Материалдар / Шебер сынып Интербелсенді әдістер
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Шебер сынып Интербелсенді әдістер

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл қысқа мерзімді жоспарда шебер сынып өтудің жүйесі мен реті ұсынылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2023
92
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Интербелсенді әдістерді сабақта пайдалану

Әлемдік бәсекелестік зама­нында әрбір адамның білім са­пасын, қабілеттік деңгейін, іскерлік мүмкіндігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәсе­лесі күн тәртібіне өткір қой­ылып, адамның білімі мен білік­тілігі қазіргі кезеңде мемлекет­тердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналып отыр. Бәсекеге қабілетті, интеллектуалдық күші жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика дамымайды. Қай заманда да өр­ке­ниеттің өрлеуі интел­лек­туалдық шығармашылық қабілет­тің негізінде іске аспақ. [1]
Бүгінгі таңда жеке тұлғаны емес, оның даму үрдісін басқару қажеттігі айқындалып отыр. Білім алушының түрлі ақпараттың толассыз ағынында бағытталуы қиынға түсіп отыр, ол үшін оның талдау, құрылымдау, жүйелеу, мәселені шешу дағдылары жетік дамытылуы тиіс. Ал бұл, педагог жұмысындағы тікелей жасалатын әдістерден, бас тартылып, артық дидактизмнен, ғибаратты сарыннан тежелуді; оның есесіне бірінші орынға қарым-қатынас жасаудың сұхбаттық әдістерін, шындықты бірлесіп іздеуді, сан алуан шығармашылық әрекетті тәрбиелеуші шарттарды жасау арқылы дамытуды білдіреді.
Инновациялық әдістердің негізгісінің бірі-«интербелсенді оқыту әдісі». Бұл әдістің негізгі қағидасы – педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогі арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту.
Интербелсенді әдістерде басты назарды “процеске”, яғни үйрену процесінің өзіне, білім алушылардың “қалай” және “қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйренетіндігіне” аударады. Яғни, интербелсенді сөзі - өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлде кіммен (адаммен) не болмаса әлде немен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режимінде болады. Осы жерде білім алушылардың жауаптарынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды. Себебі, интербелсенді оқытудың басты мақсаты – білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету.
Интербелсенді оқытудың мәні мынада, оқу процесі іс жүзінде барлық оқушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуы тиіс, олардың осыған байланысты не біледі, нені ойлайды түсінуге және рефлекстеуге мүмкіндігі болуы тиіс. Таным процесінде білім алушылардың біріккен іс-әрекеті, әркім өзінің жеке-дара үлесін қосатын, оқу материалдарын меңгеруді білдіреді, білімдерін, идеяларын, іс-әрекет тәсілдерін алмасу жүргізіледі. Және де бұл мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады, ол тек қана жаңа білім алуға мүмкіндік беріп қоймайды, таным әрекетінің өзін де дамытады.
Интербелсенді әдістердің мәндік ерекшелігі, сипаттамасы – бұл субъектілердің өзара әрекеттестігінің бір бағыттағы белсенділігінің жоғарылығы, қатысушылардың өзара әрекеттестігі, эмоционалдық, рухани бірігуі. Қытайдың бір нақыл сөзінде: "Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетші – мен сонда түсінемін" делінген. Осы сөздерден интерактивті оқытудың мәні өз көрінісін табады.
Интербелсенді әдістерді пайдалану кезінде оқушылар түсіну процесіне толыққанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі қайнар көзі қызметін атқарады. Оқытушы дайын білімді бермейді, бірақ білім алушыларды өз бетімен ізденуге үйретеді. Білім берудің дәстүрлі нысандарымен салыстырғанда, интербелсенді оқытуда оқытушы мен білім алушылардың өзара әрекеттестігі ауысады: педагогтың белсенділігі білім алушылардың белсенділігіне орын береді, ал педагогтың тапсырмалары олардың бастамасы үшін жағдай жасаушы болады.
Интербелсенді әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек:
-тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы;
-тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау;
-педагогикалық қолдау көрсету.
Интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесінде оқу үрдісінің барысында оқушылар мыналармен қарым – қатынасқа түседі:
1. Мұғаліммен (оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап берген кезде);
2. Оқушылармен (жұптасып жұмыс істеу барысында)
4. Шағын топтармен (3-4 оқушымен);
5. Оқушылардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас/дебат сынып болып әлдебір мәселені талқылау барысында);
6. Техника түрлерімен (мысалға, компьютермен, интербелсенді тақтада жұмыс істеуде).
Интербелсенді оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтаумен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Интербелсенді әдістің тағы бір ерекшелігі оқушылардың белсенділігі мұғалімнің белсенділігімен сәйкестігінде сонымен қатар оқушы мен мұғалімнің тұрақты өзара іс әрекетінде. Интербелсенді әдістерді қолдануда оқушыларды сапалы дайындықпен қамтамасыз ету оқу процесінің нәтижелігіне тікелей байланысты. Басты тапсырма оқушыларға берілген білімнің бағасында емес ол тапсырманы орындаудағы іс – әрекетінде.
Интербелсенді әдістерге мыналар жатады: проблемалық шығарма әдістері, презентациялар, пікірталастар, топпен жұмыс, «миға шабуыл» әдісі, зерттеулер, іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, «инсерт» әдісі, сахналау, тест сынағы әдісі, дебат, т.б.
Интербелсенді әдіске сондай-ақ әр түрлі көмекші құралдарды яғни ақпараттық қорларды пайдалану: интербелсенді тақта, бейне материалдар, слайдтар, флипчартттар, компьютерлер бейне фильмдер мен бейне сюжеттерді қарап шығып талқылау, әртүрлі науқандар мен акцияларды пайдалана отырып, таныстырулар жатады.
Оқудың интербелсенді әдістерінің артықшылығы:
* оқушылардың қызығушылығын туғызады;
* әрқайсысының оқу үрдісіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;
* әрбір оқушының сезіміне назар аударады;
* оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;
* оқушыларға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;
* кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жүзеге асырады;
* оқушылардың пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;
* өмірлік машықтарды қалыптастырады;
* мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.
Қазіргі уақытта оқу сабақтары барысында оқытудың интербелсенді әдістерін және интербелсенді құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.Сондықтан оқу тәрбие үдерісінде үнемі жаңа оқыту құралдарының мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, оған білім алушыларымызды үйрету – әр педагогтың басты міндеті.


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Нағымжанова Қ.М. Бастауыш білім берудегі жаңа технологиялар: Оқу құралы - Өскемен, 2005
2. Сарбасова Қ. Инновациялық педагогикалық технологиялар- Алматы, 2006.
3. Мұхаметжанова С.Т., Жартынова Ж.Ә. Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008

А.Е.Бекшойнова
Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі,
педагогика пәні оқытушысы




























Шебер сынып жоспары

Тақырыбы: Интербелсенді әдістерді сабақта тиімді пайдалану жолдары.

Мақсаты мен міндеті: Бастауыш сынып мұғалімдеріне нтербелсенді әдістерді сабақта тиімді пайдалану жолдарын ұсыну

Күтілетін нәтиже:

Сабақта тиімді әдістерді жоспарлауды көрсету, тәжірибе барысында үйрету

Әдіс-тәсілдер: Интербелсенді әдістер


Шебер- сынып сабағының барысы


Жұмыс кезеңдері

Кезеңнің мазмұны

Қатысушылардың әрекеті

Білу

7 минут

Психологиялық дайындық

Ақ парақ” жаттығуы

арқылы адам бойына сенімділік қалыптастырады.

Қатысушыларға А4 ақ парақтар таратылып беріледі.

Тапсырма: Ақ парақтан адам бейнесін жасау.

Мақсаты: қатысушылардың жылдам шешім қабылдап әрекет етуге бағыттау.

Барлық ұстаздардың мақсаты бір, бекітілген стандарттар мен дайын ресурстар бар. Өздеріңіз байқағандай әр ұстаздың адам жасау тәсілі секілді сабақты үйрету жолдары да әртүрлі. Ізденген маманға айнала толы ресурстар мен түрлі әдіс-тәсілдер қолжетімді.Сол заманауи әдіс-тәслдердің өз тәжірибемізде қолданып жүрген түрлерімен таныстырғымыз келеді.

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптастырылады.

Ұстаздардың бойында сенімділік пайда болады.

Түсіну

10 минут




Сергіту сәті

3 минут





Қолдану

15 минут





Кері байланыс

Талдау

10 минут


«Ой толғау»

Интербелсенді әдіс дегеніміз не?
Сіз өз сабағыңызда қандай әдіс-тәсілдер қолданасыз?


1 тапсырма «Балмұздақ » ойыны

Ұжымдық жұмыс

Әр таяқшаға әртүрлі әдіс-тәсілдердің аты,мақсаты,орындалу барысы жазылған парақтар таратылады.Қатысушылар әдіспен танысып, қандай тапсырмада қолдануға болатынына мысал келтіре отырып түсіндіреді


Сергіту сәті «Психологиялық бой»

Практикалық жұмыс









Кері байланыс «Данышпан үкілер»

1. Сізге жаңалық болған ақпаратты жазыңыз.

2. Сабақтың негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңіз.

3. Сабақта сізге таныс болған және мүлдем таныс емес ақпаратты табыңыз.

4. Иллюстрациялық бейнелеу. Сабақтың

негізгі ойын сурет, сызба, карикатура т.б. арқылы бейнелеп көріңіз.

5. Үлгі боларлық қорытынды



Мұғалімдер сұрақтарға жауап береді және талқылайды.



Қатысушылар сергіту сәтін жасайды.




Әліппе пәні бойынша «Сс дыбысы мен әрпі» тақырыбына қысқа мерзімді жоспар жасайды.



Қатысушылар алған білімдеріне кері байланыс жасайды. «Данышпан үкілер» кері байланысын толтырады



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!