Материалдар / Семинар Қазақ халқы дәстүрлі шаруашылығы жойылуының салдары

Семинар Қазақ халқы дәстүрлі шаруашылығы жойылуының салдары

Материал туралы қысқаша түсінік
: Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер – ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы. Аштықтың демографиялық салдарлары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2020
954
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Авторы: Мұрат Самғар
Қазақ Бас Сәулет-Құрылыс академиясы РПЗС 20-3 тобы студенті
Пәні: Қазақстанның қазіргі заман тарихы

Тақырыбы: Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары

Білімділік: Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен
көтерілістер – ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы. Аштықтың демографиялық салдарлары.
Мал шаруашылығы[өңдеу]

Қойлар

Жылқы

Сиыр

Ешкі


Page 2

Қазақтардың негізгі шаруашылық кәсібі мал өсіру болды. Олар көшпелі және жартылай
көшпелі өмір салтын ұстанды. Қазақтардың көші-қонының қашықтығы әр түрлі болып келетін.
Жаңа қонысқа көшуден бұрын ауылдың тәжірибелі адамдары жер шолып, малға жайлы
жайылым іздестіретін. Онда жерінің шөбі шүйгін, міндетті түрде су көзінің болуы
қарастырылды. Аталас туыстар әдетте белгілі бағытта бірлесіп көшетін. Қыс кезінде үйір-үйір
жылқылар ашық далада қарды тұяғымен аршып, тебіндеп жайылатын. Жылқы тебіндеп
жайылған соң ол жерлерге мүйізді ірі қара, түйе және уақ мал жіберілетін.
Мал басы көшпелі қазақтарды ішіп-жем, тағаммен қамтамасыз
етті. Қой мен құлын, ешкінің иленген терісі түрлі сырт киімдер мен аяқ киім тігуге
пайдаланылды. Қойдың және түйенің жүнінен киіз басылды, жіп иіріліп, шекпен тігілді, арқан-
жіп есілді, баушулар жасалды, кілем тоқылды. Ешкінің түбіті әдемі де жылы шәлілер тоқуға
пайдаланылды. Малшылар серкенің, өгіз бен жылқының терісінен құдықтан су
тартатын ыдыс — қауғалар, қымыз ашытатын сабалар мен сусын құятын торсықтар жасады.
Қазақтар малдың тезегін отын ретінде пайдаланды. Көшпелі қазақтардың өсіретін малының
негізгі түрлері қой-ешкі, жылқы мен түйе болды. XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап
қазақтарда сиыр өсіру де елеулі түрде дами бастады.
Қой қазақтың ең басты байлығы саналды. Қазақтар қылшық жүн ді әрі құйрықты қой тұқымын
өсірді. Қой қандай қиындыққа да төзімді түлік. Ол ыстыққа да, суыққа да, аштыққа
да шыдамды келеді. Ірі қойлар 2 пұтқа дейін ет, 1 пұтқа дейін құйрық майын, 4 қадаққа дейін
жүн бере алады.
Қазақ жылқысы тұрқы аласа, кеуделі келеді. Ол жыл бойы өз аяғымен тебіндеп жайылады.
Қазақ жылқысы жүйрік әрі өте төзімді, сондықтан да ол ішкі Ресейден қоныс аударып келген
орыстардың арасында өте жоғары бағаланды. Жылқы малы қазақты
етпен, қымызбен қамтамасыз етті, салт мінуге және ауыл шаруашылығында күш көлігі ретінде
де пайдаланылды.
Сиыр малы қалмақ сиырлары сияқты ұсақтау болып келеді. Сүтті де көп бермейді. Сиыр
елдің солтүстік аймақтарында көбірек өсірілді. Оны қоныс аударып келген орыс шаруалары
көптеп сатып алатын. Отырықшы және жартылай отырықшы шаруашылықтарда ол жер жырту
кезінде соқаға жегілетін күш көлігі ретінде пайдаланылды. Қазақ байлары өз сиырларын
ежелгі дәстүр бойынша кедейлерге сауын ретінде таратып беретін. Кедейлер сиырдың сүтін
сауып ішетін. Оның есесіне ол сиырларды жемшөппен қамтамасыз етіп, бағып-күтуді,
төлін аман өсіруді өз міндеттеріне алатын. Мәселен, Перовский уезінің атақты
байы Біләш жыл сайын өзінің 700-ге тарта сиырын тап осылай «сауынға» беріп тұрған.
Қазақтар ешкіні негізінен тамаша түбітіне бола өсіретін. Атақты Орынбор шәлілері қазақ
ешкілерінің түбітінен тоқылып келгені белгілі. Қазақта әр отар қойды бастайтын серке
болады. Түйе түлігі негізінен айыр өркешті болып келеді. Жалғыз өркешті нар түйелер
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарында өсірілді. Қазақтар түйені көші-қон,
егін шаруашылығында күш көлігі ретінде де пайдаланды. Түйені Ресейден қоныс аударып
келген орыс шаруалары аз да болса сатып алып жүрді.
XIX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстандағы ең ірі байлардың
бірі Азынабай болды. Баянауыл сыртқы округында тұратын оның 25 мыңға жуық малы бар еді.
Ал 1917 жылға қарай Қазақстандағы алты облыста тұратын қазақтардың қолындағы малдың
жалпы саны 18 миллион басқа жуық болатын.
Өрт қою[өңдеу]
Жазғы жайлаудан қайтқан қазақтар әдетте құраған күзгі шөпке өрт қоятын. Кейде
мұндай өрт ерте көктемде де қойыла беретін. Далалықтардың пікірі бойынша ондай өртенді
жерде көктем кезінде шөп қалың шығады. Оны жеген мал тез қоңданып, семіреді де салмағын
арттырады. Рас, ондай өрттердің бой бермей кетуі салдарынан, әсіресе желді күндері, талай
ауыл, қысқа дайындап қойған мая-мая пішендер өртеніп те кететін. Күзде және көктемде
ондай өрттердің болуына жол бермеу үшін қазақтар қыстаулардың төңірегіндегі құраған
шөптерді күзге қарай өртейтін болды. Қазақстан аумағына қоныс аударып келген орыс
шаруалары санының арта түсуіне байланысты патша үкіметінің әкімшілігі ондай өрт қою
шараларына біржолата тыйым салды.


Page 3

Жұт[өңдеу]
Қазақтар үшін ең ауыр кез жұт жылдары болды. Кейде көктайғақ мұздардың немесе шөп
шықпай қалудың салдарынан бүкіл мал қырылып қалатын. Өйткені мал көкпеңбек болып
қатып қалған қалың мұздың қабатын бұзып, шөп жей алмайтын. Ондай жұт кезінде мал мың-
мыңдап қырылатын. Ең сұрапыл апатты жұт 1880 жылы болды. Сол жылы тек Торғай
облысында ғана 1,5 миллионнан астам мал аштан қырылды. Қазақтардың байқауынша,
мұндай ауыр жұттар әрбір 10-12 жылда бір рет қайталанатын «қоян» қылына сәйкес келеді.
Ондай жұттардан аман қалу үшін қазақтар шекара шебіндегі қазақтар мен
орыс шаруаларына жақын келіп қонуға тырысатын. Станицалар мен деревня
тұрғындарынан пішен мен сабан сатып алатын. Жұттан кейін күйзеліп, қайыршыланған қазақ
шаруашылықтары ендігі жерде егіншілікпен айналысуға мәжбүр болды.
Халықтық мал емдеу тәсілі[өңдеу]
Қазақтар мал емдеу ісінде орасан зор тәжірибе жинақтады. Қазақ даласы әрбір
тұрғынының мал емдеуден едәуір хабары болды. Мәселен, олар күйдіргі, шешек, қарасан
және оба сияқты жұқпалы ауру пайда болған кезде тез қоныс аударады, мал жайылымын
өзгерте қояды. Мұндай аурудан өлген малды жерге терең етігі көміп тастайды. Ал аусыл
болған малдың ауыз қуысы мен тілін қыздырылған ас тұзымен және мыс тотығымен, яғни
тотияйынмен қаны шыққанша ысқылайды. Кейде тілінің астындағы күре тамырынан қан
алады. Ауру малды көлеңкеде ұстап, оған жаңа орылған жұмсақ шөп салады, қалағанынша тұз
жалатады. Қотыр болған малды жілік майымен емдеген немесе тұзды көлге
тоғытқан. Қотыр малды кейде улы өсімдік тамыры қайнатылған судың арнайы түнбасын жағып
та жазып алған. Мұндай ауруларды емдеу кезінде керосин мен темекі қосып қайнатылған
судың түнбасы да пайдаланылған.
Шөп шабу ісінің дамуы[өңдеу]
XIX ғасырдың екінші жартысында қазақтар шөп шабумен айналыса бастады. Алайда
көшпелілердің шабындық жерлері Ресейден қоныс аударып келген шаруаларға, қазақтардың
станицаларына, әскери бекіністер мен жаңадан салына бастаған қалаларға беріле бастады.
Мың-мындаған мал басын қырып салатын жұт жылдары жиі қайталанатын болды. Ал ондай
кезде мал басын алдын ала дайындалған шөп қоры мол болған жағдайда ғана аман сақтап
қалуға болатын еді. Қоныс аударып келген орыс шаруалары қазақтардан сиырды көптеп
сатып ала бастады. Мұның өзі мүйізді ірі қараның санын арттыра түсу қажеттігін тудырды. Ал
сиырды қолда ұстап бағу мал азығын дайындауға деген ынта-ықыласты күшейтті.
Шөп темір шалғылармен шабылды. Қоныс аударып келген орыс шаруаларынан үлгі
алған ауқатты қазақтарда негізінен атқа жегіліп, шөп шабатын машиналар да пайда болды. XX
ғасырдың бас кезінде Қазақстанның солтүстік, орталық, солтүстік-
шығыс аймақтарында шаруашылықтардың 90 пайызға жуығы шөп шабумен айналысуды кәсіп
етті.
Егіншілік кәсібі[өңдеу]


Page 4

Қияр

Сәбіз

Асқабақ
Сырдарияның екі жақ өңірінде, Жетісу жерінде, сондай-ақ Қазақстанның Солтүстік, Солтүстік-
шығыс және Орталық аймақтарындағы кейбір өзендер мен көлдердің жағалауларында
қазақтар егіншілікпен сонау ерте заманның өзінде айналысқан болатын. XIX ғасырдың аяқ
кезінде елдің Орталық, Солтүстік және Солтүстік-шығыс
аймақтарында егіншілікпен айналысуға жаппай бет бұру байқалды. Ішкі Ресейден қоныс
аударушы шаруалардың көптеп келуіне және Қазақстандағы қала халқы санының арта түсуіне
байланысты мал жайылымдарының көлемі қысқара бастады. Отбасы мүшелерін асырау мен
қолда бар малды жемшөппен қамтамасыз ету ендігі жерде егін егуді ұйымдастыру мен
дамытуға байланысты болып қалды. Отырықшы егіншілік кәсібімен айналысуға көшу
қазақтарды ежелден қоныстанған жерлерінен күштеп көшіру және басқа жаққа қуып
шығу әрекеттеріне тыйым салатын еді. Патша үкіметі қазақтардың тұрақты
отырықшы өмір салтына көшуге деген ынтасын қолдап отырды. Патша үкіметінің пікірі
бойынша, бұл шаралар Ресейден қоныс аударушы шаруалар үшін қыруар көп жер төлімдерін
босатып беруі және қазақтарды басқару үшін қолайлы жағдайлар туғызуы тиіс болатын.
Қазақтар бірте-бірте орыс шаруаларының үлгісімен егін егуді игере бастады. Негізгі еңбек
құралдары соқа, тырма, қол орақ, ағаш айыр, күрек пен кетпен болды. Егістік жерді суару үшін
әр түрлі қүрылғылар (атпа, шыгыр) қолданылды. XIX ғасырдың аяқ кезі мен XX ғасырдың бас
кезінде қазақтар мен орыс шаруалары қатар қоныстанған
аудандардағы шаруашылықтарда темір соқалар мен тырмалар пайда болды. Уезд және
кейбір болыс орталықтарында ауыл шаруашылық техникасының паркі ашылды.
Суармалы егіншілік Шығыс Қазақстан, Жетісу, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс
Қазақстан аймақтарында жақсы дамыды. Қазақстанның өзге аудандарында тәлімі егін
шаруашылығы кеңінен етек алды.
Қазақтар негізінен бидай, тары, сұлы, күріш және жүгері дақылдарын
екті. Шымкент және Перовск уездерінде мақта, Верный уезінде азын-аулақ темекі,
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарында бақша дақылдары
- қарбыз, асқабақ, пияз бен сәбіз өсірілді. Орыс-украин халықтарымен қатар алқаптарда
тұратын қашқтар аздап болса да картоп, қияр және басқа да көкөніс түрлерін егумен
айналысты. Мал азықтық дақылдардан жоңышқа егу кеңінен етек алды. Қазақстанның оңтүстік
аймақтарындағы қазақтар өз шаруашылықтарында бау-бақша дақылдарын өсірумен
айналысты.
Аңшылық[өңдеу]


Page 5


Аңшылық
Қазақстанның байырғы жергілікті тұрғындары аңшылықпен ерте заманнан бері айналысқан.
Ресейдің XVIII ғасырдағы белгілі зерттеушілерінің бірі И.Г. Андреев бұл жөнінде былай деп
жазады: «Аңшылық кәсібі аңдардың көптеген түрлерін аулауға бейімделген.
Мәселен, қасқыр, түлкі сияқты аңдарды кең далада атпен қуып жүріп аулайды».
Қазақ шаруашылығында аңшылық қосымша кәсіп сипатында болды. Ауқатты бай қазақтар аң
аулаумен көңіл көтеріп, көмек ету, уақыт өткізу үшін айналысты. Аң аулауға қыран құстар салу,
құмай тазылар жүгірту, қақпан және тұзақ құру сияқты толып жатқан тәсілдер қолданылды.
Қазақтар қақпанды көбінесе қазақтар мен қоныс аударып келген орыс шаруаларынан сатып
алды. XIX ғасырда аң аулауға мылтық пайдаланыла бастады. Қасқыр, түлкі, қарсақ ату кеңінен
етек алды. Қымбат бағалы аң терілерін жәрмеңкелер мен сауда орындарына шығарып
сататын болды.
Балық аулау[өңдеу]

Балық аулау
Ірі көлдер мен өзендерде, сондай-ақ Арал және Каспий теңіздерінде балық
аулау едәуір дамыды. Бұл кәсіппен кедей Қазақтар айналысты. Қазақтар балықты тағам
ретінде тұтынды және сату үшін аулады. Ішкі Ресейден қоныс аударып келген орыс
шаруаларының көбеюіне байланысты балыққа деген сұраныс арта түсті. Балық Ертіс пен
Жайықта көп ауланатын. Бірақ онда балық аулауға қазақ офицерлері қатаң бақылау
орнатты. Қазақтардың бұл кәсіппен айналысуы үшін ендігі жерде солардың рұқсат қағазын
алуына тура келді. Балық аулау әсіресе Сырдария өзені мен Арал теңізінде күшті дамыды.
Мәселен, XX ғасырдың бас кезінде онда 10000-ға дейін балықшы қазақтар болды. Балық
аулаудың қарқынды дамуына Орынбор-Ташкент темір жолының салынуы қатты ықпал етті.
Балық аулау және оны темір жолмен жөнелту үшін 1905 жылы Арал поселкесі салына
бастады.
[1]

. Соғыстан кейінгі бірінші жыл ауыл шаруашылығы үшін аса қиын болды. Құрғақшылық елдің,
әсіресе оның еуропалық бөлігінің ауыл шаруашылық жағдайына ете ауыр тиді. Жағдай
жұмысшы күшінің жетіспеушілігінен де ушықты; ауыл шаруашылық машиналардың көп бөлігі
соғыс жылдарында істен шықты, ал жаңадан алынатын машиналар саны аз болды.
Басқарудың әкімшілік, күштеу тәсілдерінің, экономикалық заңдарды есепке алмаудың
зардаптары ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізді. Жер өңдеу мәдениеті темен болып,
қоғамдық мал шаруашылығы нашар дамыды.
Ауыл шаруашылығының ауыр жағдайының себептеріне талдау жүргізген ел басшылығы
шаруашылық және партия органдарын бұрынғы колхоз және совхоздарға қатысты бұра
тартушылықтарды жоюға міндеттеді. 1949 жылға қарай қабылданған қаулы
бойынша Қазақстанның колхоздарына түрлі ұйымдардың 214 млн сом қарызы, көп мал,
техника, 540 мыңға жуық, заңсыз тартып алынған жер қайтарылып беріліп, әкімшілік-
шаруашылық басқару аппараты елеулі түрде қысқарды. Ауыл шаруашылығының


Page 6

материалдық-техникалық жағынан жабдықталуын шұғыл жақсарту мақсатында мемлекет
қосымша қаражат бөлді. Ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау және қайта даярлаудың
жүйесі жолға қойылды. Колхоздар мен совхоздарға қызмет көрсетуге тиіс машина-трактор
станцияларын (МТС) техникамен жабдықтауға үлкен көмек көрсетілді. Төртінші бесжылдықтың
соңына қарай республика МТС-тары күшейіп, колхоздардың 95%-ына қызмет көрсетті, ал бұл
көрсеткіш 1946 жылы 76% ғана болған еді. Соған қарамастан, үкімет қабылдаған іс-шаралар
ойдағыдай нәтиже бермеді. Өндірісті арттыру үшін ұсақ колхоздар ірі колхоздарға біріктірілді.
Колхоздарды қысқа мерзім ішінде ірілендіру жаппай сипат алды, нәтижесінде Қазақстандағы
олардың саны 6 737- ден (1945 жыл) 2 047-ге (1952 жыл) дейін қысқарды.
Қабылданған іс-шаралар ауыл шаруашылығының жағдайын біршама жақсартты. МТС
техникасы неғұрлым тиімді пайдаланыла бастады. Егін, мал өнімдері бойынша белгіленген
жоспарды асыра орындау үшін қосымша төлемдер енгізілді. Мал басының саны артты.
Бесжылдық ішінде суарылатын жерлер ауданы 16%-ға артты.
Ауыл шаруашылығын басқарудың әміршіл -әкімшілік жүйесі. Дегенмен республиканың
ауыл шаруашылығы бүкіл КСРО - ның ауыл шаруашылығы сияқты азық-түліктегі,
өнеркәсіптегі, шикі заттағы халық сұранысын қанағаттандыра алмады. Бұған колхоздарды,
жалпы ауыл шаруашылығын басқарудың әміршіл -әкімшіл жүйесі себеп болды. Жоғарыдан
жоспарлау, бюрократиялық аппараттың күш көрсетуі өндірушіні өндіріс құралдарынан да,
еңбек нәтижелерінен де шеттетті. Колхозшылардың еңбегіне ақы өніммен төленді (азық-түлік,
киім-кешек). Колхозшыларда төлқұжат болмады, олардың есебі селолық кеңестер жасаған
тізімдер арқылы ғана жүргізілді. Бұл олардың мекенжайын еркін өзгертуіне мүмкіндік бермеді,
олар заңды түрде колхозға байланды, басыбайлы шаруалар сипатында болды.
Ауыл еңбекшілерінің жағдайына тура немесе жанама түрде әсер еткен барлық
қиыншылықтарға, бұра тарту мен жаңсақ есептерге қарамастан олар елді қолдарынан
келгенше азық-түлікпен қамтамасыз ете берді. Еңбек ерлігі мен батырлығының үлгілері де аз
емес еді.
Соғыстан кейінгі жылдары өнеркәсіп және ауыл шаруашылығында дамудың біржақтылығын
жоюдың кажеттілігі анық сезілді.
Аграрлық секторды дамытуды ынталандыру үшін мемлекет шаруашылықтардың бұрынғы
қарыздарын жойып, салық келемі елеулі түрде азайды. Ет, сүт, жүн, картоп, көкөністің сатып
алу бағасы кетерілді. Дегенмен ауыл шаруашылық өндірісі жүйесін жақсартуға бағытталған
реформалар қалыптасқан шаруашылық жүргізу кұрылымының негіздеріне әсер етпеді,
өміршіл-әкімшіл жүйе әлі де үстемдік етуін жалғастыра берді.
Мәскеу басшылығы Қазақстанда астықтың және басқа ауыл шаруашылық өнімі ендірісін
шұғыл арттыра алатын мүмкіндіктер бар деп есептеді. Сондықтан да өкімет билігінің жоғарғы
деңгейінде дәнді дақылдар егетін алқаптардың аумағын кеңейту үшін тың және тыңайған
жерлерді игеру идеясы пайда болды. Міндеттерді табысты жүзеге асыру
үшін Н.С.Хрущев республикалық басшылықты «нығайту» керек деп шешті 1954 жылы, ақпанда
Қазақстан Компартиясының ОК- нің бірінші хатшылығына Қазақстанда ешкімге
белгісіз П.К.Пономаренко сайланды. Ж.Шаяхметовті қызметінен алу
мәселесін Кремльде шағын топқана шешті. Шын мәнінде Н.Хрущев бұл кезеңде өзінің
кадрларын түрлі орындарға қоя бастаған болатын, ал Ж.Шаяхметов болса тың жерлерді тез
арада меңгеру идеясын қолдамады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ