Материалдар / Семинар сабақ "Оқушылардың зейінін, есін дамыту жолдары теориялық семинар" 9-11 сыныптар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Семинар сабақ "Оқушылардың зейінін, есін дамыту жолдары теориялық семинар" 9-11 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
семинар оқушыларға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1028
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Семинардың тақырыбы: Оқушылардың зейінін, есін дамыту жолдары теориялық семинарМақсаты:Зейінің тұрақтылығын,бөліну мен ауысуын және дамытуға арналған жаттығулар арқылы оқушылардың зейінін,есте сақтау қабілеттерінің қабылдаушы типтерін анықтау.Семинардың барысы:I.Зейін,ес туралы теория беру II.Есте сақтау қабілетіңіз қандай ? тест III.Есте сақтау қабілетіне пайдалы тағамдар IY. Жедел есте сақтау қасиетін дамытуға арналған жаттығулар Y. Есте сақтау қабілетін дамытудың 7 тәсілі (слайд) YI. Зейіннің тұрақтылығы мен жинақтылығын дамыту жаттығулары YII. «Не өзгерді?» ойыныYIII.Суреттен нені байқадыңыз? (Психологиялық тест) IX. Қорытынды

I. З ейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады.Адамның зейіні ырықты зейін, ырықсыз зейін және үйреншікті зейін болып үшке бөлінеді. Адам өмірінде ырықсыз зейін де елеулі орын алады. Ал ырықты зейін әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалады. Үйреншікті зейін адамның әдетіне айналып кеткен зейін. Ол арнайы күш жұмсауды қажет етпейді. Жеке адам зейінінің негізгі ерекшеліктеріне тұрақтылық, оның бір нысаннан екінші нысанға оңай ауысуы, бөлінуі, нысандарды қамту көлемі, алаң болмаушылық, т.б. жатады. Қазақ ғұламасы Абай ес туралы “Отыз бірінші сөзінде”: “Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: бірінші — көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде иә көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші — ой кеселді нәрселерден қашық болу керек”, — дейді. Ес адамның әр алуан іс-әрекеттерімен байланысты болып, тіршілікте аса маңызды қызмет атқаратын болғандықтан, оның түрлері мен көріністері де әр қилы.

II.Есте сақтау қабілетіңіз қандай ? тестIII.Есте сақтау қабілетіне пайдалы тағамдар

да Жедел есте сақтау қасиетін дамытуға арналған жаттығулар мытуға Мақсаты: Жедел есте сақтау қасиетін дамыту.Қазір мен сендерге 5 сан айтамын. Сіздердің міндеттеріңіз сол сандарды есте сақтау, содан соң бірінші санды екіншісіне қосып, қосындыны жазасыздар;екінші санды үшінші санмен қосып, қосындыны жазасыздар, үшінші санды төртінші санмен қосып қосындысын жазасыздар. Сөйтіп сіздерде төрт қосынды жазуға тиіс.Есептеуге 15 секунд беріледі. Содан соң келесі санды қатарды оқимын.Сандардың қатары
а/5,2,7,1,4Е/4, 2, 3, 1,5
б/3 5 4 2 5Ж/3, 1, 5,2, 6
в/7 1 ,4, 3, 2З/2, 3, 6, 1 ,4
Г/2,6 ,2 ,5 ,3И/5, 2, 6, 3, 2
д/4, 4 ,6, 1, 7К/3, 1, 5, 2, 7,
Кілті
7 9 8 5Е/6 5 4 6
б/8 9 6 7Ж/ 4 6 7 8
в/8 5 7 5З/ 5  9 7 5
Г/8 8 7 8И/ 7 8 9 5
д/ 8 10 7 8К/  4 6 7 9


YI,Есте сақтау қабілетін дамытудың 7 тәсілі (слайд)аАдамның есте сақтау қабілеті тылсым дүние, ол үрдістің қалай іске асатыны толық белгілі емес. Бірақ ми кейде бізге керекті ақпараттарды ұмытып қалып жатады. Немесе адамда есімдерді, жерлерді жаттау қабілеті жақсы дамыған болуы мүмкін. Есесіне сандарды есте сақтауда қиналады. Бірақ бұл қабілеттерді дамытуға болады. Ми да адамның бұлшықеттері секілді, оны жаттықтырмаса, әлсіз болады. Күнделікті жаттығу арқасында мидың жаттау қабілетін дамытуға болады. Сіз үшін 13 арнайы тәсілін дайындап қойдық. 1.Мнемониканы пайдалану.Компьютер жады екілік сақтау жүйесін пайдаланады. Кейін ақпаратты адамға ыңғайлы түрде ұсынады. Компьютер секілді адамның миы да ақпараттарды сақтаудың өзіндік тәсілі бар. Мнемоника есте сақтау технологиясы. Керекті ақпаратты арнайы код ретінде сақтауға мүмкіншілік береді. Қиын естіледі, иә? Бірақ негізіде бәрі оңай. Ақпаратты сақтау үшін қарапайым ұйқастар мен аббревиатураларды пайдаланады.2.Жаңа нәрсе үйрену.Жадты жақсарту үшін оны жаңартып, жиі пайдаланып отыру керек. Жаңа нәрсе үйрену керек. Ұзақ өмір сүрген адамдардың көбісі милар көп жұмыс істеткен. Жаңа би, тіл, жаңа ойын жалпы, жаңа бірнәрсен үйреніңіз. Өзіңізді қызықтырантын жаңа саланы зерттеу керек. Белсенді болып, жаңа қабілеттерді дамыту маңызды. 3. Ұйқыны қандыру керек!Беркли университетінің ғалымдары жасы үлкен адамдардың есте сақтау қабілетін зерттеген. Жақсы ұйқы, есте сақтау қабілетінің кепілі. Күнделікті адамға сегіз сағат ұйықтау керек. Ақпаратты есте сақтап қалудың ең жақсы жолы, ұйқы алдында оқу. Ұйқы барысында ақпарат өңделіп, жадта сақталып қалады.4. Спортпен шұғылдану. жас кезінде жаттығуларлды жиі жасап тұратын адамдардың басқа адамдарға қарағанда жадтары жақсырақ екені анықталды. Жүзу, жүгіру және басқа да спорттық белсенділік ми жұмысын жақсартады. Бұл миға келетін қанның көлемін арттырады.5. Дұрыс тамақтану.Адамның миы энергия аз құртатын болса да, энергетикалық тамақтарды көп қажет етеді. Көк шай, жаңғақтар, мұхит балықтары, зәйтүн майы есте сақтау қабілетін арттырады. Сол себепті осы азық-түлікті пайдалану керек. Сонымен қатар басқа да құнарлы тамақтар мидың дұрыс жұмыс істеуіне әсер етеді. Бастысы, дұрыс тамақтану рационын құру керек.6. Медитация.Медитация қазіргі уақытта кең таралған. Бірақ танымалдылықтан бөлек шынайы көмегі бар. Біріншіден, медитация біздің жүрек қағысты арттырады. Миға қанның келуін арттырады. Екіншіден, өзіңді тануға мүмкіншілік береді. Сол уақытта жинақталған ақпараттарды реттеп алса болады. Үшіншіден, стрессті азайтып, терең демалуды үйрунеге болады. Өз кезегінде мидың жұмысына оң әсер етеді.7. Сөйлесу .Сөйлесу – сіздің миға керекті жақсы әрекеттің бірі. Пайдалы, мәнді әңгіменің орны ерекше. Жай өсек айту немесе құр сөйлеу есте сақтау қабілетіне әсер етпейді. Сол себептті сөйлесудің де пайдалы тұстарын пайдалану керек. 



IY.Зейіннің тұрақтылығы мен жинақтылығын дамыту жаттығуларыҚағазда (1-сурет) кездейсоқ ретпен әріптер басылған (5 жол). Әр жолда шамамен 30 әріп бар. Бала әр жолды мұқият қарап, әріптер арасынан сөздерді құрауға тырысады. Ол осы сөздерді іздеп табуы (үш, төрт, бес әріпті) және астын сызуы керек.Табыстылық көрсеткіші – табылған дұрыс сөздер саны және тапсырманы орындау жылдамдығы.Зейінді одан әрі жаттықтыру үшін өзіңіз осыған ұқсас ынталандыру материалын дайындаңыз.Әріптер мен сөздерді машинкада немесе компьютерде теруге немесе қолдан жазуға болады. Күлкілі сөздер ойлап табыңыздар, балаларға бұл әрқашанда ұнайды.1 суретYI. «Не өзгердіойыныМақсаты: Баланың танымдық белсенділігін ояту, зейінін және ес процесін дамыту.Тапсырма: Үстелдің үстіне бірнеше зат, не болмаса кішкентай бес ойыншық қойылады. Балаға үстелде тұрған ойыншықты есінде сақтау ұсынылады, содан кейін «көзіңді жұм» - деп нұсқау беріледі, осы кезде жүргізуші ойыншықтың біреуін алып тастайды да, қай ойыншықтың жоғалғанын табу ұсынылады.Осы ойынның басқа нұсқасы: тапсырма заттың орналасуының өзгергенін табу болып табылады. Ойыншығы үстелдегі заттың қандай тәртіппен орналасқанын есінде сақтауы ұсынылады, ал кейін ойынды жүргізуші бірнеше заттың орнын ауыстырады да, не өзгеретінін табуды ұсынады.Егер бұл ойын балаға тым қиын болса, онда сөзбен бірігіп айту тәсілі ІҮ есте  YII.Суреттен нені байқадыңыз? (Психологиялық тест) IX. Қорытынды: ПікірБүгінгі бірлескен жұмысымызды бағалайық:1. Пайдалылығы: 2. Қызықтылығы: 3. Қолданылуы: 4. Сізге ұнағаны /ұсыныс н/е тілек/...







































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!