кезеңінде сұрақ-жауап сайысы болады. Үш топқа да жалпы сұрақ қойылады. Ең бірінші қай топ дұрыс жауап берсе әр жауапқа 1 балл алып отырады.
  • Композиция дегеніміз не?
  • Симметрия дегеніміз не?
  • Оригами дегеніміз не?
  • Аппликация дегеніміз не?
  • Ою-өрнек дегеніміз не?
  • Бисер дегеніміз не?
  • Мозаика дегеніміз не?
  • Гобиленнің кілемнен айырмашылығы неде?
  • Коллаж дегеніміз не?
  • Дизайн дегеніміз не?
  • Жіппен бейнелеу кестесі дегеніміз не?
  • Кесте дегеніміз не?
  • «Ойлан тап» кезеңінде интертақтадан бір-бірлеп әр тақырыпта фото-суреттер көрсетіледі. Сол суреттерге байланысты мақал-мәтел құрастыруы қажет. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
  • Ою
  • Гүл
  • Ағаш
  • Балық
  • Қыз
  • Жігіт
  • Ине
  • Саусақ
  • Ата


  • «Ою ойғанның ойы ұшқыр» кезеңінде үш топ та бірнеше ою түрлерінен өз шеберліктеріне қарай ойып көрсетеді. 10 мин уақыт беріледі. Жоғары ұпай 5 баллдық жүйемен есептеледі.
  • «Икемді қол» кезеңінде түйме түрлерінен матаға қадап тігеді. Түймелердің орналасуына, мата мен түйме, жіп түстерінің сәйкестігі, жіптің түйінделуі ескерілуі қажет. 15 мин уақыт беріледі. Жоғары ұпай 5 балл.
  • «Бұрымды шаш» кезеңінде шаш өру үлгілері көрсетіледі. 10 мин уақыт беріледі. Жоғары ұпай 5 балл.
  • «Кім мықты?» кезеңінде топ басшыларына сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс сұраққа бір ұпайдан беріледі.
Жүргізуші: Ал енді ән тыңдайық. Енді әділ-қазылар алқасына сөз беріледі. Үш топтың қорытындысын шығарып марапатталады.Осымен «Шебер қыздар» сайысын аяқтаймыз. Қатысушылар мен әділ-қазылар алқасына үлкен алғысымызды білдіреміз. Келесі кездескенше сау болыңыздар.

Бимурзаева Патима Жаңақорған ауданының білім бөлімінің балалар өнер мектебінің мұғалімі
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ