Материалдар / Шет тілін оқытудың жаңа технологиялары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шет тілін оқытудың жаңа технологиялары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала шет тілін оқытудағы жаңа технологияларды қолдану тақырыбында жазылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қырқүйек 2024
145
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ


Айдаралиева Жанар Киікбайқызы

«№2 мектеп-гимназия» КММ

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы


Аннотация: Қазақстан Республикасыың «Білім туралы» Заңында білі беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі- оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру деп көрсетілген. Жаңа технологияларды пайдалану қазіргі кезде білімді жетілдірудің инновациялық түрі болып табылады.

Мақала оқыту процесіндегі ойын технологияларына және оларды шетел тілі сабақтарында қолдануға арналады. Шетел тілін үйретудегі оқытудың ойын формаларының функциясы мен құндылығы туралы айтылады.

Ойынмен оқыту тәсілі, әлеуметтік тәжірибені беру ретінде ежелгі дәуірден қолданылады. Қазіргі мектептерде ойын әрекетін педагогтар қолданады:

оқу пәнінің ұғымын, тақырыбын, тіпті бөлімін баланың өзі меңгеру технологиясы ретінде;

жалпы технологияның бір элементі ретінде;

сабақ немесе оның бөлімі (кіріспе, бақылау) ретінде;

кластан тыс жұмыс технологиясы ретінде.

Г.К. Селевко ойын технологиясының мынадай анықтамасын береді:

«бұл мінез-құлықты басқару қалыптасатын және жетілетін қоғамдық тәжірибені жасауға, меңгеруге бағытталған жағдайдағы әрекет түрі» [2, б. 69-77].

«Педагогикалық ойын технологиясы» ұғымы түрлі педагогикалық ойындар формасында педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің кең тобынан тұрады. Жалпы ойын түсінігінен айырмашылығы педагогикалық ойын – оқытудың нақты қойылған мақсаты және соған сәйкес негізделген, бөлінген және оқу-тануға бағытталған педагогикалық нәтижесі бар. [2, б. 69-77].

Оқу үдерісіндегі ойын технологиясының орны мен рөлі, ойын мен оқу элементтерінің үйлесімі көбіне мұғалімнің педагогикалық ойындарды түсінуіне байланысты.

Оларды келесі түрлерге бөлуге болады:

1. Көңіл көтеретін: стратегиялық тұрғыдан ойнау арқылы дамуға қарай бағытталған бала ойындарының ұйымдасқан мәдени кеңістігі;

2. Коммуникациялық: баланың күрделі адами қатынастар әлеміне кіруіне мүмкіндік беретін коммуникациялық әрекет.

3. Баланың ойында өзін жүзеге асыруы: ойын бір жағынан, баланың тәжірибесінде нақты өмірлік қиындықтарды жеңу жобасын құру тексеруге, екінші жағынан тәжірибенің жетпей тұстарын байқауға мүмкіндік береді.

4. Терапевттік: ойын араласу немесе оқу барысында оқушыда пайда болатын түрлі қиындықтарды жеңу құралы ретінде қолданылады.

5. Диагностикалық: ойын мұғалімге оқушының түрлі қасиеттерін (ақыл-ой, шығармашылық, эмоциялық және т.б.) байқауға мүмкіндік береді.

6. Түзету: ойында оқушының тұлғалық құрылымына өзгеріс енгізу табиғи өтеді.

7.Ұлтаралық коммуникация: ойын оқушыға жалпы адамзаттық құндылықтарды, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін меңгеруге көмектеседі.

8. Әлеуметтену: ойын оқушының қоғамдық қатынастар жүйесіне енудің ең жақсы жолы.

Ойынның педагогикалық құндылығы ол күшті мотиватор, себебі оқушы өзінің жеке ұстанымдары мен мотивтеріне сүйенеді.

Ойын технологиялары оқу әрекетінің түрлі мотивтерін белсенді етуге көмектеседі. Оның ішінде:

қатынас мотивтері;

моралдық мотивтер;

танымдық мотивтер.

Ойын әрекетінің мотивациялау оның еркіндігімен, таңдау мүмкіндігімен, жарысу элементтерімен, қажеттілікті өтеу, өзін өзі жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етіледі.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ


Шетел тілдерін оқытудың қазіргі әдістемесінің басты проблемаларының бірі ойын технологиясы көмегімен түрлі жастағы оқушыларды оқытуды ұйымдастыру болып табылады. Бұл проблеманың өзектілігі бірқатар факторларға байланысты. Біріншіден, оқу процесінің қарқындылығы оқушылардың сабақ барысында үйретіліп жатқан материалға қызығушылығын ұстап тұру және олардың әрекетін белсендіру міндеті тұр. Бұл міндетті шешудің тиімді тәсілі оқыту ойындары болып табылады. Екіншіден, шетел тілін оқытудың маңызды проблемаларының бірі ауызекі сөйлеуге үйрету болып табылады. Ауызекі сөйлеу оқу процесін шынайы оқу талабына жақындатады, тілдің коммуникациялық функциясының ашылуына көмектеседі. Оқушыларды ауызша сөйлесуге тарту ойын әрекетінде жақсы іске асады.

Шетел тілі сабақтарында қолданылатын ойындарды екі түрге жіктейміз:

1.Дидактикалық ойындар. Оларға оқушыларды сөйлеу дағдысын қалыптастыруға көмектесетін грамматикалық, лексикалық, фонетикалық және орфографиялық ойындар жатады. Жалпы ойындардан басты айырмашылығы- оқытудың нақты қойылған мақсаты бар, соған сәйкес негізделген, бөлінген және оқу-тануға бағытталған нәтижесі бар. Дидактикалық ойында және сол арқылы ойыншылар бірдеңені үйренуі керек. Дидактикалық ойындарға келесілер тән:

-белгілі оқу мақсатымен байланыс;

-қайталау, кез келген уақытта тоқтату немесе қайтадан бастау мүмкіндігі;

-ашықтық, яғни ойынның соңы дәл анықталмаған;

-ойыншылар өзгерте алатын ережелерге бағыну;

-қатысудан рахаттану, ойыншы үшін «салдардың» болмауы (бұл әрекетті қандай түрде болса да бағалауға негіз жоқ).

Дидактикалық ойындардың жаттығулар мен тапсырмалардан басты ерекшелігі:

Біріншіден, ойында мінез-құлықтың берілген схемасы жоқ, қатысушы сөйлеу өзара әрекетінің мүмкін нұсқасын өзі таңдайды, оның іске асқанын өзі бағалайды. Ойынның мазмұны мен формасын жалғыз шектеуші – оқу материалы (сабақтың тақырыбы, жоспарланған нәтижелер).

Екіншіден, ойын, әдеттегідей жарыс түрінде өтеді. Оқушы ойынға серіктестерімен өзара араласу арқылы өз күшін басқалармен салыстырып қоймайды. Сонымен қатар өз мүмкіндігін шынайы бағалауға бағалай алады.

Үшіншіден, ойында оқушылар тұлғааралық, топтық қатынас жасауды, шиеленісті жағдайларды шешудің оңтайлы құралдарын (тілдік, тілдік емес) таңдауды үйренеді. Ойында өз әрекеттерін өзге ойыншылардың әрекеттерімен келістіру, яғни бірге жұмыс істеу қабілеттері қалыптасады.

Шетел тілі сабақтарында қолданылатын дидактикалық ойындарды G.Heyd екі үлкен топқа бөледі: 1) «тілдік материалмен ойындар» және 2) «тілдегі ойындар» [2. б.69-77]. Алғашқысы тілдік материалды жүйелеуге бағытталған сабақтарға сәйкес келеді. Көп көңіл грамматикалық сауаттылыққа бөлінеді. Сондықтан мұндай ойындар бастапқы кезеңде және дамыған деңгейде жеке құрылымдарды дағдыландыру үшін керек болады. Тілдік материалдармен ойынды толықтай бағдарлауға , яғни бақылауға болады. Вагнер мұндай ойындарды «ауысқан жаттығулар» деп атайды, себебі оның ойындық сипаты жоқ, бірақ жарысу элементі болғандықтан ойынға айналған.

Тілдік материалмен ойындар оқу мақсаты үшін енгізілген, себебі құрылымдар мен грамматикалық ережелерді бекіту үшін, белгілі сөйлеу дағдысын автоматтандыру үшін қызмет етеді. Ойын мақсаты мен барысын алдын ала жоспарлап, түсіндіруге болады. Мұндай ойындар өзге тілдегі материалды оңай ойын схемасында жүйелеуге көмектеседі: бинго-лото, жұптасып ойнау, үстел ойындар, кроссвордтар және т.б. Бұл ойындар көбінесе сауатты жазуға дағдылану және лексиканы жүйелеуге қажет.

Шығармашылық, рөлдік ойындар шетел тілін үйрену тәсілдерінің бірі. Рөлдік ойындар, симуляция, драма мен ойындар көбіне өзара қолданыла береді, алайда түрлі мағынаға ие. Рөлдік ойындар мен симуляцияның арасындағы айырмашылық студенттердің атқаратын рөлдің шынайылығында. Симуляцияда студенттер өздерінің шынайы өмірін ойнайды, яғни сатып алушының рөлі, көліктегі рөлі. Ал рөлдік ойында студенттер шынайы өмірде ойнамайтын рөлдерін ойнайды. Мысалы: премьер-министр, рок жұлдыз. Рөлдік ойынды симуляцияның бір элементі, бөлшегі деп қарастыруға болады. Осылай рөлдік ойында қатысушылар сценарийде көрсетілген рөлдерге тағайындалады. Симуляцияда назар бір рөлдің басқа рөлдермен өзара әрекетіне аударылады. Қалай болғанда да рөлдік ойындар оқушыларды басқа әлеуметтік және мәдени контекстегі әлеуметтік өзара әрекетке дайындайды.

Осылай рөлдік ойын алуан түрлі және қиялға ерік беретін оқытудың ең икемді әрекеті болып табылады. Рөлдік ойындарда түрлі коммуникациялық тәсілдер қолданылады, сол арқылы тілді еркін меңгеру, кластағы өзара әрекет дамиды, мотивация жоғарылайды. Рөлдік ойындар оқушылардың сөйлеу дағдыларын жақсартады, себебі рөлдік ойында бар оқу уақыты сөйлеу тәжірибесіне арналған, бұл жерде сөйлеуші ғана емес, тыңдаушы да белсенді, себебі ол серіктесін түсінуі, оның айтқанын есте сақтауы және оны ойын жағдайына байланыстыруы, оған дұрыс жауап беруі керек. Ал ұялшақ оқушыларға келетін болсақ, рөлдік ойындар оларға «бетпердемен» жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Олар өз рөлдері арқылы еркін қарым-қатынас жасай бастайды. Келесі жағынан бұл өте көңілді процесс, сол себепті көп оқушылар келіседі, бұл өз кезегінде оқытудың жеңілдеуіне көмектеседі.

Өз кезегінде рөлдік ойындарды келесі түрге жіктеуге болады:

  1. Қысқа мерзімді рөлдік ойындар - 10-30 минут аралығында созылатын өте қарапайым және жедел түрі. Ол мәтін немесе диалогқа негізделеді. Бұл ойынның мысалы ретінде сұхбатты алуға болады. Студенттер жұп болып бөлінеді, оларға түрлі проблемалық жағдайды (қоршаған ортаның ластануы, ормандағы ағаштардың шабылуы, зоопаркте тамақтың болмауы) көрсететін түрлі суреттер беріледі. Студенттердің бірі интервьюер, екіншісі респондент рөлін алады. Тапсырма – проблеманы суреттеп, шешу жолдарын ұсыну, Барлық сөйлеушілерді тыңдап, оларға баға беру, жіберген қателіктерін көрсететін сарапшылар тағайындалады. Бұл ойын барысында оқушылардың өздерін көрсетуге деген ұмтылысы ерекше байқалады.

  2. Толыққанды рөлдік ойындар оқушыларға жағдайды және өз рөлдерін сипаттау ұсынылады. Мұндай түрдегі ойындарды өткізу ұзақтығы орташа бір-екі сабаққа созылады. Мысал ретінде сөйлеуге қатысты рөлдік ойындарды алайық. Бұл ойынның негізі өз ойын кейіпкерлерінің әрекетін суреттейтін қатысушылар мен ойын әлемінің шындығын суреттейтін тәлімгердің сөйлесу арқылы жүзеге асады. Бұл жерде тәлімген оқытушы болуы мүмкін. Белгілі сөздік ойындардың бірі «Мафия» болып табылады. Бұл рөлдік ойын әлем бойынша өте танымал, интернетті қолдану арқылы класста да, класстан тыс жерде де ойнауға мүмкіндік береді. Ойын барысына назар аударған оқушылар өздігінен сөйлеп жатады. Олардың мақсаты қалған ойыншыларды белгілі бір қатысушының мафия/дәрігер/шериф екеніне сендіру болып табылады. Сабақ барысында бұл ойынды қолдану оқушылардың коммуникативтік дағдысын дамытады, өз пікірін қорғауға, бастамашы болуға, сендіруге үйретеді.

  3. Ұзақ мерзімді ойындар өте күрделі ойын түріне жатады. Ұзақ мерзімді рөлдік ойындарды дайындау кезінде мұғалім оқушыларға тапсырмаларды беріп, оқушыларды Case Study жолымен таныстырып, оқушыларға ойын жағдайын нақты анықтап беруі керек. Бұл ойында оқушыларға өзінің ойын кейіпкерін жасауға мүмкіндік беріледі. Оқушылар ұсынылған ойынға байланысты кейіпкердің жынысын, нәсілін, жасын, кәсібін таңдай алады. Бұл ойындардың мысалы үстел рөлдік ойыны - Dungeons and Dragons сериясы бола алады. Мұнда оқушылар өздерін фантастикалық кейіпкерлер ретінде өз білімі мен ерекшеліктерін сынай алады. Оқытушы өзіне тәлімгерлік міндет алады, ол кейіпкерлер қатысатын оқиғаны жасайды, суреттейді және оқушылардың алдында орындау үшін міндет қояды және марапаттап отырады. Бұл ойынның мақсаты оқушылардың мұғалімнің ойын әлемін зерттеу процесінде олардың алдына қойған міндеттерін бірлесе шешу. Осылай басты мақсат – коммуникациялық сөйлеуді дамыту.

Аталған ойында оқушылар өздері жасаған кейіпкерлерін келесі сабақтарда қолдана алады, бұл сабақтың қызықты өтуіне, оқушылардың өздері туралы әңгімесіне түрлі оқиға қосып айтуына мүмкіндік береді.

  1. Компьютерлік рөлдік ойындар. Қазіргі уақытта компьютердегі рөлдік ойындарын білмейтін адамды кездестіру қиын. ХХІ ғасыр баласының бос уақытының көп бөлігін өткізетін орны – компьютер. Осы компьютерлік ойындар шетел тілін үйреніп жүрген балаға мотивация беріп, оның дамуына үлкен сеп болуы мүмкін. Оқушылары интернетке еркін кіре алатын оқытушылар үшін компьютерлік рөлдік ойындар жақсы мүмкіндік. Бұл ойындар қызығушылық танытқан студенттерге әлем бойынша адамдармен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді, олар ол жерде ағылшын тілінде сөйлеседі. Көптеген компьютерлік ойындар тыңдаумен қатар, оқу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ойындарда шетел тілінде ұсынылған оқиғалар, диалогтар болады.

Әрине бұл ойынды грамматиканы оқытуда қолдану қиын, бірақ тәжірибелі мұғалім дағдыландыру жаттығуларының алгоритмін жасай алады.

Компьютерлік рөлдік ойындар дұрыс пайдаланған жағдайда оқушыларға тек шетел тілін емес, сонымен қатар тарихты, географияны, басқа да пәндерді оқуға көмектседі, оқушылардың метапәндік дағдыларын қалыптастыруға әсер етеді.

Алайда компьютерлік ойындарды қолдану кезінде оқушылардың денсаулығына кері әсерін тигізбеуі керек және ойын ойнап оқушы шынайы өмірден алыстап кетпеуі бақылануы керек.


ҚОРЫТЫНДЫ


Осылай ойын технологиялары білім беру процесінде маңызды орын алады. Рөлдік ойындардың алуан түрлілігі оны оқу жоспарының кез келген бөлігінде қолдануға мүмкіндік береді. Олар шетел тілін қызықты, есте қалдыратын пайдалы құрал болып табылады. Рөлдік ойындар оқушылардың позитивтік эмоциялық жағдайын және сабақтың коммуникациялық бағыттылығын қамтамасыз етеді. Ойын әрекеті оқушылар үшін тартымды, шетел тілін үйренуде тиімділік береді. Ойын баланың танымдық қызығушылығын қалыптастырып, шетел тілін саналы түрде үйренуге көмектеседі. Ойындар жекелік, бастамашылық, топта жұмыс жасау сияқты қасиеттерді дамытады. Оқышулар белсенді, қызыға жұмыс істейді, бір-біріне көмектеседі, өз жолдастарын мұқият тыңдайды, ал оқытушы оқушылардың оқу әрекетін басқарып отырады.

Барлық оқыту технологияыының масаты- оқушының өз бетімен білім алу, іздену дағдыларын қалыптастыру. Ойын технологиясы да осы мақсатқа лайықталған. Жаңа технологияны қолдану – берілген білімнің нәтижесін көруге ұмтылу. Мұндай технологиялар оқушыларға бірлесе жұмыс жасауға, адами қатынастарды қалыптастыруға себебін тигізеді. Жаңа ойын технологияларын енгізу, қолдану оқытудың үлкен жетістігі болып табылады [3, б. 69-77].


Әдебиеттер тізімі


1.Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. 1997, шілде.

2. Иновационные технологии обучения иностранному языку в вузе и школе: Реализация современных ФГОС. Воронеж. Издательский дом ВНУ,2019. 69-77 б.

3. О.Я.Сулейменова, А.А.Садыкова шет тілін оқытуда инновациялық педагогикалық технологияларды қолданудың маңызы. Вестник КАЗНМУ №3-2015 443-444 б.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!