Материалдар / Шешендікке баулу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шешендікке баулу

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Мамыр 2021
604
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады







Бекітемін:

«Алим-2» бөбекжай балабақшасының

меңгерушісі________Майлыбай Д

«_____»_______________2019 ж.









Вариативтік компонент

«Шешендікке баулу»



4-6 жастағы балаларға арналған «Шешендікке баулу» курсының күнтізбелік жоспары, бір жыл ішінде жүзеге асырылады. Оқу жоспарының вариативті бөлімінен аптасына 1 сағат, жылына 36 сағат бөлінеді

Мазмұны

1. Түсініктеме хат

2. Күнтізбелік жоспары

3. Әдебиет тізімі














































Түсінік хат

«Ел боламын десең, бесігінді түзе» дейді ұлы жазушы Мұхтар Әуезов. Ал бесіктен басталатын тәрбиенің бірден–бірі – қазақ ауыз әдебиеті. Шешендік өнер болса, ауыз әдебиетінің бір саласы. Балаларды дұрыс сөйлеуге, дұрыс ойлауға, сөздің мағынасын түсінуге тәрбиелеу- тәрбиешінің міндеті, ата – ананың парызы. «Шешендік өнер» бұл орайда көмекші құрал бола алады. Ол тәрбиешіге бағыт бағдар береді. Ал балаларды көркем және шебер сөйлеуге тәрбиелейді.

Шешендік сөздер-сонау ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан асыл мұра. Бұл көркем сөздер терең мағыналы, әр сөздің астарында тәлімді ойлар жатады. Сонысымен де тыңдаушысының нысанасына дөп тиіп, көңілге берік ұялайды. Дана халқымыз ол сөздерді өнердің падишасына балап, шешендікті терең меңгерген адамды қадір тұтып, кемеңгер сөздерді «шешендік сөздер» деп дәріптеген.

Ойшылдарға сүйене айтсақ, шешендік – кісі көркі, ақылмен билеу өнері. Тіл өнері мен сөйлеу мәдениетінің ең жоғарғы сатысы. Дидарласушымыздың жүрегі мен ақыл-ойын баурап алуға, оны не нәрсеге болса да сендіруге, иландыруға септесетін бізге берілген сый. Кез келген нақтылы зат туралы шебер сөйлеу өнері және сонысымен өзгелерді өз ойына ойыстыра білу. Біліктілік пен білімнен, қуатты түйсік пен терең сезімнен, санадағы саңлақтық пен ұшқыр қиялдан, тер төгу мен ой тербелісінен туындай келе, білгірліктен кейін тұрады. Сөз бен ойға негізделеді. Биік дүниетаныммен, ғылым-білімді терең меңгерумен, халықтың тұрмыс-тіршілігін, жөн-жосықтарын жүйрік танумен, жалпы айтқанда, адамзаттың рухани мәдениетінен мол хабардар болуымен, ой өрісінің кеңдігімен тамырлас. Демек, жас тұлғаға қажетті шешендік дегеніміз – тыңдаушылардың жан-сезім әлемін сөзінің әдемілігімен, образдардың жарқындылығымен, нақыл, ғибрат сөздердің ұшқырлығымен толқытатын, баурайтын өнер, өзгеше қабілет-қарым, тума қасиет, сондай-ақ өскен ортаның, үлгілі жандардың, ұлағатты туындылардың тағылым-тәрбиесі, өз дүниетанымының нәтижесі.

Бүгінгі қазақ елінде, туған жерімізде қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алып, ана тіліміздің коғамдық қызметі жоғарылаған кезеңде шешендік сөздің әлеуметтік мәнін ұғындыру ici және мемлекеттік тілде шешен сөйлеу мәдениеті мәселесі аса өзекті. Ал жастарды шешен сөйлеу мәдениетіне баулу ici – өз алдына мән-мағынасы зор мәселе.

Қазіргі таңда шешен, шешендік, шешендік сөз, шешендік өнер, шешендіктану, риторика, шешен сөйлеу мәдениеті дегеніміз не, шешендікке қойылатын талаптар, қағидаттар қандай, қазақ шешен-билерінің, шешендік сөздердің тағылымы неде, шешендікке баулу амалдары қандай, т.б. мәселелер турасында жан-жақты ойланып, шешендік өнер жайындағы еңбектерді електен өткізіп, шешендікке қатысты материалдарды екшей қарап, жоғары және орта мектеп (колледж, лицей, гимназия, т.б.) студент-шәкірттеріне арнайы пән ретінде оқытуды ритор-мамандарымыздың дұрыс мағынасында қолға алуы – ұрпақ алдында парыз ic.

Әлемдік шешендік өнер ілімінің тарихи теориясы мен әдістемесін таразылағанда түйгеніміз тоқсан тарау. Бірі ежелгі Римде, көне гректерде, араб, үнді, қытай жерлерінде риториканың басты пәндердің бipi ретінде жүргізілгендігі, соған сәйкес ғылыми оң көзқарастың қалыптасқандығы. Мәселен, бip ғана Римдегі шешендік өнерге арналған мемлекеттік мектептің негізін салушы Марк Фабий Квинтилианның 12 томдық «Шешендік өнер тәлімі» еңбегі неге тұрады. Сондағы басты себеп – ел көшбасшыларын, замана заңгерлерін, қоғам қайраткерлерін, жалпы жас тұлғаларды, кәсіби мамандарды сапалы даярлаудың шешен сөйлеумен тікелей байланыстылығына анық көздің жетуі.

Мақсаты:

Мектепке дейінгі білім беруде шешендікке баулу оқу қызметінің түбегейлі мақсаты-балалардың жеке басын қалыптастыра отырып, әдеби мұраларға деген талғамына тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту, ақыл-ойы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету. Балалардың ойлау,сөйлеу сөздерді дұрыс қолдану дағдысын жетілдіре түсу. Тапқырлыққа,шешендікке баулу,мейірімді болуға үйрету. Балаларға шешендік өнер туралы мағлұматтарын тереңдетіп, оның жан – жақты тарихи екенін таныту. Балалардың танымдық ой – өрісін кеңейту сөздік қорларын молайту, өзіндік пікір айта білу қабілетін дамыту. Балаларды туған елін, жерін қадірлеуге, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Міндеті:

-Балалардың тыңдау дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;

-шығармаларды оқуға деген қызығушылықтарын дамыту;

-шығарманың түпкі мазмұнын түсіне білуге үйрету;

-шығармадағы көркем бейнелердің ерекшелігін аша білу;

-ойын еркін жеткізу;

-өзіндік ой-пікірін айта білу;

- жақсы қасиеттерді бойларына сіңіруге тәрбиелеу;

-шығарманың түпкі мазмұн – мәнін түсінуін ,эмоциялық қабылдауын (кейіп-

керлердің көңіл күйіне ортақтасу,күйіну,сүйсіну т.б.)қамтамасыз ету;

-балалардың бойына ізгілік пен имандылық,адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту;

Өзектілігі:

Балаларды “Шешендік өнерге” баулудың маңызы зор. Қазақ халқы шешендік өнерді аса құрметпен бағалағандықтан, балаларды ата – баба ізімен шебер сөйлеу, тілдерін дамыта түсу, олардың үлгі - өнегесін бойларына дарыту – басты мақсат.

Балалар білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығады. Би–шешендердің сөздерін жаттап өсіп, жаңа ұғымдармен танысады. Мақалдың немесе өлең ұйқастарын таба отырып, берілген қысқаша мәтінді өз ойымен жалғастыра білуді үйренеді. Танымдық, шығармашылық қабілеттері артады.

Сондықтан да балалардың сөйлеу мәдениетін жетік меңгеріп, шебер сөйлеу дағдысын қалыптастыру мақсатында «Шешендікке баулудың» маңызы зор.

Бұл бағдарлама балалардың жас ерекшеліктеріне сай алынған.

Би шешендердің сөздерін жаттап өсіп, жаңа ұғымдармен танысады. Мақалдың немесе өлең ұйқастарын таба отырып, берілген қысқаша мәтінді өз ойымен жалғастыра білуді үйренеді. Танымдық, шығармашылық қабілеттері артады.

Күтілетін нәтиже:

-Оқушылар ертегі, әңгіме, өлең тыңдауға, шығарманың мағынасын түсінуге, кейіпкерлерді бағалауға, адамгершілік қасиеттерді сипаттауға ниеттенеді. -Өлеңдерді нақышына келтіріп, жатқа, мәнерлеп оқуға үйренеді.

- Оқуға деген қызығушылықтары артады.

- жақсы қасиеттерді үйренеді.


Шешендікке баулу 36сағат















«Шешендіке баулу» вариативтік компонентінің күнтізбелік жоспары.


Тақырыбы

Оқу қызыметінің мақсаты

Саны

1

Ана тілі.

Балаларға ана тілінің адам өміріндегі маңызын түсіндіру.Ана тілін,туған елін,туған жерін сүйуге көркемдік табиғатынаСөйлеу білу стиліне үйрету жолымен нәр беру.

1

2

Сөйлеу мәдениеті.

Баланы сөйлеу мәдениеті арқылы кішіпейілдікке,сөйлеу қарым-қатынас жасау кезіндегі ілтипаттылыққа тәрбиелеу.Сөйлеу білу стиліне үйрету жолымен мінез-құлық этикалық нормасын қалыптастыру.

2

3

Қазақтың шешен-билері.

Атақты Қазыбек би,Әйтеке би,Төле би туралы,олардың қазақ халқының тарихында алатын орнынан түсініктер беру.

1

4

Сұрақ жауап ойыны.

Балалардың ой өрісің дамытумен қтар жәй ғана сұраққа жауап қайтармай сол жауабын көркем оймен жеткізе білуге үйрету.

2

5

Жұмбақ жасыру.

Балаларды жұмбақ щещуге,жұмбақ заттың берілген белгісіне қарап айыра білуге үйрету,ойлау қабілетін дамыту.

2

6

Ұлттық ойындар.

Балаларға ұлттық ойын үйрету және ұлттық әдеп ғұрыптарды бойына сіңіру.

2

7

Жаңылтпаштар.

Балаларды әрбір сөзді жылдам,шебер айта білуге үйрету.Қиыннан қиыстырылған сөздерді жаңылмай қайталау арқылы шешендікке баулу.

2

8

Бата беру.

Балаларды ізгілікке,мейрімділікке тәрбиелеу.Бата беру немесе тілек айту арқылы шешендікке баулу.

2

9

Айтыстар.

Балаларға қазақ халқының айтыс өнері,оның түрлері туралы түсінік беру.Айтыс өнеріне баулу.

3

10

Бесік жыры.

Баланы бесікке бөлеуге байланысты туған әдеп-ғұрыптармен байланыстырып,бесік жырына байланысты өлеңдер жаттату.

2

11

Мақалдар.

Мақалдар туралы түсінік беріп,балаларды сөзден түйін түйе білетіндей етіп шешендікке баулу.

1

12

Өтірік өлеңдер.

Өтірік өлеңдерді шығару үшін қиял ғажайып нәрселерді шеберлікпен өрнектеуінен түсінік беру.

2

13

Наурыз береке бастауы.

(арнау,тілек)

Наурыз мерекесі неліктен «Ұлыс күні» деп аталуы жайында әңгімелеп,наурызға байланысты арнау,тілек жаттап айтуды үйрету.

2

14

Туған жер.

Балалардың туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін арттыру.

1

15

Ертегілер.

Ертегілер туралы түсінігін дамыту.Балалардың қияли ойларына жол ашу.

2

16

Алдар көсе.

Алдар көсенің тапқырлығы,ер көңілділігін,шешендігін балаларға үлгі ету.

2

17

Өлең ұйқастары.

Өлең ұйқастарына түсінік беру.Қара сөздердің сөйлеу құрылысынан өлең сөздердің сөйлем құрылысының айырмашылығын таныстыру.

3

18

Ой сергіту жаттығуы.

Ой сергіту жаттығуларымен балалардың ойын өсіру.

2

19

Ақылды деп кімді айтамыз?

Өлең сөздерін анық айтып,дұрыс қолдануды дамыту.

2

Барлық сағат саны

36 сағат

















Әдебиеттер тізімі:

1. Адамбаев Б. «Алтын сандық». Алматы -1989

2. А.Байтұрсынов «Шығармалары»(ІІІ бөлім, «Әдебиет танытқыш»,137-298-б.), Алматы, «Жазушы»,1989

3. «Ел аузынан: Шешендік сөздер, ақындық толғамдар, аңыз  әңгімелер».

4. Құраст.Б.Адамбаев, Т.Жарқынбеков. Алматы. «Жазушы»-1985     

5. Төреқұлұлы Н. «Қазақтың жүз би-шешені». Алматы.  «Қазақстан»- 1995

6. М.Әуезов «Әдебиет тарихы» Алматы. «Ана тілі»-1991

7. Қазақ мақал-мәтелдері. Алматы, «Ана тілі»- 1993

8. А.Сейдімбек «Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау» Оқу құралыАлматы, «Санат»-1997

9. Г.Қосымова «Қазақ эпосындағы тұрақты сөз тіркестері» Көмекші құрал Алматы, «Рауан»-1997

10. «Алаштың ардағы» Е.Тілешов.Г.Әріпбекова. «Зерде»2008ж.Астана.

11. «Жыл он екі» журналы №4 2010ж,№1 2009ж.

12. «777 жұмбақ»Әли Ысқабай.  «Ана тілі»2004ж. Алматы.

13. «Ұлттық дүниетаным» Аюбай Құралұлы «Өнер»2002ж. Алматы.

14. «Қазақтың мақал-мәтелдері» Аян Нысаналин. 15. «Қазақпарат»2004ж.Алматы.

16. «Жаттамақ» Ермек Өтетілеуов. «Балауса»1994ж. Алматы.

17. «Балдырған» журналы №7 2008,№82008,№12 2008ж.

18. Шканова Б. «Шешендік өнер негіздері» . Орал,1999.

19. М.Балақаев «Тіл мәдениетіжәне қазақ тілін оқыту»  Алматы,1989

20. Жұмалиев Қ. «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі Алматы,1960»

21. Р.Сыздықова «Сөздер сөйлейді», Алматы, 1994.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!