Материалдар / Семинар "Негізгі құзыреттілікті қалыптастырудағы педагогикалық әдістерді қолдану"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Семинар "Негізгі құзыреттілікті қалыптастырудағы педагогикалық әдістерді қолдану"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға, жалпы әдіс - тәсілдерді күнделікті сабақта қолдануға қажетті
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2020
244
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Негізгі құзыреттілікті қалыптастырудағы педагогикалық әдістерді қолдану

  1. Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлеметсіздерме құрметті әріптестер. Амандасу

2. Білімді жаңарту

- Сіздер «педагогикалық әдіс» түсінігін білесіздер ме?

3. Мәселені қалыптастыру. Өзін - өзі бағалау

  • Сіз қандай педагогикалық әдістерді білесіз?

  • Кім бұл сұраққа қалай жауап бере алады?

  • Кім қиналады?

Күтілетін нәтижесі:

  • Жаңа әдіс тәсілдерді сабақта қолдануға мүмкіндік алады.

  • Мұғалімдер жаңа идеялармен алмасады.

  • Белгілі бірлескен зерттеу топтары қалыптасады.

  • Басқа мектептермен іскерлік қарым –қатынас орнайды.

- Осы мәселе бойынша біліміңізді бағалаңыз, сіз қандай деңгейде екеніңізге назар аударыңыз. (Стимуляциялық материал «Ағаш» әдісі қолданылады. Сабақ өткізу барысында сіз педагогикалық әдістерді білетініңізді белгілеңіз. Осы тақырыпты практика жүзінде көрсетіп болғаннан соң, деңгейіңіз өзгердіме салыстырамыз.

4. Тақырыпты хабарлау

- Бүгінгі менің қарастырып отырған тақырыбым – Негізгі құзыреттілікті қалыптастырудағы педагогикалық әдістерді қолдану

-Біз бүгін қандай сұрақтарды қарастыруымыз қажет?

5. Әдістемелік семинардың мақсаттары мен міндеттері туралы мәлімдеме.

- Біз көтерген сұрақтардың негізінде біз семинардың мақсатын тұжырымдадық. (өзіміз)

Мақсат - педагогиканың әдістерін меңгерудегі мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру.

Міндеттері:

  • «Педагогикалық әдістер» түсінігін анықтау және түсіну;

  • Педагогиканың әдістерімен танысу;

  • Ақпаратпен жұмыс істеу барысында практикалық тәжірибе алмасу.

Психологиялық тест орындау

Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.

   Қазіргі қазақстандық білім беру кеңістігіндегі түбегейлі өзгерістер – тарихи объективті процес. Білім беру саласын реформалаудағы мақсат – білім беру жүйесін қайта қарап, оқушылардың шығармашылық бейімделуіне қарай бағдарлы, сатылы білім алуларына жағдай жасау болып табылады. Бүгінгі таңда оқушының білім сапасын бұрынғыдай білім, білігі және дағдысымен өлшеу жеткіліксіз. Қазіргі талап білім сапасы оқушының алған білімін жеке басының әрі қарай дамуына, тұлға ретінде қоғамның өркендеуіне пайдалана білуімен өлшенеді деп тұжырымдалады.

ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының” тұжырымдамасында: “Білімді, білік-дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық-зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін, идеялардың қуат көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және өзін-өзі ашып көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыру басымдық болып табылады” делінген. Демек, бұл тұжырымдама  білім  берудің  басты  философиясы  болмақ.

Ал білім беру саласындағы технологиялық идеялар бұдан 400 жыл бұрын пайда болған. Бұл күнде оқыту технологиясы үлкен өзгеріске ұшырап отыр. Мұғалімдер мен оқушыларға әр түрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келді.

      Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген 1960 жылдарда шетел зерттеушілері «педагогикалық технология» терминін енгізді. «Педагогикалық технология дегеніміз – тәжірибеде  жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер – оның бөлігі ғана» – деп көрсткен В.Беспалько.

Технология — қандай  да   болсын   істе,   өнерде   қолданылатын   тәсілдердің   жиынтығы;

Технология — бұл  өнер,   шеберлік,   ептілік,   өңдеу   тәсілдерінің   жиынтығы,   қалыпты   өзгерту;

Педагогикалық   технология — оқу   процесін  іске   асырудың   мағыналы   технологиясы7

Топқа бөлу стикер арқылы.

Әр топқа педагогикалық техникаларды бөліп беру.

АКТ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Егеменді еліміздің  ең басты мақсаты өркениетті елдер  қатарына көтерілу  болса,ол өркениетке жетуде жан – жақты дамыған,рухани бай  тұлғаның алатын  орны  ерекше Қазіргі білім берудің басты мақсаты да  жан – жақты дамыған,рухани бай жеке тұлға  қалыптастыру  болып  табылады.Сондықтан  заман  талабына сай оқыту үрдісін жетілдіре  отырып,қоғам сұранысына сай жеке тұлға қалыптастыру мәселесі  бойынша оқушыларға ақпараттық - коммуникациялық технологияларды сабақта көптеп  қолдану  тиімділігі артып  отыр.Адамның үнемі  ізденіске,жаңалыққа ұмтылуы ол физиологиялық  құбылыс.
Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар дегеніміз  не ?  «Білім берудегі АКТ» ұғымы  «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты.

«АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан - жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық - аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. АКТ - ға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары.

Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
- Интерактивті тақта;
- Мультимедия;
- Интернет кеңістігі;
- Электронды оқулық.

«Интернет» деген термин ағылшынның «international net» деген сөзінен, аудармасында «халықаралық байланыс» деген ұғымды береді.  Интернет жүйесі арқылы тіл үйренуші тіл өкілімен тура, тікелей байланысқа түсе алады, шетел тілі сабағында Интернетке қосылу арқылы шынайы қарым-қатынас үлгісін жасауға болады. Табиғи тілдік ортада тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана отырып, тіл үйренушілер айтылымдарға спонтанды  түрде, түрлі тілдік формулаларды қолдана отырып, жылдам жауап беруге дағдыланады.

Интернет жүйесінің келесі ақпараттық қоры мен ресурстарын шетел тілі сабағында пайдалану бірден-бір тиімді болмақ:

  • электрондық пошта( e-mail), телеконфереция, видеоконференция;

  • жеке ақпараттарды жарыққа шығару мүмкіндігі немесе басқаша айтқанда Web

  • серверге  жеке шығару;

  • ақпараттық каталогтар (Yahoo,  InfoSeek/ UltraSmart, Galaxy) іздеу жүйесі (Altta, Vista, HotBob, Open Text), жүйе ішіндегі әңгіме( Chat).

Түйін Білім  беру үрдісінде жаңа ақпараттықкоммуникациялық технологияларды қолдану

Сұрақтар:

  1. Сабақта АКТ - ның қандай түрлерін пайдаланасыздар?

  2. Оқушының білмге деген қызығушылығын қалай арттырасыз?

  3. АКТ - ның оқушыға және мұғалімге тигізер пайдасы қандай?

  4. Дәстүрлі сабақ беру мен АКТ - ы арқылы сабақ беруді салыстырыңыздар.

  5. АКТ - сын дамытып қолдануға қалай қарайсыз?

СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не? 

  • Шындалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;

  • Күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;

  • Үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым. 
    Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшелігі:

  • Кез келген ақпараттың жан – жақты ой елегінен өткізіп барып қабылданатындығы. 

  • «Өзгенің ақыл ойымен шыңдалмаған білім – білім емес» дегендей жеке емес топтық, не ұжымдық талқылаулар түрінде игерілгендігі. 

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ең басты өлшемі – оның тиімділігі, нәтижелігі, жаңашылдығы

Мақсаты:

Тиімділігі:

Нәтижесі:

Білім алуға ұмтылатын шәкіртке жол көрсету, оқуға қызығушылығын ояту, сабақта оқушыны ізденіске бағыттау, оның шығармашылық тұлғасын қалыптастыру.

Оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге дайындау, сабақты өткізу барысында стратегиялардың барлығы үш кезең арқылы жүзеге асуы,мұғалімнің сапалы сабақ өткізуіне мүмкіндік туғызу,
ғылыми-теориялық тұжырымдамаларының тереңдігімен ерекшеленеді.

Оқушының қызығушылығын арттырады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады, терең білім алуға жағдай жасап қана қоймай, коммуникативтік қатынасын қалыптастырады, оқушыны ізденіске жетелейді.

Технология құрылымы 3 кезеңнен тұрады:

1.Қызығушылықты ояту; 2.Мағына тану; 3.Ой-толғаныс.

Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Білім алушыны жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы білім алушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. бірте қадам жасала бастайды. Білім алушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.

Мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде білім алушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Білім алушының тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар.
Ой-толғаныс  бұл кезеңде күнделікті оқыту процесінде білім алушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Білім алушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады.

Сұрақтар:

    1. Сабақта сыни тұрғысынан ойлау технологиясының қандай түрлерін пайдаланасыздар?

    2. Оқушының білмге деген қызығушылығын қалай арттырасыз?

    3. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының оқушыға және мұғалімге тигізер пайдасы қандай?

    4. Дәстүрлі сабақ беру мен сыни тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы сабақ беруді салыстырыңыздар.

    5. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын дамытып қолдануға қалай қарайсыз?\


ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Проблемалық оқыту «проблема», «проблемалық сұрақ», «проблемалық тапсырма», «проблемалық жағдай» («ситуация») деген ұғымдарды қамтиды.

Проблема дегеніміз - субъектінің өзінде бар іздену құралдарымен (білім, икемділік, іздену тәжірибесі және т.б.) шешуге болатын жағдай. Кез келген сұрак, тапсырма проблемалы бола бермейді. Олардың проблемалық болуының негізгі шарты - оларға жауап іздеуде оқушыға даяр жауап не үлгі болмайды және ол өзінің білетіні мен білмейтінінің арасындағы қайшылықты басқаша айтқанда, берілген проблеманы шешуге керекті білімнің немесе тәсілдің онда жетіспей тұрғанын сезінеді.

Проблемалық жағдай деп пайда болған құбылыстар, фактілерді адамның түсіндіре алмай қиналушылық жағдайға ұшырауын айтады. Сондықтан сол киыншылықған шығудың жолын қарастырып, іздену іс-әрекетіне көшеді.

Проблемалық оқытудың мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріпқоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзін де, үдерісінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамьпу.

Проблемалық оқыту «проблема», «проблемалық сұрак», «проблемалық тапсырма», «проблемалық жағдай» («ситуация») деген ұғымдарды қамтиды.

Проблема дегеніміз - субъектінің өзінде бар іздену құралдарымен (білім, икемділік, іздену тәжірибесі және т.б.) шешуге болатын жағдай. Кез келген сұрак, тапсырма проблемалы бола бермейді. Олардың проблемалық болуының негізгі шарты - оларға жауап іздеуде оқушыға даяр жауап не үлгі болмайды және ол өзінің білетіні мен білмейтінінің арасындағы қайшылықты басқаша айтқанда, берілген проблеманы шешуге керекті білімнің немесе тәсілдің онда жетіспей тұрғанын сезінеді.

Проблемалық оқытудың мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріпқоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзін де, үдерісінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Проблемалық әдіспен оқытудың мақсаты оқушының сабақ бойы ой еңбегімен шұғылдануын қамтамасыз ету. Оқушыны ізденуге, қорытынды жасауға. өзгеше пікір айта білуге үйретеді.

Проблемалық оқыту технологиясы түжырымының ерекшеліктері:

- білімді меңгеру ішкі себептер негізінде пайда болған басқарылмайтын үдеріс;

- бала дүниені тануда адамзат жүріп өткен жолмен жүреді;

- бала материалды сезім арқылы (көріп, тындап) қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді;

- оқытуда ғабысқа жетудің шарттары;

- оқу-материалында проблема туғызу;

- баланың белсенділігі;

.

Проблемалық жағдайлар (ситуациялар):

1-ші ЖАҒДАЙ. Биология сабағын жас мұғалім жүргізеді. Сабақтың басталғанына бес минут өткеннен кейін, есік ашылып сыныпқа үш оқушы рұқсатсыз кіреді. Мұғалім оларға қайтадан сыртқа шығып, қайта кірулерін талап етеді. Оқушылар дәлізге шығып, бірнеше минуттан кейін кабинетке төрт аяқтап, еңбектеп кіреді. Сіздің іс – әрекетіңіз қандай болмақ (не істеу керек, не айту керек және т.б.)

Ситуационные задачи:

СИТУАЦИЯ 1. Урок биологии ведёт молодая учительница. Через пять минут после начала урока раскрывается дверь, и без разрешения входят трое учащихся. Учитель требует, чтобы они вошли в класс как положено. Учащиеся выходят в коридор, через минуту открывается дверь, и они вползают в класс на четвереньках.

Как нужно отреагировать (как поступить, что сделать, что сказать и др.) в данной ситуации и почему?

2 – ші жағдай

Мұғалім оқу материалын түсіндіруде. Барлық мұқият тыңдап жатыр, тек бір ғана оқушы, тыныштықты бұзып, бүкіл сыныптың көңілін өзіне аударып отыр. Сіздің іс – әрекетіңіз?

Ситуация 2

Педагог объясняет учебный материал. Все внимательно слушают и лишь один ученик, нарушая тишину, раскачивается на стуле, привлекая внимание всего класса.

3-ші жағдай

Әр сабақ сайын екі оқушы дәл сіздің сабағыңызға үнемі кешігіп келеді. Сіздің іс – әрекетіңіз ?

Ситуация 3

Двое учеников постоянно задерживаются на перемене и опаздывают на урок.

Сергіту сәті Менің мамандығымның 7 кереметі

Тілек ағашы.


Picture 3

6


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!