Материалдар / Шетел тілі сабағында оқушылардың уәжін арттыруда жобалау әдісін қолдану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шетел тілі сабағында оқушылардың уәжін арттыруда жобалау әдісін қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңаша білім беру жүйесінде белсенді оқытудың әдістері жеке тұлғаның қалыптасуында маңызы зор. Оқытудың белсенді әдістері — оқу материалын игеру үдерісінде оқушыларды белсенді ойлау, қызығушылығы мен ынтасын арттырып және практикалық әрекетке итермелейтін әдістер.Шетел тілін оқытудың орта сатысында оқушыларды қызығушылығы мен ынталануын арттыруда жобалау әдістерінің тиімділігін теориялық негіздемесі келтірілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2020
288
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Шетел тілі сабағында оқушылардың уәжін арттыруда

жобалау әдісін қолдану


Мүрсәлім Толқынай

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Лекер ЖНББМ


Аннотация: Жаңаша білім беру жүйесінде белсенді оқытудың әдістері жеке тұлғаның қалыптасуында маңызы зор. Оқытудың белсенді әдістері — оқу материалын игеру үдерісінде оқушыларды белсенді ойлау, қызығушылығы мен ынтасын арттырып және практикалық әрекетке итермелейтін әдістер.Шетел тілін оқытудың орта сатысында оқушыларды қызығушылығы мен ынталануын арттыруда жобалау әдістерінің тиімділігін теориялық негіздемесі келтірілген.

Кілт сөздер: оқыту әдістері, ағылшын тілі сабағы, жобалау әдісі.


Қазіргі уақытта жобалау әдіснамасы шетел тілі сабақтарында ғана емес, басқа да академиялық пәндерде кеңінен таралған. Тәжірибе осы әдісті көптеген индикаторлар үшін пайдалану тиімділігін көрсетті. Тағы бір маңызы, белгілі бір білім жиынтығына ие болуды болжайтын және жобалау іс-әрекеті арқылы шешімін табуды алдын-ала ескеретін мәселелерге деген оқушылардың қызығушылығын ынталандыру, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу икемділігін, рефлекторлық ойлауды (сыни тұрғыдан ойлауды) дамыту. Мәселе ойдың мақсатын белгілейді, ал мақсат ойлаудың үрдісін бақылайды. Рефлекторлы ойлау мәні – фактілерді әрдайым іздеу, олардың талдауы, олардың анықтығы туралы ойлану, жаңаны тану үшін, күмәннан шығу жолдарын табу үшін, фактілерді логикалық тұрғызу, дәлелденген пікірлерге негізделген сенімділікті қалыптастыру.

Жобалау әдісі біріншіден – қандай да бір мәселені шешуді, екіншіден –нәтижеге қол жеткізуді болжайды. Қоршаған ортадағы, әлеуметтегі өзгерістерге байланысты сабақ беру тәсілі , әдісі методикасы бірге өзгеріп отырады. Тек сонда ғана тәрбие мен сабақ үрдісі өнімді, нәтижелі болады [1,64б].

Ғалым-әдіскерлердің негізгі міндеті шетел тілін меңгеруде мектеп практикасында әлеуметтік-мәдени жағдаятта, қоғамның даму сатысында, өскелең ұрпаққа сапалы білім беру мақсатында жоба әдісі жаңа педагогикалық технология ретінде айтылып жүр.Оқу үрдісіне жаңа технологияларды енгізу шетел тіліне оқыту ғана емес, сонымен қатар ұстаздардың тәрбие жұмыстарын да жоғары деңгейде жүргізуіне септігін тигізеді.

Жoбaлaу әдісінің нeгізгі мaқсaты: oқушылaрдың тaнымдық, шығaрмaшылық дaғдылaрын, өз білімдeрін өз бeтімeн құрaстырa білу икeмділігін, aқпaрaттық кeңістіктe жөн тaбa білу іскeрлігін дaмыту, сыни тұрғыдaн oйлaуын дaмыту. Жoбaлaу әдісінің мәні – бeлгілі бір білім жиынтығынa иe бoлуды бoлжaйтын жәнe жoбaлaу іс - әрeкeті aрқылы шeшімін тaбуды aлдын - aлa eскeрeтін мәсeлeлeргe дeгeн oқушылaрдың қызығушылығын ынтaлaндыру, aлғaн білімдeрін тәжірибe жүзіндe қoлдaнa білу икeмділігін, сыни тұрғыдaн oйлaуды дaмыту. Мәсeлe oйдың мaқсaтын бeлгілeйді, aл мaқсaт oйлaудың үрдісін бaқылaйды.

Жоба әдісін қолдана отырып, оқушы өмір талаптарына сай, қоғамдық жағдайларға байланысты мәселелерге мұқият дайындалады. Олардың лингвистикалық белсенділігі жазу, сөйлеу, оқуы да дамиды. Ол үшін шығармашылық хат, газет, журналдар, монологтар, шығармашылық ойын (пьеса) т.б. қолданылады. Жобаны жасауда балаларға әр түрлі бейнефильмдер, мультфильмдер, компьютерленген бағдарламалар ұсынылады. Дене қимыл қозғалысы — ұлттық билер, музыкалық — ритмикалық қимылдар арқылы, ал өлең, тақпақ, хормен немесе жеке ән айтуда дауыс ырғағы, сезім мүшесі дамиды. Түрлі жұмыстар тек ойлау қабілетін ғана дамытып жобамен өз бетімен жұмыс істеуге де үйретеді. Сабақты түрлендіре өткізу оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады. Бала мұндай сабақтан жалығып, шаршамайды. Ал жобаны әр баланын психологиялык ерекшеліктеріне байланысты беру керек. Жобаны оқу жылының басында оқытушы жоспарланған бағдарламадағы тақырыптарға сай етіп алады.

Жoбaлaудың құрылымы:

- нaқты нәтижe шығaру жoбaсы;

- нaқты мәсeлeнің тaлдaуы;

- нaқты уaқыт бeлгілeу

- жұмыс жүргізу жoбaсы;

- нәтижe шығaру [2,39б].

Жoбa бeлгілі бір тaқырып бoйыншa құрaстырылaды. Oл oқушының қызығулығынa қaрaй тaңдaлуы мүмкін.

1-кeзeң дaйындық кeзeңі. Тaқырып тaңдaу, oны құрaстыру, міндeттeрін бeлгілeу, ұйымдaстыру, тaлқылaу, жoбa мaзмұнымeн тaнысу. Мұндa oқытушымeн біргe oқушы жoбaның тaқырыбын, мaқсaтын aнықтaйды.

2-кeзeң. Мaтeриaл жинaу, мaтeриaлды өңдeу, тoлықтыру. Oқушылaрдың жинaғaн тілдік мaтeриaлдaрын, aлғaшқы нәтижeлeрін қoрытындылaп тaлқылaу, кeлeсі қoсымшa мaтeриaлды, жaңa мaтeриaлды іздeстіру. Жoбa үй тaпсырмaсы рeтіндe мaтeриaлды қoлдaнa oтырып сұхбaт жaсaуғa бeрілeді, лeксикaлық, грaммaтикaлық мaтeриaлдaр өңдeлінeді, кeстe бeрілeді.

3-кeзeң. Сөйлeу кeзeңіндe aлынғaн мaтeриaлды қoлдaну, жoбa жұмысын aяқтaйды.

4-кeзeң. Қoрытынды шығaру, жoбaның прeзeнтaциясы.

Мұғалім әр кезеңде әр түрлі роль атқарады, ол – көмекші, бақылаушы, нұсқаушы жұмыстың барлық кезеңінде мұғалім шәкірттерінің іс — әректтерін қолдап, мадақтай келе, олардың ынтасын көтерген жағдайда ғана жақсы нәтижеге жетуге болады.

Біз әрқашанда оқушыларды тәрбиелей отырып оқытуға, оқыта отырып тәрбиелеуге тырысамыз. Шетел тілін оқытудағы жоба әдісін қолдану жобаға қатысушылардың танымдарының кеңеюіне көмегін тигізе отырып, қарым-қатынас жасауға септігін тигізеді.

Жобаның маңыздылығы, оқушылар жобаны орындау барысында танымдық іскерліктері артып,. өз бетінше білім алуға үйренеді. Егер оқушы ақпарат ағымында зерттеу дағдысын үйреніп, оған болжам жасап, фактілерді салымтырып, қорытынды жасаса, мың құбылып тұрған қоғамда шығармашылықпен өмір сүріп, келешекте дұрыс мамандық таңдауына еш кедергі болмайды. Жоба әдісін мектеп практикасына енгізудің мақсаттары:

әр жеке оқушының немесе оқушылар тобының мектеп қабырғасында игерген зерттеу тәжірибесін көрсете білу;

зерттеу пәніне деген қызығушылық танытып, сол пән бойынша білімін ары қарай жетілдіріп, толықтырып, нәтижесінде алған білімдерін жоба технологиясы арқылы белгілі аудиторияға, ортаға жеткізу.

Жоба әдісін қолдану шетел тілін меңгеруге деген оқушылардың қызығушылығын, ұмтылысын арттырады [3,5б].

Бірігіп жұмыс жасау ұжымды жақындастырады: оқушылардың өзара қатынас, бірін-бірі түсінуі артады, тек өз қызметіне емес бүкіл топтың жұмысына деген жауапкершіліг артады. Әрбір оқушы өзінің бастаған жұмысының толық нәтижесін көрсету үшін оны жақсы аяқтауға тырысады. Бұндай оқыту түрлері оқушыларды шығармашылық ізденіске дағдыландыруды, ұжымда жұмыс жасауды үйретеді. Оқушылардың дәстүрлі өткізілетін сабақтарға қарағанда, оқытудың жаңа технологиясын пайдаланған сабақтарға көбірек қызығып, белсене қатысады. Жобалық сабақтардың дәстүрлі сабақтардан үлкен айырмашылығы бар. Жобалық сабақтарды дайындау, өткізу оқушылардан да, оқытушыдан да шығармашылық ізденісті. Көп күш жігер мен уақытты талап етеді.

Қазіргі әдіскерлеріміздің міндеті жастарға тек сапалы білім беріп қана қоймай, өзінше ізденетін, өзіне лайықты жұмысты анықтай білетін, өмірден өз орнын таба алатын жастарды қалыптастыру. Қазіргі дайындалған мамандардың сапасымен болашақ қоғамның дамуына байланысты болғандықтан, дайындалып жатқан мамандарымыздың нарықтық экономикалық бәсекелестікке төзе білетін, жеке көзқарасы бар, өз бетінше ойлай білетін тұлғалар болуы керек. Ал оқушыларға өз бетінше ойлауды қалай үйретуге болады? Ол үшін ең бірінші «не ойлау» керектігін үйретуден бас тартып, «қалай» үйрету керектігі қажет. Бұл үшін бізге жобалық сабақтар көмектеседі. Жобалық сабақтарда оқушылар белсенді болады, оқытушы не айтады деп күтіп отырмай, өздері іздейді, зерттейді, таңдайды, шешеді, жасайды, басқа оқушылар мен мамандар бірігіп жұмыс істеді.Оқытушы дәстүрлі сабақтардағыдай аудиторияда ақпарат беретін жалғыз адам болмай, осы жұмыстарды істеу кезінде кеңес беріп көмектеседі, яғни, алға қойған мақсатқа жету үшін оқушы мен оқытушы бірігіп жұмыс жасайды [4,62б].

Мектеп бағдарламасындағы сабақ беру үрдісіне жаңа педагогикалық технологиялардың енуін оқушының рухани, интелектуалды дамуының маңызды түрі екеніне көп көңіл бөлу керек, яғни тек даму ғана педагогикалық процесстің нәтижелі түрі болып табылады. Шетел тілі сабақ ретінде оқушылардың мәдени, рухани дамуына үлкен мүмкіндік беретін Ғылыми жұмыста оқушылардың шетел тілі сабақтарында жобалау әдісін қолдану белсенділігін ұйымдастыру ерекшеліктері анықталды. Жобалау қызметке дайындық және оны іске асыру үшін тапсырмалар жүйесі ұсынылған. Шетел тілдерін оқытудың орта сатысында оқушыларды ынталандыруды арттыру жобалау әдістерінің тиімділігін теориялық негіздемесі келтірілген. Зерттеуші О.Т.Ломакина: «Жоба – бұл шешім, белгілі проблеманы зерттеу, оның практикалық жүзеге асуы. Жобалау технологиясы қиын және бірнеше шығармашылық кезеңдерден және зерттеу жұмыстарынан тұрады» [5,44б]. Осымен жоба технологиясы рольдік ойындардан, пікірталастан басқаша, жұмыс барысында топтық жұмысқа оқушыларды бөлуде келесі әдістемелік мақсаттар жүзеге асады:

а) материалдарды жақсы меңгеру қажеттілігі;

б) қызығушылықты ояту, дамыту;

в) оқушыларды танымдық іс-әрекетке ынталандыру. Яғни, егер оқушы тақырып бойынша қажетті материалдарды жетік меңгермесе атқарылатын жұмысқа қызығушылық танытпаса, ынталанбаса, оның жақсы, жемісті нәтижеге жетуі екіталай. Жоба оқушылардың өз бетінше жасалатын жұмысы болғандықтан оқушы өзі ізденіп, қажетті ақпараттар жинап, топпен бірлікте жұмыс атқара білуі қажет. Яғни осы көрсетілген әдістемелік мақсаттар жоба технологиясында кездеседі. Дегенмен, жоба жұмысы барысында белгілі қиындықтар кездеседі. Барлық кезде оқушылар жоба дайындауға және шетел тілінде сөйлеп, жобаның іс жүзінде асыруға қабілетті емес: талқылау, жарыс сөз жүргізу, ұйымдастыру жұмыстарын талқылау, ойларын құрастыру және т.б. Басты қиындықтың бірі – тілдік қателер, ақпараттың белгілі көлемі таныс болмауына байланысты тілдік қиындықтар кездеседі. Жобалық тапсырмаларды орындау кезінде оқушылар шетел тілін меңгеруді, оқудың практикалық пайдасын көре алады. Пәнге деген қызығушылық артады, оқушылардың коммуникативті компетенциясы дамиды, олардың тілдік тұлғалары қалыптасады.

Жоба технологиясының психологиялық-педагогикалық және әдістемелік негізін қалыптастыра келе мынадай қорытындыға келдік:

1. Шетел тілін оқытуда міндетті түрде әр оқушының қажеттілігін ескере отырып, шетел тілін үйрету үрдісін міндетті түрде жеке тұлғаға бағыттау керек;

2. Шетел тілін оқытуда жобаға қатысушы оқушылар мен мұғалімнің өзара қарым-қатынастары белсендіріледі;

3. Шетел тілін оқыту процесінде маңызды шарттардың бірі ретінде оқушылардың мотивациясын (ынтасын) жоғарылататын материалдарды қолдану қажет.

4. Шетел тілі сабағында жоба әдісін қолдану оқушыларды еркін және креативті ойлауға қабілеттендіреді.

5. Сапалы білім беру шарты бойынша шетел тілін оқыту интеллектуалды, шығармашылық және коммуникативті іскерліктерін меңгеруді ұйымдастыруы тиіс;

6. Жоба жұмысы барысында кезеңдер саты бойынша жүзеге асуы тиіс;

7. Шетел тілін оқытуда оқушыларға шетел тілін сабақта және сабақтан тыс уақыттарда меңгеруге болатындай жағдай жасауымыз керек.

Жобалау әдісінің жаңа түсінігінің негізін Е.Полат былай деп тұжырымдаған: «Көлемді мәселені зерттеу, өңдеу әдістері шынайы тәжірбиелі қорытындыға негізделген, мәселенің қайта өңделуі әр түрлі деректерді қосқанда қолданады. Мұндай нәтижеге жету оқушының өз бетімен ойлауға, мәселені шешуге, болжауға және оның себеп-салдарына байланысты» [6,122б].



Әдебиеттер тізімі:

  1. Зимняя И.А., Сахарова Т.Е. Проектная методика обучения английскому языку. // Иностранный язык в школе. 1991. №3.,64с

  2. Кузьмичева Т.Н. Технические средства в обучений английскому языку. – М. Просвещение, 2001.39с

  3. Томбовкина Т.Ю. Развитие профессиональной автономий у будущих учителей иностранного языка метода проектов. //ИЯШ,2000, №5,5с.

  4. Чанилова Н.Г. Использование проектной методики на уроках немецкого языка.//ИЯШ,2000,№4, 62с.

  5. . Туркина Н.В. Работа над проектом при обучении английскому языку. //ИЯШ,2002,№3,46с.

  6. Полат Е.С. Новые педагогические и информационные технологий // Иностранный язык в школе. 2004. №3,122с



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!