Материалдар / Шет тілін оқыту кезінде коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру бойынша әдіс-тәсілдерді бағыттау жобасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Шет тілін оқыту кезінде коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру бойынша әдіс-тәсілдерді бағыттау жобасы

Материал туралы қысқаша түсінік
әдіс тәсілдерді тиімді сабақта пайдаланудың жолдары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2021
321
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады















« Шет тілін оқыту кезінде коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру бойыншы әдістемелік бағыттау жобасы»















Жоба жетекшісі; Мекебекова А.Т



































Мақала шет тілін оқытудағы «бағыт», «әдіс» ұғымдарына, қандай бағыт-әдістер бар екеніне, соның ішіндегі қатысымдық немесе коммуникативтік бағытқа арналған.

Білім берудегі бағыт терминін ғылыми ортаға ағылшын әдіскері А. Энтони (1963 ж.) зерттеушінің тіл табиғаты мен оны меңгеру тәсілдеріне қатысты қолданатын бастапқы ережелерді білдіру үшін енгізген болатын. Тілді оқыту жүйесінің бөлшегі бола тұра, бағыт оқыту пәніне қатысты бар ой-пікірлер мен оқыту барысында тілді меңгеру мүмкіндіктерін сипаттап, оқытудың жалпы әдіснамалық негізі ретінде қызмет атқарады. Әдіскерлердің ойынша, оқытудағы бағыт оқытылуы тиіс пәннің мәніне деген көзқарас болып табылады (Вятютнев, 1984), ілімнің нақты саласында зерттеудің жалпы әдіснамалық негізі ретінде қолданылады (Бим, 1988), белгілі бір құбылысты зерттеуге бағытталған зерттеушінің әрекетін анықтайды (Скалкин, 1981).

Тілді оқыту әдістемесінде оқыту бағытының бірыңғай топтастырылуы жоқ, осылайша, М. В. Ляховицкий (1981) тілді меңгеру психологиясы тұрғысынан анықталатын төрт жалпы бағытты атайды:

  1. бихевиористік – көрсетілетін ынталылықтарға жауап ретінде сөйлеу дағдылы әрекеттерінің пайда болу жолымен тілді меңгеру;

  2. индуктивті - саналы - тілдік ережелер мен оларды сөйлеуде қолдану тәсілдерін меңгеруге алып келетін сөйлеу үлгілерін бақылау нәтижесінде тілді меңгеру;

  3. танымдық (когнитивті) – ережелер мен нұсқаулықтар күйіндегі білімнен меңгерілген білім негізіндегі сөйлеу дағдылары мен ептілікке дейін деген реттілікте тілді саналы түрде меңгеру;

  4. интеграцияланған – білім және сөйлеу дағдылары мен ептіліктерінің параллельді меңгерілуінен көрініс табатын оқыту үдерісінде саналы және саналы емес бөлшектердің сабақ барысындағы органикалық бірігуі.

Лингвистикалық және басқа да көптеген факторларды ескеру негізінде М.Н.Вятютнев бағыттарды классификациялауға тырысты. Ол қазіргі заманғы оқыту әдістерін топтастыру үшін алты бағытты қолданып, келесідегідей бөліп көрсетті: грамматикалық, тікелей, бихевиористік, оқылым, ұжымдық, коммуникативті – жеке тұлғалық.



Егер тілді оқытудағы барлық бағыттарды сараласа, оларды бөлуге не оқыту нысанасы (тіл, сөйлеу, сөйлеу әрекеті), не оқыту тәсілі (тікелей, саналы, әрекеттік) негіздеме болып табылатынын аңғару қиын емес.

Енді бағыт сөзіне жақын болып келетін əдіс сөзіне келер болсақ, жалпы мағынада «әдіс» ұғымы (грек. пр – зерттеу немесе таным жолы) – мақсатқа жету тәсілі. Әдістеменің іргелі категориясы бола тұра, оқыту әдістері оқыту жүйесінің бөлшегі болып табылады. Сәйкес оқыту әдістерінсіз оқыту мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру мүмкін емес.

Бұл ұғым қазіргі заманғы ғылымда үш түрлі мағынада қолданылады: жалпы методологиялық (әдіс таным құралы, ақиқатты, табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеу тәсілі ретінде), жалпы дидактикалық (білім беру мазмұнын игеруді қамтамасыз ететін оқытушы мен оқушының өзара байланысты іс-қимылдар жүйесі ретінде) және жеке дидактикалық (әдіс оқытушының оқу әрекетінің стратегиясын анықтайтын, оқытудағы бағыт ретінде).

Жеке дидактикалық əдістер

Айтарлықтай әмбебап және түрлі пәндерді оқытуда қолданылатын жалпы дидактикалық әдістерден айырмашылығы – жеке дидактикалық әдістер тобы нақты оқу пәні немесе пәндер тобының өзгешелігін бейнелейді.

Шет тілдерін оқыту әдістемесінде тарихи түрде әдістің жеке дидактикалық ұғым ретінде екіжақты анықтамасы қалыптасты: а) әдіс оқытудағы бағыт ретінде (терминнің кең мағынада түсіндірілуі) және б) әдіс тілдің белгілі бір жағын оқыту тәсілі ретінде (терминнің тар мағынада түсіндірілуі). Бір ұғымның бұлайша екіжақты түсіндірілуі сәтті деп айтуға болмайды: ол, көп жағдайда, бір терминнің басқасымен алмастырылуына алып келеді және де жалпы дидактикалық пен жеке дидактикалық әдістердің қазіргі дидактикада белгіленген жіктелу тұрғысынан негізделмеген. Оның орнына тілді оқыту әдістемесінде терминнің кең мағынасындағы түсіндірілуін бекіткен жөн, яғни оқыту әдісі – оқытудағы тілді оқыту мақсаттарын, міндеттері мен мазмұнын жүзеге асыратын және оларға жету жолдары мен тәсілдерін анықтайтын бағыт.




Шет тілдерін оқытудағы әдіс-бағыттар

Тікелей

Саналы

Құрама

Интенсивті

Табиғи

Тікелей

Аудиовизуалды

Аудиолингвалды

Әскерлік

Ауызша

«Гувернантка әдісі»

Грамматикалық-аударма

Саналы-практикалық Саналы-салғастырмалы

Оқылым

Коммуникативті

Тандем-әдіс

Суггестопедиялық

Эмоционалды-мағыналық

Активтендірушіліктер

Гипнопедия

Ритмопедия

«Экспресс-әдіс»

«Интелл-әдіс»



Шет тілдерін оқыту тарихынан тілді оқытудағы қоғамның қажетсінулеріне жауап ретінде пайда болған және қоғамның түрлі даму сатыларындағы ғылым мен техниканың даму деңгейін бейнелеген бірнеше ондаған әдістер мәлім. Осылайша, тілдің практикалық меңгеруіне деген қажетсіну тікелей әдістердің тууына, ал қоғамның қысқа уақытта тілді үйренуге деген Коммуникативті әдіс шет тілін оқытудағы ең белсенді әдіс.

ішінде жетекші орын алады. Ағылшын тілі үшін әдістің өзге атаулары тыңдалым) бір мезгілде дамытуға бағытталған. Студентті басқа тілде сөйлесуге үйрету – оқытушының басты міндеті. Шет тіліндегі лексика, грамматикалық құрылымдар, сөз тіркестері студентке оқып жатқан материалдың тез және берік бекінуіне септігін тигізетін шынайы эмоционалды жағдай контексінде



әдістемелерінің ішінде жетекші орын алады. Ағылшын тілі үшін әдістің өзге атаулары тыңдалым) бір мезгілде дамытуға бағытталған. Студентті басқа тілде сөйлесуге үйрету – оқытушының басты міндеті. Шет тіліндегі

лексика, грамматикалық құрылымдар, сөз тіркестері студентке оқып жатқан материалдың тез және берік бекінуіне септігін тигізетін шынайы эмоционалды жағдай контексінде



талабы интенсивті әдістердің дамуына алып келді. Заманауи технологиялардың дамуы аудио- мен видеобаспалардың, компьютерлердің оқу үрдісіне енгізуіне және қашықтан оқуды тілді меңгерудегі перспективалық форма ретінде рәсімдеуге септігін тигізді.

Жаңа оқыту әдістерінің пайда болуымен қатар ең ұтымды да әмбебап оқыту әдісінің жасалуы жайлы жиі хабарланып жатты. Мұндай жағдай 1950 жылдары аудиовизуалды әдіске қатысты орын алды, ол әдіс – аз уақыт ішінде қатынастың ауызша формасын меңгеруде ең жақсысы болып жарияланды. Ұқсас жағдай кейбір интенсивті әдістер пайда болғанда туындады. Дегенмен, әдістеме саласындағы зерттеу мен жұмыс тәжірибесі өмірдің барлық жағдайына жарайтын әмбебап әдістеменің жасалуы жүзеге асуы қиын міндет екендігіне көзімізді жеткізеді, ал әдістің ұтымдылығы оқытудың нақты шарттары мен мақсаттарымен анықталады [1].

Коммуникативті бағыт тіл теориясының деңгейінде бай әрі еклектикалық болып есептелінеді, себебі ол өзінің келесі басты белгілерін қорғайды (Ричардс пен Роджерс, 1986):

  1. Тіл – мағынаны жеткізудегі жүйе.

  2. Тілдің бастапқы функциясы өзара әрекет пен қатынас үшін.

  3. Тілдің құрылымы оның функционалды және коммуникативті қолданысын бейнелейді.

  4. Тілдің бастапқы тараулары тек оның грамматикалық және құрылымдық белгілері емес, әңгімеде мысал ретінде келтіргендегідей функционалды және коммуникативті мағынаның категориясы болып табылады.

Коммуникативті бағыттағы белсенділіктер мен әдістер.

Коммуникативті бағыт сыныптағы өзара әрекетті жақсартатын жол және тілдің коммуникативті қолданысы ретінде таңдалған материалдардың алуын түрін пайдаланады. Осы материалдарға негізделген кейбір критериялар мен олардан алынған кей әрекеттер мен әдістер (Джонсон 1982 және Ларсен-Фриман 1986) келесідегідей:

Тасымалдың ақпараттық ұстанымы, бір тілдік ортадан екіншісіне тілдік тасымалдар жасауды тудыру және түсіну қабілетіне қатысты. Ақпараттық тасымалға негізделген әрекеттер келесідегідей болу мүмкін: тыңдап отырып түсінгеннен біраз мақсаттық мақалалар жазу, диаграммалардан сөйлем жазып алу, кейбір суреттер жайында өз пікірін ұсыну...

ақпараттық бос кеңістік ұстанымы қатынас кезіндегі адамдардың арасындағы ақпараттың түрлі деңгейлерін ескереді, ол біраз жақсы жаттығулар жасауға мүмкіндік береді: студенттерде ақпараттың түрлі бөлшектері бар және оларды сұрақтар мен жауаптар арқылы алмасу, студенттердің сөйлеп жатқанда ұйқасатын түрлі жауаптарды таңдауына болады Коммуникативті әдіс жанды ерікті қатынас үдерісінде негізгі тілдік дағдыларды (жазбаша және ауызша сөйлеу, грамматика, оқылым мен тыңдалым) бір мезгілде дамытуға бағытталған. Студентті басқа тілде сөйлесуге үйрету – оқытушының басты міндеті. Шет тіліндегі лексика, грамматикалық құрылымдар, сөз тіркестері студентке оқып жатқан материалдың тез және берік бекінуіне септігін тигізетін шынайы эмоционалды жағдай контексінде ұсынылады.

талабы интенсивті әдістердің дамуына алып келді. Заманауи технологиялардың дамуы аудио- мен видеобаспалардың, компьютерлердің оқу үрдісіне енгізуіне және қашықтан оқуды тілді меңгерудегі перспективалық форма ретінде рәсімдеуге септігін тигізді.

Жаңа оқыту әдістерінің пайда болуымен қатар ең ұтымды да әмбебап оқыту әдісінің жасалуы жайлы жиі хабарланып жатты. Мұндай жағдай 1950 жылдары.

Тіл үйретудегі қатысымдық (коммуникативтік) бағытты ұсынған әдіскерлер Е.И.Пассов, А. А. Леонтьев, В. Г. Костомаров, А. Н. Щукин, М.Н. Вятютнев, Г.А.Китайгородская, Г. В. Рогова, И. Зимняя, В. А. Скалкин, Б. А. Лапидус, Н.

И. Гез, Э.П.Щубин, И. Л. Бим, т.б. бұл әдістің ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыдан ең тиімді екендігін дәлелдеп отыр.

И.Л. Бимнің пайымдауынша: «Шет тілдерді оқытудың коммуникативті әдісі іс жүзінде тіл үйретудің жалпы коммуникативті бағдары соңғы нәтижеге, яғни шет тілді қатынас құралы, халықтар арасындағы өзара түсіністік орнату құралы ретінде пайдалана алуға дайын, жанжақты дамыған, білімді тұлға қалыптастыруға бағытталуы керек». Сол себепті қатысымдық бағытта оқыту тіл үйренуші жеке тұлғаның әр түрлі сөйлеу жағдаяттарында қарым-қатынасқа түсуін, яғни қатысымдық. Қазіргі заманда жалғыз ұтымды әдістеме ретінде коммуникативтік әдіс қолданылып жүр дегеннен гөрі, әрбір оқытушы өзіне тиесілі әдіспен коммуникативтік бөлшектерді енгізе отырып, практикалық әдістемені қолданып жүр деген дұрыс. Яғни, жоғарыда айтылып кеткен Л.Н. Толстойдың сөзімен еріксіз келісеміз. Сондықтан бір әдістемемен шектелмей, білім отыруға болмайтыны бәрімізге мәлім. Себебі синонимдер әрбір тілдің сөздік құрамының дамуы мен өсуіндегі ең маңызды әрі ең күрделі құбылыстардың бірі болып есептеледі. Бұл мәселені дұрыс жолға қойып, жақсы нәтижеге жету арқылы сөздік құрам шеңберіндегі тіл дамуының ішкі заңдылықтарын айқындауға болады. Сонымен қатар ешбір дау-дамайы жоқ. Сондықтан ендігі кезекте алға қойылатын міндет – коммуникативтік әдістің барлық деңгейлерде дамуына үлес қосып, оқытушылардың осы бағыттағы әдістемелік шеберлігін шыңдатып, нақты нәтижелерге қол жеткізу.









































Пайдаланған әдебиеттер тізімі





  1. Щукин А. Н. «Обучение иностранным языкам: теория и

практика». – М.: Филоматис, 2006. – 480 с.

  1. Хэгболдт П. Изучение иностранных языков. Некоторые размышления из опыта преподавания, - М. 1963.

  2. Толстой Л. Н. Педагогические сочинения. М. 1989.

  3. http://www.langust.ru/method.shtml#basic

  4. Fernando Cerezal Sierra “Foreign language teaching methods: some issues and newmoves” http://dspace.uah.es/jspui/bitstream/0017/895/1/Foreign%20Language%20

  5. «Білім» журналы, № 2(38), - А., 2008., 86 – бет



7. «Білім» журналы, № 4(40), - А.,2008. 13-16 беттер.

2000242-261 pp.

8. В статье рассказывается о методиках преподавания иностранного языка, а также

коммуникативном подходе и его особенностях.

The article deals with foreign language teaching methods, also communicative approach and its

characteristics.



































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!