География пәні мұғалімі
Оспанова Құралай Аскеновна
Ә.Байсалбаев атындағы орта
мектеп
Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма
Ганди
«Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе,
сол өзгерісті уақытында жаса»
Шебер-сынып жоспары:
Тақырыбы: Үйренудің ең
тиімді әрекеті-басқаларды үйрету( жаңартылған білім беру
бағдарламасы)
Шебер-сынып
мақсаты:
білім беру мазмұнын жаңарту
бағдарламасы бойынша мұалімдеррлер арасында БА бағдарламасына
сәйкес оқу материалдары мен педагогикалық тәсілдерді тиімді қолдану
мәселесін талқылау және өзара тәжірибе
алмасу.
Келесі мәселелер
қарастырылды:
-
тиімді әдістер мен оқыту стратегияларын жасақтау және
қолдану;
-
педагогикалық тәсілдерді қолдана отырып өткізілген оқыту бойынша
рефлексиялау.
Күтілетін
нәтиже:.
Мектеп мұғалімдерінің
қарым-қатынас дағдыларының дамуы мен кәсіби деңгейлерінің артуына
әсер етеді; білім жүйесінде критериалды бағалаудың алатын орнын
түсінеді; өзін-өзі және өзара бағалауда критерийлерді пайдаланудың
маңыздылығын айқындайды; критериалды бағалау арқылы оқытудың
тиімділігін және оқу сапасын арттыруға болатынына көздері жетеді;
оқу үдерісінде критериалды бағалауды қолдану жолдары мен түрлерін
түсініп, тәжірибе бөліседі.
Тиімді
нәтиже: Әрбір мұғалім өз сабағына
нақты мақсат қоя білген кезде, сабақ барысында оқушылардың
мүмкіндіктерін анықтай отыра, критериалды бағалауды ұйымдастыру
және жүргізу тәртібіне үйренеді және олардың жетістіктерін дұрыс
бағалай алады.
Көзделген аудитория 1,2,5,7
сынып пән мұғалімдері
Көрнекілігі: Үлестірме материалдар,слайд,
бейнематериалдар
Топқа
бөлу:
1.Оқушылар тобының
ұраны: «білімді оқушы - мұғалімнің нәтижесі, санасыз оқушы
- мұғалімнің еңбегінің
бекершілігі»
2.Мұғалімдер
тобы: «мұғалім
мектептің ұйтқысы, негізгі қозғау
механизмі»
3.Ата-аналар
тобы: «баланың адамшылығы ата-ана тәрбиесінен
басталады»
4.Мектеп
тобы: «Мектеп – кеме,
білім – теңіз, теңізде жүзіп жүрген кеменің үнемі жолы
болғай»
Аудиторияда психологиялық
ахуал тудыру «Мен қандаймын» -әр ұстаз өз есімін атап сөз
тіркестерін аитады мысалы Құралай-кешірімдімім кезектесіп топқа
өзін таныстыру.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы - уақыт
талабы
Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің
мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты
ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және
технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті
тұр.
1.Жаңартылған оқу
бағдарламаларының ерекшеліктерін
билемизбе:
Топпен талдаиык:Ар топ өз пікірін
аитады.
-
пән
мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі;
-
Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының
иерархиясы;
-
бір
білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру
мақсатында ортақ тақырыптардың берілуі;
-
оқу
үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар
арқылы ұйымдастыру;
-
оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының
адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру;
-
білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша
сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша
педагогикалық мақсат қою;
-
бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың
уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға
назар аударылуы;
-
оқытудағы жүйелі- әрекеттік ұстаным, оқушының
білім алу үдерісіне белсенді қатысуы.
Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын:
тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге
бағытталған.
Білім беру бағдарламасының негізгі
мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен
қатар, критериалды
бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері
мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап
етеді..
Слаидпен
жұмыс:
Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап,
критериалды бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде
оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты
жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен
бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық
бағалау
Жаңартылған білім беру бағдарламасы ХХI ғасырда
оқушылардың сын тұрғысынан ойлау, өзін-өзі ынталандыру, өзін-өзі
реттеу, оқи білу дағдыларын белсенді әрі табысты қолдану дайындығын
қалыптастыруға ықпал етеді.
«Еске
түсіру» ойыны.
Қатар отырған мұғалімдер
бір-біріне теріс қарап отырады да, парталасының аты кім, көзінің
түсі қандай, киімі қандай, аяқ киімі қандай, егер әйел болса
юбкасының түсі қандай, құлағында сырғасы бар ма, осы сияқты
белгілерді айтып шығады.
Заманауи мұғалім оқыту
стратегиясының барлық мүмкіндіктерін қолдану үшін білім беру
стратегияларын барлық сыныппен, топта жүргізілетін жұмыс, жеке
жұмыс және білім алушылармен кері байланыстан жүзеге асыра алуы
тиіс. Әрбір оқушы мен оның
ата-анасына бағалаудың түсінікті, айқын және өлшемді критерийлерін
орнатқан жағдайда оған қол жеткізуге болады,
сондықтан
Жаңартылған оқу бағдарламасы
аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз
ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей
алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп.... деген ілімін негізге
ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды
болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз.Іске сәт
әріптестер!
Әр топ сабақ
соныңда тұрып бірлесіп ант береді
1 .Оқушылармен үнемі тепе –
теңдікті ұстаймыз, еркіндік
береміз.(оқушы)
-
Оқытуды сапалы ету үшін жаңа
тәсілдерді қолдана отырып,сабақтарымызды түрлендіреміз
(мұғалім)
-
Әріптестерімізді қызықтырып,
бірлесе жұмыс жасаймыз (мектеп)
-
Ата
– ана, мектеп психологымен жаңаша бағыттағы
жұмысты дамытамыз.(ата
ана)
Рефлексия: Екі
жұлдыз, бір тілек әдісі бойынша семинарға баға
беру
Стикерлерді толтырып,
тақтада тұрған тілектер мен ұсыныстар кітабына
жабыстырады.
Ертеңгі күннің еншісі –
бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне төгілген тердің өлшемімен
таразыланатынын ескерсек, барлық үміт өздеріңізде, құрметті
ұстаздар!
«Педагогтік шеберлік – дарынды
талант емес, үйрену, ізденудің
нәтижесі»