Шебер сынып:«Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құрастыруда көмек көрсету»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шебер сынып:«Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құрастыруда көмек көрсету»

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестермен іс-тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құрастыруда көмек көрсету» тақырыбында шебер сынып

Мерзімі:

25.02.2020 ж

1 ОМ МДШО КММ, физика пәнінің мұғалімі Бектибаева Г.К

Мақсаты

Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеуге көмек көрсету

Міндеттері


  • Қалыптастырушы бағалау құралдарын әзірлеудің

негізгі тәсілдерін көрсету;

  • Қалыптастырушы бағалау процесінде қолданылатын тапсырмалардың түрлері мен сипатын көрсету;

  • Қалыптастырушы бағалау үдерісінде қолданылып жүрген тапсырмалардың түрлерін түсінуді қамтамасыз ету;


Күтілетін нәтиже


  • Мұғалімдер пән бойынша жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларына сәйкес әр түрлі оқыту стратегияларын қолданады.

  • Мұғалімдер оқу үрдісін жақсарту үшін қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құрастыру арқылы білім беру процесін тиімді жоспарлайды және ұйымдастырады, оқушыларды оқытуға жетелейді.


Дереккөздер

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Шебер сынып жоспары

Шебер сынып

кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Іс әрекеттер

Шебер сынып басы

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Танысу.

2.Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Досыма тілек»

3.Топқа бөлу. «Суретті топта».

Суреттердің ұқсастығына қарай 3 топқа топтасады.(Қалыптастырушы, бөлім бойынша жиынтық бағалау, тоқсан бойынша жиынтық бағалау)


Бір-бірімен амандасады,бір- бірімен танысып, топқа бөлінеді.


Шебер сынып ортасы

  1. Қызығушылықты ояту.

Тапсырма 1. Топтық жұмыс: Сәйкестендіру.






1.Қалыптастырушы бағалау.


2. Жиынтық бағалау.

А)күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі

 В) Бөлімдерін/ ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін аяқтаған соң өткізіледі.

 С) балл және баға қойылады.

 Д) оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді.

Е) сабақтарын жоспарлайды.

  1. Ой қозғау.

- Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау деген не?

- Біз не үшін бағалаймыз?

- Бағалау арқылы біз қандай ақпарат алғымыз келеді?

Критериалды бағалау қағидаттары қандай?


Тапсырма 2. Жағдаятты талдау

Бағалау тапсырмаларын құрастыруда кездесетін кедергілер қандай? Осы кедергілердің алдын алу үшін стратегия құрастырыңыз?

Мұның себебі не болуы мүмкін? Топта талқылаңыз.

(Оқу материалына атүсті қарау, оқу мақсаттарына аса мән бермеу, ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келмеуі, бағалау нәтижелеріне жеткіліксіз талдау жасау)


  • Осы аталған кедергілердің алдын алу үшін қалыптастырушы бағалау алгоритмін құрастырамыз.


Тапсырма 3. Қ.Б тапырмасын құрудағы мұғалімнің рөлі қандай?

Қ.Б тапсырмасын құрастыруда мұғалімнің рөлі:

-О.М сәйкес ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкестендірілген бағалау критерийлерін анық жазады.

-О.М мен бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар дайындап, оларға дескрипторлар құрастырады.

- Оқушыларға тиімді кері байланыс ұсынады.

- Оқыту және бағалау үдерісіне түзету енгізеді.

Тапсырма 4. Бағалау критерийі. Оқу мақсатымен танысыңыз және оған қатысты бағалау критерийлерін қарастырыңыз.Барынша сәйкес келетін бағалау критерийін таңдаңыз. Өз таңдауыңызға сай дәлел келтіріңіз.

  1. Ойлау дағдыларының деңгейі (ОДД) – әрбір деңгейі ойлау дағдыларын анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық өзара байланыстағы жүйесі.


«Сәйкестендіру» тапсырмасын топпен толтырады.










Сұрақтар бойынша өз ойларын ортаға салады.



Жағдаят себебін топта талқылап, ортаға салады.

Топта тапсырма құрастыруда кездесетін кедергілерді анықтап, стратегияларын ұсынады.

Слайдпен жұмыс.

Алгоритмге талдау жасайды.



Топта жеке сұрау.

Шебер сынып соңы

Тапсырма түрлері. Тапсырмалардың 2 түрі бар: 

    1. Жабық тапсырмалар:


  • Бір дұрыс жауапты таңдайтын 

  • Бірнеше дұрыс жауапты таңдайтын 

  • Сәйкестікті анықтауға берілген 

  • Дұрыс реттілікті анықтауға берілген 

  1. А шық тапсырмалар:

Тапсырма 5.

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды құрастыру алгоритмін басшылыққа алып, сабаққа тапсырма құрастырыңыздар.

Құрастырған тапсырма бойынша оқушыға қандай кері байланыс ұсынар едіңіз? (слайдпен жұмыс)

Тапсырма түрлерімен танысады.

Әр топқа ойлау дағдыларының деңгейлеріне байланысты (төменгі және жоғары деңгейлі) тапсырма түрлерін құрастырады.

«Карусель» стратегиясы бойынша топтар чек лист арқылы бір-бірін бағалайды. Кері байланыстарын ұсынады.

Рефлексия

Қатысушылардан шебер сыныптан алған әсерлері туралы жүрекше қағаздарына жазып, тақтадағы «Ұжымның жүрегі» салынған суретке орналастырады..



Қатысушылар шебер сыныптан алған әсерлерін жүрекше қағаздарына жазып, суретке орналастырады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.12.2020
858
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі