Материалдар / Сертификат осы тақырып жазылды. Графикалық диктанттар 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сертификат осы тақырып жазылды. Графикалық диктанттар 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
графикалық диктанттар жинағы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2018
1197
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Графикалық диктант» әдістемесі

Мақсаты: Еркіндік сферасының даму деңгейін анықтау, өзін-өзі бақылауын және қабылдауын дамыту.

Торкөзді дәптердің парақтарын дайындап, шетінен 4 торкөз қалдырып, бір-бірінен арақашықтығы 7 торкөз болатын, бірінің астынан бірі орналасқан (вертикаль бойынша) 3 нүкте белгілеп қоямыз.

Балаларға қарындаштарын алуды ұсынып, айтамыз: «Қай жаққа және қанша торкөзге сызықты жүргізу керектігін мен айтып тұрамын. Тек қана мен айтқан сызықтарды жүргізіп отырыңдар.Бір сызықты жүргізген соң, келесі сызықты қайта бағыттау керектігін айтқанша күт. Әрбір жаңа сызықты оның алдындағы сызық біткен жерден, қарындашты қағаздан алмай баста».

Бірінші тапсырма: «Қарындашты ең жоғарғы нүктеге қой. Тыңда! Сызықты сал: бір тор көз төмен. Қарындашыңды қағаздан алма. Енді бір тор көз оңға. Бір тор көз жоғары. Бір торкөз оңға. Бір торкөз төмен. Бір торкөз жоғары. Бір торкөз оңға. Бір торкөз төмен. Осындай өрнек салуды өзіңжалғастыр».

Бала түсінбесе, айтып жіберу керек, жіберген қателер болса, түзетіп жіберуге болады. Келесі өрнек салуда мұндай бақылау жасалмайды. Тапсырманы оқығанда, бала алдыңғы сызықты аяқтап үлгеретіндей, жеткілікті үзіліс жасау керек.

Өрнекті өз бетінше салуға 1,5-2 минут уақыт беріледі.

Екінші тапсырма: «Енді қарындаштарыңды келесі нүктеге қойыңдар. Тыңда! Ал баста! Бір торкөз жоғары.Бір торкөз оңға. Бір торкөз жоғары. Бір торкөз оңға. Бір торкөз төмен. Бір торкөз оңға. Бір торкөз төмен. Бір торкөз оңға. Әрі қарай осы өрнекті салуды жалғастыр».

Үшінші тапсырма: «Қарындашты соңғы нүктеге қой. Тыңда! Үш торкөз жоғары. Бір торкөз оңға. Екі торкөз төмен. Бір торкөз оңға. Екі торкөз жоғары. Бір торкөз оңға. Үш торкөз төмен. Бір торкөз оңға.Екі торкөз жоғары.Бір торкөз оңға. Екі торкөз төмен Бір торкөз оңға. Үш торкөз жоғары. Енді осы өрнекті салуды өзің жалғастыр ».

Баланың тапсырманы айту бойынша және өз бетімен қалай орындайтындығына талдау жасалынады. Бірінші көрсеткіш ешнәрсеге алаңдамай, нұсқауды мұқият тыңдай және дәл орындай алуын көрсетеді. Екіншісі – баланың өзбеттілік дәрежесін көрсетеді.

Егер бала екінші және үшінші өрнектерді ешбір қатесіз немесе өрнектердің бірінде жекелеген қателермен орындаса (жаттығу өрнегі есептелмейді) еркіндік сферасының даму деңгейі жақсы болғаны. Егер ешқандай өрнек айтылған нұсқаумен сәйкес келмесе, еріктік сфераның даму деңгейі төмен болғаны.

Бұл әдістеме 2а сыныбында жүргізілді. Қорытынды: Сынып оқушылары үлкендердің берген тапсырмаларын орындайды, берілген өрнекті дұрыс көшірді, ал тапсырма бойынша дербес әрекет етуі орташа.

Берілген кеңес: Ересектердің нұсқауларын балалардың орындай білуі, біліктілігін арттыру үшін, өзара қарым-қатынас өрісін дамыту, тиімді қарым қатынасқа машықтану, яғни байланыс құру, қосылып отыру, белсенді тыңдау, өз пікірін толыққанды білдіру, өз күшіне сенуді қалыптастыру, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру керек.

2. «Үй суреті» әдістемесі

Мақсаты: Баланың еркін зейін дамуының деңгейін анықтау және үлгі бойынша жұмыс істеуін бағалау.

Балаларға таза қағаз параға таратылады. Үлгіге мұқият қарауларын және дәл сондай суретті өз парағында айнытпай салуға тырысу керетігі сұралады. Ескерту: «Егер сен қателесіп кетсең, онда өшіргішпен өшіруге болмайды, қате суреттің үстінен немесе жанына дұрыс сурет салу керек екендігі ескертіледі».

Бала жұмысының аяқталғанын білдіргенде, оның салған суреті дұрыс шықты ма, өзіне тексеру ұсынылады. Егер ол өз суретінен қате тапса, ол оны түзей алады. Баланың суретіне қандай да бір түзетулер енгізудің және білмей қалған жерлерін есіне салудың қажеті жоқ.

Бағалау үшін мынадай көрсеткіштер қолданады.

1)      сурет көшірмесінің дәлдігі: суретте барлық бөліктері бар ма (түтін, мұржа, шарбақ, терезе, үйшіктің негізін бейнелейтін сызық және т.б);

2)      барлық суреттің немесе оның жекелеген бөліктерінің өлшемдерінің сақталуы (2 еседен артық үлкеюқате болып саналады);

3)      суреттің элементтернің дұрыс бейнеленуі (түтін сақиналары, шарбақ, шатырдағы сызықтар).

Зейінді зерттеу барысында  4 «ә» сынбында оқушылар еркін зейіні даму деңгейі орташа, тапсырманы ұқыпты орындады. Төмен деңгей көрсеткен оқушы жоқ. Нұрланов Нұрхан, Сәрсенбаев Бейбарыс, Тұрарбек Дастан бұл оқушылардың еркін зейіні даму деңгейі жақсы дамыған.

3. «Жадыны зерттеу» әдістемесі

Диогностика жүргізу жадының бірнеше түрлерінің (көру, есту, моторлық) немесе бір уақытта бірнеше түрі (аралас жады: көру-есту, есту-моторлық, көру-есту-моторлық) даму ерекшелігін айқындауға мүмкіндік береді. Оқушылардың жадысының түрлерін анықтау оқытудың әдістемесін таңдауға үлкен септігін тигізеді.

Зерттеуді жүргізу үшін 4 баған етіп жазылған жеке карточке дайындалады. Мұғалім бірінші бағандағы сөздерді 4-5 сек.кідіріспен оқып шығады (есту арқылы жадыда сақтау). Оқып болған соң 10 минут демалады. Екінші бағанды оқушы өзі іштей оқып шығады да, бағанды жауып, есте сақтаған сөздерін жазады (көру арқылы есте сақтау) 10 минуттық үзілістен кейін мұғалім үшінші бағандағы сөздерді оқиды, оқушы мұғалімнің соңынан сөздерді парақтарына жазады. 10 минуттық үзілістен кейін мұғалім төртінші бағандағы сөздерді оқиды, оқушылар карточкадағы сөздерді көзбен бақылай отырып, әр сөзді сыбырлай қайталайды. Әрі қарай есте сақтаған сөздерін жазады (көру-есту-моторлы есте сақтау).

Жадыны зерттеу әдістемесі 4 «а» сыныбында жүргізілді. Бұл сынып оқушыларынан алынған әдістеменің қорытындысы: оқушылардың көру арқылы есте сақтауы 75,5%, есту – 46,1%, іс-әрекет – 52,7%,   моторлы(көру-есту-моторлы) есте сақтау қабілеттері – 58,3%.  Берілген кеңес: Оқу материалдарын қабылдауда мүмкіндігінше көрнекіліктің көп болуы, қабылдау мен өңдеу ерекшеліктерімен танысуға мумкіндік жасау, ақпарат қабылдауға неғұрлым көп сезім органдары қатысатындай қолданылатын әдістер түрлерін қолдану керек.

Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылармен психологиялық коррекция сабақтарында түзете-дамыту жаттығуларымен бірге ойын түрлерін қолдану тиімді.

Ойлау қабілетін дамытуға арналған жаттығулар.

  1. 1. «Логикалық есеп»

Балалар есепке ауызша жауап береді

  1. Айгүлдің алдында үш зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай шетіне қалай қоюға болады?

  2. Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайтадан қойды. Үстел үстінде неше алма болды?

  3. Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді – қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да, көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай?

  4. Бөлмеде екі орындық тұр. Әр қабырғаның жанында бір-бір орындық болуы үшін сол орындықтарды қалай қоюға болады?

  5. 2. «Ойлан да аяқта»

-          ат шабады, ал қарлығаш ... (ұшады)

-          ит үреді, ал қарға ... (қарқылдайды)

-          жылан жорғалайды, ал балық ... (жүзеді)

-          қасқыр ұлиды, ал қой ... (маңырайды)

-          түйе боздайды, ал жылқы ... (кісінейді)

Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар

  1. «Көңілді шеңбер»

Балалар шеңбер жасап отырады, бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі берген кезде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балалардың бірнешеуіне әр түрлі заттарды қыстырып қояды. (Гүл, орамал, бантик, көзілдірік). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға ойыншық беруге болады.

  1. «Ине мен жіп»

Жүргізуші: Мен иен боламын, ал сендер жіпсіңдер.

Сендер менің артымнан бір-бірлеріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.

Қабылдау қабілетін дамытуға арналған жаттығулар

  1. «Гүл»

Балалар әр жерде отырады. Жүргізуші: Балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз. Күн шықты, гүлдер жайлап ашылып келеді(қолдарын созады). Кенеттен баяу жел соға бастады, гүлдер желмен жан-жаққа шайқалады (қолдарын жан-жаққа шайқайды). Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды, гүлдер тоңып, бүрісіп жабылады (қолдарын тізелерінің үстіне қойып бүрісіп отырады). Бір уақытта қайтадан кннің көзі күлімдеп шыға бастады, сол уақытта гүлдер де құлпырып, жайнап ашыла бастайды (балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады).

  1. «Ұқсас суретті тап»

Тәрбиешінің алдында қос-қостан бірнеше суреттер болады. Олар: Екі шырша, екі қайық, екі теледидар, екі тоңазытқыш, екі жапырақ,екі гүл, екі сағат т.б. Осы суреттерді бірнешеуін тақтаға іліп осыған ұқсас геометрилық пішіндерді қораптан таңдап алып салыстырып, ұқсастығын, пішінін, түр- түсін сипаттап әңгімелеп береді.

  1. «Уақытты қабылдау жаттығуы»

  1. Тәуліктің уақытын ата?

а) Таңертең деген қай уақыт? (таңертең не істейтіндерін сипаттайды)

ә) Түс деген қай уақыт? (түскі тамақ ішеміз, дем аламыз т.б)

б) Кеш деген қай уақыт? (үйге қайтамыз, үйдегі іс-әрекетті айту)

в) Түнде не істейміз? (ұйықтаймыз)

Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар

1.  «Зейінді бол»

Балалар шеңберге тұрады. Жүргізуші ойынның ережесін түсіндіреді. Мен сендерге әр түрлі қимыл қозғалыстарды көрсетемін. Сендер оны қайталап тұрасыңдар. Бірақ, мен ескерткен қозғалысты, мысалы: «қосаяқтап секіру» қозғалысын қайталауға болмайды. Кім қайталаса сол ойыннан шығады. Жүргізуші әр түрлі қозғалыстарды көрсетіп, қайталамайтын қозғалысты юірнеше рет көрсетеді. Қай бала шатасса ойыннан шығады. Ойынның жеңімпазы жүргізуші болады. Сол бала қайталанбайтын қозғалысты өзі шығарады.

2. «Құлақ - мұрын»

Балалар шеңбермен тұрады.

Жүргізуші: «құлақ»,- деп мұрнын ұстайды, «мұрын»,-деп құлақты ұстайды. Ал балалар көрсетілген мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып айтады.

3.  «Дайын бол»

Балалар шеңбермен  жүреді. Жүргізуші бір сөзді айтады, ал балалар сол сөзді іс-қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, құс – ұшады, т.с.с.

4.   «Мен жеңімпазбын»

Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар балалар санынан 1 санға кем болуы керек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, мен жеңімпазбын деп айтуы керек.

«Адам көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де мейірленеді, тезірек қолға түседі» деген екен Абай атамыз. Ойлап отырсақ, осы ойлар бала санасына, өн бойына сапалы білім мен өршіл рухты сіңіретін, әлемдік өркениет асуында, ел туын берік ұстауда мұқалмай жастарды тәрбиелейтін біздерге, ұстаздарға арнап айтқандай сезіледі.

Еліміздің бұдан былай да көрікті де, сәулетті, ауқатты да бақытты болуы жолында балаларға барлық  «жан жылуын» берген олардың санасына ізгілік нәрін сіңірген мұғалім есімі әрбір оқушының мәңгілік есінде қалатындай істер атқарайық.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!