Материалдар / Шешендік өнер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шешендік өнер

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Құлмағанбетова Ж.Т

Астан қаласы №»Дарын»

2 ОММЛИ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі



Шешендік өнер туралы түсінік.

Кілт сөздер: шешендік сөз, ел аузында сакталған, ауыз әдебиеті, өлең-жырлар, нұсқа, қоғамдық - әлеуметтік сипаты, көркем қара сөздер.



Шешендік сөз немесе шешендік өнер - ежелгі Грекия мен Рим заманынан бермен қарай көптеген халықтардың мәдени, рухани өмір тіршілігіндегі өнердің бір түрі. Грек шешендiк өнерiнiң игi әсерi арқасында көне Римде де бұл өнер дами бастады. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi III ғасыр Рим мен Грек елдерiнде эллиндiк дәуiр деп аталып, әдеби-мәдени құндылықтардың алмасуымен сипатталады. Бұл сипат шешендiк өнерге де тiкелей қатысты. Байырғы салалары: бейнелі сөз, шешендік сын, шешендік өсиет, шешендік нақыл, шешендік дау, шешендік толғау. Әрқайсының әсерлі өңі, сұлулығы, татымдығы, дуалылығы, зерделігі адам ой жүйесіне, жан-дүниесіне, сезіміне мықты қозғау салады, жүрек тебірентеді. Тыңдау¬шы¬ның еркі мен сезімін билейді, толғандырады.

Сұлу, өрнекті әр шешендік сөздің өзіне тән терең мағыналы және астарлы жүктемесі бар. Жүйелі, байыпты айтылса досқа пір, дұшпанға зіл, шат көңілге шабыт, қам көңілге демеу, батырға айбынды ұран болар әрі тәтті, әрі қатты, әрі майда, әрі өткір алмас тіл.

Шешендік - ұшқыр ойдың қас қағымда тілге оралымдылығы, байламы; дер кезінде дәл мағынасын дөп басар бейнелілігі; мәнді, ойлы сөздердің мәйекті мақал мен мәтелге айналуы; дау-дамайда қазылық, мәмілегерлік; ара қатыста елшілік, жаугершілікте бітімгерлік; ұрпаққа, қалың қауымға өсиет. “Алажағым кетсе де, айтажағым кетпесін” дегені – қазақтың сөзге қонақ беруі.

Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы — шешендік сөздер ақындық айтыс секілді қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін көркемдік қасиеттерін көрсететін жанр.

Шешендік дегеніміз белгілі бір уақиғаға байланысты тапқырлықпен, көркем тілмен айтылған және жұртшылық қабылдап, елге тараған белгілі, үлгілі ойлар, тұжырымдар.

Әдетте, шешендік өнер айтыс-тартыста дамиды. Сондықтан, ердің құны, елдің тағдыры талқыланатын парламент сарайлары мен сот залдары шешендік өнердің ежелгі мектебі болған. Дүние жүзіне әйгілі шешендердің көбінесе, парламенттік кайраткерлер мен заң кызметкерлерінен шығатындығы кездейсоқ емес. Мәселен, атам-заманғы Афина шешені Демосфен мен Рим шешені Цицерон әуелі адвокат, кенін парламент мүшелері, басшылары болған. Ал XIX—XX ғасырлардағы орыс шешендері А. И. Урусов пен Ф. Н. Плевако заң қызметкерлерінен шыкқан. Сол сияқты қазақ шешендері Әлібек-ұлы Төле, Келдібекұлы Қазыбек, Әйтеке би, Датұлы Сырым, Қорлыбайұлы Досбол тағы басқалар қауым ішіндегі дау-жанжалдарды реттеуден бастап, елшілік — мәмілегерлік кызметтерімен белгілі болған адамдар.

Шешендік сөз - шебер айтылған ақыл, нақыл сөздер жаратылыста, қоғам өмірінде болған өзгеріс, құбылыстарды жіті көзбен байқап, бақылап айтылған халық ойының жемісі, қорытындысы.

Шешендік сөздер ертегі - аңыздар меи халық поэзиясынан іріктеліп, сұрыпталып бөліне отырып, халықтық бірыңғай әдеби тіліміздіц калыптасуына жәрдемі тиген. Шешендік сөздердің сөйлемдік құрылысы мен сөздік құрамы, мазмүны, тұлғасы қазіргі әдеби тілімізден аса алшақ емес. Шешендік сөздер ауыз әдебиетінің басқа салаларымен косыла қазіргі колданылып жүрген сөздігіміздің негізгі коры мен ұйтқысы есепті. Демек, шешендік сөздерді зерттеп талдау, жинап — жариялау ана тіліміздің сөздік корын байытады, әдеби тілімізді дамытып, кеңейтеді; сөйлеу, жазу мәдениетімізді көтеруге пайдасы тиеді. Шешендік — тапқырлық сөздер бізге іріктеліп, сұрыпталып жеткен, тек жатталып, жазусыз сақталғандықтан сөздердің көбі ұмытылған, қайсы бірі жаңа дәуірге сай жаңа мазмүн, жарасымды түр тауып жаңарып, жаңғырып отырған. Бізге жеткен шешендік сөздердің ішінде белгілі адамдардың атынан айтылғандары көп. Бұл айтушылар қоғамдык дамудын әр түрлі сатысында өмір сүрген, әр топтан шыққан адамдар. Олар айтқан сөздерін сан құбылтып, өз көзқарасынан із қалдырған.

Бұрын «Қазақ билерінің сөздері» делініп келген мұрада екі-үш нұсқасыз шешендік сөздер кемде-кем. Бұдан шығатын қорытынды — халық ауыз әдебиетінің ертегі— аңыздары мен өлең - жырлары секілді шешендік сөздер де көп нұсқалы. Енді бір есте болатын нәрсе белгілі жүйелі сөздердің қай-қайсысы болса да байтақ қазақ елінің барлык, түкпір-түкпіріне кеңінен таралғандығы және сол өлкеде өмір сүрген әртүрлі тарихи адамның атымен, белгілі бір уақиғамен байланысты айтылатындығы.

әйгілі би-шешендер, көреген көсемдер, көріпкел-абыздар –Асан Қайғы мен Жиренше, Төле би мен Қаз дауысты Қазыбек, Алшын Әйтеке би мен Сырым Датұлы, Бөгенбай батырдың ұрпақтары Бапан мен Саққұлақ, Абылай ханның бас биі Қарауыл Қанай мен Ақтайлақ шешен, Байдалы мен Бөлтірік, Жанқұтты сынды дүлдүл ділмарлар.

Ұлы ойшыл — ақын Абайдың билік-кесімдері, 1885 жылы Қарамолада жазылған ережесі, таңғажайып тапқырлыққа толы асқан шешендігі туралы ақпарат аз емес.

Бір айта кететін жәйт, қазақтың би-шешендерінің даусы, түр-тұлғасы, өң-әлпеті, қимыл-қозғалысы, мінез-құлқы турасында жазылған ешқандай жазба деректер жоқтың қасы. Иә, ұлттық шешендік өнері өте биік дәрежеде дамығанмен, оның ғылымы кенжелеп қалғаны шындық. Шығыстың ұлы ойшылы, отырарлық Әл-Фараби, Шоқан Уәлиханов, Алексей Левшин, Адольф Янушкевич, Василий Васильевич Радлов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Әминә Мәметова, Балтабай Адамбаев тәрізді оқымыстылар шешендік өнер тақырыбын жан-жақты зерттеген.

Әдебиеттер:



Г.Қосымова. Қазақ шешендік өнерінің негіздері. Білім баспасы, 2003ж.

Тіл мәдениеті. Шешендік өнер: Оқулық / Б.Қ.Қапасова.-Алматы, 2014-224б.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!