Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Семинар: Балабақшада баланың тілін дамытуда қолданылатын әдістер- тәсілдер.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Балабақшада баланың тілін дамытуда қолданылатын әдістер- тәсілдер
Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде. Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн. Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Мен өзімнің мектепке даярлық тобынла әдіс - тәсілдерді тиімді қолдануда білім сапасын арттырамын. Сонымен қатар тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу барысында балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлерін қоямын. Ойын – оқу үдерісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық санат. Тіл дамытуда ойынды көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер, ойыншықтар, музыка және т.б. материалдар сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады, ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді. Әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлеу үлгілерін тақырыпқа сай қолданған жөн және тиімді. Тіл дамыту барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың пайдасы бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.
Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіру. Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергіту, ерік-жігерін дамыту, сабаққа ынтасын арттыру. Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Ойын арқылы балалардың тілдерін дамытып, сөздік қорын байытады, жаңа материалды жақсы қабылдайды, есте сақтайды, зейіні дамиды, қызығушылығы артады. Мектепке дейінгі ұйымдарда сөздік қорды дамыту жұмыстары түсіндіру, сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, көрнекілік әдіс – тәсілдер арқылы жүзеге асады. Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті - сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану.
Түсіндіру әдісі - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады. Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады.
Көрнекілік әдісі – сабақ сайын
жүргізілетін әдіс. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды,
ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік
тақырыпқа сай, көзге тартымды болуы керек . Мысалы : «Ұлттық
заттар» тақырыбын өткен кезде киіз үйдің суретін көрсету арқылы
немесе кәдімгі ойыншық киіз үйді көрсету арқылы жүзеге асырылып
отырады. Мысалы: Алма сөзін алманы көрсету арқылы ұғындырамыз. Бұл
әдіс – жеміс- жидектер, ойыншықтар, тағамдар, тақырыптарында жүзеге
асады. Әр түрлі тірек кестелер және таблицалармен сөздерді, сөз
тіркестерін үйретуге болады.
Мысалы, алманы сипаттау: алманың түсі қызыл, пішіні – домалақ, дәмі
– тәтті. Ол ағашта өседі, жеміс. Мен алма жеймін. Мысалы, жемістер
– көкөністер тақырыбына байланысты «Дүкен» ойынын ойнауға
болады.Үстел үстіне жемістердің муляждарын «сатуға» қойып, ойнау.
Бала дүкен ойыны кезінде дүкенге кіріп амандасады, керек затын
сұрайды. Маған алма беріңізші. Қандай алма аласыз? (түстерді
ажырата білу). Мынау ащы, тәтті деген сөздер сөйлемде қолданылады.
Осы тақырыпқа байланысты мынадай ойындар өткізуге болады: «Дәмінен
ажырат», «Не артық?», «Қанша жеміс көрдің, соншама қол шапалақта»,
балалардың назарын бақылау үшін кез келген сөзге емес тек қана
жемістерді естігенде шапалақтау, жұмбақ жасыру, мысалы түсі қызыл,
сары, дөңгелек тәтті ағашта өседі – бұл не? және де басқа да
тақырыптарға келтіруге болады. Дыбыстық жаттығуларды өткізуде
балалар сөздердегі қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға
жаттығады, дауыстың ырғағы
дамиды.
Мысалы: шақ – шақ – шақ –
кішкентай құлыншақ. Ыр- ыр – ыр – ырылдайды қасқыр. Балалардың
дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіруде
көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Балабақшада балаларды дұрыс
сөйлей білу мәдениетіне айнала қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем
әдебиетпен теңестіру арқылы жүзеге асыруға болады. Әрбір
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойындарды қолдану
арқылы балалардың қиялын шарықтатып, ойлау қабілетін ұштауға
болады.
Дидактикалық материалдармен балалар жаттыққан сайын олардың зейіні,
тапқырлығы, ынталылығы, өзіндік ойлау жұмысы дами түседі. Балаға
әңгімелеп айтуға, оқып тыңдауға, жаттауға арналған материалдар
олардың даму деңгейіне, жас шамаларына лайықты болу қажет.
Балаларға топтардағы суретті кітапшаларды көрсетіп, мазмұнын айтып
беру қолайлы. Бұл жастағы сәбилерге оқиғасы сәтті аяқталатын,
қорқыныш сезімін тудырмайтын болу керек. Оларға «Бесік жыры»,
«Бауырсақ», «Торғай», «Мақта қыз бен мысық» сияқты шығармалар
арқылы дыбыстарды анық айту, байланыстырып сөйлеу, әңгімелей білуге
үйретуге болады. Оны:
Үш кезеңге бөлеміз. Сын тұрғысынан ойлауды дамытамыз.
I . Қызығушылығын ояту
II.Мағынаны шолу
III. Ой толғаныс
Және де «Ассосация» әдісі баланың қызығушылығын ояту кезеңі аса тиімді. Бұл әдіс балалардың бұрынғы білімін есіне түсіріп, жинақтайды әрі топ мүшелері бір – бірінен үйренеді.
Өзімнің көркем әдебиет сабағын былай өткіздім.
Сабақтың тақырыбы: Мақта қыз бен мысық
Сабақтың мақсаты: Бала өз ойын еркін айтуға, шығармашылық қасиетін
дамытуға, сын тұрғысынан қарауға үйрету.
Сабақтың міндеті: «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің мазмұнын түсіндіру,
тақырыбы мен идеясын ашу, кейіпкерлердің көңіл – күйін
танытудағы, көркемдік ерекшелігін көрсету.
Күтілетін нәтиже: Бала ертегіні дұрыс талдай білуге, кейіпкерлердің жағымды
немесе жағымсыз екенін айыруға үйрену. Әр кейіпкердің
сөзіне мән беріп дұрыс қабылдауға дағдыландыру.
Сабақтың әдісі: Ассоциация, Венн диаграммасы, әрі қарай ертегіні жалғастыру,
ұнаған кейіпкерді суреттеу.
Көрнекілігі: Ертегі кейіпкерлерінің суреттері.
Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет, тіл дамыту, сурет.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Қызығушылығын ояту.
Өз таңдаулары бойынша топқа бөлінеді.
1 – топ. Ертегіні рөлдерге бөліп ойнау
2 – топ. Ертегінің кейіпкерлеріне қарап әңгіме құрастыру. /ойнаған
кейіпкерлерінің суретін салу/
3 – топ. Ассоциация мен жұмыс, ойтолғау.
4 – топ. Ертегіні аяқтау әрі қарай не болғанын қалайсың.
Әр топ өзінше жұмыс жасайды.
Өзім қорытамын. Балалардың ойына түрткі болу.
Ой толғаныс. Осы ертегіні тыңдағанда не ойладың? Мен мысық болсам қыздың қатығын төкпей айтқанын қылар едім – дедім және екеуміз дос болар едік. Енді ертегіден алған әсерлерің туралы сурет салайық.
Қорытынды:
Балалар жұмысына өте қанағаттанамын, салған суреттері ассоциация туралы ойларын кеңінен айтып, қызыға ертегіні суреттеп, әрі қарай ертегіні былай жалғастырдық, мақта қызбен мысық сол куннен бастап дос болып мысық пештің қасынан орын алып, үйге көмектесіп жүретін болыпты.
Ертегі сахыналау арқылы балаларды рольге бөліп беру, әр кейіпкердің дауыстарын келтіріп айтуға машықтандыру қажет. Шығармаларды оқыған кезде іс-әрекеттерге байланысты жаңа сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп отырған жөн. Дыбыстарды анық дұрыс айта білуге жаңылтпаштардың да орны ерекше. Ал жұмбақ баланың сөйлеу қабілетін дамытады. Жұмбақтың шешуін табу арқылы заттардың, жан-жануарлардың, киім-кешек аттарын есте сақтау қабілеті күшейеді. Бала тілін дамытуда мақал-мәтелдердің де алатын орны ерекше. Қазақтың мақал-мәтелдерінің көбісі елдікті, ынтымақты, жақсы мен жаманды ажыратуға мүмкіндік береді. Балалармен күннің ІІ жартысында ойналатын дидактикалық ойындар, желілі - ролді ойындары арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға болады. Әрбір сұрақтарға толық, әрі нақты жауап бере білуге дағдыландыру керек. Естігендерін қайталап айтып, қандай кейіпкердің бар екенін балалар айтып берді. Сонымен қатар сөздік жұмыс жүргізу, сұрақ-жауап ала отырып, сөздік қорларын байытып, әңгімелей білуге үйрету. Көркем шығармалармен балаларды ерте кезден таныстыру, оқыту тәрбиелеу істерінде қолданып отыру арқылы балаларды еркін сөйлеуге, түсініп, мәнерлеп айтуға дағдыландыру керек.
Қорытынды.
Дамыта оқыту баланың ойлау, сезіну қабілетін дамытатынын және бағдарламаның маңызы зор екенін айтқым келеді. Өйткені, бүкіл әлемде өмір сүру күрделенді, елімізде демократиялық құрылымдар пайда бола бастады. Болашақта балалар өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, саналы шешім қабылдауға дайын болу керек. Ендеше, балалардың ойлау қабілетін жан – жақты дамыту мен шығармашылық ізденіс дағдаларын сын тұрғыда қалыптастыру жолдарын ұсынатын бағдарламаны үйренейік, үйретейік.
Балабақшада балалардың тілін дамытуда әрдайым әдіс-тәсілдер ізденуде болу керек. Ойын – балалардың негізгі іс - әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Сондықтан да тіл дамыту сабақтарында сөздік қорын байытуға ойын элементтерін пайдаланудың балалардың ой белсенділігін арттырудағы маңызы зор.
Балалардың ана тіліндегі дыбыстарды анық айтып, дұрыс сөйлей білуге балабақшада берілер тәрбиенің ықпалы зор. Қазіргі заман талабына сай оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастыру, яғни әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді ойына, бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбиелеу, тәрбиешінің алға қойған міндеті. Айналадағы дүниені, табиғатты бақылап түсіндіріп әрдайым жаңа сөздермен, сөздік қорын толықтырып отыру қажет деп есептеймін. Жоғарыда айтылған мүмкіндіктерге сай балалардың сөйлеу қабілеттерін тереңдетіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуда айтқан әңгімесіне, өзі құрастырған қысқа әңгімелеріне бағыт - бағдар бере отырып, тіл байлығын, сөздік қорын дамытуды басты назарда ұстау керек деп ойлаймын. Баланы өз баламыздай жақсы көріп, білгенімізді олардың санасына құю, жеткізу алға қойған мақсатым. Сол мақсатқа жету үшін талмай, қажымай еңбек етемін.