Материалдар / Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан тәрбие сағаты 8 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан тәрбие сағаты 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2020
2181
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан»

Мақсаты:Оқушылардың мамандыққа бейімделу мен қабілеттілігін анықтау, мамандық таңдау жолы туралы түсінік беру, оқушылардың қызығушылығын, белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Түрі:Пікіралмасу

Әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, хат жазу

Көрнекілігі:Елбасы Н.Назарбаевтың жолдауы, мақалдар жазылған плакат, Бәйтеректің ғимараты, сұрақтар.

Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Кіріспе сөз: Құрметті оқушылар бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан»- деп аталады.Тақырыпқа қарап түсінгендей бүгін біз мамандық жайлы сөйлесеміз.

Мамандық таңдау-өте жауапты және маңызды іс.

Мамандық таңдауда рухани құндылықтарға ие болуға, әр түрлі адамдармен араласуға, мінезінің қалыптасуына әсер етеді.

Мамандық таңдаудың екі әдіс-тәсілі бар.

1.Сынақ және қателік, адам нағыз қажетті мамандық таппайынша адаса жүріп әр түрлі салада жұмыс істеуінеболады,бұл оған жақсы өмір сыйлаумен қатар еңбектің жемісінде сыйлайды.

2.Қандай мамандық таңдаса да әрбір адамға қажетті өзін-өзі тану, өзінің қызығушылығын, қабілетін, ойын, есте сақтауын, жүйке жүйесінің қалыбын білу.

Өзің туралы білген соң, мамандық әлемімен танысуға, сол мамандықтағы өз мүмкіншілігіңді, өзіңнің сол маманға сай болу жөнінде білуге болады.

3.Ол өзіңнің ата-анаңның, бабаларыңның мамандығын таңдау. Мұндай жағдай егер отбасында мамандықтың ұрпақтан-ұрпаққа берілуі дәстүрі болғанда таңдауға болады.

Бірақ, ең бастысы-адамның өз маманына деген қарым-қатынасы, өз ісіне деген сүйіспеншіліктен басталады.

Болашақ мамандық таңдау кезінде үлкендердің көмегіне қарамастан, соңғы шешімді өздерің қабылдайсыңдар және жауапкершілікті өз мойыңдарға аласыңдар.

ІІІ.Негізгі бөлім:

Құрметті, оқушылар алдарыңызда еліміздегі ең сәулетті ғимарат бейнесі тұр. Өздеріңіз байқағандай ғимарат бейнесі толық емес. Бейнені толық құрастыру үшін, берілген сұрақтарға жауап беру керек. Әр толық берілген жауабы арқылы Бәйтеректің толық бейнесін құрастырамыз.

Сұрақтар:

1.Сендер болашақ мамандықтарыңды таңдадыңдар ма?

2.Қандай мамандықты таңдадыңдар?

3.Таңдаған мамандықтарың туралы не білесіңдер және оның өзіндік ерекшелігі?

4.Бұл маман заман талабына сай ма және оның еңбек нарығындағы қажеттілігі?

5.Таңдауыңа не әсер етті және ата-анаң қарсы болса, не істейсің?

6.Оқуыңды аяқтаған соң жұмысқа кірісер сәтте жоғары қызмет ұсынса қайтесіңдер?

7.Бұл мамандықты еңбек ақысына қарай таңдадың ба, әлде қызықтың ба?

8.Таңдаған мамандықтарыңды ата-аналарың қолдай ма, әлде басқа мамандық туралы көп айтама?

Міне, балалар сұраққа жауап беріп әрқайсымыз өз пікірімізді айтып алып Бәйтерегіміздің үрмектерінде орналастырдық.

2.Бәйтеректің келесі бейнесін орналастыру үшін сендер өз идеалдарыңмен сырласа отырып хат жазасыңдар. Бұл бөлім «Сырласу хаты» деп аталады.

Әрқайсың жүректерің қалап, көңілдерің сүйетін, ісінен үлгі алатын өз идеалдарыңның рухымен тілдесіп, жан сырларыңа бір қадам болса да жақындай түскендеріңді байқаған шығарсыңдар. Міне, ендеше Бәйтерігіміздің сұлулық пен биіктікке деген мәңгілік ұмтылысын бейнелеген алтын шарында орналастыру сәтіде келді.


3.Бәйтерегіміздің соңғы бейнесін Елбасымыз Н.Назарбаевтың жолдауымен қалағым келеді.

1.Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.

Жоғары білім алғысы келетін адамдар үшін мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен 12 жылдық білім алу жөніндегі ұсыныстар әзірленуге тиіс. Адамның өмір бойы білім алуы үшін жағдай туғызуымыз қажет дейді Елбасымыз.

2.Жоғары білім беру саласында техникалық білім беруді дамытуға ерекше назар аудара отырып, жоғары оқу орындары желісінде оңтайландыру жүргізілуге тиіс.Білім беру жүйесін дамытуды ынталандыру мақсатында жеке сектор мен мемлекеттік жекеменшік білім беруге кредиттер бөлу жүйесін жетілдіру қажет дейді Елбасымыз.

Елбасымыз биылғы жылғы жолдауында ел ертеңі-студент жастардың жан-*жақты білім алып , мемлекетті өрге сүйрер азамат болып өсулері үшін тиісті қолдау, көмек көрсетіліп жатқандығы, бұл бағытта арнайы бағдарламалар әзірлеу жағы қамтылғанын айтты.

Мемлекет оқу ақысын төлеу үшін қаржысыз қалған студенттерге қолдау білдірді. Мемлекет барлығы студенттер үшін 11мың грант, 40мың несие қосымша бөліп отыр.

2010 жылы шәкіртақы жалақысын 25% ал 2011 жылы 30% ұлғайтылатын болады.Соңғы бейнеміз қалқан. Міне, сұлулық пен биіктікке деген мәңгілік ұмтылысын бейнелеген Бәйтерегіміздің ғимаратында толық аяқтадық.

Елбасы айтқандай «Бұл-жаңа Астананың ғана емес, біздің бақытты болашағымыздың символы» болып табылады.

Жер жаһанды шарлаған дағдарысқа қарамастан, ұтымды жүргізген бағдарлама арқылы Елбасымыз бүгінгі жас ұрпақ, ертеңгі ел болашағы жастарға үлкен сенім артып отыр.

Ендеше, «Сен де бір кірпіш дүниеге» деп Абай атамыз айтқандай, еліміздің елеулі де білімді азаматы болу басты парыздарың.



Шығыс қазақстан облысы

Аягөз ауданы

«Горный жалпы білім беретін орта мектеп»

Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

Ағылшын тілі мұғалімі

Бекмұратқызы Тоғжан


















Күні:

Тақырыбы: «Желтоқсан батыр қызы Асанова Ләззат Ахметқызы»

Мақсаты: Бостандықтың іргесін қалауда өшпес іздерін қалдырған тұлғалар ерліктерін соның бірі Ләззат Асанованы мақтан ете түсінік беру.Оқушыларды Отанын сүйе білуге тәрбиелеу. Желтоқсан құрбандарының жарқын бейнелерін есте сақтау, патриоттық сезімдерін ояту.

Көрнекілігі: интерактивті тақтада жазылған сөздер, фотосуреттері,Елбасы Н. Назарбаевтың портреті, ҚР-ның рәміздері.

Тәрбие сағатының барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ.Негізгі бөлім: ҚР-ның Әнұраны орындалады

1.Слайд1 / желтоқсан суреті/

1986 жылдың 16 желтоқсанында қазақ жерінде үлкен оқиға болды. Ол қандай оқиға? Тарихымызда ерекше орны бар, бәріміз куәсі болған, халқымыздың қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға-1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары атап айтқанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанова оларды еске алып, олардың рухына тағзым ету,парызымыз. (1минут еске алу)

Елді абыроймен басқарып келе жатқан Дінмұхаммед Қонаев қызметінен босатылып, орнына Геннадий Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.

Бұл шешімге наразы болған жастардың талап-тілегі «Әр халыққа-өз көсемі», «Ұлттар өзін-өзі билесін!»ұрандар айтылды.Алаңға жиналған жастарды ұрып-соғып, жазалаушылардың күшімен қан жоса қылып, жазалап түрмеге отырғызды.

Ызғарлы Желтоқсан

Әлі есте борап, қақағаны.

Тағдырды қиындыққа тақағаны.

Қазақтың қайсарларын жалмағасын,

«Қаралы Желтоқсан»деп аталады.

Қара түнек қаптағасн бастарын,

Есіңде ғой қорыққанның, сасқаның

Еліміздің тыныштығын бұзғасын,

Ереуілге шықты емес пе жастарың?

Міне бүгін айқара ашып есігін

Алды болып келе жатыр көшінің

Сол жылдары жанын қиған ерлердің

Ұран етіп айтып жүрміз есімін

Енді қайтіп жанымызды бермесін

Шаттық оты елімізді тербесін

Шуақ шашып «Ызғарлы Желтоқсан»,

Қазақ елі енді қайтіп көрмесін.

Тарихта «Құйын-86» деген атпен желтоқсан оқиғасы мәңгі есте қалды. Бұл жойқын шабуыл қазақ қыздары мен жігіттерін біздің арамыздан алып кете барды.Сол оқиғаның құрбаны болған бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың негізгі кейіпкері Асанова Ләззат Ахметқызы арналады.

Слайд 2/фотосуреттері,балалық шағы, мектептегі суреті, бауырларымен, студент кезіндегі суреті және анасының суреті/

2.Өмірбаяны

Желтоқсанның жалауын желбіреткен, тәуелсіздік үшін,елінің болашағы үшін,ертеңінің не боларына қарамастан, жастық жалынмен мұз үстіндегі отқа оранған Ләззат Ахметқызы Асанова Алматы облысы, Панфилов ауданында Айдарлы ауылында 1970 жылы 27 шілдеде дүниеге келген. 1977 жылы Жамбыл орта мектебінің 1-класына барған. Мектеп табалдырығын аттағаннан бастап алғырлығын, зейінділігін көрсете бастаған. Сөйтіп 1-8 класқа дейін мақтау қағазымен аяқтаған.

Сабағын жақсы оқу мен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысып мектептегі көркемөнерпаздар үйірмесіне де белсене араласып өнерлі бала болып өсті.

Ол-отбасындағы тұңғышы еді. Мектепте достары көп, бәріне көмектескісі келіп тұратын бала болған. Өмірінде тазалықты, аяушылықты, қайырымдылықты қалайтын жан еді. Адамдармен тез тіл табысып, татулықты бағалайтын еді.

1985 жылы 8-класты бітіріп анасына өтініш білдіреді, менің Алматыға барып оқығым келеді, өнерді қалаймын дейді. Анасы қызының өтінішін дұрыс көріп Алматыдағы Чайковский атындағы өнер училищесіне тапсыртады.

Чайковский атындағы училищенің 1-курсын бітіріп, екінші курстың ортасында желтоқсан көтерілісінің белді құрбаны болды да кетті.

Ләззаттың өлімі түрлі жаламен, зорлық-зомбылық пен, аяусыздықпен, әділетсіздікпен ұзақ жылдар бойы жалалы болып өтті.

Ләззаттың өзі қандай әдемі болса,ары қандай таза болса, арты да сондай таза болсын деп анасы әділетсіздікпен күресті. Туған елінің азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күресіп, 1986 жылы 24 желтоқсанда дүниеден өтеді.

Слайд 3 Анасының жоқтауы

Желтоқсанның анаға,

Ызғары көп, қарағым,

Намыстан өлген қазақтың,

Қыздары көп қарағым.

Бота көзің боталап

Дәл он алты жасыңда,

Жан адам жоқ қасыңда.

Қыршыныңнан қиылдың,

Қара жерге бұйырдың,

Заманыңа қақайып,

Қарсы тұрған боташым.

Алтын сақа асықтай

Алшын түскен,қарағым

Дәл өзіңдей қыз тапқан,

Мен де арман бар ма екен.

Қайтейін ,құдай, қайтейін

3.Еске алу сәттері

Сонымен Елбасының жарлығымен

1.1990 жылы Республика алаңына ескерткіш қойылды

Слайд 4

Ләззат Асанова мен Ербол Сыпатаевқа ескерткіш қойылған сәттегі ақын Мұхтар Шахановтың арнауы

Алау етіп, жалау етіп намысың

Өз ұлтының тілі үшін, рухы үшін, ары үшін

Желтоқсанда қаза болған қос қыран

Қарап жатыр бізге жердің астынан

Қарап жатыр уыз бала қалпында

Ел аңсаған өжеттік бар парқында

Қарап жатырекі қайсар асқақ ән

Жігерсізге-намысы өле бастаған

Рухсыздыққа қоныстана бастаған

Мұңы қарын мүддесінен аспаған

Туған тілін жел өтіне тастаған

О, дүние-ай, желтоқсандық қос қыран

Қарап жатыр саған жердің астынан

Ұлтың үшін, тілің үшін өр бол

Өр болмасаң өр болғанға төр бол

Егер, егер ұлтты сақтай алмасаң

Сақтар күшті тіпті жақтай алмасаң

Бүйтіп тірі жүргеніңше бар бол

Рухын сатқан Ұлттсыздарға қор бол

Деп тұрғандай Ләззат пенен Ербол.

Слайд 5

2.ҚР-ның Тәуелсіздігіне «10жыл» мерекелік медалімен наградталды.

3.Өзінің туған жері Айдарлы ауылында ескерткіш орнатылды.

4.Алматы қаласы Трудовик ауылында Ләззат Асанова атындағы көше бой түзеді. Ауылдың тұрғындары үлкен ас берді. Сол сәттегі суреттері

4. Ләззат Асановаға арнаған өлең жолдарын тыңдасақ.

Аққудың қанын ұрттап дімкәс ғасыр

Жоқ дауа! Залымдарға жаныңды алған,

Оңа ма, жалған атақ жамылған жан?

Өзіңсіз күрсінеді, аһ үрады...

Гөй-гөйлеп шындық іздеп ару жалған.

Жер үстін қызғанғандар сенен енді,

Жер астын тыныштыққа бөлер ме енді?

Тірліктің пенделері кейде келіп,

Тырналап кетер менің керегімді.

Кеудеңнен ұшты жаның құсқа айналып

Бір сұмдық өңіңдегі түсті аңғарып.

Аққудың қанын ұрттап дімкәс ғасыр,

Бар алмас тым ұзаққа күш қайтарып.

Жоқ дауа! Залымдарға жаныңды алған,

Амалсыз уақытына бағынды арман.

Бас ием рухыңа, Ләззат батыр,

Танбаған желтоқсанда жалындаудан... Талап Қараш

Қайырылмай кеткен қарлығаш

Ұяңнан ұшып шығып оралмадың,

Туып-өскен Ақжазыққа қона алмадың.

Шілде айы туған күнің екен сенің,

Ол күннің қонағы боп келе алмадың.

Қайырылмай кеткен қарлығаш,

Желбіреген қолаң шаш.

Он жетіге жете алмай,

Қиылып кеткен, қыршын жас.

Небәрі он алтыдан асып едің,

Балалық бал дәуренді тастап едің.

Қазақтың салт-дәстүрін, жолын қуып,

Өмірге енді қадам басып едің.

Анаңның арманы едің, естен кетпес,

Ортаңа қадірлі едің баға жетпес.

Арнадым осы әнімді рухыңа,

Тарихта қалатындай мәңгі өшпес!

ІІІ.Қорытынды

Сонымен,17-желтоқсан Республикалық жаңару күні деп жарияланды.

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы-қазақ елін дүние жүзіне танытты.

Тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды .

Бүгінде Қазақстан көк байрағы көкке желбіреген, қазына байлығын пайдалана білген,ұрпақтарына ұлттық тәлім-тәрбие берген егемен ел. Аз уақыт ішінде мәдениеті өркендеген азиялық айбынды мемлекетке айналды.

Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілеріміз бар. Олар: Ана тіліміз, Рәміздеріміз,Ту,Елтаңба, асқақтаған Әнұранымыз және Ата заңымыз.

Ән: «Қазағым»

«Ата-қоныс жер қымбат,

Туып -өскен ел қымбат»,-демекші бүгінгі тәрбие сағатында айтылғандарды өнеге етіп,елді, жерді,сүюді, қадірлеуді мақсат етіңдер.Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесін тең , керегесін кең ететін сендерсіңдер. Ол үшін терең әрі жан-жақты білімді болу-міндеттерің.

Үй тапсырмасы: «Ел боламын десең ертеңіңді ойла»



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!