Тақырыбы:
Музыкалық ырғақты
ойындар бізде қонақта
(Музыка жетекшілерімен
жүргізілген семинар практикум
іс - тәжірибемен
алмасу)
Мақсаты:
Музыкалық ырғақты ойындар
арқылы балалардың есту, есте сақтау, ырғақты сезіне білу дағдыларын
қалыптастырып дамыту.
Музыкадағы дыбыстардың
биіктігі мен ұзақтығын, дыбыс күшін (динамикасын) , темпін ажырата
білуге үйрету. Шығармашылық қабілеттерін
шыңдау.
Ойын арқылы балалардың
бойындағы тапқырлық, жауапкершілік, ұйымшылдық қасиеттерін
қалыптастыру. Татулыққа, бірлікке, ұйымшылдыққа, достыққа,
мейірімділікке тәрбиелеу.
Қолданылытын керекті
құралдар :
Музыка орталығы, күй табақтар,
үн таспалар, интерактивтік тақта, атрибуттар, көрнекіліктер,
музыкалық аспаптар т.б.
Әдіс
тәсілі: көрсету, үйрету, түсіндіру,
орындау.
Жұмыс
барысы:
-
Қош келдіңіздер құрметті
әріптестер! Сіздермен жүздескеніме өте қуаныштымын. Мен сіздерді
өзімнің іс тәжірибеммен бөлісіп бірге жұмыс жасауға ортаға
шақырамын. Ендеше ортаға келіңіздер.
-
Әуелі амандасып, танысып
алсақ.
(әндете
амандасу)
Күннің көзі
ашылып
Көкке шуақ
шашылып
Құтты қонақ
келіпті
Төрімізге
еніпті
Сәлем, сәлем көк
аспан
Сәлем
,балалар
Сәлем, сәлем жер
ана
Сәлем
қонақтар
(танысу)
Біздің алғашқы ойындарымыздың
бірі
-
«Әуенді
эстафета»
Мақсаты: Балалардың ырғақтық сезімдерін
дамытып, музыкалық есту, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.
Әнді жатқа айта білуге үйрету.
Керекті
құралдар: Доп, немесе музыкалық аспап,
музыкалық шығарма (балалардың білетін бір
әні)
Ойынның
барысы: Балалар дөңгелене
отырады. Музыка жетекшісінің қолында
доп. Ойынды жетекші бастап балалардың білетін әнінің алғашқы бір
қатарын айтып келесі балаға допты ұсынады. Бала допты алып әнді
жалғастырып бір ғана фразасын айтып келесі балаға беруі тиіс. Ойын
осылайша жалғасып ән біткенше жалғасады.
Ойынға балалардың таныс жақсы
білетін әні алынады.
-
«Музыкалық
телеграф»
Мақсаты: Балалардың музыкалық ырғақты
сезімдерін дамыту. Ырғақты дәл бере білуге, есту, есте сақтау
қабілетін қалыптастыру.
Ойынның
шарты: Музыка жетекшісі әуелі
музыкадағы дыбыстар туралы, қысқа, ұзақ дыбыстарды айтып
түсіндіреді. Ырғақты суретпен көрсетеді.
Ойынның
барысы: Балалар дөңгелене отырып
немесе бір колонна бойына тұрып ойнайды. Ойын бастауш балаларға
музыкалық телеграф арқылы музыкалық ырғақты суретті жіберетінін
айтып түсіндіреді. Музыка жетекшісі алдыда тұрған баланың иығынан
ақырын ғана ұрып ырғақты суретті телеграфпен жібереді. Ұзақ және
қысқа дыбыстарды бейнелеп. Мысалы ( █ ▄ ▄ ▄ █ ▄ ▄ █ █ ) бала дәл
сол ырғақты келесі баланың иығынан қағып көрсетеді. Осылайша ойын
жалғасып соңғы балаға дейін жетеді. Соңғы бала сол ырғақты музыка
жетекшісіне дәл қайталап алақанына ұрып көрсетіп беруі тиіс.
Телеграфты бұзған бала айып төлейді немесе ойыннан
шығарылады.
-
«Музыкалық ырғақты саусақ
ойыны»
Мақсаты: Музыканы тыңдай отырып
балалардың саусақ моторикасын дамыту. ырғақты естіп, сезіне білуге
үйрету.
Керекті
құралдар: жәй әуен үн таспада. (музыка:
Ли Делиба)
Ойынның
барысы:Балалар дөңгелене немесе бір
қатарға орындыққа отырады. Жәй екпінде орындалған әуенге еріп,
музыка жетекшісінің көрсетуімен саусақ жаттығуларын бірге жасайды.
Жаттығу арасында ырғақты шапалақты музыка жетекшісімен бірдей соғып
көрсетіп, ырғақты сезіне білуі тиіс.
-
«Ырғақты
ертегі»
Мақсаты: Берілген текше суреттерді
құрастыру арқылы ұзақ және қысқа дыбыстарды ажырата білуге үйрету.
ырғақты есту, сезіне білу қабілеттерін
дамыту.
Керекті
құралдар: Үлкенді, кішілі әр түрлі аңдар
немесе заттар суреті, тақта.
Ойын
барысы: Музыка жетекшісі балалардан
қандай ертегі ұнататынын сұрайды. Және де өзінің өздеріне ертегі
айтып бергісі келетінін айтады. Олай болса тыңдаңдар деп тақтаға әр
түрлі пішінде қиылған ертегі кейіпкерлерін (стол үстінде аюлар,
мысықтар, тышқандар т.б. дайындап қояды) таңдап алып суретті ертегі
құастырады. Мысалы: Орманда көңілді аюлар тұрыпты. Ана аю, әке аю
және үш қонжығы , ата аю және әже аю болыпты. Олар күнде таңертең
тұрып орманды аралағанды құлпынай тергенді ұнатады екен деп
әңгімелейді де сол суреттерді пішініне қарай шапалақтап ырғақты
суретпен көрсетеді( үлкен пішдер ұзақ дыбыс, кіші пішіндегі
суреттер қысқа дыбыс). Балаларды қалған суреттер арқылы өз
ертегілерін құрастыруға шақырады. Және де ырғақты суретпен
көрсетуін сұрайды.
-
«Көңілді
жемістер»
Мақсаты: Берілген музыкалық шығарманы
тыңдай отырып, балалардың ырғақтық сезімдерін дамыту. Ырғақты
аспаптар арқылы суреттеп көрсете білуге
үйрету.
Керекті
құралдар: Суретті дайын музыкалық
шығарма, әр түрлі музыкалық аспаптар ( барабан, бубен, сылдырмақ,
металлофон т.б.)
Ойынның
барысы: Суретті музыкалық шығармада
берілген ұзақ және қысқа дыбыстарды аспаптардың көмегімен
сүйемелдеп, қысқа және ұзақ дыбыстарды дәл ырғақты бере
ойнау.
-
«Бірге
қайтала»
Мақсаты: Балалардың жалпы музыкалық
ырғақты сезімдерін дамыту. Бір - біріне ырғақты суретті жеңіл ұру
арқылы қимылмен көрсетіп, аспап үнін ести білуге үйрету. Ұжымдық
жұмысқа белсене араласуға шақыру.
Керекті
құралдар: музыка орталығы, музыкалық
шығарма және де музыкалық түрлі аспаптар ( барабан, сылдырмақ,
бубен, қоңырау т.б)
Ойынның
барысы: ойынға қатысушылар екіге
бөлінеді. Жарты бала дөңгелене жақын отырады. Екінші топ ( 4,5
бала) аспаптарда ойнайды. Олар сүйемелдеуші оркестр. Жеңіл
шығарманы ( полька) музыка жетекшісі аспапта ойнап немесе үн
таспада ойналады.
-
Бөлімінде барабанның
сүйемелдеуімен балалар барабан дыбысын бейнелеп қасындағы
көршісінің иығын қағады ( тук-тук- тук)
-
Бөлімінде сылдырмақ қосылып
балалар бетке массаж жасайды шуылдаған дыбыс шығарып (
шуу-шуу)
-
Бөлімде бубен ойналып балалар
көршісінің арқасынан жұдырықпен ақырын ұрады.
(бум-бум-бум)
-
Бөлімде маракас қосылып
балалар иектерін қағады (шик-шик-шик)
-
Бөлімде сылдырмақ қосылып
қолдарын үрлеген бейне жасалады
(ууф-ууф-ууф)
Соңында бәрі тұрып бітіреді
қол соғады.
-
«Көңілді
шарлар»
Мақсаты: Шарларды барабан ретінде ұрып
ойнап балалардың ырғақты сезімдерін дамыту. Әнді бірге орындауға
үйрету.
Керекті
құралдар: түрлі түсті шарлар, таяқшалар,
күй сандық.
Ойынның
барысы: балаларға шарлар үлестіріліп
жеңіл әуеге лақтырып ойнайды. Сонан соң орындыққа жайғасып отырады.
Музыка жетекшісі шармен тек ойнап қана қоймай оны аспап ретінде
пайдалануға болатынын түсіндіреді. Шарды екі аяқ арасына қысып
ұстап таяқшаман жеңіл ұрып ойнап көрсетеді. Ойын бастаушы белгілі
бір ырғақты сурет ойнайды қалғандары сол ырғақты шарды ұру арқылы
салып көрсетуі тиіс. Ойын соңында көңілді шарларды ұру арқылы бәрі
білетін бір ән орындалады.
-
Рахмет құрметті әріптестер,
сіздермен бірге өз іс тәжірибемді бөліскеніме қуаныштымын. Сіздер
де біраз тәжірибе жинақтады деп ойлаймын. Алдағы уақытта осы
ырғақты ойындарды балалармен бірге ойнап, балалардың ырғақты
сезімдерін бірге дамытамыз деген сенімдемін. Мына әдемі шарларды
сіздерге ұсынамын. Сау болыңыздар!