Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Семинар-тренинг. «Отбасы-бақыт мекені». 5-7 сынып.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Отбасы-бақыт мекені»
Мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Отбасында балалар өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу. Көңіл-күйді және эмоцияны реттеу, байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.
Отбасы - Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Әдісі: «Жүректен — жүрекке» шеңбері - тілек айту, «Есімдер аллитерациясы», Бейнебаян көрсетілімі, «Еске түсіру» ойыны, Ситуациялық сұрақтар, «Ашық микрофон», Постер қорғау, «Конверттегі сұрақтар», «Өтінемін» ойыны.
Көрнекілігі: Мультимедия, презентация, бейнебаян, шарлар, гүлдер.
Жүргізуші (мұғалім):
Армысыздар құрметті ата-аналар мен ұстаздар «Отбасы-бақыт мекені» атты семинар-тренингімізге қош келдіңіздер.
Ал, оқушылар мен сендерге сұрақ қойғым келім отыр. Бәріміз баламыз, ойнаймыз, күлеміз, шаттанамыз. Біз қай жерде өзімізді бақытты сезінеміз? (әр оқушы өз ойын айтады). Отбасы ұғымын қалай түсінесіңдер?
Жүректен — жүрекке» шеңбері-тілек айту / ата-аналар мен оқушылар бір -біріне тілек айтады/. Ал, ендеше ата-аналар мен оқушылар ортаға шығып, шеңберге тұрып бір-біріңізге жақсы тілек айтып шығыңыздар.
Жүргізуші (мұғалім):
«Есімдер аллитерациясы» (ата-аналармен танысу)
Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек. Мысалы: Мен ақкөңіл – Ақмаралмын. Мен гүлдей – Гүлнармын. Мен көңілді – Көркеммін. Мен нұрлы – Нұргүлмін. Мен көрікті – Әсеммін. Мен дарынды – Дидармын.
-
Осы қасиеттеріңіз әрқашан өздеріңізге жолдас болып, тек жақсы қасиеттерімізді қабылдап жүрейік!
Бейнебаян «Тәрбие отбасынан басталады»
Бейнебаянға назар аударайық.
1.Бейнебаяннан не байқадыңыз?
2.Қандай тұжырымға келдіңіздер?
3. Бір сөйлеммен түйіндеңіз?
Жүргізуші (мұғалім):
« Бала деген кім?» (әрбір ата-ана ой қозғау жазады).
Жүргізуші (мұғалім):
Ситуациялық сұрақтар. (ата-аналарға)
1-сұрақ:Балаңыз сыныптағы басқа баламен жандалдасып қалды, сіздің әрекетіңіз.
2-сұрақ: Балаңыз белгісіз себеппен мектепке барғысы келмесе қандай амал жасайсыз?
3-сұрақ: Бала берілген тапсырманы орындағысы келмегендей жағдайда қандай шара қолданасыз?
4-сұрақ: Балаңыз үй тапсырмасын күнде
орындамаса қаңдай іс-әрекет жасайсыз?
5-сұрақ: Балаңыздың білім алуына көп
көңіл бөлесіз бе?
Жүргізуші (мұғалім):
Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы - ата - анасы. Отбасы - таным бесігі, отбасы - үлгі - өнеге бастауы. Бала отбасында әкеден – ақыл, анадан - мейір алады. «Әке - асқар тау болса, ана - бауырындағы бұлақ, ал бала - жағасындағы құрақ». Осы бір үш сөз әке, ана, бала - отбасы ошағының үш тағаны іспеттес.
Баланы баптап бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп
Кешкенің өмір босқа тек - дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйсінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі, бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзеді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны демеуші - ата-анасы.
"Ұлылардан қалған ұлы сөздерге" құлақ түрейік. Ғабиден Мұстафин "Балаға сіңірген ата-ананың еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Ол – өле-өлгенше суынбайтын, сарқылмайтын махаббат" деген екен. Ал оқушылар сендер қандай ұлылардың сөздерін білесіңдер:
1 оқушы: Мұхаммед Пайғамбар: "Әуелі анаңды сыйла, сосын анаңды сыйла және тағы да анаңды сыйла!" Нұрқалық Қуаныш
2 оқушы: Кeмал Кеніш: "Үйіміздің шуақты нұры аяулы ана болса, аскар тауы, ақылшы тірегі – әке өзіңсің". Серікбай Асет
3 оқушы: Дулат Бабатайұлы: "Ата-ана ақылы қазылған қара кенмен тең". Отебай Эльбрус
4 оқушы: Махмұд Қашқари: "Атасынан ақыл алса - тентек ұл да жөнделер" Аясхан Нұрлыхан
5 оқушы: Виктор Гюго: "Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол сәби үшін жылы ұя". Мәнібек Мұхаммет
6 оқушы: Қадыр Мырза әли: "Қазақ әйелі – бар мұратын отбасының игілігіне арнаған әлемдегі ең ізгі жан иесі". Аскаралиева Мафтуна
7 оқушы: Ғабит Мусірепов: "Ана – бар тілегін перзентінің жолына, бақытына арнаған әлемдегі ең мейірбан жан". Құттыбай Қайсар
Жүргізуші (мұғалім):
Бала – ата-ананың үміті, өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген тікенек менің маңдайыма кірсін» - деп перзентін әлпештеп өсірген ата-ананың жатса да тұрса да тілейтіні – баласының алдыңғы қатарлы азамат
болып өскені.
Ендеше сіз балаңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді? (әр ата-ана баласының жақсы қасиеттерін жазады).
Жүргізуші (мұғалім):
Келесі кезеңіміз «Ашық микрофон» деп аталады. Бұл кезеңде ата-аналар мен оқушылар сіздерге отбасы туралы бірнеше сұрақтар қойылады. Ойларыңызды ашық, еркін айтуларыңыз сұралады.
Сұрақтар:
1. Отбасы деген ұғымды қалай түсінесіздер?
2. Отбасының басшысы кім?
3. Отбасы қандай болуы керек?
4. Отбасын неліктен жақсы көресіңдер?
5.Отбасынан қымбат не болуы мүмкін?
6.Өзіңізді қандай жағдайда бақытты сезінесіз?
7.Балаларыңыздың бақыты неде?
8.Ата-ананың бақыты неде?
Жүргізуші (мұғалім):
Оқушылар «Отбасы, ата-ана туралы» өлең шумақтарын айтады:
Анам менің – аялаған ақ
гүлім
Анам менің – бақытым мен
шаттығым
“Анашым” – деп балаң жырын
арнаған
Неге ғана естімеген тәтті
үнін
Анам менің – өмірдегі
тірегім Есен
Қазына
Анам менің – кеудемдегі
жүрегім
Егер менің қасымда сен
болмасаң
Бұл өмірде қалай ғана
жүремін.
Ана дейміз бәріміз де
аңқылдап
Ана дейді жас сәби де
жарқылдап
Ана деген - бәйтерегі
өмірдің.
Ана деген – алтын қазық, алтын
бақ. Унгарбек
Аружан
Ана деген - асыл жандар
болаттай
Ана деген - мөлдір жандар
бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл
ананы
Жат қылыққа ақыл - ойды
тонатпай.
Анашым менің анашым,
Мәпелеп өсірген сен едің .
Мейірімің қандай керемет!?
Анашым менің
анашым.
Алғазы Ағаділ
Анашым аяулы адам сен
едің,
Серігі болған біздердің .
Түн ұйқысын төрт бөлген,
Қамқоршы менің анашым.
Ата-ана асқар тау
алдымдағы
Әрқашан асқақтайсың алдымда
әлі
Өзің берген өнеге
тәрбиеңмен Амангелді
Назарбай
Бақыттымыз жанұя
бауырындағы.
Сізсіз әке — ең ақылды, ең
сыршыл
Сізсіз әке — ең жақыным, ең
шыншыл
Шуақ шашқан қашанда асыл
жүрегің Умарова
Малике
Жанымдасың қамқорымсың
білемін
Қабыл алғын бала жүрек
тілегін.
Отбасым менің —
бақытым
Отбасым менің —
шаттығым Абдырсалим
Асылжан
Отбасым барда
ешқашан
Үзілмес менің
үмітім.
Отбасы тату бір ел тұнып
тұрған,
Қамқор ата - аналар билік
құрған. Жуанышбек
Сырым
Анаң мейір - шапағат нұр
төгуші,
Əкең қамқор қолдаушың, алып
тұлғаң.
Əкең бақыт, береке
бастамасы,
Жүрегі шаңырақтың
астанасы. Каримов
Алихан
Əкеміз бола білсін Ұлы
патша,
Балалар болсын оның жас
қаласы.
Жүргізуші (мұғалім):
«Бақытты жанұя» (постер
қорғау) (ата-аналар мен
оқушыларға)
Сіздің ойыңыздағы «Бақытты
жанұя» ұғымын алдарыңыздағы қағаз бетіне түсіруіңіз
сұралады.
(Сыйластық, мейірімділік, өзара түсінушілік, татулық, сүйіспеншілік, денсаулық, салауатты өмір салты)
Жүргізуші (мұғалім):
Ал, оқушылар отбасы, ана туралы кім қандай мақал-мәтел біледі? (Әр оқушы отбасы, ана туралы мақал-мәтелдер айтады).
Жүргізуші (мұғалім):
Келесі кезең «Конверттегі сұрақтар» «Біз баламызды танимыз ба?» деп аталады. Бұл кезең ата — аналарға арналады.
Құрметті ата-аналар конверттің біреуін таңдап, ондағы сұрақтарға жауап берулеріңіз сұралады.
№1
1. Балаңыздың парталас көршісі кім?
2. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
№2
1. Балаңыздың сүйікті асы не?
2. Балаңыз спорттың қай түрін жақсы көреді?
№3.
1. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
2. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
№4.
1. Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай?
2. Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?
№5.
1. Балаңыздың бойында қандай өнер бар?
2. Балаңыздың жағымды және жағымсыз қасиеттерін атаңыз.
№6.
1. Балаңыздың туған күні
қашан?
2. Сынып жетекшісінің толық
аты-жөні?
№7.
1. Балаңыздың досы кім?
2. Балаңыздың ең жақсы көретін пәні?
Жүргізуші
(мұғалім):
Сергіту сәті: «Өтінемін»
ойыны (ата-аналармен)
Мақсаты: Ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту,
бір-біріне көңіл бөлу, бірін - бірі тыңдай білуге
үйрету.
Қатысушылар ортаға жартылай шеңбер жасап тұрады.
— Құрметті ата-аналар! Сіздер, қандай сиқырлы күші бар сөздерді
білесіздер?
— Рахмет, өтінемін, кешіріңіз, ризамын т.б.
— Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді
айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет, «өтінемін»- деген сөзді
айтпасам, сіздер сол өтінішті орындамайсыздар.
— Секіріңіздер.
— Оң аяқтарыңызды көтеріңіздер.
— Өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңыздар.
— Өтінемін, бір-біріңді құшақтаңыздар.
— Оң қолдарыңызбен сол құлақтарыңызды
уқалаңыздар.
Жүргізуші (мұғалім):
Кері байланыс: «Тілек ағашы».
Ата-аналар мен оқушылар алдарыңыздағы түрлі - түсті үй түріндегі стикерлерге отбасыларыңызға тілектеріңізді жазып, тілек ағашына жабыстыруларыңыз сұралады.
Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Біздің балалар-біздің қарттығымыз. Жаман тәрбие-болашақтағы қайғымыз, бұл біздің көз жасымыз, бұл-басқалар алдындағы, бүкіл еліміз алдындағы біздің кінәміз болмасын десеңіз, бала тәрбиесіне келгенде ешқашанда «кеш қалмаңыз!»
Осымен біздің семинар-тренингіміз өз мәресіне жетті. Ата — аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Отбасыларыңызда әрқашан береке бірлік, татулық орнасын! Келесі кездескеше сау саламатта болыңыздар.