Материалдар / Серуендегі жұмыс түрлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Серуендегі жұмыс түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиеленушілермен серуен кезінде жүргізілетін жұмыс түрлері жайлы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қазан 2020
597
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Серуендегі жұмыс түрлері

Табиғатпен байланыс, ойластырылған байқауларды, серуендерді, әңгімелерді ұйымдастыру – экологиялық тәрбиені дұрыс жолға қою мен қажетті нәтижені алудың кілті. Сондықтан тәрбиешілердің балалармен жүргізетін негізгі жұмыстары табиғат аясында өтеді ; бақшалар ауласында, қысқы бақтарға, саябақтарға және қала сыртына саяхаттар жасайды.

Табиғат аясында болғанда балалардың бойында адами тұлғаның баға жетпес қасиеті қалыптасады, ол – байқау, қадағалау. Сол себепті, біз баланың бойында біліктілік, танымдық қасиеттерін тиісті мерзімде қамтамасыз етуіміз өте қажет деп есептейміз. Жеңілден ауырға қарай іс-әрекеттерінің мәселелерін аңғартып, кез-келген құбылыстардың барлық қиындықтары мен көпқырлылығын көрсетуіміз керек.

Серуендерді өткізгенде дидактикалық, қозғалыс, танымдық, сюжеттік ойындарға аса маңызды көңіл бөлінеді.

Табиғат аясында өткізілетін сабақтар балаларға қатты ұнайды. «Жүз рет естігеннен де , бір рет көрген артық» деген сөз бар, ол тегін айтылмаса керек. Объектілерді немесе басқа да құбылыстарды байқау, тікелей қадағалау мен табиғатты аялаудың мәні зор. Көз алдарыңызға елестетіп көріңіздерші, балалардың орман ішіне серуенге шығуы, құстардың шиқылдаған дауыстары, самал желдің дауысы естіледі. Сиқырлы серуенде ойламаған жерден қиын жағдайлар болып қалады да, табиғатқа көмек көрсету керек болады. Ондайда балалар ойланбастан көмек беруге асығады.

Біздің балабақшада серуендерді өткізгенде үлкен жұмыс жүргізіледі. Серуен жүргізер алдында, алдын ала жұмысты таңдап алу қажет, серуеннің өзін, серуенде алған білімдерін бекітіп және шығармашылық шеберханада балалармен жұмысты ұйымдастыру керек. Жұмыс қарапайымнан басталып бірте-бірте күрделене түседі.

Мысалы :

  • балалардың өсімдіктерді күту дағдыларын жетілдіру ;

  • өсімдіктерді күткен жағдайда, еңбек дағдыларын дұрыс қолдану қатынасын қалыптастыру :

  • еңбек дағдыларын дербес қолдануға жағдай жасау ;

  • іс - әрекеттер, іс-тәжірибелерді өткізу.

Барлық шаралардың мағынасын түсіндіру, мысалы неге гүлдерді суару қажет, балалар осы сұраққа жауап қайтарады-өйткені су құймаса кеуіп қалады. Өсімдіктерге не қажет екенін балалар анықтай алады, қажетті барлық іс-әрекеттерді орындайды. «Дүкендегі гүл», «Бөлме гүлдерімен таныстыру» атты өткізілген сабақтар және сонымен қатар

дидактикалық ойындар мен сұрақ-жауап ойындары балалардың білімдеріне үлкен үлестерін қосты.

Өсімдіктер туралы білімдерінің қалыптасуы балалардың еңбек іс-әрекеттеріне жағымды ықпал жасайды, ал еңбек процесінде балалар пайдалы дағдыларды қабылдап алады, табиғатты сүюге және қорғауға дағдыландырады. Қандай өсімдіктер пайдалы және зиянды екені жөнінде, бақшадағы еңбек арқылы балалар таныды. Осы мезгілде мынадай дидактикалық ойындар өткізу қажет : «Бейнелеу арқылы танып ал», «Дәмі арқылы тауып ал», «Пісті-піскен жоқ», «Басы және түбі».

Балалардың жан-жануарлармен достасуы, оларды қызық, қуанышқа бөлейді, олар бұрынғыдан да қайырымды, сергек бола бастайды. Балаларға мынадай тапсырма беріледі : күзендер мен кірпілерді бақылап, олардың қылықтары, қандай тамақ жейтіні т.б. туралы әңгімелеу.

Қыс бойына балалар қанатты достарына байқау жасап, оларға жем шашып, тамақтандырып отырды. Ол үшін күзде көптеген дәндер жинайды.

Көктемде балалар құстардың келуін тамашалайды және олардың қылықтарын бақылайды, олардың ұя салуларына толық мүмкіндік жасайды. Серуенде құстардың әндерін тыңдауға, олардың сыртқы түрлеріне қызыға қарауға кеңес беріледі, содан соң, дидактикалық ойындар, жұмбақ шешу, өлеңдер оқу, үнтаспалар тыңдау жүргізіледі, видеофильмдер көрсетіледі.

Су тоғандарын ластауға болмайтындығын, онда балықтар, көлбақалар, яғни, тірі жәндіктердің өліп қалатынын айтып түсіндіріледі.

Көктемгі, жазғы,күзгі мерзімдерге құмырсқаның илеуіне байқау жасау тиімді. Әр мерзімдегі олардың төбешік үйшіктерін салыстырып түсіндіру қажет, яғни, жәндіктер орманды қорғауға көмектеседі. Сол үшін де оларды «орман тазалықшылары» деп атайды.

Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі туралы балалардың ой-өрісін кеңейту үшін, әдістеме кабинетінде табиғат туралы, жанрлары жөнінен әр-түрлі кітаптар, бейнелеу өнерінің шығармалары, табиғи материалдардың үлгілері жинақталған. Ересек адамның маусымдық еңбегімен таныстыру бойынша іс-шаралар бір мезгілде жоспарланады. Ең бастысы, балалар адамның еңбегі айналаны қоршаған табиғатпен тығыз байланысты екендігін түсінулері тиіс.

Көктемде, жазда және күзде табиғатқа саяхаттар ұйымдастырылады, онда балалар көктемнің шуақты кұндеріндегі болып жатқан тамаша құбылыстарды, яғни, қар еріп, сай-салаға құйылып жатқан суларды, жазда жайқалып пісіп тұрған жеміс-жидектерді, айналадағы көк шөптер, күзде айнала басқа түрге еніп жапырақтардың сарғайып түсе бастағанын өздері байқайды, орман ішіндегі саңырауқұлақтардың жеуге жарамды, жарамсызын қалай айыруға болатынын өз көздерімен көреді.

Қыста биік-биік қарлардың қызықтарына тоймайды, шана, шаңғы тебу оларды қайдан жалықтырсын. Бұлардың барлығы балалар әңгіме құрастырғанда ұшқыр қиялдарын дамытады, шығармашылық суреттер үшін қажетті материал болып саналады. Ой-өрісі дамиды, сөздік қоры молаюына негіз болады.

Табиғатты қорғау, оған аяушылықпен қарап, қамқорлық жасауға үйрету тәрбиесі, ата-аналардың белсенді қатусуынсыз өтуі мүмкін еиес. Көктемгі кезеңде біз ата-аналарды құстардың үйшіктерін, асханаларын жаңалауға шақырамыз. Сенбілік кезінде де балабақша учаскесінде ағаштар отырғызғанда, балалармен бірге, белсенді түрде қатысып отырады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!