Семей
полигоны
Семей полигонын ашу өз
заманында КСРО-ның әлем елдері арасында билік пен қорқыныш ұялату
әдісі болды. Алдымен ядролық сынақ алаңын ашу АҚШ пен КСРО арасында
қай держанваның мықты екенін дәлелдеу мақсатында ашылды. Алайда,
бұл қарудың салдары қазақ еліне үлкен зардап алып
келді.
Қазақстан жерінде полигон ашу
туралы шешім 1947 жылы 1 тамызда қабылданды. Ал 1949 жылы комиссия
шешімімен сынақ алаңына ядролық қару жеткізілді. Семей полигонында
алғашқы жарылыс еш ескертусіз 1949 жылы 29 тамызда өтті. Жалпы
полигонда 40 жыл ішінде 456 жарылыс жасалынды. Солардың ішінде
термоядролық(1953 жылы), сутегі бомбасы(1955 жылы), ядролық(1961
жылы), уран бомбасы(1951 жылы) сияқты жарылыстар да
кездеседі.
Ядролық сынақ алаңы әлемнің
тек екі нүктесінде ғана болған. Олар Қазақстан жеріндегі Семей
полигоны және АҚШ-тың Невада штатында орналасқан. Бірақ Америкалық
полигон адам аяғы баспайтын жерде орналасса, Семей полигоны Семей,
Павлодар, Қарағанды облысының аумағында орналасты, яғни халық саны
көп жерде. Және де салыстырмалы түрде Семей полигонында өткізілген
жарылыс қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасынан 2,5
мың есе көп болған.
Сынақ өткізілу кезеңінде
тұрғындар басқа жерде болғанымен, жаңа ғана жарылылыс болған жерге
біраз уақыттан кейін адамдар қайтадан өз үйлеріне келетін.
Сондықтан, жердің беткі қабатына сінген радиацияның әсерінен сол
жерде өмір сүретін адамдар мен өсетін өсімдіктер мутацияға ұшырады.
Атап айтқанда, өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемаблостаз және
басқа да қатерлі ісік патологиялары. Адам организміне уақыт өткен
сайын жиналған радияциядан ауру, толыққанды жетілмеген, әлсіз
балалар туыла бастады. Бұл аймақта егін егу, мал, өсімдік өсіру
мүмкін емес екендігі анық белгілі болды.
Семей полигонының арқасында 20
ғасырда КСРО ең мықты мемлекеттердің бірі болды. Алайда осындай
күшті басқара алмағандықтан, қазақ халқы әлі күнге дейін
радиацияның зардабын шегеді. Осы себеппен Қазақстантың тұңғыш
президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен 1991 жылы 29 тамызда Семей
полигоны ресми түрде жабылды.