Материалдар / семинар сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

семинар сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Дыбыс қоюдың әдіс тәсілдерінен үзінді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Сәуір 2023
374
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Орындаған: Калшораева Меруерт Паттешкызы.

Сурдопедагог

«Құлағы нашар еститін балалар үшін Леңгір қосалқы мектеп –интернаты».КММ.

Баяндама тақырыбы: «Есту кемшілігі бар балаларға дыбыс қоюдың әдіс тәсілдері».

«Саңыраулық мені өмір бойы қоршаған ортадағы адамдардан алшақтауыма себеп болып, мені өмір бойы қуғындаумен болды. Менің қандай да бір зертеушілікпен айналысуыма себеп болды. Себебі: басқалалар игерген қабілеттердің менде болмауынан көп нәрсені іздеуіме , көп нәрсемен айналысуыма тура келді» деп ( К.Э. Целковский) айтқандай: саңыраулықтың салдарынан болған сөйлеу кемшіліктерін жоюдың түрлі әдіс- тәсілдерін қолдана отырып: болашақ жас ұрпақтың өмірге деген құлшынысын оятып, білім алуға жетелейтін ұстаздар мен сурдопедагог мамандарының алдында тұрған мақсат- міндеттері саналы тәрбие, сапалы білім берумен табжылмай еңбек етуді, орасан зор ізденісті талап етеді. « Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ»-деп, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып.қоғамда өзгелермен тең дәрежеде өмір сүре алатындай етіп тәрбелеу, білім беру, есту кемшіліктерін жою, адамдармен еркін қарым-қатынасқа түсе алатындай ұрпақ тірбиелеу әр бір ұстаздар мен сурдапедагог мамандарының алға қойған мақсаты, міндеті.

Ету қабілеті бала интелектісінің дамуында ерекше орын алады. Есту қабілеті қалыпты бала айналадағы дыбыстарды естіп , ересектердің сөзіне еліктеу арқылы өз бетінше сөйлеуді игереді. Сәби ересек адамның түсіндіргенін қабылдап , айтқандарымен танысып таным әрекетінің күрделі түрлерін меңгереді, жасына сай сөздердің мағынасын ажыратуды үйренеді. Есту қабілетінің көмегімен өзінің сөзін басқалардың сөзімен салыстыруға, өзінің сөзіне бақылау жасауға, дыбыстарды дұрыс айтуға, тілдің лексикалық – граматикалық құрылымын игеруге дағдыланады. Уақыт өткен сайын сақталған сөйлеу мен жазбаша сөйлеуді игеруге жағдай жасайды. Ал, есту қабілетінде бұзылысы бар балалармен жұмыс жасарда сурдопедагог маманының сүйенетін ең бір мәселе баланың есту дәрежесін, диогнозын, себеп салдарын білу.

Есту қабілетінің бұзылу себептерін медициналық тексерулер инфекциялық аурулар, сосудтық бұзылулар, механикалық , акустикалық немесе контузиялық соққылар, тұқым қуалаушылық аурулар, туа пайда болған жағымсыз әсерлер құрайды.

Қзіргі уақытта есту қабілетінің жағдайын дамудың ерте кезеңінде анықтаудың мүмкіндігі артуда. Есту қабілетінің бұзылу орны, деңгейі аудиометрияның көмегімен анықталса, сөз арқылы тексеру естудің жағдайын анықтауда қолданылады.

Л.В.Нейманның әдісі бойынша. Есту қабілетінің бұзылуын есту арнасының ерекшелігіне қарай төрт топқа бөлінеді:

I деңгей -125 – 250 Гц;

II деңгей -125 -500 Гц;

III деңгей -125 – 1000 Гц;

IY деңгей -125 -2000Гц.

Халықаралық класификация (1988 ж) Бойынша естудің орташа деңгейдегі жоғалуына қарай :500, 1000, 2000 Гц – пен төртке бөлінеді:

I деңгей -26 – 40 дБ;

II деңгей – 41 – 55 дБ;

III деңгей – 56 – 70 дБ;

IY деңгей – 71 – 90 дБ;

Саңыраулық 90 дБ – ден жоғары.

Саңыраулық –құлақ қалқанының түбінен берілген дыбыстарды өз бетімен қабылдай алмаушылық, тұрақты түрдегі естудің жоғалуы. Бұл кезде бала айтылмайтын кейбір дыбыстарды ( ысқырық, қоңырау ,барабанды соғу) қабылдайды.Саңыраулық туа пайда болуы мүмкін және жүре пайда болуы мүмкін. Жүре пайда болған саңыраулық, кеш саңыраулық. Сөйлеудің қалыптасқан кезеңінен кейін пайда болған саңыраулық, кеш саңыраулық деп ажыратамыз. Естудің нашарлауы – есту қалдығына сүйене отырып, сөйлеу қабілетінің мүмкіншілігімен анықталатын тұрақты түрдегі естудің бұзылуы. Естудің нашарлауына - күрдел түрдегі сөйлеу тілі бұзылған есту қабілеті нашар балалар жатады.

Есту қабілетінің бұзылуын ғылыми тұрғыда зерттеген Рахиль Марковина Боскис есту қабілеті бұзылған балалардың психологиялық – педагогикалық классификациясын анықтады. Аталған классификацияда есту функциясының бұзылу деңгейі , естудің бұзылуы кезіндегі сөйлеу тілінің даму деңгейі, есту қабілетінің бұзылу уақытын есепке алған. Бұл класификацияда балалар төрт топқа бөлінеді:

  • сөйлеу тілі дамымаған саңырау балалар (Ерте саңыраулыққа ұшырағандар);

  • сөйлеу қабілеті сақталған саңыраулар (Кеш саңыраулыққа ұшырағандар);

  • сөйлеу тілі дамымаған есту қабілеті нашар балалар;

  • сөйлеу тілінде күрделі кемшілігі бар есту қабілеті нашар балалар.

Сонымен қатар балаларда бірнеше қосымша ауру түрлері (Диогноз) бар балалар көптеп кездеседі.Мысал: саңырау және нашар еститін; нашар естітін және ПДТ; зейіні төмен т. с. сияқты қосымша диогнозы бар балалар. Әр баланың диогнозна қарай жұмыс түрі де өзгеріп отырады. Дыбыс қоймас бұрын біз нені білуіміз керек? Неге сүйенеміз?

Естімейтін және нашар еститін балалар дыбыстарды дұрыс айту үшін әр дыбыстың артикуляциясын жақсы білуі керек.қойылған дыбыстарбуында, сөзде, сөйлемде айтылып дағдыландырылса,оқушылардың сөйлеу тілі өз деңгейінде болады.Әр дыбысты айтып дағдыландыру үшін жаттығулар жүйесі пайдаланылады.

Бастауыш сынып (1 – 3) нашар еститін және естімейтін балалар мына дыбыстарды меңгеруі керек:

  1. дауысты дыбыстар: а, о, ,и, ә, і, ы, ө, ү,ұ, е.э,е(У).

  2. дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, х, ф, ц,ч,ш,щ,һ.

Дайындық топта Ф.Ф.Рау, Н.Ф. Слезинаның әдісі бойынша 17 фонемнің дұрыс айтылуы талап етіледі.

Концентірлік әдіс бойынша ең бірінші ортадағы қатардағы дыбыстардан бастап қойылады. Сосын екінші, екінші қатардан соң, үшінші қатардағы дыбыстар қойылады.



Дауысты дыбыстардың дұрыс артикуляциясын бекіту. Дауысты дыбыстар- а, ә, о, ө, у, ү, ұ, ы, и, э, і.

Жаттығулар жүйесі дидактикалық талаптарға , қазақ тілінің фонетикалық заңына және де әр дыбыстың өзіне тән заңдылығына сүйеніп жүргізіледі.

Жаттығулар жүйесі жеңіл жаттығудан қиынға қарай, оңай жаттығудан күрделі жаттығуға қарай өтетін қағиданы басшылыққа алып жүзеге асырылады.

Дауысты дыбыстармен жұмыс жүргізгенде әр дауысты дыбысты жекелей созып айтады: а____ о____ у____ ы____ ә____ э____ и___ ү___ ұ __ і___е

Дыбыстарды созып айтқанда әр дыбыстың артикуляциясы дұрыс сақталынады, соған байланысты әр дыбыстың дұрыс айтылуына жағдай жасалынады.

Дауысты дыбыстарды айтқан кезде артикуляциялық аппараттың бұлшық еттерінің ширығуы әр түрлі жағдайда болады. Сондықтан нашар еститін және естімейтін балаларға жаттығу жүйесін жасатқанда дауысты дыбыстардың , жақсы ширығып , анық көрінетін позициясынан бастаған жөн.

Дауысты дыбыстардың артикуляциясын бекіту үшін оларды әр түрлі жағдайда айтқызып дағдыландыралы. Дыбыстар алғанға байланысты болады.

Мысалы «А» дыбысын алатын болсақ:

Жеке созып айтуға болады. А___________ Ашық буында дауыссыз дыбыстармен: ат, ас, ап.. Тұйық буындарда дауыссыз дыбыстармен: та, са, па. Дауыссыз дыбыстардың ортасында: тат, сас.

Ал, дауыссыз дыбыстарды үш түрлі позицияда айтқызуға дағдыландыру қажет.Мысалы: - п - дыбысының сөйлеу тілінде таза айтылуы мынандай позицияда бекітіледі: па...парта, апа, апан, ап, қап.

Қатаң дауыссыз дыбыстар екі позицияда ,сөз басында және сөз ортасында айтып жаттықтырады.Үшінші позицияда тұйық буында ұяң дауыссыз дыбыстар пысықталынбайды. Себебі олар орфоэпия заңдылығы бойынша бұл жағдайда қатаң дауыссыз дыбыс сияқты айтылады.

Мысалы - б – дыбысының таза айтылуын пысықтауда мынандай позицияларды ескеру қажет: 1). Дауыссыз дыбыстар ортасында аба, або, обу. Қабан. Мынау қабан.

2).Ашық буында ба, бо, бу. Бала. Бала отыр.

Алдымен дауыссыз дыбыстардың дұрыс артикуляциясын мынандай тіркестермен жаттықтыру керек.Дауыссыз дыбыстар жіңіршкермей дұрыс айтылу үшін алдымен жуан дауысты дыбыстардың тіркесімен айтылып жаттықтырылады: а,о,у. (па, та, то, по, пу,ту), содан соң жіңішке дауысты дыбыстардың тіркестерімен жаттықтырылады: и,э, е, і, ү, ә, ( пә, тә, ке,те).

Дауыссыз дыбыстардың айтылу артикуляциясын бекітуге арналған дыбыстық жаттығу кешенін құрастыру кезінде сөйлеу тілінде көп қолданылатын дауыссыз дыбыстар тіркесін құрастырған жөн.Көптеген дыбыстардың айтылу артикуляциясы бір- біріне ұқсастау болады.Мысалы. қатаң дауыссыз дыбыстардың жұпты ұяң дауыссыз дыбыстардан дауыс қатысына қарай айтылуда айырмашылығы бар.Ал қалған жағдайда негізгі артикуляциялық элементтері ұқсас болады (Еріннің қалпы, тілдің әрбір бөлігі, тіс аралығы).

Нашар еститін және естімейтін балалардың сөйлеу кезінде бір дыбысты басқа дыбыспен ауыстырып айтуы жиі кездеседі. Мысалы:с,ч,ц,ш дыбыстарының орнына т-деп,, м-дыбысының орнына б деп алмастырады.

Дыбыс қоюдың үш тәсілі бар.

1). Еліктеу арқылы. 2). Механикалық тәсіл. 3). Аралас тәсіл.





Дыбыс қоюда қолданылатын ең бірінші және ең тиімді тәсіл – бұл еліктеу тәсілі. Оқушы мұғалімнің іс-әрекетін, айтқанын қалдық анализаторларының көмегімен қабылдайды.

Еліктеу тәсілі төрт түрге бөлінеді:

  • Естіп қабылдау арқылы;

  • Көріп қабылдау арқылы;

  • Көріп-есту арқылы.

  • Еліктеу арқылы..

Еліктеу тәсілі Бұл балалар мұғалімнің артикуляциясына қарап яғни сөйлеу тілі мүшелерінің дыбыстарды айтқан кездегі қажетті орнымен іс – қимылдары , атқаратын қызметтеріне қарай еліктеп дыбыстарды айтуға дағдыланады. Сонымен қатар кеудені басу, тамақ астына қолды қойып дірілді сезіну арқылы дыбыстарды айтуды үйренеді. Мысылы: «Не жоқ», «Балық аулау», «Ұшты – ұшты», «Ұйқасын тап!»,»Кеспе әріп, буын, сөздермен сөйлем құрау» т.б ойындар ойнату арқылы есту, есте сақтау қабілетін дамытсақ. Қол маторикасын дамытуда монтессори әдісін пайдаланып: «Сырмақ сыру», «Түйме қадау», «Бау тағу» , « Мезгілдердің макетін құрастыру» т.б. арқылы қол маторикасын, сөйлеу тілін дамытамыз.. Мнемо кесте арқылы ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамытылады.

. Механикалық тәсіл.

Механикалық тәсіл арқылы – мұғалім баланың артикуляциялық органына пассивті түрде механикалық жолмен ықпал ете алады.

Бұл тәсілді қолданған кезде, зонд, шпатель немесе саусақтың көмегімен дыбысты дұрыс айтуға өз септігін тигізеді, бір дыбысты айтқызып тұрып басқа бір дыбысты келтіріп шығаруға болады.

Аралас тәсіл

Аралас тәсіл - еліктеу тәсілімен механикалық тәсілді қоса отырып жұмыс жүргізіледі. Оқушы белгілі бір дыбысты немесе буынды дұрыс айтпаған жағдайда механикалық тәсіл бірге қосып қолданылы.

Кейбір дыбыстарға ерекше тоқталып кетейін.

А дыбысын қойғанда, алдымен тілге жаттығу жасау керкек. Тілдің жандары азу тіске тиіп тегіс жатады. Тілді алға артқа шығару арқылы тілді жаттықтырамыз. А деп айтқанда тіл сәл артқа жылжып артқы жағы сәл көтеріледі.

Бала А дыбысын айтқанда ауызды ашады ,бірақ дыбыс шықпайды. Кеудені басу арқылы дірілді сезіну.Дауыс шыққан кезде діріл пайда болады. Екі қолмен арқаны және кеудені жәй қысу арқылы да А дыбысын қоюға болады.

К ,К , ,Г, Г,,х,х,- дыбыстарының айтылуы кемшіліктері және түзету тәсілдері.

К және К’ дыбыстарының кемшіліктері –капатизм Г және Г’ дыбыстарының кемшіліктері –каппацизм Г және Г’ дыбыстарының кемшілігі хитизм деп аталады. Х және Х дыбыстарының кемшілігі – хитизм (Парагматизм, парахтизм ) деп аталады. К дыбысының жасалуы мынандай .Ерін қалыпты іргелес дыбысқа байланысты ка, ко, ке. Жоғарғы төменгі күрек тістер арасында саңылау сақталады. Тіл ұшы төмен, үсті таңдайға тиеді. Ол фонетикалық жағдайға қарай өзгеріп тұрады. Дыбыстарды айту кезінде тілмен таңдай байланысты ажырап, арттағы ауа қысымына жол ашады. Жұмсақ таңдай көтеріліп тұрып жолын жабады. Дауыс перделері ажыраған күйде .

Одан Г дыбысының айырмасы ажырату алдында дауыс перделері әуелі түйісіп, қатты тербелумен ерекшеленеді.

Х дыбысын айтудың К дыбысынан айырмасы тіл үсті таңдайға түседі, орта қуыс қалдырады, сол арқылы өткен дем ауасы Х дыбыстарына тән шу шығарылады. Жұмсақ К, Г,Х дыбыстары қатаң жұптпрдан тіл мен таңдай жасайтын қуыстың ілгері, орта таңдайға ығысумен ерекшеленеді. (Й) дыбысы үндеген Х дыбысы сияқты артикуляцияланады. Каппацизмнің негізінен үш түрлі кездеседі. Оның бірінде К бәсең айтылатын тамақ шертпесі сияқты естіледі.

Бұл дыбыс перделері тығыз жабыңқы , тыныс алу бұлшық еттерінің қатысуынан алу бұлшық еттерінің қатысуынан ауа қысымының артуы, содан соң байланыстың қопарылып, ауа шумен дауыс пердесі арқылы шығумен жасалады.

Басқа жағдайларда К мен Т алмасатын паракаппацизм кездеседі. Кітап-тітап, үшінші жағдайда қопармалы К фрикативті Х дыбысымен алмасады, бұл да паркаппазмге тән.

Каппацизм туғызатын аномалия – қатты таңдай биік жіңішке болып келеді де, тіл мен таңдай толық қабыспайды. Егер оны айна алдында артикуляциясын көрсетіп, еліктеу, қолмен бейнелеу арқылы түзету мүмкін болмаса, шпатель көмегімен механикалық әсер керек.

А). Б). В).

Балаға та – та –та буындарын айтқызады. Қайталаудан бұрын шпательмен тілдің алдыңғы үстін төменгі тіске қысады. Сонда та орнына тя деп айтады. Одан соң жаттығу тілді тереңірек басу арқылы қайталанып та орнына тя деп алынады..

Жаттығу кезінде үйреншікті қате артикуляция тұрмауы үшін баланың есіне К дыбысын салмайды, дауыстап айтпайды.

Кейбір жағдайда дауысты түзеу бір сабақта өтуі мүмкін, кейде тя немесе кя кезінде бірнеше сабақты арнайды. К дыбысын тілді бірден терең басу арқылы алуға ұмтылу,, баланың тіл мен таңдай байланысын жасауына мүмкіндік бермей, жұмыстың нәтижесін тежеуі мүмкін.

Айтылған жаттығуды жасағанда тіл үстін ортаңғы және сұқ саусақтармен өзіне бастыру пайдалы.

Жаңа артикуляция пада болған соң, балаға К дыбысы алынғанын айтып, оны буындарда бекітеді. (Тілді басуды тоқтатпай). Кейін тілді баспай айту да үйретіледі. Онда маман баланың тілді басатын қолын ұстап отырып, екі буынды айтқызады да, үшіншіде қолды тартып алады, сөйтіп дыбыс интерциясымен айтылады. Мүмкін болған сәтте-ақ механикалық әдіс тоқтатылады. К дыбысына сүйене отырып К дыбысын айтқызу үшін тіл мен таңдайдың түйісінуін ілгері ығыстыру қажет.

Осы талаптар орындалғанда, дұрыс орныққан К дыбысының орнына күш жұмсалмай, жұмсақ К дыбысының орнына көп күш жұмсалмай, жұмсақ К дыбысын алуға болады.

К дыбысы Т немесе Х дыбысымен алмасатын паркаппазимде буын сөз жаттығулары дұрыс дыбысты бекітуге , алмасқан дыбысты ажыратуға бағытталуы керек.

Х дыбысының айтылуының бұзылуы хитизм немесе басқа дыбыспен К алмасуы паратизм деп аталады. Біріншісінде , дем ауасы өз жолында тіл мен таңдай жақындасқанда пайда болатын саңлауды кездестірмей дауыс перделерінің жақындасусынантуатын әлсіз тамақ шуы естіледі. Яғни халва, хат, орнына «Һалва», «Һат» естіледі. Х дыбысының бұлай айтылуы көптеген тілдерге соның ішінде орыс тілінде де тән.

Екінші жағдайда тіл артикуляцияға белсене қатысады, бірақ қуыс орнына тіл мен таңдай жабысады. Оның екеуінде де Х дыбысын К дыбысынан алуға ұмтылу керек, сонда тілдік – таңдай түбірлік К,Х дыбыс артикуляцияны бекету жүзеге асады.

Егер бұл нәтиже бермесе, нәтиже кепілдік беретін мен күрделі тәсіл қолданылады. Онда Т дыбысынан К дыбысын ажыратқандай механикалық әдіс қолданылады.

Г дыбысын айтудың кемшіліктері жоғарыда айтылған каппацизм мен хитизм түрлеріне ұқсас. Бірінде-тамақ шырт етпесін екіншіде –у дыбысы үшіншіде –дауыс перделерінің жақындауы мен тербелуінен туатынын тамақтың үнді фрикативтік дыбыс Г естіледі.

Мектепке дейінгі балаларда Г мен Д алмасуы (Гүл – дүл) кездеседі. Егер К дыбысы дұрыс айтылған болса гамматизмді түзеудің басы. Г дыбысының үнсіз жұбынан айырмасын түсіндіру, онда баланың қолын мойнына қойылуын , дауыс пердесінің тербелісімен тамақтың қабырғасының қозғалысын сездіреді.

Егер ол нәтиже бермесе Т дыбысын К дыбысындағыдай механикалық әдіс қолданады. Онда дя буынына , сосын гя буыны ақырында га буынына ауысады.

Г дыбысы Д дыбысымен алмасатын парагаммацизм жағдайында жаттығулар дыбысты бекітуге және кемшілікті дыбысты ажыратуға бағытталады.



Қ фонемасының артикуляциялық кескіні.

Қ дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. Еріндер өзінің алдыңғы немесе соңындағы қосылып айтылатын дыбыстарға байланысты өзгеріп отырады. Мысалы қо, қа, құ, қу. Үстіңгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы белгілі бір қашықтықтағы жағдайда сақталады. Тілдің ұшы төмен түседі де арты жұмсақ таңдаймен қабысады.

Қ дыбысын айтқанда ішінен келген ауа қысымының дүмпуінен тіл мен таңдайдың қабысқан жерін серпіп ашып кетеді де ауа тысқа шығады. Жұмсақ таңдай көтеріңкі келеді де ауа тысқа шығады. Жұмсақ тағдай көтеріңкі келеді де мұрынға ауа жолын жыбыды. Дауыс шымылдығы ашық болады. Қ дыбысының сипаттамасы: дауыссыз, ауызды, қатаң, шұғыл, тіл арты, жуан.



Ғ фонемасының артикуляциялық кескіні.

Ғ дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. Еріндер өзінің алдыңғы немесе соңында қосылып айтылған дауысты дыбыстарға байланысты өзгеріп отырады. Мысалы: ға, ғо,ғу, ғү. Үстіңгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы белгілі бір қашықтықтағы жағдайда сақталады. Тілдің ұшы төмен түседі, ал арты жұмсақ таңдаймен желбегей қабысады да, іштен келген ауа қосылып шыққан кезде дауыс шымылдығы дірілдейді. Жұмсақ таңдай көтеріңкі келеді де мұрынғ ауа жолын жабады. Дауыс шымылдығы жабық болады. Ғ дыбысының сипаттамасы: қатаң, тіл арты, жуан.

Су урттап, тамақта қайнату арқылы Ғ дыбысы қойылса, суды жұтып барып тамаққа қолды қою арқылы Қ дыбысы қойылыды.



Сабақтың тақырыбы: «Мамандық тұрлері».1 «Б» сынып.

  • Сабақтың мақсаттары: «Ж-З» дыбыстарын ажырату. «Т» дыбысын түзеу.

  • Мамандық туралы түсінік қалыптастыру.

  • Есту, есте сақтау , ойлау қабілеттерін, сөйлеу тілін дамыту.

  • Дыбстарын қою және ажырату..



  1. Ұйымдастыру кезеңі.

А). Сәлемдесу.

Б). Оқушының зейінін сабаққа аудару.

1).Тыныспен жұмыс

Тыныс алу жүйесі – дауыс пен дыбыстың пайда болуының негізгі көзі болып саналады. Дұрыс тыныс алу – ол дыбыстың жақсы қалыптасып, сөйлеу деңгейін қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасайды.

Тыныспен жұмыс жүргізу – ең бірінші және де ең маңызды коррекциялық жұмыс болып табылады. Суретте: тыныс алу мүшелері.

Тыныс алу жаттығулары. Мұрынмен терең дем алып , түтікшені үрлеу арқылы демді шығару. Т.с.с.... .



2).Дауыспен жұмыс

Дауыспен жұмыс жүргізу – сөйлеудің барлық қасиеттеріне елеулі ықпал етеді:сөйлеу күшіне, сөйлеу биіктігіне, сөйлеу ұзақтығына және сөйлеу тембіріне.

Дауыс – тембр, күші және биіктігі мен сипатталады. Дауыстың күші, дауыстың төмендігі және биіктігі дауыс перделерінің тербеліс жиілігіне байланысты.

Бір тыныста буындарды айт.( Экран арқылы) Па-па-па. Па – па. Па – па – па- па. Немесе : дауысты жоғары - төмен айту. ПА па Па па

3). Артикуляциялық жаттығулар

Артикуляциялық жаттығулардың мақсаты – дыбыстарды дұрыс айту, сөйлеу аппаратын дұрыс қозғалысқа келтіру және тілді белгілі бір қалыпта устауға үйрету.

Жаттығу қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл қимылдарын қалпын дағдыландыруға бағытталады. Әр жаттығу 15-20 реттен қайталанады.

Кесе Саңырауқұлақ Тілді қасыққа жеткізу.

4). Дыбыстану бөлімі.

«З –Ж» дыбысын ажыратып оқы.

1). Буындар оқу. За – зо – зу жа – жо - жу

а

Shape4 Shape3 а

ЗShape8 Shape7 Shape6 Shape5 о Ж о

ы у

2). Сөздер оқу. «З» және «Ж» дыбысын ажыратып оқы.

Жал – зал қаз- тәж қазы – қажы.

Жаман – заман . Жайсан – Зайсан.

3). «З – Ж» дыбысын ажырат. Көп нүктенің орнына бағандағы сөздерді қойып оқы.

Жел ... келді Күз ... түсті Жапырақтар ... соқты.

  1. 770 ₸ - Сатып алу

    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!