Материалдар / «Сенсорика» бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптық жоспары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Сенсорика» бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптық жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
технол.карта 1-ші сәбилерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2020
12324
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Сенсорика» бойынша ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің тақырыптық жоспары.

Тақырыбы

Сағат саны

Күні, айы

1.

«Құлыншаққа арналған жол».

1


2.

«Шуақты күн».

1


3.

«Терезелі үй».

1


4.

«Қорапшаларға орналастыр».

1


5.

«Әтешті құрастырамыз».

1


6.

«Иттер – менің достарым».

1


7.

«Үйшік».

1


8.

«Кірпілер».

1


9.

«Ұзын», «қысқа».

1


10.

«Жоғары – төмен».

1


11.

«Көкөністер».

1


12.

«Шырша бізге қонаққа келді».

1


13.

«Қуыршақ Әйгерімге арналған моншақтар».

1


14.

«Қақпақтар».

1


15.

«Қиылған суреттер».

1


16.

«Көжекті жасыр».

1


17.

«Сақинаны ал».

1


18.

«Тауық және оның балапандары».

1


19.

«Құртақандарға арналған үй».

1


20.

«Дөңгелек күн».

1


21.

«Шыршалар мен саңырауқұлақтар».

1


22.

«Бақбақ гүлдер».

1


23.

«Сурет құрастыр».

1


24.

«Қуыршаққа арналған тартулар» (Әртүрлі көлемдегі бірдей заттарды 2 топқа бөліп қою.

1


25.

«Түрлі түсті шалғын».

1


26.

«Ұшатын көбелектер».

1


27.

«Көңілді балықшылар».

1
















Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Күні: Тәрбиеші:

Білім беру саласы:

Оқу іс-әрекеті: Сенсорика.

Тақырыбы: «Құлыншаққа арналған жол».

Мақсаты: балаларға 4 мүмкіндіктің ішінен 2 берілген түс бойынша (қызыл, көк) затты таңдауға үйрету; заттарды түсі бойынша топтастыру іскерлігін бекіту; спектрде түстер бояуларын араластырудың ретімен таныстыру. Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: 6 – 7 баладан тұратын топқа әр түстен 24 дана түрлі түсті (қызыл, көк, сары, жасыл) қатты жолақшалар.

Сөздік жұмыс: түрлі түсті жолақтар.

Билингвальді компонент: қызыл – красный, көк – синий.

Әрекеттердің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ойындық жағдаят.

Балаларға қонаққа құлыншақ келді. Ол балаларға өзімен бірге түрлі түсті жолақшаларды сыйлыққа ала келіпті.

Балалар құлыншақпен амандасып, әкелген сыйлықтары үшін алғыстарын айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Үлестірмелі материалдармен жұмыс.


-Балалар, қараңдаршы, құлыншақ бізге қандай әдемі, ашық, түрлі түсті жолақшалар әкелген.

Сөздік жұмыс: түрлі түсті жолақтар.


Педагог қызыл және көк телпектері бар 2 қуыршақты әкеледі (көйлектері, шаш буғыштары және т.б. бар).

-Кәне, балалар, қызыл телпегі бар қуыршаққа арналған жолақшаны таңдап көрейікші.

Ал екінші қуыршағымызға да дәл басындағы телпегінің түсі сияқты – көк түсті таңдайық.







Билингвальды компонент: қызыл – красный, көк – синий.


Педагог балалардың әрекетін «дәл осындай түстен» сөзімен түсіндіреді. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.




Балалар қарайды.



Қайталайды: түрлі түсті жолақтар.

Балалар алдымен қызыл түсті бір жолақшаны таңдап алып (дәл сондай), үстіне қою арқылы немесе қарап отырып басқа да түсті жолақшалармен салыстырып, оны қызыл телпекті қуыршақтың қасына қояды.

Екінші қуыршақпен де дәл осындай жұмыс жүргізеді.




«Дәл осындай түстен» сөзін қайталайды.


Рефлексиялық-түзетушілік

«Жол сал» дидактикалық ойыны.

Педагог балаларға құлыншаққа арнап түрлі түсті жолақшалардан (қызыл және көк) жол салуларын ұсынады. Педагог балалардың жұмысын мадақтап, құлыншақпен қоштасады.


Балалар алдарына жолақшаларды қызыл – көк, қызыл – көк ретпен орналастырады. Құлыншақпен қоштасады.


Күтілетін нәтиже:

жасайды: 4 мүмкіндіктің ішінен 2 берілген түс бойынша затты таңдауды;

түсінеді: 2 түсті: (қызыл, көк);

қолданады: түстері бойынша заттарды топтастыру дағдысын.














































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Күні: Тәрбиеші:

Білім беру саласы:

Оқу іс-әрекеті: Сенсорика.

Тақырыбы: «Шуақты күн».

Мақсаты: шеңберден шықпауға, олардан қарапайым композиция жасауға, таныс пішіндерді бейнелеуге үйрету; ауызекі сөйлесу тілдерін дамыту; ұсақ қол моторикасын дамыту. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: фланелеграф, әртүрлі түсті шеңберлер (қызыл, көк, сары, жасыл): әртүрлі түсті доптар (дәл шеңберлердің түсіндей). Сөздік жұмыс: шуақты күн.

Билингвальді компонент: доп – мяч, дөңгелек – круг.

Әрекеттердің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ойындық жағдаят.

Балаларға қонаққа ит келеді, ол өзімен әртүрлі түсті шеңберлер ала келеді және онымен ойнауды ұсынады.



Балалар итпен амандасып, оны сипалайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Педагог фланелеграфқа бұлт пен күннің суретін жапсырады да тақпақ оқиды:

«Бұлт тығылып орманға,

Шықты күнім аспанға.

Сондай таза, сәулелі,

Жетсе егер қолымыз,

Даярмыз аялап ұстауға».

Педагог тақпақты тағы бір рет қайталап оқып шығады.

Сөздік жұмыс: шуақты күн.


-Кәне, балалар, күнімізге күліп және оны ауа арқылы сүйіп, қол бұлғайық.

Балалар, күннің түсі қандай? – Міне, мынадай сары түсті.


-Ал мынадай түстен не болуы мүмкін? Фланелеграфтағы жасыл дөңгелектерді көрсетеді.

Билингвальды компонент: доп – мяч, дөңгелек – круг.

-Ал, мынадай түстен (қызыл) бізде гүлдер болады. Фланелеграфқа қояды. –Балалар, бізде не сары түсті?

-Ал көк түсті ше?

-Ал жасыл түсті не?

-Ал қызыл түсті ше?

Балалармен жұмыс жүргізеді.


Балалар тақпақты тыңдайды.









Қайталайды: шуақты күн. Педагогтің айтқанын жасайды.


-Сары түсті.



-Ағаш жапырағы.







-Күн.

-Аспан

-Шөп.

-Гүлдер.

Рефлексиялық-түзетушілік

«Түрлі түсті доптар».

Педагог әртүрлі түсті доптармен ойнауды ұсынады.

Педагог мына сөздерді айта отырып, допты балаға қарай лақтырады:

«Қағып ал менің қызыл (сары, жасыл, көк) добымды,

Маған лақтыр, жасырма оны!»

Педагог әрбір баламен жеке-жеке ойнайды.

«Секір добым асықпай,

Ойнасын барлық балақай!»

Балаларды мадақтайды.


Бала педагогтің алдындағы бос орынға отырады. Бала допты кері қарай педагогке домалатады.

Балалар доптың екпінімен секіреді.


Күтілетін нәтиже:

жасайды: композициядағы түсті ажыратуды, белгілеуді;

түсінеді: қимыл-қозғалыстағы ептілік пен үйлесімділік дағдысын;

қолданады: түрлі түсті шеңберлерден композиция жасауды.





































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Күні: Тәрбиеші:

Білім беру саласы:

Оқу іс-әрекеті: Сенсорика.

Тақырыбы: «Терезелі үй» (пішін, көлем).

Мақсаты: балаларды 2 әртүрлі фигура (дөңгелек, шаршы) мен 2 әртүрлі көлемдегі (сөздік нұсқау бойынша – үлкен, кішкентай) заттарды таңдауды жүзеге асыра отырып пішініне және көлеміне қарай топтастыруға үйрету; ұсақ қол моторикасын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: сыналары және тесіктері бар 2 үй (бір балаға), 4 үлкен дөңгелек пен шаршы және 4 кішкентай дөңгелек пен шаршы.

Сөздік жұмыс: тегіс, сүйір.

Билингвальді компонент: үй – дом, шаршы – квадрат.

Әрекеттердің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Жағдаятты сомдау. Карлсон балаларға қонаққа ұшып келді. Ол өзімен бірге терезелерінің әйнегі жоқ ерекше үйлер ала келді.


Балалар Карлсонмен амандасады. Әйнегі жоқ үйді қарастыра бастайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

-Балалар, Карлсон үйдің терезелеріне әйнек қойып беруді сұрайды. Бізге мынандай дөңгелек таңдау керек (педагог дөңгелектерді көрсетеді).

-Ал мыналарының пішіні басқа (шаршыларды көрсетеді).

Билингвальды компонент: үй – дом, шаршы – квадрат.


Сөздік жұмыс: тегіс, сүйір.


-Мына дөңгелек терезелерді қолдарыңа алып, шеттерін саусақтарыңмен жүргізіп көріңдерші, олар тегіс, бұрыштары жоқ.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!