Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Сен және заң»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Сен және заң».
Құқық қорғау органы қызметкерлерімен кездесу
б а ғ а р л а м а с ы
Мақсаты: Тәрбиелік: Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат беру; өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету; құқықтық білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Еліміздің Ата заңын және басқа заңдарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу; патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі:
Қазақстан Республикасы Конституциясының баптары, Бала құқығы конвенциясының баптары, қанатты сөздер. (Слайд түрінде.)
Қанатты сөздер: «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» Б. Момышұлы.
«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз» Н.Назарбаев.
Жүргізуші: Бүгінгі құқықтық оқуымызға келген қонақтарымызбен таныс болыңыздар_______________________________________________________
Жүргізуші:
«Ата заң әркімнің бойтұмары
болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ
мақсатқа қол жеткіземіз» Н.Назарбаев.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген аталы сөзді
атамыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды кұрметтеп,
ата бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс.
Халқымыз 13жастағы баланы «Отау иесі» деп атады. Ал қазіргі
Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған
баланы 14 жастан
жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады.
Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет кұру идеясын жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана - сезімдерін қалыптастыру заман талабы болып отыр. Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы - атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі - қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Енді осы кезге дейін жүріп өткен құқықтық жолымызға көз салып көрелік:
-1787 жылы Дүниежүзіндегі
тұңғыш Конституция қабылданды.
-1789 жылы 26 тамызда Адам және азаматтардың
кұқықтары декларациясы қабылданды.
-1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ да Адам құқықтарының жалпыға ортақ
декларациясы қабылданды.
-1959 жылы 20 қарашада БҰҰ ның Бас Ассамблеясында Балалар құқығы декларациясы қабылданды.
-1989 жылы Бала кұқығы туралы конвенциясы
қабылданды.
-1993 жылы 28 қаңтарда егеменді еліміздің алғашқы Конституция
қабылданды.
-1995 жылы 30 тамызда референдум арқылы бекіткен
екіншіКонституциямыз қабылданды.
- 2002 жылы 8 тамызда Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары туралы заңы қабылданды.
- 2004 жылы 7 шілдеде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты Заңы қабылданды.
Баяндама: «Сен және заң»
__________________________________________________________________
Заң дегеніміз - қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер. Ата Заңымыз- еліміздің рәміздерінің бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Конституция – бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі Заңды елдің Туы, Әнұраны, және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу-біздің парызымыз» деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады. Конституция - елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата Заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар. Олой болмағанда дүние астаң-кестеңі шығып, небір жан түршігерлік нәрселер болар еді. Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Міне, сонымен қатар түрлі мәселелер де туындай бастады. «Адамдар не істеуге болады, не істей алады?» деген сұрақтар туындай бастады. Міне, осы кезде әр елдің заңы, ережелері шыға бастады. Міне, балалар, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң- 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқықтары декларациясы». Міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20-қарашада «Бала құқығы туралы конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 91 мемлекет кірген. «Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан».
- Мемлекет әрбір баланың
аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.
- Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен
азаматтық алуға құқылы.
- Әрбір бала өз отбасында ата-анасымен бірге өмір сүруге
құқылы.
- Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкім ұрып жазалауға,
кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.
- Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы.
- Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы
бар.
- Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.
- Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.
- Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.
Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие, бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді. Қазақстанда балалардың құқығын қорғау үшін арнайы күндер берілген. Конвенция дегеніміз- арнаулы мәселелер жөніндегі келесім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қояды, сөйтіп қазақстанның «Бала құқығы туралы заңы» енгізілген. Адамзат баласының емір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатын сияқты, ғаламшарды мекен еткен әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық тілдердегі мойындалған атауы - Конституция. Еліміз 1995 жылы өзінің талғам - талқысынан өткен басты құжаты Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Қастерлі кұндылығымыздың қағидаттарын бұлжытпай орындаудың нәтижесінде біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекетімізді орнатып, тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік. Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды. Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екенін айқындайды. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Осы мерейлі межеге 26 жыл толды.
Бүгінгі бар деректерге
сүйенсек Қазақ хандығы құрылған кезде XV ғасырда барша жұрт ертеден
келе жатқан ауызша заңдар жүйесі «Әдеп» (Адат) Заңына бағынып
келген. Қазіргі күнге дейін сөйлеген сөзімізде, жазған мақаламызда
халық арасында әбден қалыптасқан, бұлжытпас қағидаға айналған
істерді баяндағанда «Әдеттегідей», әдетте деп жататынымыз бар. Әдет
Заңы бүкіл қазақ қауымы үшін Ата Заңы болатын. Мемлекеттегі барлық
істер осымен өлшеніп, осымен бағамдалды, «Әдетке» бүгінге дейін
ұлттық болмысымызға тән болып келген барлық әдет - ғұрыптар тән
болды. XVI ғасырда әдет - ғүрыптарды Қасым хан тұңгыш
жүйелеп,
жинақтауға және жетілдіруге тырысып бес Жарғыны тұжырымдап берді.
Олар: 1 .Мүлік заңы, 2.Қылмыс заңы, 3.Әскери заңы,4.Елшілік
жоралары, 5.Жұртшылық заңы.
Қазақ ордасын нығайту үшін ең алдымен бет - бетімен ру -руға белініп, бір- бірімен қырқысып, ел берекесін алған рулар арасындағы дауды шешіп , елдің ұлттық бірлігін сақтауымыз керек. Алты алаштың баласы бір- біріне жау болса елдің ертеңі не болмақ? Келесі Жарғымыз ру арасындағы
дауды шешуге арналған заңымыз болсын.
Жүргізуші: Біз құқылы мемлекеттің
азаматтарымыз, сондықтан әр бір ұжымның, оқу орнының, ішкі
міндеттері мен құқықтары, ережелері бар.
Мақтарал аграрлық колледжінің де Жарғысында колледж оқушыларының
міндеттері көрсетілген:
1. Колледждің ішкі тәртіп - ережелері мен жарғысын сақтауға
міндетті.
2. Ұстаздар мен әкімшіліктің
талаптарын орындауға.
3. Оқу бөлмелерінде тазалық пен реттілік сақтауға, колледж мүлкіне
ұқыпты қарауға, егер бүлдірсе оны қалпына келтіру, шығынын өтеуге
міндетті.
4. Өзінен кішіге қамқорлық көрсетуге.
5. Сабаққа қажетті құрал - жабдықтарының толық болуына.
6. Сабаққа 15 минут ерте келуге.
7. Кезекшіліктің міндеттерін ұқыпты орындауға.
8. Сабақ кезінде тәртіп пен тыныштық сақтауға міндетті.
Осы колледж оқушыларының міндеттері мен қатар тиым салынатын ережелері де көрсетілген. Тиым салынады:
1. Ішімдік, қару, темекі,
наркотикалық және улы заттарды колледж аумағына әкелуге.
2. Колледж ішіне және оның аумағына өрт пен жарылысқа әкелетін
заттарды жақындатуға.
3. Қорқытуға, жәбірлеуге, жеке мүлкін тартып алуға.
4. Адам өміріне қауып
төндіретін әрекет істеуге тиым
салынады.
Жүргізуші: Жас өспірімдер және жастар
арасында заң бұзушылық туралы мәлімет ететін қонағымыз бар. Заң
саласында қызмет етіп жүрген заң қызметкері
________________________________________________. Сөз кезегі
өзіңізде.
Сұрақтар:
1. Заң бұзушылықтың себебі қандай?
2. Заң бұзушылыққа не әкелуі мүмкін?
3. Адам өзінің іс әрекеттерін дұрыс бағалауы қажет, соған талпынуы керек. Өйткені ер жеткенде ол өзі үшін және басқаға да жауапты болады.Сондықтан қазірден бастап ол өзіне болашақта жүретін жол таңдауы қажет. Алдымызда екі жол; бірі ақ, бірі қара.
Қара жол дегеніміз не? ( маскүнемдік, наркотиктар, заң бұзушылық, жазалау, ыза болу, көралмаушылық, жұмыссыздық.)
Ақ жолды неге теңеуге болады? Олар: жауапкершілік, сүйіспеншілік, білімділік пен біліктілік, жұмыспен қамтылу, жауаптылық, төзімділік, салауатты өмір салты, заңды білу және оны құрметтеу.
Жүргізуші: Адам заңды білуі керек , бірақ оған бағына ма жоқ па шешуші өзі. Жүретін жолды таңдаушы да өзі. Алдарыңда екі жол. Таңдауын өздерің жасайсыңдар. Біз сіздерге тек ақ жол тілейміз.
«Заңды білу – міңдетің» сұрақ – жауап ойыны.
1. Қазақстан қашан өз егемендігін жариялады? 1990 ж
2.Қ.Р бала құқықтары туралы заң қашан қабылданды? 2002ж
3.Бала құқығы туралы Конвенция қашан қабылданды?1989ж
4.Әлемде ең алғаш конституция қай елде жазылған? АҚШ
5. Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы қашан қабылданды? 1948ж
6.Қай жастан бастап жасөспірімдердің еңбекке араласуға құқығы бар? 14 жастан
7. Қ.Р-ның азаматтары қандай білім алуға міндетті? Орта білім
8. Заң бойынша бала деп кімді атайды? 18 жасқа толмаған адам
9.Заң шығарушы орган? Парламент
10.Адамның ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы не? Бостандық
11.Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жас?16 жас, ерекше ауыр қылмысқа 14 жастан тартылады.
12.Ел басқару саласындағы ең басты тұлға? Президент
13. Өз тағдырыңды өзің шешудің тарихи мүмкіндігі? Тәуелсіздік
14.Тәуелсіздіктің қорғаны? Әскер
15.Отанға деген сүйіспеншілік ? Патриотизм
16.Қазақстан азаматының қасиетті борышы және парызы не? Қазақтанды қорғау
Жүргізуші: Құқық сөзінің кілті. Бәріміз бірге
оқыймыз.Хормен оқыту.
Қ-азақ
Ұ-лты
Қ-айырымдылықты
Ы-ымырашылдықты
Қ-олдайды
Қорытынды. Сонымен, қорытындылай келе, біз бүгін өз
құқығымыз жайлы ой түйдік. Б.Момышұлы атамыз «Азамат жолы-ар жолы»
деп айтқандай, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқығымыздыда,
өзгенің құқығын да бұзбай, тәуелсіз еліміздің арқа сүйер айбынды,
ақылды ұл-қызы болып
өсейік!
Баяндама: «Сен және заң»
__________________________________________________________________
Заң дегеніміз - қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер. Ата Заңымыз- еліміздің рәміздерінің бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Конституция – бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі Заңды елдің Туы, Әнұраны, және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу-біздің парызымыз» деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады. Конституция - елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата Заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар. Олой болмағанда дүние астаң-кестеңі шығып, небір жан түршігерлік нәрселер болар еді. Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Міне, сонымен қатар түрлі мәселелер де туындай бастады. «Адамдар не істеуге болады, не істей алады?» деген сұрақтар туындай бастады. Міне, осы кезде әр елдің заңы, ережелері шыға бастады. Міне, балалар, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң- 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқықтары декларациясы». Міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20-қарашада «Бала құқығы туралы конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 91 мемлекет кірген. «Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан».
- Мемлекет әрбір баланың
аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.
- Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен
азаматтық алуға құқылы.
- Әрбір бала өз отбасында ата-анасымен бірге өмір сүруге
құқылы.
- Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкім ұрып жазалауға,
кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.
- Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы.
- Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы
бар.
- Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.
- Бала денсаулығын сақтауға, емделуге
құқылы.
-
Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.