Материалдар / ШЕБЕР-СЫНЫП: «МАЗМҰНЫ ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ПЕДАГОГТІҢ ҮЗДІКСІЗ КӘСІБИ ӨСУІНІҢ БАСТЫ ШАРТЫ - САПАЛЫ САБАҚ»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ШЕБЕР-СЫНЫП: «МАЗМҰНЫ ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ПЕДАГОГТІҢ ҮЗДІКСІЗ КӘСІБИ ӨСУІНІҢ БАСТЫ ШАРТЫ - САПАЛЫ САБАҚ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Cапалы сабақ педагогтың үздіксіз кәсіби өсуінің басты шарты екенің көрсетіліп, қазіргі заманғы сабақтың моделі ұсынылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2021
354
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ШЕБЕР-СЫНЫП: «МАЗМҰНЫ ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ПЕДАГОГТІҢ ҮЗДІКСІЗ КӘСІБИ ӨСУІНІҢ БАСТЫ ШАРТЫ - САПАЛЫ САБАҚ»


Рахимжанова Гульмира Каирбековна

Алматы облысы білім басқармасының

«Жетісу дарыны» облыстық дарынды балалар

мен талантты жастарды анықтау

және қолдау оқу-әдістемелік орталығының әдіскері

Rahimzhanovag@mail.ru


Мақсаты: сапалы сабақ педагогтың үздіксіз кәсіби өсуінің басты шарты екенің көрсетіп, қазіргі заманғы сабақтың моделін ұсыну.

Міндеттері: 

-дәстүрлі және қазіргі заманғы сабақтардың құрылымдарын талдау;   -қазіргі заманғы сабақ туралы түсініктерін айқындау;

- кәсіптік сұхбат құру үшін жағдай жасау.

Құралдары: презентация, маркерлар, ватман, түрлі-түсті қағаздар.


Барысы:

1.Кіріспе сөз

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім  беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Үздіксіз іздену- оқытушыларға қойылып отырған басты талаптардың бірі. Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштері- әдістеме салаларындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік игеру. Оларды өздерінің күнделікті сабақтарында пайдалану, осы орайдағы мұғалімнің шығармашылық еңбегі, ең алдымен, сабақпен байланысты. Демек сапалы, тиімді нәтижелі жүргізілген әрбір сабақ –оқытушының тынымсыз еңбегінің айғағы.

Оқытушы сабақ бергенде келесі мақсатты басшылыққа алған жөн: «Сабақ сапасын арттырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін дамытып, жүйелі тәрбие беру, танымдық қабілетін дамыту арқылы ізденімпаздықа, белсенділікке жетелей отырып, өз бетінше шығармашылық және ғылыми жұмыстарға жұмылдыру, ынталандыра білу»

Сабақ- мазмұны мен құрылымы жағынан, ұйымдастыру жағынан күрделі динамикалық жүйе болып табылады.

Сабақтың қызметі оқытуды ұйымдастырудың түрі ретінде аяқталған мақсаттық жетістіктерден тұрады. Мысалы, бір жағдайда ол кең көлемді мазмұны бола тұрып оның бір бөлігінің біртұтас мазмұнын толық меңгеруге бағытталады, ал келесі бір жағдайда қабылдау және есте сақтау деңгейіне қарай жүйе жартылай меңгеріледі. Бірінші жағдайда тұтас жүйе түріндегі сабақтың құрылымы тұтас үрдіс ретінде оқыту құрылымын қайталайды, екінші жағдайда –оқытудың тұтас үрдісін жартылай көрсетеді. Ол-дегеніміз оқытудың ұйымдастыру формасы ретіндегі сабақ ерекшелігі мақсатқа шартталады және толық оқу үрдісінде әр сабақтың жеке алғандағы орнына байланысты. Әрқашан сабақ сұрау қажет пе, үй тапсырмасын орындау міндетті ме, ұжымдық немесе топтық жұмысты қалай ұйымдастырған дұрыс, оқушылардың дара қабілеттерін қалай есепке алған дұрыс, ағымдағы сабақты өткен немесе келесі сабақпен қалай байланыстырған жөн. Бұл сұрақтар оқыту үрдісінің қарастыруы бойынша өте мәнді емес. Олар тек оқытуды оңтайлы ұйымдастыру немесе сабақ құрылымы мен түрлерін жоспарлау кезінде ғана мәнге ие болады. Осылайша, сабақ көп жақты және көп   жоспарлы.

Оқу үрдісіндегі әртүрлі жеке уақытта алынған нақты міндеттерді шеше отырып, сабақ тақырыптың, оқу пәнінің бөлігі болады және оқу пәні жүйесінде, бағдарлама тақырыптарында,өзіне  сай орынға ие болады, нақ осы уақыттағы дидактикалық мақсаттарды шешеді. Бірақ ол үшін сабақтың өзінің дидактикалық мақсаттарымен, құралдарымен, әдістерімен және оқыту тәсілдерімен анықталатын, бір ішкі логикасы болуы керек.

Әрбір сабақтың басталуы- мұғалімнің сабақ нәтижесінде не алуды мақсат ететіндігін айқын анықтаудан, оны түсінуден басталады. Сосын оқытушыға мақсатына жетуге көмек беретін құралдардың, одан кейін әдісін анықтау, яғни оқытушы қалай істесе, оның мақсаты орындалатынын нақтылаудан басталады

2.Топпен жұмыс.

2.1.Дәстүрлі және қазіргі заманғы сабақтарды салыстыру.

1.Топтарға тапсырма: Дәстүрлі және қазіргі заманғы сабақтарды салыстыру

2.Салыстыру нәтижелерін талдау.

3.Слайд бойынша салыстыру кестесін талдау

4. Сұрақтарға жауап:   - Қазіргі кезде жұмысты не үшін жаңадан құру керек?

  - Мазмұны жаңартылған білім беру жағдайын неден көруге болады?


2.2 Қазіргі заманғы сабақтың құрылымын жобалау

 Қазіргі кезде де оқытушылардың көпшілгі дәстүрлі сабақтарды өткізеді. Оның себептері бар, мысалы:

- Дәстүрлі сабақ – кейінгі сабақ түрлерінің негізі болып табылады;

-Дәстүрлі сабақ- бұл көптеген ұрпақтарды оқытып тәрбиелеген үйреншікті оқыту нысандары мен құралдары.

Дәстүрлі сабақтың құрылымы көрсетіледі:

 1. Ұйымдастыру кезеңі

 2. Үй тапсырмасын тексеру.

 3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

 4. Сабақты бекіту.

 5. Өзіндік жұмыс.

 6. Сабақты қортындылау


Қазіргі заманғы жаңа білім беру сабақтың құрылымын ұсыну:




Сабақтың тақырыбы:


Сабақтың мақсаты:


Нәтижесі


Сабақтың әдіс – тәсілі:


Сабақтың көрнекілігі:


Пәнаралық байланыс:


Жаңа сабақ:


Кезең

Сабақ бөлімдерінің мақсаты

Сабақтың өту барысы

Оқушының іс-әрекеті

Сабақтың әдісі

Оқыту үшін бағалау

І. Ұйымдастыру



ІІ. Жаңа сабақ



Білім

Бастапқы рефлексия кезеңі

Оқушыларды топқа бөлу.


.



































Түсіну

Тапсырмалар беру арқылы жаңа сабақты тереңірек түсіну





ІІІ. Бекіту

Қолдану

Игерілген жаңа материалды практикада қолдана білуге дайындау





Талдау

Төменгі деңгейлі және жоғары деңгейлі сұрақтарды қойып, тақырыпты талдау





ІҮ. Үйге тапсырма

Жинақ тау (синтез)

Алған білімді жинақтау





Бағалау

Сабақ барысында

білім алушы көзқарасы





Келесі оқылым

Үйге тапсырма беру





Рефлек сия







 

2.3. Топтық жұмыс:

-Қазіргі заманғы сабақты моделдеу

-Моделдерін қорғау

 

3. Қортындысын шығару. Рефлексия.

-Қазіргі заманғы сабақ дегеніміз не және ол қалай педагогтың үздіксіз кәсіби өсуінің басты шарты болып табылады?

- Қазіргі заманғы сабақтың талаптары?

4.Эмоциялық - түсті әдісі бойынша ұқсастығы

- Көңіл-күйіңізге қарай түсін таңдаңыз

  Қызыл - белсенді, ынталы көңіл-күй

  Қызғылт сары - қуанышты, жылы

  Сары - жарқын, жағымды

  Жасыл - тыныш, тегіс

  Көк-Қайғылы, көңілсіз

  Қара - қанағаттанбауының жағдайы


Аннотация

Оқытудың негізгі түрі – сабақ. Өйткені, сабақ жастары қатарлас топтағы білім алушыларға бірыңғай бағдарламамен тиянақты күнтізбе бойынша білім берудің негізі болып табылады. Сапалы сабақ өткізу-бұл оқытушының әрдайым ізденісте болуын көздейді . Шебер-сыныпта педагогтар арасында топтық жұмыс тапсырмалары, талданатың сұрақтары, қазіргі заманғы сабақтың моделі ұсынылған.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!