Сабақтың
барысы:
-
Сыртқы
интеграция (Өзін-өзі тану сабағының
әдістемелік тәсілдерін қолдану)
Сәлемдесу.
Сабақтың 5 Т ережесін атап өту
және оқушылармен қайталау.
Тәртіп
Талап
Тыныштық
Тазалық
Татулық
-
Тыныштық
сәті.
Тыныштық сәтi. «Нұрға
бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар,
денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.
Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді
жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры
сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің
орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу
ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр
сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің
қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға
ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде.
Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға
бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және
баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр
сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге
апарады. Олар нұр мен махаббат құралына
айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,
тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана
айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз
бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек
жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз
түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой
келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және
шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле
шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға,
таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп
жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға
толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық
адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға
таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша
айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен
Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және
Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге
орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны
осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға
болады.
Рахмет.
Оқушылар өз әсерлерімен
бөліседі.
Үй тапсырмасын
тексеру:
Әр оқушы өз еркімен кез
–келген шеңбер іспеттес фигура жасап әкелу
.
Шеңберге ұқсайтын күнделікті
өмірде қолданатын заттар әкелуге болады.
1.Шеңбер дегеніміз не оның
адам қасиетімен байланысы бар ма?
2.Шеңбер мен дөңгелектің
айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?
3. Шеңберді адам бойындағы
қасиеттер тізбегіне теңеуге бола ма?
Себебі?
Ішкі
нтеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды
сабақ мазмұнына интеграциялау)
Шеңбер және оның
элементтері.
Жазықтықтың берілген нүктеден
бірдей қашықтықта орналасқан нүктелер жиынын шеңбер деп атаймыз.
Берілген нүкте шеңбер центрі деп аталады. Шеңбердің кез –келген
нүктесінен оның центріне дейінгі қашықтықты радиусы
дейміз.Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді хорда деп аталады.
Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорданы диаметр деп атаймыз.Әр
диаметр екі радиусқа тең Д = 2 * R Төбесі шеңбердің О центрі, ал
қабырғалары шеңбер радиустары болатын бұрыш центрлік деп
аталады.
Шеңбердің өзінде жатқан екі
нүкте арқылы екі бөлікке бөлінеді. Бұл бөліктер шеңбер доғасы деп
аталады.
.О
О- шеңбер
центрі
ОВ- шеңбер
радиусы
МN- диаметр
(Д)
KF –
хорда
ANB және АХВ
-доғасы
F
А
К
В
А
М
Х
Шеңбер және оның элементтерін
түсіндіру барысында мұны адамның сүйіспеншілік құндылығмен
байланыстырып кетуге болады. Яғни, шеңбер жасау үшін ең маңыздысы
біз центр мен радиусының керектігін аңғаратынымыз сияқты біз
мейірімділік және сыйластық қасиеттерінің жүрегімізде екенін
түсінуіміз керек, сонда біз жаңағы шеңберді құрып оның элементтерін
тапқанымыздай жан –жағымызға сүйіспеншілікпен қарап, әр –түрлі
жақсы қасиеттеріміздің ашылуына мүмкіндіктер береміз. Балаларға
сүйіспеншілік бұл, бала өмірге шыр етіп дүниеге келген соң, оны
біріншіден жақсы сөздермен мәпелеп өсіреміз. Оған бар жақсылық пен
жамандықты түсіндіре отырып, ұғындырамыз. Баланың өскен сайын тура
жол таңдай білуге, алдағы өміріне дұрыс қадам жасап, тура жолда
өмір сүруі керектігін, баланың жүрегін тек қана таза кіршіксіз
болуы керек. Сонда ғана ол өмірде өз орнын табатын
болады.
№ 206 есепті
шығару
№207 есепті
шығару
Топқа бөлу: Геометриялық
фигуралар арқылы
1топ R = 7 см тең шеңбер
салыңдар, диаметрін салыңдар
2топ Д=13 см тең шеңбер
салыңдар радиусын табыңдар
3 топ R= см тең шеңбер
салыңдар, диаметрн табыңдар
Ал қанеки балалар енді осы
жерде адамның сүйіспеншілікпен өмір сүруі үшін, диаметрін, радиусын
таптық және шеңбер салдық осы шеңберді дұрыс салғанымыздай біз өз
бойымыздағы мейірімділік,сыйластық,қамқорлық, құрметтеу сияқты
құндылықтарды дұрыс түсініп,
сүйіспеншілікпен қарап, дұрыс
әрекет жасайық.
Үй
тапсырмасы
1 -1.1
оқу
№209 есепті
шығару
Топпен ән
айту
Жақсы
адамдар
Әні мен сөзі: А.
Оралов
Сабақтың қорытынды
сәті
Балалар бүгін біз сабақта не
өттік?
Қандай құндылықпен
таныстық?
Шеңберді қалай
сүйіспеншілікпен байланыстырдық?
Балалар, қанекей сабағымыздың
соңында жайлы әуен аясында жанымызды тыныштандыра отырып, бүгінгі
алған әсерлерімізді ой елегінен өткізелік. Жүрегіміздің лүпілін
тыңдайық, әр соққан жүрек лүпілі уақыт өлшемі - сағаттың
тырсылындай. Әрбір соққан жүрек лүпіліне бір-бірден әдемі
моншақтарды тізіп жатқандаймын. Көз алдымызға әдемі тізілген
моншақтарды елестете отырып сабағымызды
аяқтаймыз.
|