Материалдар / Шебердің қолы көпке ортақ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Шебердің қолы көпке ортақ

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақтан тыс жұмыс
Авторы:
19 Ақпан 2024
88
1 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының

«Тараз сервис және технология колледжі» ҚМҚК



«Бекітемін»

директордың оқу-өндірістік

жұмысы жөніндегі орынбасары

________ Маханов Е. У.

«___»___________2023 ж





Сабақтан тыс ашық сабақ


Тақырыбы : “Шебердің қолы көпке ортақ”

Мамандығы: 10120100 «Шаштараз-өнері»

Біліктілігі: 3W10120101 «Шаштараз-стилист»

Пәні: Өндірістік оқыту

Курсы, тобы: ШӨ-23-1, ШӨ-21-2, ШӨ-21-1

Өтілетін күні: 18.10.2023ж

Өтетін орны: 2 ғимарат, 1 қабат, №107 шеберхана

Өткізілетін уақыты: 14.00

Өндірістік оқыту шеберлер: Исатаева Г.Б.

Таирбекова С.З.

Ашимбекова Г.А.












Оқу әдістемелік циклында қарастырылды

Цикл жетекшісі: _________ Жұмабекова .Ж.


Сабақтың тақырыбы: “ Шебердің қолы көпке ортақ ”

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың мақсаты: Студенттердің ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру.

Білімділік: Студенттерге алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар беру, әр мамандықтың қызығы мен қиындылығы болатындығын жете ұғындыру. Ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Дамытушылық: Студенттердің шашқа деген қызығушылығын арттыра

отырып,мамандығына деген сүйіспеншілігін дамыту.

Тәрбиелік: Сұлулыққа, жауапкершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу

Қажетті құрал жабдықтар: Шаш сәндеуге арналған құрал- саймандар,

(машинка,тарақ,қайшы,электр қыздырғыш,қыстырғыштар,

қатырғыштар),бейне ролик

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Исатаева Г - Бүгінгі біздің белсенділер мамандықты сүйіп келген студенттер, арасында

кәсіпті сезіне білген талапкерлер арасында ынталандыру сабақтан тыс

Шебердің қолы көпке ортақ ” атты шеберлік кезеңді өткізуге қош келдіңіздер!

Біздің 3 курс студенттер Бақтыбек М, Айдар Қ. ерлер шаш үлгісі

Әбділдә Н, Тоқтанбек Ж әйелдер шаш үлгісі және бет әрлеу бойынша өз шеберлерін көрсетеді

Таирбекова С -Шешеннің сөзі – мерген,

Шебердің көзі – мерген. Демекші шаш алғанда шебердің бар көңілі келушінің көңіл-күйін тауып,әр түрлі шаш үлгісін ұнататындай қызмет көрсетуіміз тиіс.(шеберлермен байланыс)

Ашимбекова Г - Қыздың көркі шаш демекші (шебермен байланыс)

Жүргізушілер

Есембай Венера

Темірханқызы Камшат

1-ші жүргізуші: Темірханқызы Камшат

- Осы сәтті пайдалана отырып өткен сабақтарымызды ойын элементтерімен еске түсіріп қайталап жіберейік (пазл түрінде)

2-ші жүргізуші: Есембай Венера

- Ал қыздар тобымыз жұмыс жасап жатқанда,мамандығымызға сай мақал-мәтел айтып,жұмбақ жасырып отырайық.

Венера:1.Біреу басқа, біреу шашқа құрмет көрсетеді


Камшат: 2.Таз адамға бұйра шашты ұнамас


Венера: 3.Шебердің қолы алтын

Шешеннің сөзі алтын


Камшат: 4. Ұста-ұста емес құрал ұста


Венера: 5. Шебердің қолы көпке ортақ


Камшат: 6. Кілең шебер жиналса істері тез қызады,

Кілең олақ жиналса біткен істі бұзады


Венера: 7.Шеберді саусағы асырайды


Камшат: 8. Шеберді шебер қолынан таниды

Батырды батыр жонынан таниды


Венера:

Жақсы қыздар керемет-керемет мақалдарды біледі екенбіз, енді шеберлерімізге көңіл аударайық.


Камшат: Мұнда отырған студенттерге жұмбақ жасырып көрейік;



  1. Венера:Тау басына шөп шықты,Шөп шыққанда көп шықты.

(Бас пен шаш)


  1. Камшат:Қараша тауым қарлы болды,бір жауса кетпейтұғын зәрлі болды.

(Шаштың ағаруы)


  1. Венера: Отын емес жағатын,
    Пішен емес шабатын.
    Бірақ, адам шашапайды,
    Айлап орып тастайды.
    Биік жерде өседі,
    Мұны не зат деседі? (Шаш)


  1. Камшат: Жастық шақта қара орман,

Қартайғанда ағарған (Шаш)



  1. Венера: Өскен шашты жаратпайтын,
    Қайшысы бар жалақтайтын. ( Шаштараз)



  2. Камшат: Қалың қамыс, қалың қамыс,
    Астында қия қамыс.
    Пысылдауық, пысылдауық,
    Астында сақылдауық. (Шаш, қас, мұрын, ауыз)


  3. Венера: Қос бұлақ бір қарауыл салғаны бар,
    Мойнында үш жүз алпыс арқаны бар.
    Ақ тоғай, қара тоғай қалың ағаш,
    Тоғайдың әр мезгіл де тарқары бар
    . (Сақал,Шаш)


  1. Камшат: Айдын көлді айнала,

Салдаттар тұр сайлана (Көз бен кірпік)


Венера: Шаштараз бұл да бір мамандық иесі. Сырт көзге оңай кәсіп

болып көрінгенімен,олай емес,себебі шаштараз жай ғана шашты

қиып қоймай, оны әр адамның келбетіне сай қылып қиып береді,

жиын –тойларға баратын кісілердің шаштарын әсемдеп,керегінше

өріп,не болмаса бұйралап және де түрлі шаш сән үлгілерін жасап

береді.Бұл мамандық өнерлі болуды қажет етеді, себебі шаш

қиюдың да өзіндік қыр-сыры бар.Сонымен қатар, асқан

шыдамдылықты да қажет етеді, себебі күні бойы тік тұрып жұмыс

атқарады. Әр мамандықтың өз қиыншылықтары болады, әр

мамандық иесін құрметтей білейік.


Осымен сабағымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға РАХМЕТ!!!










Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!