Семинар буллинг

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Семинар буллинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Аудандық семинардың жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»___________________

Білім бөлімі әдіскері:Иманкулова М.Ж

«______»_____________ 2024 жыл


Тақырыбы: Буллинг және деструктивті эмоциялардан арылу терапиясы

Өткізуші: №2 мектеп психологы Ғалымжан Индира

Өткізілу реті: Ашық алаңда пікір алмасу және арт терапия

Мақсаты: Буллинг сөзін ашу.Буллингтік жағдайдың алдын алу және болдырмаудың жолдарын түсіндіру.Ата – аналармен мамандардың бала психологиясындағы білімдерін одан әрі жетілдіру.Арт терапия арқылы отбасындағы деструктивті эмоциялардан арылуға көмектесу.

Индира:

Слайд 1Буллинг (bulling) ағылшын тілінен аударғанда қорлау, қысым көрсету, жәбірлеу, қорқыту деген мағынаны білдіреді.Біреуге физикалық немесе психоэмоционалды зиян келтіру мақсатымен қайталанатын агрессивті әрекеттер. Буллингке көп жағдайда мектеп оқушылары ұшырасып жатады.Буллингте оны тудырушы және жәбірленуші екі тарап бар.

Слайд 2 Буллинг тудырушы: отбасында өзіне қажетті жылулық, махаббат ала алмаған,әрдайым назарда болғысы келеді, асқақтық сезімі бар, адамгершілік қасиеттері толық жетілмеген.

Жәбірленуші: әлсіз ,өзіне сенімсіз, өзіндік бағалауы төмен, тым толық, немесе тым арық, немесе басқа да физиологиялық ерекшеліктің болуы

Бұл мәселені кеңінен талқылап, пікір алмасу үшін ашық алаңның қонақтарын ортаға шақырамыз.

- Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ,педагог психолог, магистрант Нысанбаева Ақгүл

- Мектебіміздің ата аналар комитетінің төрайымы, көп балалы ізденімпаз ана Шонова Ақтоты

- Тарих пәнінің мұғалімі , белсенді, креативті сынып жетекші Бисенов Данияр

- Мектебіміздің белсенді 10 б сынып оқушысы дебатер Серікқали Сымбат

- Психолог: №4 ЖОББМ КММ психологы Айым Таңбайқызы

Құрметті қонақтар қош келдіңіздер! Біздің елімізде буллингтік жағдайдың қаншалықты орын алып тұрғанын толығырақ білу үшін экранға назар аударайық.

Экранда жаңалықтан үзінді көрсетіледі.Сұраққа жауап,пікір айтуға 1 мин

Талқылауға сұрақ: Ақгүл апай сіздердің кездеріңізде мұндай жағдайлар қаншалықты орын алды?

Сұрақ: Данияр сіз сынып жетекші ретінде буллингтің алдын алу үшін қандай жұмыстар жүргіздіңіз?

Сұрақ: Ақтоты сіз қалай ойлайсыз?Буллингтің алдын алу бойынша кімдер көбірек жұмыстануы керек отбасы ма әлде мектеп пе?

Сұрақ: Сымбат сенің ойыңша, буллингке қалай қарсы тұруға болады?

Сұрақ психологқа : Буллинг кіші мектеп жасында және жасөспірім шақта қалай көрінеді?

Индира: Буллингтік жағдай ата ана мен мұғалім тарапынан да орын алуы мүмкін.Үлкендердің баланы шектен тыс мұқатып, ұрып соғуы, агрессия көрсетуі де буллингтік жағдай.Агрессия көріп өскен баланың темпераменті Холерик болса оны басқаға бағыттауы мүмкін.Ал меланхолик болса көп жағдайда буллингтің құрбаны болуы мүмкін.Жалпы кез келген отбасында психологпен байланысып, баланың темпераментін анықтап алған жақсы. Өз баласының темпераментін жақсы білген ата ана , баласын бойындағы қабілеттерге сай дамытуға тырысады.Темперамент дегеніміз бұл адамның психикалық процестерімен мінез құлқының ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы. Пікір таласымызды қорытындылай келе буллингтің алдын алу бойынша, отбасында деструктивті эмоциялардан арылу үшін арт терапиялық жұмысты ұсынғым келіп отыр.

Индира:Гуашты алып, ең алдымен жаман эмоцияларды бейнелейміз.Өзіңізге ұнамай жатқан эмоцияны қалағаныңызша бейнелейсіз де бөлек қойып қоясыз.Таза қағаз алып сегіз үй салатын боламыз.

1 үй қуаныш. 2 үй махаббат. 3 Үй уайым . 4 үй қорқыныш. 5 үй реніш .6 үй ашу .7 үй қызығушылық. 8 үй қызғаныш . Енді осы үйлерді қалаған түспен ешқандай да ойланбай бояп шығасыз.Қолыңызға ерік беріп бояйсыз.Екі үйді бір түспен боямаймыз.Енді бұл үйлерімізді бөлек алып аламыз, ештеңе жасамаймыз, қоя тұрамыз.Енді тағы таза қағаз алып адамның денесін саламыз.Қалаған түспен адамды бояш шыға саласыз.Қолыңызға ерік бересіз.Енді қазір ең қызық нәрсе шығады.Бұл адам негізі сіздің өзіңізсіз.Қазір сізді мазалап жатқан қандай деструктивті эмоция бар екенін анықтайтын боламыз.Енді адамның суреті мен үйдің суретін аламыз да, сәйкес боялғандарын қараймыз. Интерпретация жасалынады.

Енді үй салған қағазымызды алып, 9 шы үйді саламыз Иман деп жазып , аппақ қылып бояймыз. Және денеміздегі бізді мазалап жатқан эмоцияларды ақпен бояп шығамыз.

Қорытынды:Және бояу барысында «Менің өмірімді эмоцияларым емес, бойымдағы жақсы қасиеттерім, қабілеттерім, сезімдерім басқарады, менде адамгершілік қасиеттер молынан, мен мейірімдімін, менің жүрегім нұрға толы, барлық адамдар да мен сияқты бақытты болуға лайықты, әр адамның өміріне құрметпен қараймын» деген сөздерді айтып қорытындылаймыз.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.10.2024
268
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі