Шеберлік сабағы Тақырыбы: «Математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру практикасы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шеберлік сабағы Тақырыбы: «Математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру практикасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалдың мақсаты: Оқытудың жобалау, ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы ұстаздарды топ бойынша бірлескен әрекетке икемдеу, әрбір қатысушының өзінің топ мүшесі екенін сезіндіру, математикалық сауаттылықты қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шеберлік сабағы

Тақырыбы: «Математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру практикасы

Сабақ мақсаты: Оқытудың жобалау, ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы ұстаздарды топ бойынша бірлескен әрекетке икемдеу, әрбір қатысушының өзінің топ мүшесі екенін сезіндіру, математикалық сауаттылықты қалыптастыру.

Сабақ барысы:

Тренинг (3 минут)

Шар арқылы тілек айту.


  1. 5 сыныптағы «Жай бөлшектерге арналған есептер» сабағынан үзінді. Слайд арқылы сабақты өткізу технологиясымен таныстыру.

Біздің мақсатымыз интербелсенді оқыту технологиясының (ИОТ) бірі ретінде жобалап оқыту технологиясын математикалық сауатылықты арттыру мақсатында қолдануды қарастыру.

Жоба – пәнаралық және шығармашылықпен кіріктірілген бағдарлы жұмыс.

Жобалау технологиясы қазіргі таңдағы білімнің мақсат, міндеттеріне сәйкес табиғаттың шынайы заңдылықтарын танып білуде мәселені өзіндік жоспарлап жоба ретінде шешімін табады. Бұл технологияның оқу процесіндегі ерекшелігі өз жобасын құрып, әрекетін ұйымдастырып шығармашылықпен айналысуында.

Енді сіздермен бірге осы бағытта жұмыс жасаймыз.

Қазіргі нарықтық заманда 1 айлыққа күн көру мүмкін емес, сондықтан қосымша жұмыстармен айналысуға тура келеді. Оған кезінде елбасымыз тікелей жағдай жасап, қолдау көрсеткені белгілі. Оның 2011 жылғы 27 қаңтардағы халыққа жолдауының «Жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы» бағытында осы мәселе басталғаннан бері, кейбіреулер кафе, ресторан, асхана ашса, енді біреулер сауда, маркетингпен айналысады. Біз де «Қымызхана» ашуен айналысамыз. Ол үшін әрине, еңбектенуіміз керек, яғни алған білім, білік, дағдыларыңды көрсетулерің керек.

Сұрақ:

  1. Қымызхана ашу үшін не керек?

(Баспана)

Барлығы 5 есепті шығарып, 65-70% сапа көрсетсе, баспаналы болдық деп есептейміз. (қағазға жобасын салады)

  1. Киіз үйді тұрғыздық. Енді не істеу керек? (жылқы, сауын бие)

(жобасын салу)

  1. Биені сауып, қымыз дайындау. (жобасын салу)

  2. Құтыларға құйып, сатуға дайындау. Қымызхананың жұмысын басқару.

Қорытынды: қымыздың, жылқының адамзатқа тигізер пайдасы туралы ұстаздар өз ойларын ортаға салады.


  1. 10 сыныптағы қолданбалы курстағы «Күрделі проценттер» тақырыбы бойынша өткен сабақ үзіндісі.

Қолданбалы есептердің неғұрлым кең тараған түрі пайызға берілген тапсырмалар. Практика көрсеткендей, бұл тапсырмалар оқушыларда қиындық туғызады және көптеген мектеп бітірушілер күнделікті өмірде пайызды қолдана алмайды.

Пайыз туралы түсінік, пайыз шығару есептері әр адамға қажетті. Бұл тақырыптық қолданыстағы маңызы зор. Ол біздің өміріміздің қаржылық, демографиялық және әлеуметтік жақтарын қарастырады.

Әр отбасының өмірінде туындайтын бірнеше сюжеттік тапсырмаларды ұсынғым келеді. Ынтымақты отбасымен бірлесе «күнделікті есепті» шығарып көрейік.

Бұл ойын технологиясы түрінде жүзеге асырылады.

Ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.

Үлкен отбасы:

  • Отағасы;

  • Анасы;

  • Үлкен қызы;

  • Баласы әйелімен;

  • Жеткіншек қызы;

  • Балаларының достары.

Барлық сынып оқушылары есептеуге көмектеседі.


Отбасы кеңесі ұйымдастырылады.

Отағасы: Бүгін біз ең қажетгі шығындар мен жоспарланбаған шығындарды есептей отыра, бір айға арналған отбасылық бюджетті бөлуіміз керек.


Анасы: Ең әуелі біраз қаржыны қарызға алу керектігін ескере отырып, қызымыздың тұрмысқа шығу тойына кажетті шығынды есептейік. Мұны орындаудың екі түрлі жолы бар: 1) Қарыз берушіден пайызбен қарыз алу. 2) Халық банктен не «Каспий банктен» несие алу.


Кіші кызы: Қарыз беруші деген не? Банк деген не? (Отағасы түсіндіріп кетеді)


Шешесі: 5% қарызға алу қай жерде тиімді екенін есептейік. ол үшін банктерден

Сұрап келгеніміз жөн. (Үшеуі 3 банкке барып кеңес алады.)



Топта жұмыс жасау:

1-тапсырма: Қызы карыз берушіден 1 жылға 5% - пен 50мың алуға болады.

1)қортындысында қандай сумманы төлеуіміз керек,

2)қарызға алынғаннан төленген сумма неше % көп? (Жауабы:60% көп)

2- тапсырма: Шешесі: ХАлық Банктан 3 жылға 300 мың теңге қарыз алды. Ай сайын 16 мың тг. Төлеуіміз керек.

      1. 3 жылдан кейін біз қандай сумма төлейміз?

      2. Жылына қандай пайыз?

      3. Төленген сумма қарызға алған суммадан неше пайызға үлкен? (Жауабы: 92% артык)

3- тапсырма: Отағасы: Каспий Банктен 600 мың тг қарыз алдық, 3 жылдан кейін төленген сумма 864 мың тг. кұрайды.

  1. Ай сайын қанша сумманы төлеуіміз керек және ол жылдықтың неше пайызын қүрайды? (Жауабы: 44%-ке артық төлеу, жылдық өсім 15%)

Шешесі: Есептеулерден мынаны көреміз: Ай сайын көбірек төлеу керек болсада Каспий банктен несие алған тиімді.

4-тапсырма: ( дос қызы дауыстап оқиды).

Қызының жолдасы. Жуырда біздің «Сауда үйінде» барлық тауыр 10% кемігенін хабарлады. Қымбаттағанға дейін сату бағасы темен болды ма, әлде арзан сатылғасын ба?

5-тапсырма. (келіні)

Баласының келіншегі. Кейбір дүкендерде маусымдық арзандатулар басталды. «АДК-да» тауар 40%, «Әлемде» бір апта ішінде екі рет: біріншіде - 20%, ал екіншіде - 25% тауар арзандатылды. Дүкендегі бағасы бірдей тауарлар қайсысында арзандау екен?


Сабақ соңында: «Математиканың накты өмірмен байланысына берілген тапсырмаларды қарастырдық.

Жалпы алғанда математикасыз өмір сүруге болады, бірақ жаңа қоғам жайында математикасыз өмір сүру киын екеніне көзіміз жетті» деп қорытынды жасалады. Яғни әр адам функционалды сауатты болуы қажет.


  1. Практикалық жұмыстар (Оқушыларды зеттеу жұмыстарына тарту)

Әр топқа дарындылықты анықтауға тапсырма беріледі.

  • «Тоғыз нүктемен жаттығу, мүмкін тізбектерді көрсету»

  • Скрепканың қасиеттерін теріп жазу

  • Ғылыми жоба тақырыптарын ұсыну (топтарға)

  • Жобаны қорғау.


  1. Қорытынды Аутотренинг «Сыйлық»

  2. Рефлексия «Алма ағашы»

«Қызыл» -өте ұнады

«Сары»- ұнады

«Жасыл»- білмеймін


«Педагогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі» (Ш. Таубаева )





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.04.2024
484
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі