Материалдар / Шет тілін оқытуда қолданылатын иновациялық технологиялар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шет тілін оқытуда қолданылатын иновациялық технологиялар

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі өзектімәселелердің қатарынан орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты субьектінің мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру десек, онда сол шетел тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану шетел тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қырқүйек 2024
122
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шет тілін оқытуда қолданылатын иновациялық технологиялар

Аннотация. Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі өзектімәселелердің қатарынан орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты субьектінің мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру десек, онда сол шетел тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану шетел тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ.

Негізгі сөздер. Жаңа ақпараттық технологиялар, инновация, ақпараттық каталогтар.

Адамзаттың болашағы оның қазіргі таңда алған білімнің сапасына, көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты екені айқын. Сондықтан еліміздегі білім беруді дамытудың қазіргі заманғы кезеңін оқытудың дәстүрлі түрінен инновациялық әдістерге ауыстырып жатырмыз. «Білім беру» мемлекеттік бағдарламасында білім беруді жетілдіру мен оқыту процесіне жаңа технологияларын енгізу мәселесі қарастырылған.

Шетел тілін жаңаша оқыту соңғы жылдары жоғары қарқынға ие болды. Ұстаздардардың сабақты жобалаудағы жауапкершілігі студенттердің шетел тілінде нәтижелі тілдік қарым-қатынас жасауына мүмкіншіліктер туғызады.Олар аз уақытта жаңа технология жәрдемінде үлкен жетістіктерге жете алады.Оқудың дәстүрлі үрдісіне инновациялық технологияны ендіру, оқытушылар мен студенттерге дәстүрлі формаларды және әдістерді жетілдіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар жаңаларды да, атап айтқанда: тренингтер, дөңгелек үстелдер,пресс-конференциялар және тағы басқалар. Оқытушылардың біліктілігі олардың педогогикалық қарым- қатынаста жағдай жасауда көрінеді, онда оқытушылар да, студенттер де таңдау және бақлау мүмкіншілігіне ие болады. Инновация дегеніміз тек ғана жаңалық енгізу емес, сонымен қатар жаңаны дәстүрлі оқу- тәрбие үрдісіне қолдана білу.Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі өзекті мәселелердің қатарынан орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты субьектінің мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру десек, онда сол шетел тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану шетел тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ. Қазіргі қоғамдағы ақпараттандыру мен компьютерлеу, оқу процесінде техникалық құралдардың дами түсуі және жаңа білім беру жолдарын қолдану бүгінгі күнде өте маңызды болып отыр.

Сонымен бірге, студенттер шетел тілін жетік білетін, өзінің тіл біліктілігін жоғары деңгейде көрсете алатын, болатын қиындықтарды сыни тұрғыдан шеше алатын, коммуникативті қабілеті дамыған болу керек. Ал сол талаптарды жүзеге асыруға инновациялық технологияларды тіл үйретуде қолдану мүмкіндік береді.Инновациялық технологиялар білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі жолы болып саналады. Шетел тілін үйретуде инновациялық технологияларды пайдаланатын болсақ студенттерді қазіргі заман талаптарына дайындауға болар еді. Өмірде болып жатқан өзгерістер, айта кетер болсақ, соңғы жылдардағы ғылым мен техниканың өзара тығыз байланысты дамуының нәтижесі және жаһандану ер азаматтың осындай қарқынды өзгерістерге дайын болуын және тез бейімделе алуын талап етеді. Қазіргі заман талабы тұрғысында студенттер жаңаша білім алуға құмар. Ендеше, студенттерге инновациялық технологияларын қолдана отырып білім алуға бейімділігін көрсетеді.

Қазіргі кездегі шет тілін үйрету мақсатына жаңаша түсінікпен қарасақ, оны дамытудың басты стратегиялық бағдары өмірге жауапкершілікпен қарайтын, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, шығармашылық ойлауға дағдыланған, іскерлік қабілеттілігі биік, гуманистік ойлауы басым, инновациялық ілімімен қаруланған адамгершілік қасиеттері мол білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру болып табылады.Студенттердің шетел тілін үйренуге деген ынтасын арттыру олардың төмендегі шараларға қатысуы негізінде жасалынады: диспуттар, байқаулар, олимпиядалар және т. б.

Сөз арқауы компьютерлік технологияны пайдалана отырып, шетел тілі сабағында интернет жүйесін қолдану мәселесі болмақ. Жаһанданған интернет. жүйесін қолдану негізінде, тіл үйренушілердің сөз әрекетінің төрт түрінде де біліктілігін қалыптастыруға болады, жүйе материалдарын қолдану арқылы олардың оқу, жазу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға, сөздік қорын байытуға мүмкіндік туады.

Технология нәтиженің тұрақтылығына негізделген. Оқудың жағдайы мен түрлі факторларына қарамайды. Жеке іскерлік тұрғысынан педагогикалық технология жоғары нәтижеге жету үшін оқу процесіне эмперикалық инновацияны пайдалану арқылы ғылымды игеруге дидактикалық білімнің қасиетін нақтылау. Ол үшін оқудың мазмұнын, әдісін, оқу процесін ұйымдастыру формасын, оқу құралын жетілдіру қажет.Интернет жүйесін пайдалана отырып, шет тілін үйренуші елдің өкілдерімен байланысқа түсе алады.«Интернет» деген термин ағылшынның «international net» деген сөзінен, аудармасында «халықаралық байланыс» деген ұғымды береді. Интернет жүйесі арқылы тіл үйренуші тіл өкілімен тура, тікелей байланысқа түсе алады, шетел тілі сабағында Интернетке қосылу арқылы шынайы қарым-қатынас үлгісін жасауға болады. Табиғи тілдік,ортада тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана отырып, тіл үйренушілер айтылымдарға спонтанды түрде, түрлі тілдік формулаларды қолдана отырып, жылдам жауап беруге дағдыланады.

Интернет жуйесінің келесі ақпараттық қоры мен ресурстарын шетел тілі сабағында пайдалану бірден-бір тиімді болмақ:



электрондық пошта (e-mail), телеконфереция, видеоконференция;

жеке ақпараттарды жарыққа шығару мүмкіндігі немесе басқаша айтқанда Web

серверге жеке шығару; ақпараттық каталогтар (Yahoo, InfoSeek/ UltraSmart, Galaxy) іздеу жүйесі (Altta, Vista, HotBob, Open Text), жуйе ішіндегі әңгіме (Chat).

Шетел тілі сабағында компьютермен жұмыс жасай отырып, студенттер психологиялық тұрғыдан да жеңілдіктерге ие болады. Атап айтқанда, студенттердің жасаған әрбір жұмысына берілетін бағаның, олардың жасаған қатесін қайталаулар негізінде көрсете отырып, яғни жұмыс нәтижесін мақұлдап немесе белгілі бір дәрежеде қоштамай, өз пікірін білдіріп отыратын оқытушының тікелей қатыспауы, студенттерге өз бетінше жұмыс жасап, өзіне сенімділік болуын қамтамасыз етеді.

Қорыта айтқанда, инновациялық технологияларды сабақта қолдану – бұл оның нәтижелігіне қолайлы жағдайды жасаудың бірден – бір жолы, ал ол өз кезегінде бірлесе жұмыс жасауға, адами қарым – қатынастарға себепкер болады. Оқытуға жаңашыл көзқарасты қолдану, тәжірибеге бағытталған оқытудың үлкен жетістігі болып табылады , сондай- ақ оның сапасы алынған білімнің нақты жағдайда мақсатқа жетумен қатар өмірдің сапасын көтеруде үлкен сұранысты қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.



Пайдаланылған әдебиеттер

1.Жолдасова Б.Б. «Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану»

2.Искакова П.К. «Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру».

3.Щукин А.Н. «Современные интенсивные методы и технологии обучения иностранным языкам».

4.Аринова Г.К. Жаңа мазмұнды білім беру жүйесіндегі педагогикалық технологиялардың алатын орны.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!