Материалдар / Шебер-сынып "Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу сауаттылығын қалыптастыру"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шебер-сынып "Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу сауаттылығын қалыптастыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу сауаттылығы және оны бағалауға арналған тапсырма түрлері неше компоненттен тұрады. PISA зерттеуіндегі оқу сауаттылығының жетістік деңгейлеріне сәйкес тапсырма түрлері.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Тамыз 2021
2407
11 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ШҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ РИДДЕР ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «Д.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ №3 ОРТА МЕКТЕБІ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ











Шебер – сынып

«Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу сауаттылығын қалыптастыру»









Дайындаған мұғалім:

Қазиева Шолпан Далелкановна -
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


















Шебер-сынып мақсаты:
Оқу сауаттылығы және оны бағалауға арналған тапсырма түрлері неше компоненттен тұрады?
PISA зерттеуіндегі оқу сауаттылығының жетістік деңгейлеріне сәйкес тапсырма түрлері.

Күтілетін нәтиже:
Қатысушылар PISA зерттеуіндегі оқу сауаттылығының жетістік деңгейлеріне сәйкес тапсырма

Сауаттылық дегеніміз – оқу, жазу, санау және құжаттармен жұмыс жасай алу дағдылары; минималды сауаттылық – қарапайым хабарламаларды оқу және жазу дағдылары болса, функционалды сауаттылық – адам өзінің оқу және жазу дағдыларын әлеуметтік ортада қарым-қатынас жасауда қолдана білу қабілеті. Яғни, адамға өзін қоршаған әлеуметтік ортамен қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік беретін және сол ортаға тез, әрі жайлылықпен бейімделуге жағдай туғыза алатын сауаттылық деңгейі. Функционалдық сауаттылық мазмұны келесі құзіреттіліктерден көрінеді: оқу, жазу сауаттылығынан; жаратылыстану ғылымындағы сауаттылықтан; математикалық сауаттылығынан; компьютерлік сауаттылығынан; денсаулық мәселесіндегі сауаттылықтан; құқықтық сауаттылықтан тұрады.

Оқу сауаттылығы – коммуникативтік дағдының маңызды бір түрі ретінде оқу дағдысына диагностика жасау үшін «Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау» бағдарламасы бойынша (PISA) енгізілген термин. PISA зерттеуіндегі оқу сауаттылығы - оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, білімдері мен дағдыларын қоғамның белсенді өміріне араласуы үшін дамытуы. Оқу сауаттылығын тексеру - оқу техникасы немесе мәтіннің мазмұнын нақты түсінуін бағалау емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға, оқушыларды әлеуметтенуге және дербестеуге бағыттау, болашақ кәсіби қызметі саласын жауапты таңдауына дайындау.

Оқу сауаттылығын бағалауға арналған тапсырма түрлері 3 компоненттен тұрады:

1. Жағдаят

2. Мәтін

3. Аспект


1. Жағдаят. Мәтін оқу қандай мақсат пен жағдаятқа негізделеді?. Мәтін бойынша әр тапсырмада алдымен кіріспе ұсынылады, ал кіріспеде бір немесе бірнеше мәтінді оқудың мақсаты алдын ала айқын көрсетіледі. Басқаша айтқанда, тапсырмада жағдаят пен нақты мақсатты ұсыну арқылы оқушыға қажетті ақпаратты табу, түсіну және басқа пәндерден меңгерген біліммен ұштастыруға арналған тәсілді таңдауға мүмкіндік беріледі. Тапсырманың кіріспесі бірнеше жағдаятқа негізделіп жасалады.

Төменде әр тапсырма үшін жасалатын жағдаяттың түрлері ұсынылып отыр. Жағдаяттың түрлері: Жеке – бұл жағдаят интеллектуалдық және практикалық тұрғыдан жеке адамның қызығушылығына бағытталған. Мысал ретінде жеке қызығушылық үшін оқылатын хаттар, электрондық хаттар, қысқа хабарлама, блог, әдеби шығармалар, биография және ақпараттық мәтіндерді айтуға болады. Қоғамдық – бұл жағдаят жалпы қоғамдық мәселелер мен онда болып жатқан жағдайларға бағытталған. Мысалы, ресми құжаттар, қоғамдық шаралар туралы ақпарат, хабарландырулар, жаңалық сайттары, хабарламалар. Оқыту – бұл ретте оқыту, білім беру процесінің үлгісі ұсынылады. Мысалы, баспа немесе электронды оқулықтар, интерактивті оқытуға арналған бағдарламалық қосымшалар т. б. Кәсіби – бұл жағдаятта шұғыл әрекетке шақыратын жағдайлар беріледі. Мысалы, жұмыс іздеу, бос қызмет орындары туралы баспа немесе электронды хабарландырулар, веб-сайттар т. б.

2. Мәтін. Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру үшін қандай мәтіндерді таңдау қажет? Мәтінді оқу – адам баласының қазіргі қоршаған әлемде ақпаратты тани білудегі сан қырлы қабілеті. Шындығында, мәтін – кез келген объективті шындықтың жазбаша көрінісі. Функционалды сауаттылық үшін мәтіннің мынадай жалпы белгілері маңызды болып саналады: ойдың байланыстылығы және жүйелілігі; аутенттілігі, фактілерге құрылуы (ғылыми, ресми және басқа мәтіндер) және ойдан шығарылуы, көркемдігі (көркем әдеби, публицистикалық және басқа мәтіндер); тұтас және аралас мәтіндер. Функционалды сауаттылықты қалыптастыруға арналған тапсырмаларда оқушылардың мәтін стилі мен жанрларын, түрлерін ажырата білуін (білімін) тексеру міндеті қойылмайды. Оқу сауаттылығының негізгі міндеті – шынайы өмірде кездесетін мәтіндермен танысу барысында оқушылардың ой елегінен өткізіп оқуы және кері байланыс жасай білуіне мүмкіндік беру.

Мәтіндер төрт өлшем бойынша қарастырылады: 1) ресурс көзі; 2) ұйымдастырылуы және навигация; 3) мәтін форматы; 4) мәтін түрлері. Әр өлшемнің сипаттамасы төменде ұсынылып отыр.

3. Аспект. Оқылым барысында қандай когнитивті процесс іске қосылуы тиіс? Бір мәтінді немесе бірнеше мәтіннің қосындысынан тұратын ақпаратты оқу адамнан бірқатар ойлау процесін талап етеді. Ақпаратты қорытып, түсінудің реті мен логикалық тәртібіне сай жүзеге асуын көрсететін мұндай ойлау процесін тәжірибеде «когнитивті ойлау процесі» деп атайды. Когнитивті ойлау процесіне әдетте жадыны, назар аударуды, қабылдау мен түсінуді, ойлауды, шешім қабылдауды және әсер етуді жатқызамыз. Қысқартып айтар болсақ, бұл – құзіреттілік пен білім, білік пен дағды. Оқылымның негізгі когнитивті процесіне ақпаратты іздеу, түсіну, бағалау мен кері байланыс жасау жатады

Мәтіннен (мәтіндерден) ақпараттарды іздеу. Мәтін бойынша қажет ақпаратты анықтау және табу – бір мәтінді көз жүгіртіп оқу арқылы сандық мәннен, сөз не бірнеше сөз тіркесінен тұратын қажет ақпаратты табу дегенді білдіреді. Тапсырмаға сәйкес келетін мәтінді таңдау не іздеу – ұсынылатын тапсырма мен сұраққа байланысты берілген бірнеше мәтіндердің ішінен ақпарат іздеу болып табылады.

Түсіну. Тура мағынаны көрсету – қысқа үзіндінің немесе сөйлемнің тура мағынасын түсіну, әдетте абзацта немесе үзіндіде қамтылған ақпаратқа қатысты сұрақ бойынша ақпаратты тура немесе сол мағынасына жуықтатып салыстырмалы түрде перефразалап жеткізу. Кіріктіру және ой қорытындысын жасау – бұл мәтіндегі тура мағынада берілген ақпарат аясынан шығып, толық бір үзіндіде немесе бірнеше сөйлемде ұсынылған ақпаратты біріктіре білу білігі. Оқушыларға негізгі идеяны жазуды немесе қысқаша түйіндеме құрастыруды, болмаса үзіндіге ат қоюды міндеттеу – «біріктіру және қорытынды шығару» элементтеріне жатады. Әртүрлі дереккөзден алынған ақпараттарды кіріктіру, соның негізінде қорытынды шығару – бір немесе одан да көп мәтіндерге жүктелген ақпарат үзінділерін біріктіру болып табылады.

Бағалау және ойлау. Сапа мен дәйектілікті бағалау мәтіндегі ақпараттың дәйектілігін (шындыққа сай болуын), маңыздылығы мен нақтылығын, бейтараптылығын, сенімділігін бағалау болмақ. Мұндай тапсырманы орындауда оқушы тарапынан мәтін мазмұнын түсіну және оның дереккөзі туралы ой қорыту міндеті алға қойылады, басқаша айтқанда, мәтін формасын таңдау арқылы автордың ақпаратты жеткізу амалы талданады. Мұндай тапсырмалар ұсынылған жағдайда оқушылардан авторлардың бір-бірімен қаншалықты келісіп отырғанын немесе әр автордың ұстанатын позициясының ерекшелігін тауып айтуды сұрауға болады. Ал оқушыларға осыдан өзге тапсырмалар беру кезінде ақпараттың шынайылығына көз жеткізуді немесе нақты мәселені өзге дереккөздерден алынған ақпараттармен дәлелдеуді, оны дәйегі әлсіздеу ақпаратпен салыстыра талдауды тапсыруға болады.

Оқу сауаттылығы қандай да бір мәселені шешу, нақты тапсырманы орындауға қажетті ақпаратты тауып оқуды мақсат етеді. Оқуда нақты ақпарат алу үшін оқу (scanning) және аналитикалық оқу (тірек сөздерді белгілеу, дәйексөздерді іріктеу, кесте, график құру) тәсілдері қолданылады.

PISA зерттеулері оқу сауаттылығын бірнеше деңгейлерге бөліп қарастырады:

Қарапайым критерий бойынша мәтіннен қажетті мәліметті іздеу (ең төменді деңгей);

Бірнеше критерий бойынша мәтіннен қажетті ақпаратты іздестіру;

Ақпарат үзінділерінің арасындағы байланысты тану;

Белгілі, бірақ қарама-қайшы ақпаратпен жұмыс істеу;

Астарлы, жасырын сипаттағы ақпараттар бар үзінділерді іздестіру, реттілігін құру, қиыстыру, тапсырманы орындау үшін мәтіндегі қай ақпараттың қажет екендігі туралы қорытынды жасай білу;

Күрделі мәтіндерді түсіну және оларды интерпретациялау, тұжырымдау;

Мәтін мазмұнына сай қорытындылар мен болжамдар жасау



Ең алдымен оқушы мәтін форматын (тұтас, тұтас емес мәтіндер) тани білуі керек.

Тұтас мәтіндерге оқушылардың күнделікті оқып жүрген мәтіндері жатады: • сипаттау(әңгімеден,өлеңнен үзінді, адамды, орынды, затты сипаттау); • баяндау (әңгіме, өлең, повесть, мысал, хат, газет-журнал мақалалары, оқулыққа енгізілген мақала, нұсқаулық, жарнама, фильмнің қысқаша мазмұны, блог жазбасы, әртүрлі сайт материалдары); • пайымдау(талқылау шығармалары, пікірлер, өз пікірін дәлелдеу).

Тұтас емес мәтіндер: • графиктер; • диаграммалар; • схемалар (кластерлер); • кестелер; • географиялық карталар мен жергілікті карталар; • үй-жай, аймақ, құрылыс жоспары; • кіру билеті; • көлік қозғалысының кестесі; • сайт карталары

Мәтін бойынша берілетін тапсырма түрлері. Мұғалім оқушылардың мәтін бойынша тапсырманы орындауға берілген нұсқауды дұрыс түсінуіне назар аудару қажет. Оқу сауаттылығы бойынша тест тапсырмаларын дұрыс орындамаудағы басты қиындықтың бірі – оқушылардың тапсырманы қалай орындау керектігін түсінбеуі. Бұл дағдыны назарды шоғырландырып оқу секілді оқу стратегияларымен қатар дамытып отыру керек.

Оқу сауаттылығын бақылауға арналған тапсырмаларда әдетте мынадай жаттығу түрлері ұсынылады:

бірнеше нұсқадан бір дұрыс нұсқаны (жауапты) таңдауға құрылған тапсырма;

оқушыларға бірнеше дұрыс жауапты таңдау мүмкіндігі бар тапсырма (жауапты таңдауға құрылған кешенді сұрақтар);

өз жауаптарын арнайы ашық қалдырылған орынға жазуды талап ететін тапсырмалар. Бұл тапсырмалардың ішінде қысқа жазбаша жауапты (қысқаша жауапқа құрылған сұрақтар) және толық жазбаша жауапты қажет ететін (толық жауапқа құрылған сұрақтар) тапсырмалар да болады. Оқушыларға ұсынатын тест тапсырмаларында дұрыс жауаптардың санына (бір немесе бірнеше), сонымен қатар тест тапсырмаларында ашық және жабық сұрақтардың (дұрыс жауабы бар немесе оқушыдан жазбаша жауапты қажет ететін сұрақтар, жауабы қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар) қамтылуына мән беру керек. Көбінесе тест тапсырмасының нұсқауында келтірілетін аргументтер саны жазылады. Мысалы: Автормен келісесің бе? Кем дегенде 3 аргумент келтір. Оқушылармен бірге тапсырма нұсқауында кездесетін тірек сөздермен жұмыс жасау керек. Оқушылар берілген тапсырманы қалай орындау керектігін түсінуі керек.

Мәтін бойынша берілетін сұрақтар мен тапсырмалардың жіктелуі: Бірнеше нұсқаны таңдауды қажет ететін тапсырмалар: ▪ берілген нұсқадан бірнеше дұрыс жауапты таңдау; ▪ мәтін мазмұнына сәйкес келетін/ сәйкес келмейтін немесе мәтінге қатысы бар/қатысы жоқ бірнеше тұжырымды анықтау; ▪ мәтін мазмұнына қатысты мәліметтің жалған немесе шын мәлімет/тұжырым екенін айқындау. Сәйкестікке құрылған тапсырмалар: ▪ сұрақ, тақырып, тұжырым, жоспар тармақтары, суреттер, белгі, схема, диаграммалардың және мәтін бөліктері (қысқа мәтіндер арасындағы сәйкестікті табу; ▪ мәтін мазмұнына сәйкес келетін сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдерді анықтау; ▪ суреттерді, схемаларды т. б. анықтау; ▪ берілген сөздерді мәтіндегі сөздермен (сөз тіркестерімен) сәйкестендіру (синонимдерді/антонимдерді анықтау). Мәліметті толықтыруға арналған тапсырмалар: ▪ мәтіндегі бос орындарды сөйлемдермен/сөз тіркестерімен/сөздермен толықтыру; ▪ сөйлемді толықтыру (аяқтау). Мәліметті көшіруге құрылған тапсырмалар: ▪ оқыған мәтіні бойынша кестені толтыру; ▪ оқыған мәліметі бойынша кестені/ сызбаны толықтыру. Өзгерген мәтіндерді қалпына келтіруге арналған тапсырмалар: ▪ мәтіннің шатасқан бөліктерінің ретін сақтап орналастыру. Жауабы бар сұрақтар әртүрлі мақсатпен беріледі, соған сәйкес күрделілік деңгейі жағынан әртүрлі болып келеді.

Мәтіннен қажетті ақпараттарды іздеу үшін оқушыларды мәтіндегі ақпараттарға көз жүгіртіп, негізгі элементтерін анықтауға, басқа формада (синонимдік) берілетін қажетті ақпарат бірлігін іздеуге ерекше назар аударту керек. Оқу сауаттылығын арттырудың бұл кезеңінде оқушылар нақты ақпаратты анықтау дағдысын дамытады. Мәтінді нақты ақпарат алу мақсатымен оқу барысында оқушының мәтіннің мазмұндық, идеялық құрылымы жағынан жалпы түсінігі қалыптасады. Ақпаратты мақсатты түрде іздеу үшін және ақпарат алу үшін: • «Кім?», «Не?», «Қайда?», «Қашан?», «Не істеді?» деген сұрақтарды негізге ала отырып, нақты материалды табу керек. • мәтін тақырыбын анықтау қажет; • мәтінде анық көрсетілмеген ақпаратты іздеп, анықтау керек.

Ақпарат түрлері: • Нақты (факті); • Концептуалды (тұжырымды); • Астарлы, жасырын түрде беріледі. Мәтіннен қажетті ақпаратты табуға үйрету үшін мынадай сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады: • мәтіннен нақты мәліметті табу; • мәтіннің мазмұнына сүйене отырып, сөздің, сөз тіркесінің мәнін түсіндіру; • мәтіннің тақырыбын немесе негізгі ойын анықтау (егер мәтінде анық көрініс тапқан жағдайда); • оқиғаның/құбылыстың, кейіпкердің әрекет ету уақыты мен орнын анықтау; •оқиғалар арасындағы байланысты табу немесе орнату; • басты кейіпкер әрекеті арқылы жасалған қорытындыны түсіндіру; • деректер мен дәлелдерді, кейіпкерлердің іс-әрекетінің себебі мен салдарын талдап, қорытынды шығару.

Енді, бірнеше тапсырма түрлеріне тоқталсақ. Слайдтар арқылы тапсырма түрлерін көрсету.

Практикалық жұмыс. Әріптестерді жол картасы бойынша топқа бөліп, тапсырмаларды орындату.

Топтарға жұмыстар, кері байланыс.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!