Материалдар / Шежирели Шалкарым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шежирели Шалкарым

Материал туралы қысқаша түсінік
Шалкар ауданы ониринде таралған дарилик осимдиктердин түрлер мен пайдасы туралы мәліметтер келтирилген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Мамыр 2021
625
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңақоныс Жалпы орта білім беретін мектебі









Тақырыбы: Шежірелі Шалқарымның дәрілік өсімдіктері

(эссе)









Орындаған : Жылқайдар Сәулет

Жетекшісі: Ілиясова Мөлдір



























2020-2021 оқу жылы



Шежірелі Шалқарымның дәрілік өсімдіктері



Әр өлкенің өзіне тән, табиғат жағдайына бейімделген өсімдіктері бар, сәйкесінше өсімдіктердің өзіне тән тіршілік нысаны бар. Олардың әрқайсысының «қызметі» болады екен. Мысалы, тек әсемдік үшін, не болмаса емдік қасиетімен ерекше өсетін өсімдіктер де бар. Саяхатқа шыға қалсақ, әдемі гүлдерді көріп, олардың табиғатқа тек сұлулық беріп тұрғанын білеміз. Ал олардың әрқайсысының ерекшелігін, қасиетін - бәрін біле бермейміз. Менің ойымша, жабайы өсімдіктердің дәріптелмейтін себебі де осыдан. Жабайы өсімдіктер аталмай, назардан тыс қалып жатыр. Дегенмен, мұндай өсімдіктердің пайдасы көп. Мысалы, ел туризмін дамытуға осы жабайы өсімдіктердің барын есте сақтау керек. Неге? Маған осындай сұрақ туындап, былтырғы жылы өз өлкемде саяхатқа шықтым. Шалғын жерді басып жүргенімде, ерекше бірнәрсе көргендей, тоқтап қалдым. Қарасам, жерде әдемі, бірақ жабайы өсімдік өсіп тұр екен. Маған керегі де осы еді. Сөйтіп, өсімдікті бес күн бойы зерттедім. Аты-андыз екен. Бұрын-соңды көрмеген өсімдігім болды әрі емдік қасиеті де бар екен. Осыған орай, андызды зерттеу нәтижесін сіздермен бөлісейін...

Жалпы, андыз- бір жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық аймағында және екі түрі кең таралған. Жазық өлкелі ауылымнан байқаған өсімдігімнің түрі- қара андыз және биік андыз. Қара андыздың сабағы тік, қырлы, бұтақтары жуан, жапырақтары да ірі, әрі жиегі ирек, сопақша келген. Бір қызығы, жапырақтары жүрек және жұмыртқа пішініне ұқсайды. Иісі ерекше. Гүлдері сары түсті, жемісі тықыр дәнек. Маусым-шілде айларында гүлдейді екен. Биіктігі шамамен үш метрге дейін жетеді.Ал биік андыздың биіктігі екі метрге дейін жетеді, сабағы тік, жапырақтары ірі. Сопақша-эллипс пішінді, гүлдері алтын-сары түсті. Шілде-тамыз айларында гүлдейді. Андыз біздің елімізден бөлек басқа елдерде, айта кетсек: ТМД елдерінің Европалық бөлігінің Оңтүстік, Кавказда, Батыс Сібірде, Орта Азияда өседі. Қазақстанда Көкшетау, Семей, Орал, Қостанай, Ақтөбе маңайларында өседі.

Емдік қасиеті жайында айтар болсам, медицинада андыз ертеден қолданылған. Оның емдік қасиеттері тіпті Ежелгі Грекия мен Римде белгілі болған. Ол туралы көптеген аңыздар бар. Мысалы «Бір ер адамға сәуегей егер ұлына қол тигізсе өлетінін ескертеді. Сол кезде әкесі көріпкелдің айтқаны орындалуына жол бермес үшін ұлын алыс бір елге апарып тастауды бұйырады. Бір жолы әкесі ұлының соғыста қылыш тиіп, ажал аузында жатқаны жайлы хабар келеді. Ұлын құтқару үшін әкесі ең мықты тәуіптерді аттандырады. Бірақ адамдардың еш көмегі болмайды. Амалы таусылған кәрі шал ұлын өзі іздеп келіп, көзінің жасымен оның жарасын жуған екен, Құдайдың құдіретімен жарасы тартылып, ұлы жазылып шыға келеді. Қуанғаннан әкесі сәуегейдің айтқанын ұмытып кетіп, ұлын құшақтай алады. Сол сәтте ұлы жан тапсырып, андыз өсімдігіне айналады. Содан бері адамдар осы гүлмен емделеді». Бұл да бір аңызға бірі сенсе, бірі сенбес. Жалпы, андыздың емдік қасиеті өте көп екен. Оған тағы бір дәлелім, жылқы малы салқынмен ауырғанда, он күн көлемінде андызбен емделеді екен. «Андыз болса, жылқы өлмес» деген халықтан қалған мақалдың мәні осында екен. Яғни, медицинада андыз емдік мақсатта гүлі мен тамыры пайдаланылады. Менің бір естігенім, өт пен асқазанның қуатты жұмыс істеуі үшін де, тыныс жолдары, сондай-ақ өкпе туберкулезіне қарсы андызды ішеді екен. Сіздерге осының жасалу жолын айтып берейін: Қара андызды қайнатпайды. Спиртке салып қойып, тұнба жасайды. Сонда тамыры қып-қызыл болып шығады. Қазірде андыз түрлерінен көптеген дәрі-дәрмектер жасалуда. Яғни, андыз өсімдігінің пайдасы: адамға суық тигенде қайнаған суға андыз тамырының бір бөлшегін салып, тұнбасын берсек, жазылуға болады; қақырық түсу үшін қайнатып ішеді; бауыр ауырған кезде шөп қоспалардың көмегімен тұнба дайындап ішуге болады. Андыздың басқа да пайдалы жақтары өте көп. «Аллантон», «Девять сил» сусындары дәрілік препараттар есебінде қолданылуда. Дана халқымыз «Дәрі шөптен шығады, дана көптен шығады» деген. Міне, Шалқар ауданында да андыздың бірнеше түрлері бар. Яғни, Шалқар ауданының дәрі шығаруға мүмкіндігі бар. Менің айтқым келгені, қазірде адамдардың көбісіне андыздың шипалы емі зор болмақ!

Міне, қазақ жерінің асты да үсті де бай деген осы болар. Қойнаулы қазынаға толы өлкенің жері де шұрайлы. Әрине, дәрілік шөптер әлемі әлі де болса толық зерттелмеді. Яғни, бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ. Дегенмен де дәрілік шөптер дегеніміз білгенге ем, білмегенге у дүние ғой. Сондықтан, мен ойлаймын, тіпті кейбір елдерде табылмайтын емдік өсімдік біздің елде көп. Кей жандар дәрілік шөптердің көмегіне сүйенгенді жөн көреді. Сонымен бірге андыз өсімдігінің құпиясын біле отырып, зерттелмей жатқан қаншама жабайы өсімдіктердің емдік қасиеттері болуы мүмкін. Осындай кішігірім ойлар мені ғана емес, сізді де немесе басқа да мен секілді оқушыларды ойландыруы мүмкін. Қорытындылай келе, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегендей, ауруды асқындырмай кез-келген ауруды дәрілік өсімдіктермен емдеуге де болады дегім келеді. Қазақстан жерінің өсімдіктер әлемі әртүрлі пайдалы өсімдіктерге бай және дәрілік өсімдіктердің алатын орны ерекше болып қала бермек!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!