Материалдар / ШЕТ ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТҮРЛЕРІ: КЕЙС СТАДИ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

ШЕТ ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТҮРЛЕРІ: КЕЙС СТАДИ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі өзекті мәселелердің қатарынан орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты субьектінің мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру болса, онда сол шетел тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану шетел тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қаңтар 2021
607
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШЕТ ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТҮРЛЕРІ: КЕЙС СТАДИ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

А.А. УАЙС, МӘЖИТОВА А.

Актюбинский региональный государственный университет им.К.Жубанова,

г.Актөбе, Казахстан


Түйіндеме

Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі өзекті мәселелердің қатарынан орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты субьектінің мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру болса, онда сол шетел тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану шетел тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ.


Аннотация

В данной статье рассматриваются преимущества применения инновационно-информационных технологии, являющиеся основным фактором повышения качества образования и обучения иностранным языкам.

Abstract

This article deals with the advantages of usage innovative technologies which is the basic factor of increasing the quality of education and the teaching of foreign languages.


Кілт сөздер: Кейс стади, әдіс, технология, инновациялық технологиялар, Гарвад университеті, заманауи, дағдылар, білім беру.

Ключевые слова: Кейс стади, метод, технология, инновационные технологии, Гарвардский университет, современный, навыки, образование

Keywords: Case study, method, technology, innovative technologies, Harvard University, modern, skills, education


Білімді, білікті, парасатты, жан-жақты қоғам иесін тәрбиелеу мемлекеттің маңызды ісі. Қазіргі заманда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементіне айналды да дүниежүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артты. Адамның болашағы оның қазіргі алған білімнің сапасына, көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты екені айқын. Сондықтан еліміздегі білім беруді дамытудың қазіргі заманғы кезеңін оқытудың дәстүрлі түрінен инновациялық әдістерге ауыстырып жатырмыз. «Білім беру» мемлекеттік бағдарламасында білім беруді жетілдіру мен оқыту процесіне жаңа технологияларын енгізу мәселесі қарастырылған [1, 104б.].

XX ғасырда Ж.Аймауытов: «Сабақ беру – жәй ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» екенін айта кеткен болатын. Сол арқылы оқыту әдістерін жетілдіру арқылы білім алушылардың белсенділігін, тілге деген қызығушылығын, іскерлігін арттыратын жұмыстарды көптеп қарап, олармен жиі жұмыс жүргізу қажет.

Білім беру кеңістігіне ену мақсатында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде қазіргі кезде көптеген реформалар жүзеге асуда және Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады» деген [2]. Қазіргі заманауи өмірдің талабына, еліміздің әлеуметтік-саяси даму жағдайына сәйкес жеке тұлғаны бейімдеу мақсатында білім беру процесінде инновациялық технологиялар кеңінен пайдалану қажет. Осыған орай қоғамдағы ақпараттану, оқу процесіндегі техникалық құралдардың дамуы және жаңа білім беру жолдарын

пайдалану бүгінде өте қолайлы болып отыр. Осы инновациялық технологияларды білім беруде қолдану, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып, нарық саясатына жол ашылып, дүниежүзі мемлекеттерімен саяси, мәдени және экономика салаларында жан-жақты байланысқа түсуіне байланысты шетел тілінде қарым-қатынас жасау қазіргі заман талабының біріне айналып отыр. Сонымен бірге, студенттер шетел тілін жетік білетін, өзінің тіл біліктілігін жоғары деңгейде көрсете алатын, болатын қиындықтарды сыни тұрғыдан шеше алатын, коммуникативті қабілеті дамыған болу керек. Ал сол талаптарды жүзеге асыруға инновациялық технологияларды тіл үйретуде қолдану мүмкіндік береді [3, 45б].

Инновациялық технологиялар білім беру саласында алдыңғы орында тұрған міндеттерді сәтті орындаудың негізгі жолы. Шетел тілін үйретуде инновациялық технологияларды қолданатын болсақ студенттерді қазіргі заман талабына сай дайындауға болады. Қоғамда болып жатқан өзгерістер, ғылым мен техниканың өзара тығыз байланысты дамуының нәтижесінде жаһандану әр азаматтың осындай тың өзгерістерге дайын болуын және тез бейімделуін талап етеді. Қазіргі заман талабына сай студенттер жаңаша білім алуға құмар болуы керек. Ендеше, студенттерге инновациялық технологияларын қолдана отырып білім алуға бейімділігін көрсетеді. Қазіргі кездегі шет тілін үйрету мақсатына жаңа түсінікпен қарайтын болсақ, оны дамытудың басты бағдары – бәсекеге қабілетті, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, шығармашылық ойлауға дағдыланған, іскерлік қабілеттілігі биік, гуманистік ойлауы басым, инновациялық білімімен қаруланған адамгершілік қасиеттері мол білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру болып табылады [4, 11 б].

Еліміздің білім беру мен ғылымдағы ең, алуан түрлі және болашағы зор қазіргі заманғы білім беру технологиялары енгізілуде. Шетел тілін оқыту әдістемесінде қолданылатын инновациялық технологияның түрлерін анықтасақ шетел тілін оқыту әдістемесінің маманы А.Н. Щукиннің еңбегінен көрсек болады. А.Н. Щукиннің «Современные интенсивные методы и технологии обучения иностранным языкам» атты еңбегінде шетел тілін үйретуде келесі инновациялық технология түрлерін атап өтеді: бірлестікте оқыту, жоба технологиясы, жеке тұлғаға бағытталған технология, қашықтан оқыту, тілдік портфолио, тандем әдісі, кейс стади технологиясы және компьютерлік технология [5, 130 б]. Кейс стади технологиясына және оның маңыздылығына келетін болсақ.

Кейс стади технологиясы – арнайы модельденген немесе нақты өндірістегі жағдайларды талдау мен мәселелерді анықтау үшін альтернативті шешімдер іздеу, мәселенің оптимальды шешімін қабылдау барысында қолдану негізіндегі технология. Кейс әдісі ең алғаш рет АҚШ-тың Гарвард университеті құқық мектебінің оқу барысында 1870 жылы қолданылған болатын, ал сол жердегі бизнес мектебінде 1920 жылдан бастап қолданыла бастады. Оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, кейс стади амал тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен ғалым Копленд ең алғашқылардың бірі болып өз еңбектерінде осы термин атауын пайдалана бастайды (1921 ж.). Кейс әдісінің, осы термин атауының алғаш рет талқылануы да Гарвард университетінің бизнес жайлы жасаған еңбектерінде көрініс тапқан (1925 ж.). Кейс стади әдісімен айналысатын Гарвард пен Манчестер деп аталатын екі классикалық мектеп кейс стади әдісін зерттеумен айналысуда. Бірінші мектептегі кейс әдісінің басты мақсаты ретінде әділ шешімді табуға баулу қарастырылса, екінші мектепте мәселелерді шешудің амал-жолдары қарастырылады. Америкалық кейстердің көлемдері үлкен, мәтіндері 20-25 беттен тұрады, оған қосымша иллюстрацияланған 8-10 бет беріледі. Еуропалық кейстердің көлемі оларға қарағанда 1,5-2 есе кішірек болып келеді [6].

Гарвард бизнес мектебі оқу үрдісін ұйымдастыру барысында кейс әдісінің басты мазмұнын сақтай отырып талдап-талқылаумен айналысады. Гарвард мектебінің ең басты талабы видеоматериалдарды, компьютерлік және бағдарламалық құрылғыларды пайдалана, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру болып табылады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек Гарвард мектебінің немесе кез-келген бизнес мектебінің студенті білім алу барысында бірнеше кейстер жасап шығарады, сонда жыл сайын бұл мектепте кейс жинағына еніп отыратын жүздеген жаңа кейстер мен оларды толықтырып отыратын әдістемелік құралдардың шығып отыратынына көз жеткізсек болады.

Кейс – бірегей ақпараттық кешен ретінде, бұл әдіс үш бөліктен тұрады: ақпаратты талдауда қолдануға болатын қосымша ақпараттар көздері мен материалдар, нақты жағдайлар сипаттамасы және кейске арналған тапсырмалар.

Кейс әдісі – талдау әдіс тәсілдерін қамтитын жалпы білімнің технологиялық ұғымы. Кейс әдісі арқылы нақты жағдайлар тұрғысынан қарап академиялық теорияларды көрсетуге мүмкіндік аламыз. Бұл әдіс арқылы студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, оны терең меңгеруге, білім алу барысында алған ақпараттарын талдауға ынталандырады. Оларды құрудың негізгі сатылары төмендегідей:

  • Білім жүйесінде кейстің алатын орнын, мақсатын анықтау;

  • Тақырып моделін құру немесе таңдау;

  • Әртүрлі жағдайларға критерийлерді тағайындау;

  • Қажет ақпарат көздерін белгілеу;

  • Қосымша ақпаратты жинау барысындағы орындалатын іс-әрекеттер жоспарын құру;

  • Сараптама жасау, оны қолдану барысында әдістемелік материалдар дайындау [7, 166].

Кейс әдісін қолданатын оқытушының іс-әрекеті екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңге кейсті дұрыс таңдап алу мен сұрақтар құрауға арналған шығармашылық жұмыс кіреді, жағдайларды тақырыпқа сәйкес таңдап алу, сонымен қатар мақсат пен міндеттерді анықтау, жағдайды құрастыру және суреттеу жатады. Ал екінші кезеңде оқытушының аудиториядағы іс-әрекетімен тығыз байланысты. Аудиториядағы кейс әдісін қолдану кезеңі төмендегідей кезеңдерді қарастырады:

  • кейске кіріспе;

  • жағдайдың талдануы;

  • пікірталас;

  • қорытынды шығару.

Кейс әдісі арқылы келесі дағдыларды дамытуға мүмкіндік алуға болады:

  1. Аналитикалық дағдылар. Бұл дағдыларға деректерді мәліметтерден айыра білу шеберлігі, ақпараттардың маңызды және маңызды емес екенін, оларды дұрыс талдай білу, оларға қол жеткізу, жіберіп алған ақпараттарды тауып, оларды қалпына келтіру шеберлігі, нақты және логикалық ойлау қабілеті және т.б. жатады. Бұл дағдыларды меңгеру ақпарат сапасы төмен болған жағдайда өте маңызды.

  2. Тәжірибелік дағдылар. Кейсте көрсетілген нақты жағдайлармен салыстырғанда мәселе күрделілігінің төмен деңгейі экономикалық теорияларда, онда қолданылатын әдістер мен принциптерде тәжірибе дағдыларын жүйелеуге мүмкіндік береді.

  3. Шығармашылық дағдылар. Кейс әдісінің өзін ғана қолдану арқылы мәселені шешу мүмкін емес, сондықтан альтернативті шешу генерациясының шығармашылық дағдылары өте маңызды.

  4. Коммуникативті дағдылар. Олардың ішінен атап өтетініміз: дискуссияны жүргізу шеберлігі, пікірталас кезінде өзінің айтқан ойына, пікіріне қоршаған адамдардың көзін жеткізу. Көрнекі материалдарды, құралдарды және басқа медиа заттарды қолдану, топтарға бірлесу, өз көзқарасын қорғау, оппоненттердің көзін жеткізу, қысқа да нұсқа есеп дайындау.

  5. Әлеуметтік дағдылар. Нақты әлеуметтік дағдыларға адамдардың өзін-өзі бағалау тәртібі, тыңдай білу, дискуссияны қолдау немесе қарама-қарсы көзқарас білдіріп, оны дәлелдеу, өзінөзі ұстау және т.б. дағдылар жатады. Олар кейсте талқылау барысында қалыптасады.

  6. Өзіндік саралау дағдысы. Пікірталас кезінде келіспеушілік басқалардың және өзінің пікірін жете түсінуге және талдауға септігін тигізеді, осылардың нәтижесінде өзіндік саралау дағдысы қалыптасады [8].

Қорытындылайтын болсақ, кейс әдісі студенттердің бойында жаңа қасиеттер мен іскерліктерді қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ тілді оқыту барысында студенттердің әртүрлі проблемаларды талдау мен талқылау және оларды шеше білу жолдарын табуға, ақпаратпен жұмыс жасауды үйретуге де үлкен мүмкіндік туғызады.










































Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан – 2030. – Алматы: Юрист, 2001. – 104 б.

  2. Назарбаев Н.Ә. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» 28.02.2007 ж.

  3. Жолдасова Б.Б. «Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану» // Білім, № 5, 2007. – 45 б.

  4. Искакова П.К. «Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру». Автореферат. – Түркістан, 2008. – 11 б.

  5. Щукин А.Н. «Современные интенсивные методы и технологии обучения иностранным языкам». – Москва: Филоматис. – 2010, 130 б.

  6. gov.kz/loader/load/12761

  7. Freeman S.Y., Freeman E.D. «ESL/EFL Teaching: Principles for Success». – Portsmouth, NH: Heinemann.1999, 166 б.

  8. Смолянинова О.Г. Образовательный сайт по кейс-методу обучения и методика его использования в учебном процессе КГУ.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ