400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Семинар сабақ "Мектепке дейінгі ұйымдағы интербелсенді және инклюзивті оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Құжат үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мектепке дейінгі ұйымдағы интербелсенді

және инклюзивті оқыту»





Жоспары:

Кіріспе бөлім:

Курс сабақтарынан қысқаша мәлімет беру.

Негізгі бөлім:

1.Өтілген тақырыптар бойынша мағлұмат беру.

2.Балабақшаға бару туралы әңгімелеу.

3.Қазіргі таңда инклюзивті балалардың жағдайы

Қорытынды:





































Ақтау қаласында 07.09 - 19.09.2015 аралығында «Мектепке дейінгі ұйымдағы интербелсенді және инклюзивті оқыту» тақырыбында өз біліктілігін арттыру курсы болып өтті.

Онда интербелсенді және де инклюзивті балалар жайында сабақ өтілді.

Интербелсенді балалар сана сезімдері толық жетілген балалар, ал инклюзивті балалар сана сезімі толық жетілмесе де, дені сау болса қазіргі таңда мектепке келіп оқуға болады. Егер де жүре алмайтын болса, онда сол күйінде үйде оқи береді.

Сабақ барыстарында жаңа технологиялар бойынша жұмыс алып барылу керектігі түсіндірілді.

Олар: «Балапан», «Біз мектепке барамыз», «Тәй-тәй» бағдарламалары бойынша балаларды тәрбиелеп және оқытып баруымыз керек.

Және де «Нұрлы жол», «Білім туралы заң» , «Білім стандарты»,

«Блум таксономиясы», «М.Монтессоридің еркін тәрбиелеу» педагогикасы, «Ойлау карталары», «ӨТШТ технологиясы», АКТ принциптері бойынша лекциялар тыңдадық. Бұл бағдарламалар және лекциялар бойынша көптеген түсініктер алдық.

«Нұрлы жол» бағдарламасы елбасымыз Н.Назарбаевтың жолдауы. Бұл жолдау 2014жылы 11-қарашада қабылданғандығы, 2014 жылы

1-желтоқсанда жария болғандығы айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің экономикасын жаңғыртуға және дамытуға бағытталғандығын түсіндік.

«Білім туралы заң» 2007 жылы 27-шілдеде қабылданды. Ол 12 тарау

68 баптан тұратындығын түсіндік. Және сол сияқты бағдарламалар бойынша лекциялар оқылып, білімдерімізді одан әрі арттырдық.

Сол сияқты бағдарламаларға байланысты іс жүзінде де жасап үйрендік. Соның ішінде әр топ өз қалаған ертегілерін алып, осы бағдарлама бойынша талдап бардық.

1.Білу. 2.Түсіну. 3.Қолдану. 4.Талдау. 5.Топтау. 6.Бағалау.

Бала бақшаларда «Балапан», «Біз мектепке барамыз», «Тәй-тәй» бағдарламалары арқылы жұмыс алып барылғандығын бала бақша тәрбиешілері және мектепалды даярлық сынып мұғалімдері өз түсініктері бойынша айтып өтті.

Сыни тұрғыдан ойлау әдістері бойынша да сабақ өтілді.

Бұнда 1.Ақ қалпақ

2. Сары қалпақ

3.Қара қалпақ

4.Қызыл қалпақ

5.Жасыл қалпақ

6.Көк қалпақ бойынша сабақтар талдап бардық.

Сол сияқты № 4 логопедтік бала бақшаға да барып балалардың жағдайларын бақылап көрдік және де сабақтарына қатысып көрдік.

Бұл бақшада 12 топ, орыс және қазақ тілдерінде жұмыс жүреді және бала тәрбиелейді. Бұл бала бақшада құлағы естімейтін, сөйлеп білмейтін балалар тәрбиеленіп жатыр.

Бала бақша жаңа өңдеуден шыққан. Соған қарамастан іші таза, тәрбиешілері, әдіскерлері, басшылары өте қарапайым, жылы жүзбен қарсы алды. 2 орыс тобында оқу және математика сабақтары болды. Балалар әріптерді А а дыбысы бойынша және суреттер бойынша айта алды.

Және де қазақ тобында құлағы мүлдем естімейтін балаларға тәрбиешісі «Шалқан» ертегісі бойынша әңгімелеп берді. Сабақ соңында балалар сол ертегіні көрсетіп бере алды.

Сондай-ақ қорытындылай келе, курс барысында өзіндік жұмыс, семинар сабақ және ғылыми жоба тақырыптары бойынша, тест жұмыстарын өз уақытында тапсырып тиісті болған сертификаттарымызды алдық.

Осылайша өз білімдерімізді жетілдірдік.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
09.12.2018
1110
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі