Семинар тақырыбы: Инклюзивті білім беру.
Мақсаты: мұғалімдерге инклюзивті оқытудың қажеттілігін айтып өту,
сезіндіру, көз жеткізу, ерекше білім алуды қажет ететін балаларды тиімді
оқытуда көмек көрсету
Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін
мектептерде белгілі себептермен ақыл - ой дамуында ауытқуы бар немесе
психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім
алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және
психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі.
Десекте қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие
сапалы білім беру өмір талабы болып табылады.Осы ретте мектебімізде әрбір
мүмкіндігі шектеулі оқушының даму деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп
білім берілуде.
Инклюзив - сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын
тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді.
Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды
қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына , дініне,
шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі
болып табылады. Инклюзивті білім беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды
оқытып-үйретудің бір формасы.
Бұл арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму
үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзивті білім берудің 2
жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне жақындастырады. Жалпы
білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бірлесіп(
интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру боп табылады.
Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылғы «Кемтар балаларға
әлеуметтік-медициналық-педагогикалық-психологиялық түзеу арқылы
қолдау туралы» № 343 заңы бойынша ТДО сыныптары үйден оқыту, үйден
әлеуметтік көмек көрсету, көмекші бағдарлама, арнайы (ПДТ) бағдарлама
бойынша куәлік беру ережелерін және мүмкіндігі шектеулі балаларды
қорғау, қамқорлау, диагнозын анықтау, емдеу, оңалту, тәрбиелеу, оқыту,
қатарға қосу мәселелері бойынша жаңадан шыққан заң, қаулы, ереже
тәртіптерінде қаралған.
Инклюзивті білім беру дегеніміз не?
Инклюзивті (inclusive-қосып оқыту, енгізу, бірге) білім -балабақша, мектепке
дейінгі білім беру, мектеп, жоғары оқу орындарында барлық қатысушыларды
қоса оқытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті білім беру ұжымның барлық қызметіне қатысуға және барлық
үйренушілермен бірге тең білім алу құқығына бағытталған.
Инклюзивті білім беру адамдардың қабілетін қарым-қатынас арқылы
дамытуға бағытталған.
• Инклюзивтік білім беру
• барлық балалар үшін оқу орталықтары, білім беру жүйесі ашық
мектеп түріне жатады.
• мектеп өміріне ендіру үшін оқушылардың қажеттіліктерін,
ерекшеліктерін ескере отырып мұғалімнің, мектептің жүйесіне
біршама өзгерістер енгізуді қажет етеді.
• мектептің ішкі және-сыртқы, оқудағы кедергілерін анықтайтын және
жоятын үдеріс болып табылады.
Инклюзивті оқытудың негізгі қағидалары:
• Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті
• Әрбір оқушы үшін жетістікке жету өзінің мүмкіндігіне қарай орындай
алатын әрекетін жүзеге асыру
• Барлық адам құрбы- құрдастарының қолдауы мен достығын қажет
етеді
• Білім шынайы қарым- қатынас шеңберінде жүзеге асады
• Барлық адам бір- біріне қажет
• Әрбір адам қарым- қатынасқа құқыл
• Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді
• Адам құндылығы оның мүмкінділігіне қарай қабілеттілігімен жеткен
жетістіктерімен анықталады
Бұл бағдарлама БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-нң
Конвенциясында 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілген болатын.
Инклюзивті білі беру мәселесі шкет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90
жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздернің білім беру саясатына осы
бағдарламны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру
жүйесінің дамуы ресми дерек Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында
көрсетілді. Инклюзивті білім жүйесін дамыту: 2015 жылға қарай мүмкіндігі
шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары;
мүмкіндігі шектеулі балалардыжалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту
ережесі әзірленеді, түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары
анықталады,; 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін қөтергіш
жабдықтар, пандустар,, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату,
тұтқалармен арнайы парталар, арнайы үстелдер және басқа да
компенсаторлық құралдармен жарақтандыру арқылы «кедергісіз аймақтар»
құрылады делінген. Сондай-ақ аталмыш бағдарламада мүмкіндігі шектеулі
балаларды оқытып- тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалмақ.
Бүгінгі таңда үйден оқып білім алатын мүмкіндігі шектеулі балалардың бірлі
–жарымы компьютерлік техникамен қамтамасыз етіліп отыр.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға мектептерде ақпараттық-қатынастық
технологиялар көмегімен білім беру жүйесіндегі педагогикалық
шарттар
• мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы үшін қалыпты жағдайдағы
дені сау балалармен тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету
• білім беру үдерісіне қатысушыларды әлемдік білім беру ресурстарына
қолжетімділігі және білім сапасының жоғарылауына әсер етіп,
қоғамның белсенді мүшесі ретінде қалыптасуына жағдай жасау
• мүмкіндігі шектеулі оқушылардың білім алуына кедергісіз аймақтар
қалыптастыру мен
• оқытудың барлық сатысында өз бетімен қосымша жұмыс жүргізуді
ұйымдастыру
• оқушылардың білімге деген қызығушылығын ІТ-технологиялар
арқылы арттыру және қашықтықтан оқыту кезінде олардың білім
деңгейінің даму траекториясын бақылау
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР ҒА БІЛІМ БЕРУДЕ АКТ -ны
ҚОЛДАНУ слайд12
АКТ көмегімен шешілетін дидактикалық міндеттер
• оқуға қызығушылығын арттыру
• оқу үдерісін белсендіру, оқушыларды зерттеушілік іс-әрекетке тарту
мүмкіндігі
• оқу үдерісінің иірімділігін қамтамасыз ету жатады
• педагогикалық тәжірибе жетістіктеріне қол жетімділік пен таралымын
жылдамдату
• оқушылардың өз бетінше дайындалу өнімділігін көтеру
• оқытуды ұйымдастыруды жетілдіру, оқытуды жекешелендіруді
арттыру
• мұғалімнің өз жұмысын жекелендіру
АКТ қолдану облысындағы жұмыс үдерісі кезінде
• ақпараттық технологиялар мен түзету-дамыту жұмыстарының
әдістемесі облысында тұлғалық деңгейлерінің артқандығын
• білім алушылардың көпшілігінің мотивациялық құрауыштарының
қалыптасқандығын байқауға болады
• ақпаратты технологияны қолдану арқасында мүмкіндігі шектеулі
балалардың танымдық үдеріс деңгейінің артқандығын
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ
Көксу ауданы Талапты орта мектебі
Текелі қаласы №7 орта мектебі
Панфилов ауданы Cадырорта мектебі
Көксу ауданы Бесқайнар орта мектебі
психологиялық
сипаттағы
мәселелрді
шешеді
тұлғалық
қарым-қатынас
үдерісін
жеңілдетеді
үй жағдайында білім
алатын бала педагог-
мамандармен,
құрдастарымен,
территориялық
орналасуына
тәуелсіз байланыс, қарым-
қатынас жасау, тілдесу
мүмкіндіктеріне ие болады
ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Панфилов ауданы Cадырорта мектебі
Текелі қаласы №7 орта мектебі
Текелі қаласы №7 орта мектебіТ.Мусаков орта мектебі
Тиімдіойындар
Рөлдік
ойындар
әрбір оқушы
рөлде ойнайды
оқушылардың
шағын топтары
рөлде ойнайды
Іскерлік
ойындар
саяхат
ойындары
блиц ойындары
өндірістік
ойындар
Кездесетін кедергілер
• Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды сыныпта оқыту үшін мектеп
директорлары мен мұғалімдері олар жайлы мәселені жеткілікті
білмегендіктен, оқытуға дайын болмайды.
• Мектептердің құрлысы қолжетімсіз
• Арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалар жиі оқуға құлықсыз
болып келеді
• Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары балаларының білім
алу құқықтарын қалай қорғауды білмейді, білім беру жүйесі және
әлеуметтік қолдау болмайды деп қорқады
Жеке тұлға
• мүмкіндігі шектеулі балалар барлық іс-шараларға белсенді және
тұрақты қатысуға мүмкіндігі болады
• мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы үшін қалыпты
жағдайдағы дені сау балалармен тең мүмкіндіктермен қамтамасыз
етіледі
• ақпаратты технологияны қолдану арқасында мүмкіндігі шектеулі
балалардың танымдық үдеріс деңгейі артады
• мүмкіндігі шектеулі бала педагог-мамандармен, құрдастарымен,
территориялық орналасуына тәуелсіз байланыс, қарым-қатынас
жасау, тілдесу мүмкіндіктеріне ие болады .
Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем! Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің
білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін
қажетіне қолдану болып табылады.
Алматы облысы Жамбыл ауданы
«Сұңқар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық-мемлекеттік мекемесі
«Инклюзивті білім беру»
Дайындаған Мухамеджанова Г.К.