Материалдар / Шебер сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шебер сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
: «Математика сабағында Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық-педагогикалық қызметінің құндылық негіздерін қолдану»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қазан 2023
335
1 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалім: Қостанай облысының білім басқармасының «Меңдіқара ауданы білім бөлімінің Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы» КММ Ескалиева Гаухар Базарбаевна І деңгейлі, жоғары санатты математика пән мұғалімі.(№2 секция)

Шебер-сынып жоспары.

ТАҚЫРЫП: «Математика сабағында Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық-педагогикалық қызметінің құндылық негіздерін қолдану»

ШЕБЕРЛІК-СЫНЫБЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ: математика сабағында Ахмет Байтұрсынұлының ағартушылық-педагогикалық қызметінің құндылығын негіздеп, қолдана білу.

  • Қатысушылардың өздерінің кәсіби шеберліктеріне ой жүгірте білу.

  • Үйренушілердің қызығушылығын тудыру;

  • Оқу материалдарын тиімді меңгеру.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР: қатысушылардың білімдері жинақталады, зияткерлік және шығармашылық әлеуеті ынталанады, қарастырылған тақырыпқа қызығушылығы туындайды, белсенділігі артады. Әдіс-тәсілдерді өмірде қолдана алады.

ШЕБЕРЛІК-СЫНЫБЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУІ: ұйымдастыру, топқа бөлу, топтарға арналған тапсырмалар жүйесін беру, қосымша мәліметтермен, нұсқаулық материалдармен таныстыру, рефлексия жасау, кері байланыс.

ӘДІСТЕР МЕН ТӘСІЛДЕР: SMART, «Таза тақта», «Броундық қозғалыс»

Қолданатын бағдарламалар: Wordwall,Kahoot,CastLots, MS PowerPoint.

ҚҰРАЛДАР: актив тақта, мәтіндер жазылған парақтар, А-4 парақтары, маркер, қалам,стикерлер.

Шеберлік сыныбының   жүргізілуі: инт.тақтада А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған қысқаша бейне баян қосылып тұрады.

Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Мен сіздермен кездесіп, бірлесе жұмыс жасайтыныма қуаныштымын. Мен «Меңдіқара ауданы білім бөлімінің Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы» КММ мектебінің математика пәні мұғалімі Ескалиева Гаухар Базарбайқызы.

Психологиялық ахуал туғызу: Парақта сағаттын суреті беріледі. Сол сағаттың әр уакытына ұстаздар бір -бірінің аттарын жазып шығады және мүғалім уақытты айтқанда сол, жазылған уақыт бойынша тапсырмалар береді.

SMART -мақсатпен жұмыс жасаймыз.

Дәстүрлі оқытуда оқытудың үш мақсатын білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарын қою қай мұғалімге болмасын қиынға түскені анық. 1981 Джордж Доран енгізген Smart мақсат - спецификалық, нақтылы, өлшеуге болатын, қолжетімді, шындыққа негізделген, белгілі бір уақыт аралығымен шектелген қасиеттерімен сабақ мақсатының мәнін аша түсті.

Мақсат қоюға SMART талаптары:

S Спецификалық, нақтылы. Яғни не нәрсеге қол жеткізу қажет

M Өлшеуге болатын, яғни мақсатқа жеттік деп айта алатындай болуы керек

А Қолжетімді. Яғни іс-әрекетке негізделген. Себебі нақтылы қандай іс-әрекет өзімізге қажет нәтиже беретінін түсінуіміз қажет.

R Шындыққа негізделген. Яғни қойылған мақсатқа жете алатындай

T Нақтылы мерзімі және мақсатты жүзеге асыратын орынды құралдары болуы керек

Мақсат туралы:

  1. Мақсатқа жеткісі келген адам оны жақсы білуі керек.

  2. Өлшенетін нәрсе ғана өнімдірек жасалады.

3. Жоспарлаған адам ғана жақсы ұйымдастыра алады.

  1. Мұхитты жүзіп өту үшін кемені өзің жасауың керек.

1. Топқа бөлу. Castlots бағдарламасы арқылы мұғалімдерді топқа бөлемін.

Кездейсоқ ретпен топтарға бөлінеді.І,ІІ,ІІІ топтар.

MS PowerPoint бағдарламасында презентация дайындап. Барлық өтілетін сабақ барысын көрсетіп отырамын.

Миға шабуыл. Слайдтарда берілген суреттерге қарап А.Байтұрсынұлының 40 мылсал екенін және атауларын тауып айту керек.

4 сурет

5 сурет

Топтық жұмыстар:

І топқа тапсырма: Wordwall бағдарламасында «Кездейсоқ дөңгелек» әдісі. Мұғалімдер берілген тапсырмаларды өздері таңдайды және топпен жауап береді. Дұрыс жауабын таппаған кезде, логикалық сұрақтар қойылады.

1 сурет Әр кездейсоқ дөңгелектерге тапсырмалар беріледі.

Сұрақтар:

Ахмет Байтұрсынұлының туған жылы? -1872ж 5 қыркүйек

Ақынның туылған жері? -  Қостанай облысыЖангелді ауданы Ақкөл ауылы

Қандай шығармаларын білесің?  «Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т.б.

Абайды «Қазақтың бас ақыны» деп, мақала жазған кім? А.Байтұрсынұлы.

А.Байтұрсынов «Қазақ» газетінде «Қазақтың бас ақыны» мақаласын қай жылы жазды? 1914 жылы

А.Байтұрсынов «Қырық мысалды» кімнен аударғанын табыңыз - Крылов

А.Байтұрсыновтың 1926 жылы басылған құнды шығармасын табыңыз – «Әдебиет танытқыш»

1 тапсырма. 30 кг алмадан 27кг алма тосабы шығады. 50 кг алмадан қанша алма тосабын алуға болады? 45 кг алма

2 Сымнан қабырғасы 8 см болатын тең қабырғалы үшбұрыш құрастырылды. Осы сымды жазып, одан квадрат жасалған болса, шыққан квадраттың ауданын табыңыз? 36 см2

ІІ топқа тапсырма. Ұяшықтарды ашып тапсырмаларды орндаңыз:

2 Сурет «Сыйқырлы ұяшықтар»

Әр ұяшықтың тапсырмалары жауаптарымен:

(-22)2 =16. 27/25=22=4. 32*33=35=243 . -33=-27. 5-2= 1/25 . 25=32

ІІІ топқа тапсырма. Тапсырма Wordwall бағдарламасында «Ұшақ» әдісі арқылы мұғалімдерге тапсырмалар беру. Дұрыс жауаптарды табады.

3 Сурет

«Ұшақ» әдісі Жауаптар: «Жұртыма» , «Қазақ салты», 100*2+100/2=250, 1024 санының түбірі -32. 100 *0,25=25 . 60*1/3=20.

Қате айтылған жауапқа, логикалық сұрақтар қойылады.

1. Бөренені 5 бөлікке бөлу үшін неше жерден кесу керек? Шешімі: 4 жерден кесу керек.

2.Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?

Шешімі: Жанат - ұзын

Бағалау: «Басбармақ», «Смайлик» , «Шапалақ» (топтар бірін бірі бағалайды)

2 тапсырма жеке жұмыс (бір уақытта) «Таза тақта» әдісі арқылы тапсырмалар орындату. Тапсырмалар беріледі. Дұрыс деген тапсырманы таза парактарға жазып колдарын көтеріп көрсетеді. Ауызша кімнің жауабы дұрыс бірден айтылады. Жазылған парақты өшіріп келесі тапсырманы орындауға көшеді. Барлығы 4 тапсырма орындайды.

  1. (101*9)+1000=1909

Ақынның алғашқы қандай өлеңдері 1909жылы жарық көрді? Жауабы: «Қырық мысал»

  1. 1000+900+11= 1911

Екінші қандай кітабы 1911 жылы шықты ? жауабы: «Маса»

  1. (100*10)+900+12=1912

Ақының қандай кітабы 1912 жылы жарық көрді? Жауабы:

«Оқу құралы»

  1. (900+69)*2=1938 Қандай оқиға орын алды?

Жауабы: Ахмет Байтұрсынұлы 1938 жылы жазықсыз атылды.

«Шапалақ» арқылы бағалау.

3 тапсырма. «Броундық қозғалыс» кабинетте жасырылған тапсырмаларды тауып алып,онда берілген сурақтарға жауап беру. Жасырын парақтарда тек жылдар беріледі. Сол жылдар арқылы қандай оқиғалар болғанын айтып шығу керек.

  1. А.Байтұрсыновтың ағартушылық ой-пікірлері 1911-1915 жылдары шыққан "Айқап" журналы мен 1913-1917 жылдары Орынборда шыққан "Қазақ" газетінде (ол 5 жыл бойы осы газеттің жауапты редакторы болған)

  2. 1913 ж. "Қазақ" газетінде жарияланған "Оқу жайы" атты мақаласында мәдениетті елдермен мәдениетсіз, оқу-білімсіз елдерді салыстыра келіп, "Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның бар байлығы өнерлі халыктардың қолына көшпекші. Мұның себебі бұл заманда не нәрсе болмасын машинаға айналды.

  3. 1913 жылы "Қазақ" газетінде жарияланған "Қазақша оқу жайынан" атты мақаласында "Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі... қазақ, ішіндегі неше түрлі кемшіліктердің көбі түзелгенде оқу-біліммен түзеледі", – дейді.

4 Тест. Kahoot бағдарламасы арқылы тест тапсырмалары беріледі. Дұрыс не қате жауаптар бірден көрсетіліп, бағаланады.

Бағдарламада жасалған тест тапсырмаларын орындайды.

Кері байланыс сәттері.

«Рефлексия парағын толтыру»

Қорытынды:

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы өзінің «Баулу мектебі» мақаласында: «Сөзбен үйреніп, сөз жүзіндегі іске шебер болуға болады, бірақ тіршілік ісі жалғыз сөз жүзінде емес. Сөзге қарамайтын тіршілік істері толып жатыр. Ол істерге істеп, үйреніп, шебер болмаса, сөзбен үйреніп, шебер бола алмайды» деген екен...

Үйренуден жалықпайық!

Назарларыңызға рахмет.

Рефлексия парағы

  • ақпарат Сіз үшін қаншалықты жаңа болды: -----------------------------------------

---------------------------------------------------------------------------------------------------

  • нақты жұмыс үшін алған білім мен дағдылардың пайдалылығы: --------------

------------------------------------------------------------------------------------------------------

  • шебер сынып қаншалықты қызықты болды: ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  • практикаға енгізу үшін сіздің дайындық деңгейіңіз: -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!