Материалдар / ШЕТ ТІЛІНДЕ ЛЕКСИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ШЕТ ТІЛІНДЕ ЛЕКСИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Шет тіл білімінің лексикология саласын оқыту аса маңызды қызмет атқарады. Лексиканы оқытудағы мақсат-оқушыларға тілдің сан қырлы сөз байлығын меңгерту, сөз сырына үңілту және сөздік қорымыздың небір өнегелі нақыл, мақал-мәтелдері, тұрақты тіркестері арқылы оқушыларды адамгершілік, ізгілік, имандылық қасиеттерге баулу болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Маусым 2022
1158
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Нұрбайқызы Ұ.,

4-курс студенті

Ғылыми жетекші: Шунайбекова К.

Аға оқытушы, магистр

«5В011900-Шетел тілі : екі шетел тілі»

М.Өтемісұлы атындағы БҚУ

Орал, Қазақстан

e-mail: nurbaikyzy.06@mail.ru



ШЕТ ТІЛІНДЕ ЛЕКСИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Түйін: Шет тіл білімінің лексикология саласын оқыту аса маңызды қызмет атқарады. Лексиканы оқытудағы мақсат-оқушыларға тілдің сан қырлы сөз байлығын меңгерту, сөз сырына үңілту және сөздік қорымыздың небір өнегелі нақыл, мақал-мәтелдері, тұрақты тіркестері арқылы оқушыларды адамгершілік, ізгілік, имандылық қасиеттерге баулу болып табылады.

Тірек сөздер: Шетел тілдерін оқыту құралдарын қарастыру. Оқулық оқытудың және дидактикалық үрдісті басқарудың құралы ретінде қарастыру.


Сөз – тілдің негізгі құралы. Белгілі бір тілде сөйлеп, сол тілді меңгеру үшін оқушыға ең керегі де сөздік қорының мол болуы. Сөздерді үйрену арқылы оқушы сол тілге қатысты түсініктерін қалыптастырады. Ал бұл өз кезегінде сол тілде оқушы ойының дамып, сөйлеу әрекетінің қалыптасуына алып келеді.

Лексиканы оқытудың негізгі мақсаты - қарым-қатынасқа түсу кезінде қолданылатын қатынас-құралының бірліктерін меңгеру, яғни лексика белгілі бір ойды, түсінікті тұтас жеткізу үшін қолданылады.

Оқытудың мақсаты - ауызша және жазбаша қарым-қатынас түрінің дамуы, яғни шетел тілінің лексикасын семантикалық дәлдік негізінде меңгеру, синонимдік қатардың молдығы, оларды орынды қолдана білу.

Республикамыз өз алдына егеменді ел болуына байланысты шетел тілдерін оқытудың жаңа кезеңі туды, сол себепті де оқу бағдарламасы, оқу және әдіскерлік құралдары түгелдей қайтадан жасауды қажет етіп отыр. Қазіргі таңда шетел тілі пәнін оқытуда шәкірттердің жеке басының ерекшеліктерін, қажеттіліктерін, қызығушылықтарын ескере отырып оқыту көзделуде. Сондай-ақ оқушылардың елтану, лингвоелтану, экономикалық, психологиялық, мәдени-информациялық білімін көтеру арқылы оларды болашақ мамандыққа дайындауға үлкен мән берілуде. Оқу процесінде оқушылар меңгеруге тиісті шетел тілі аспектілерінің ішінде аса маңызды-лексика.

Басқа білім салаларының ішінде лексиканың бірінші орын алуының себебі мынада: кейбір грамматикалық материалды меңгермегендіктен, сөзде грамматикалық қателер бола тұра, адамдар арасында қатынас болуы мүмкін, олар бір-бірімен түсінісе алады. Ал басқа біреудің сөзін түсіну үшін немесе өз ойын айтып жеткізу үшін қажетті лексиканы білмеген жағдайда коммуникация бола алмайды, яғни басқа адамның сөзін түсіне алмаймыз, өз ойымызды да жеткізе алмаймыз. Сондықтан шетел тілін оқытуда лексиканы меңгерудің маңызы ерекше, олай болса, лексикаға көп көңіл бөлу керек. Әрине, бұл айтылғаннан лексиканы меңгеру өз алдына оқыту мақсаты екен деген қорытынды шықпау керек. Маңызы қандай зор болғанмен, лексиканы меңгеру оқытудың мақсаты емес, тек сол мақсатқа жетудің өте маңызды құралы. Лексикасыз шетел тілінде сөз іскерліктері мен дағдыларын меңгеру мүмкін емес. Шетел тілін оқытуда лексиканы меңгертуге қойылған мақсат бойынша оқушылар шетелдіктердің сөйлеген сөзін түсіну, газет, журнал, кітаптардағы мәтіндерді оқып, олардың мазмұнын сөздіктің көмегімен түсінулері қажет етеді. Әдістеме саласында алдыңғы қатарлы әдіскерлердің бірі болып саналған К.А.Ганшинаның пайымдауынша, шетел тілін оқытуда ең алдымен жетекші орын мәтінді оқуға берілген. Ал лексика тек сол мәтіннің мазмұнын түсінуге керекті құрал ретінде ғана пайдаланылған. Сондықтан қазіргі уақытта әсіресе бұл тақырыпты тереңдетіп оқуға көп көңіл бөлінген.Мақаланың өзектілігі: Қазіргі уақытта жаңашыл қоғам сан түрлі мәселелермен бетпе-бет келіп отыр. Олар әр түрлі мәдениеттердің өзара әсерлесуі мен ғаламдық мәдениеттің түрлілігінің сақталуы.Осы орайда оқушы алдында оқу барысында өзге мәдениет құндылықтарын түсініп, оны өзіндік дүниетаным арқылы саралай білу мәселесі тұр. Р.К.Раск, Я.Гримм, А.Эллис және Э.Партридждің пікірлері бойынша осы қойылған мақсатқа жетудің негізгі құралы - тілдің лексикасын меңгеру,өйткені олардың ойынша дәл сол сөздерде мәдениеттің құндылығы мен дәйегі жатыр. Бірақ та қазіргі уақытта оқушы шетел тілін мәдениетаралық байланыста аз қолданады. Ғалымдар мұны мәселенің өзектілігі ретінде қарастырады.

Мақаланың мақсаты: Шетел тілі сабақтарында лексиканы меңгертудің жаңа әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып, оқушыларға түсіну және қабылдау дағдысын қалыптастыру.

Мақсатына орай мынадай міндеттер қойылады:

  1. Шетел тілінде лексиканы оқытудың міндеттері мен принциптерін сипаттау;

  2. Лексика бойынша жүргізілетін жаттығу жұмыстары мен талдау әдістерін атау;

3)Шет тілі сабақтарында лексиканы оқыту барысында жаңа технологияларды пайдалану.

Мақаланың болжамы: бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға белгілі. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» — деп айтқан еді. Олай болса, оқушыны ашетео тіліне қызығушылығын тудырып дамытуды және жемістің нәтижесін көруді мақсат тұтқан әрбір мұғалім әрекет ету керек деп білемін. Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау көру қабілеттерін жетілдіру.

Мақаланың методологиялық және теориялық негізі: Ауызша және жазбаша қарым-қатынас түрінің дамуы, яғни шетел тілінің лексикасын семантикалық дәлдік негізінде меңгеру, синонимдік қатардың молдығы, оларды орынды қолдана білу.

Мақаланың теориялық мәні: Сабақта лексиканы сөзде қолдана алу үшін меңгеру керек, яғни басқа адамдардың сөзін оқып немесе тыңдап түсіну, өз ойын ауызша немесе жазбаша түрде жеткізу.

Республикамыз өз алдына егеменді ел болуына байланысты шетел тілдерін оқытудың жаңа кезеңі туды, сол себепті де оқу бағдарламасы, оқу және әдіскерлік құралдары түгелдей қайтадан жасауды қажет етіп отыр. Бүгінде пәндерді оқытуда шәкірттердің жеке басының ерекшеліктерін, қажеттіліктерін, қызығушылықтарын ескере отырып оқыту көзделуде. Сондай-ақ оқушылардың елтану, лингвоелтану, экономикалық, психологиялық, мәдени-информациялық білімін көтеру арқылы оларды болашақ мамандыққа дайындауға үлкен мән берілуде.

Оқу процесінде оқушылар меңгеруге тиісті шетел тілі аспектілерінің ішінде аса маңызды-лексика.Өйткені шамалы болса да,сөздік қорын игермей шетел тілін іс жүзінде игеру мүмкін емес.Лексиканы оқыту туралы айтқанда, лексиканы түсіндіру және оны оқушылардың игеруі туралы айту керек. Әр сыныпта бұл сұрақтардың ерекшеліктері бар, сондықтан әр кезеңде сөзді үйрету әдістемесі әр түрлі болады.

Шет тілінің сөзін үйретудің негізгі түрі оны туған тілге аудару, оның аудармасын білу.Аударманы қолданудың жетістігі сөздің туған тілден аудармасын жылдам тауып, оның мағынасын есте сақтауға мүмкіндік беруі, ал кемшілігі кейде сөздің туған тілде баламасының болмауы.Бұл тілдерді білу деңгейінің алуандағына да байланысты. Кей жағдайда сөздің аудармасын тіке аудармай,сөйлемнің деңгейінде аударамыз.Тілді аударып пайдалану оқыту барлық кезеңінде жүргізіледі.Сөз дыбыстан құралады, әріппен жазылады, оқу ережесі болады.Сөзді үйретудің басқа бір түрі – көрнекілікті пайдалану. Көрнекілік (заттың немесе суреттің) және ішкі (тілдік) болып бөлінеді. Заттық немесе суретті көрнекіліктің сөздің мағынасын берудегі қызметі өте төмен.Мысалы, сыныптағы, үйдегі заттардың атауын білу көп көмектеседі,керісінше заттардың суретін салу оның мағынасын беруге көмектесе алмайды, кейде оқушылар заттарды суретіне қарап тани алмайды.Сондықтан затты көрсеткеннен кейін оның аудармасын беру керек.

Тілдік көрнекілік шет тілін оқытуда кеңінен қолданылу керек.Тілдік көрнекіліктерге мыналар жатады:

1. Сөздің мағынасын сөйлем аясында түсіндіру.

2. Сөздің мағынасын антонимдер, синонимдер арқылы түсіндіру.

3. Сөздің мағынасын сөз жасау белгілері бойынша түсіндіру.

4.Сөздің  мағынасын  оның  шетел  тілінде  берілген  анықтамасы бойынша  түсіндіру.

Жаңа сөздің мағынасын үйретудегі синонимдер мен антонимдердің маңызы шектеулі. Себебі, синонимдердің мағынасы негізгі мағынаға өте жақын емес. Сондықтан омонимді пайдалану онша табысты емес. Сөйлемдегі сөздің қолданылу мағынасы да түрлі жағдайда әртүрлі. Сөз жасау: сөз жасау жолдарын талдау сөз мағынасын түсінудің жақсы құралы, бұл тек сөздің түбірі оқушыға таныс болғанда ғана табысты болады. Егер түбірсөз түсініксіз болса, жасалған жаңа сөздерді игеру де қиын. Сөздің мағынасын  шетел  тілінде  бейнелеу  (суреттеу).  Сөздің мағынасын  алудыңбұл  түрі  белгілі  біржағдайда  қолданылады.  Оның мағынасын  алуға  жəне өткен  жаңа  сөздерді  де  қолдануға,  қайталауға қолданса өте тиімді болады. Тілдік көрнекілікті барлық оқу кезеңінде қолдануға болады. Бірақ оның барлық түрлерін бірдей қолдана алмаймыз. Мысалы, сөз жасауды кез келген кезеңде əр түрлідеңгейде қолдануға болады. Суреттеуді жақсы дайындық бар кезінде ғана қолдануға болады. Тілдік көрнекілікті қолдану сөздің аудармасын бермей қоюға болады деген сөз емес. Сөздер мәтінді оқымастан бұрын түсіндіріледі. Сөзді жекелеп алып түсіндіруге болады немесе тұтас сөйлем мағынасында түсіндіріледі. Сөзді оқу процесімен жарыстыра отырып түсіндіруге болады. Сөздің мағынасын түсіндірудің жолдары сөздің түріне және оқыту деңгейіне байланысты. Сөзді мәтінді оқымастан бұрын түсіндіру. Сөзді мәтінді оқымастан бұрын түсіндіру үшін жаңа сөздерді тыңдау қажет, оның айтылуын үйрену, айту қажет, сөзді тақтаға немесе дәптерге жазу керек, сөздің жазылуын және транскрипциясын, оның аудармасын бірге жазады. Сөзді осылай түсіндіргенде оны затты немесе суретті қолданып көрсету үшін қолданылады. Сөздермен жұмыс жасау жолдары мына үлгі бойынша жүргізіледі:

  1. Затты көрсету.

  2. Сөзді бірнеше рет айту (дыбыстау).

  3. Сөзді туған тілге аудару.

  4. Сөзді жекелеп немесе хормен айту.

  5. Сөзді тақтаға транскрипциясымен, аудармасымен жазу.

  6. Мұғалімнің көмегімен дыбыстарға әріптік ьталдау жасау.

  7. Сөзді сөздікке жазу.

Əрі қарай мəтінді оқу кезінде сөздің мағынасы түсіндіріледі.Əр жаңа сөзге  тоқталу қажет.Сөздің мағынасын анықтауға барлық оқушылар қатысады. Түсіну тірегі ретінде сөздің тексөйлемдегі мағынасы ғана емес, оның сыртқы белгілері де қолданылады: сойлемдегі сөздің орны, сөздің алдында артикль-дың болуы, сөз жасаушы суффикстер мен профикстердің  болуы.

Балалардың тілді үйренуі – күрделі үдіріс, ол арқылы бала үйренетін әрбір сөз және сөз фрагменті бастапқыда елестету түрінде көрсетіліп, реттілік бойынша есте сақталады. Бірақ балалардың сөзді түсінуді және пайдалануды үйрену жылдамдығы – бұл түсінікке сәйкес келмейді, кез келген жағдайда олар әдетте сөздің мүлдем жаңа фрагменттерінің тұрақты ағынын дыбыстайды. Ағылшын тілінде балалар айтатын осы жаңа сөздер мен фразалардың көбі, олар өздері үшін шығарған модельдер мен қағидаларды дұрыс қолданбау болып табылады.

Қазіргі кездегі негізгі проблемалардың бірі – оқушыны өз бетімен оқуға үйрету. Қазіргі оқушы өз бетімен кітап оқуға қабілетті болмаса, өздігінен ізденіп оқи алмаса, оны біз білімді адам деп есептей алмаймыз. Сондықтанда оқушының кітапты оқи білуге үйретудің үлкен мәні бар. Ынта қойып оқуға жаттығу арқылы оқушы көп нәрселерді біліп, өздерінің білімін толықтырады, ой – өрістері дамиды. Оқуға үйретудің амалдары да әр түрлі. Оқитын мәтін оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы керек .Шет тіл білімінің лексикология саласын оқыту аса маңызды қызмет атқарады. Лексиканы оқытудағы мақсат-оқушыларға тілдің сан қырлы сөз байлығын меңгерту, сөз сырына үңілту және сөздік қорымыздың небір өнегелі нақыл, мақал-мәтелдері, тұрақты тіркестері арқылы оқушыларды адамгершілік, ізгілік, имандылық қасиеттерге баулу болып табылады. Оқушының сөздік қорының дамуы, сөздерді дұрыс және мағыналық тұрғыдан дәл қолдана білуге жаттығуы, бейнелі әрі әсерлі сөйлеу дағдысы, жазба жұмыстарында өз ойын анық та айқын жеткізе алуы,стильдік қателерді көп жібермеуі лексиканы жетік меңгеруден қалыптасса керек.

Лексиканы оқушыларға меңгертуде кеңінен пайдаланылатын жаңа технологиялардың бірі ақпараттық коммуникативтік технологиясы мен ойын технологиялары.Заман ағымына қарай күнделікті сабақта бейне, аудиоқондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтиже беруде деуге болады. Шет тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.Шет тілі сабақтарында лексиканы оқытуда ақпараттық–коммуникациялық технологияның қолдану тиімділігі бойынша сауалнама өткізілді. Сауалнама қортыныдысы бойынша оқушылар лексика тақырыбын меңгергенде ақпараттық технологиядарды тандады. Лексиканы оқу барысында презентацияларды, видиоларды, интернет ресурстарды, электронды оқулықтарды тиімді деп көреді.









ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Амандыкова Г. Шет тілін оқыту әдістемесі. - Алматы, 2007 -95б

  2. Амандыкова Г. Шет тілін оқыту әдістемесі. - Алматы, 2007-95-98б

  3. «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық» «Назарбаев зияткерлік мектебі»,2016 -59б

  4. «Содержание обучения лексической стороне речи» http://doshkolnuk.com/soderzhanie-obucheniya-3

  5. Омурзакова Д. «Ағылшын тілін оқыту әдістемесі» Алматы қаласы, №3 (50) 2013 ж. – 44-46б

  6. Naveen K.M «Vocabulary Teaching: Effective Methodologies» The Internet TESL Journal, Vol. XV, No. March 2009 http://iteslj.org/Techniques/Mehta-Vocabulary.html

  7. Әдістемелік – нұсқау хат/ 2017-2018 оқу жылы, 63б.

















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!