Материалдар / ШЕТЕЛ ТIЛIН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ШЕТЕЛ ТIЛIН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР

Материал туралы қысқаша түсінік
сыни тұрғыда ойлай білуге,білім беру барысында кездескен өзекті мәселелрді көре білуге,білім беру барысында кездескен өзекті мәселелерді көре білуге және жаңа технологияларды пайдалана отырып оларды шешудің тиімді жолдарын табуға,өзінің алған білімдерін қоршаған ортада қай жерде, қалай пайдалануға болатынын саналы түрде түсіне білуге;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Мамыр 2022
307
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШЕТЕЛ ТIЛIН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР


Рухани интеграция дәуірлеген бүгінгі таңда ағылшын тілі - ғаламдық феноменге айналды. Мемлекетаралық байланыстарды нығайту елдердің экономикалық қарқынына ғана емес, ол руханиятқа, соның ішінде, тілге де тәуелді. Оқыту саласына түбегейлі өзгеріс жүріп жатқан, оқыту әдістері мен оның мазмұны қайта қарастырылып жатқан қазіргі таңда шетел тілдерін оқытудың тарихи тәсілдері мен оның негізгі тенденцияларын жетілдіру қазіргі таңда қолға алынуда.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау керек» деп атап көрсетілген. Сонымен қатар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауында «Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетуі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап ететіндігін көрсетеді. Демек,заман талабына сай бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуде, оқушыларға қажетті білімді меңгертудің тиімді жолдарын, әдіс-тәсілдерін талмай іздеу-әр ұстаздың міндеті. Әрбір педагог өз жұмыс тәсілі мен формасын,өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, білім алушылардың білімін жетілдіру бағытында жұмыс істеуі керек.Осыған байланысты әр түрлі әдістерді қолданудың қажеттігі туындайды. Шетел тілін оқытуда білім беру парадигмасы өзгерді, жаңа білімді игертудің мазмұны жаңарып,жаңа көзқарас,жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Шетел тілін оқытуда ақпараттық қоғам барлық оқу орындарының алдына мынадай міндеттер қойып отыр:

-қажетті білімді оқушыға өз бетінше ала отырып пайда болған алуан түрлі мәселелерді шешу үшін оларды тәжірибеде біліктілікпен пайдалануға, өзгеріп отырған өмір жағдайларына оңай бейімделе алуы;

-дербес сыни тұрғыда ойлай білуге,білім беру барысында кездескен өзекті мәселелрді көре білуге,білім беру барысында кездескен өзекті мәселелерді көре білуге және жаңа технологияларды пайдалана отырып оларды шешудің тиімді жолдарын табуға,өзінің алған білімдерін қоршаған ортада қай жерде, қалай пайдалануға болатынын саналы түрде түсіне білуге;

-әр түрлі әлеуметтік топтарда коммуникабелді,тез тіл табыса алатындай болуға,кез келген жанжалды жағдайлардан біліктілікпен шыға алуға;

-өз адамгершілік қасиеттерін,интеллектісін,мәдени деңгейін дамыту бойынша өз бетінше жұмыс жасауға қабілетті оқушыларды дайындау.

Қазіргі жағдайда шетел тілін оқыту барысында ой-өрісі кең дамыған оқушыны қалыптастыру бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Оның ең бастыларының бірі де бірегейі- шетел тілін оқыта отырып, ұлттық негізде, ұлттық рухта әлемдік жүйеге жақындастыру. Сондықтан оқу-ағарту саласының оқу үрдісіне жаңа технологияларды кең көлемде енгізу талап етіледі.

Айтылған мәселелер бойынша оқытудың мазмұнына,мұғалімнің іс-әрекетіне, оқушының даму деңгейіне, оқушының оқу әрекетіне, т.б. ерекше назар аударылған. Қазіргі уақытта шетел тілін 1 сыныптан бастап оқыту арқылы жаңа деңгейге көтеру мақсатында оқытудың педагогикалық технологиялары арқылы оқыту әдістерінің 50-ге жуық үлгілері ұсынылып,мектеп тәжірибесіне енгізіле бастады.

Шетел тілі пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту-бұл таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы. Оқытудың бұл формасы алдына нақты және бағдарланған мақсат қояды. Сондай мақсаттарының бірі-оқу үрдісінің өнімділігін арттыратын оқушының ақыл-ой емелдіктерін,өз жетістіктерін сезінетіндей жайлы жағдай тудыру. Шет тілі пәнінде интерактивті оқыту арқылы интернет желісімен байланыса жұмыс жасау, бұл сабақ процесін біршама жеңілдетеді. Себебі, білім алушы қажетті ақпаратты бірден сабақ барысында алып, оны жаңа тақырыппен байланыстыруға мүмкіндігі пайда болады. Оқушының қай ортада болсын өзіндік әрекеттерді ұйымдастырып, оны басқарушы бола алатындай дәрежеге жеткізу үшін білім мазмұнын даму тенденциялары мен оқу үрдісін инновациялық технологиялар негізінде ұйымдастырып, сабақтың түрлері мен әдіс-тәсілдерін білімділік ұстанымы тұрғысында жетілдіру қажет.

«Инновациялық технологиялар» тіркесі бүгінгі күні педагогикада, оқу-тәрбие үрдісінде ең жиі қолданылатын ұғым болып отыр. Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Әсіресе шетел тілін оқытатын оқытушылар,себебі өзге тілді енді ғана меңгере бастаған білім алушыны бірден өз пәніне қызықтыруы, шетел тілін оңай меңгертуге педагогикалық шеберлік қажет.

Шетел тілін оқыту кезеңінде оқытушы төмендегі міндеттерді ойдан шығармауы қажет:

- оқытудың микромақсаттарының, мақсаттарының айқын, нақтылы анықталуы;

- нәтижелердің жетістігіне бағытталуы;

- тәрбиелеу мен оқыту субъектілерінің іс-әрекеттерінің әрбір кезеңдері бойынша - қадамдық құрылымының анықталуы;

- мониторинг, аралық және соңғы нәтижелерді бағалау;

- тәжірибенің қайталануы мен алмасуы

Барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының пайдасы мен үшін жаңа білімді игеруде оңды нітиже беруде. «Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау». Бағдарлама қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Қызығушылықты ояту бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Мағынаны тану – жаңа ақпаратпен танысады. Ой толғаныс – осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Толғануды тиімді пайдалануға «Бес жолды өлең», яғни «Синквейн» әдісі, «Венн диаграммасы», «Еркін жазу» стратегиялары қолданылады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев биылғы жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» тақырыбындағы жолдауында «өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» деген. Бастауыш мектептің ағылшын тілі мұғаламін даярлауда әсіресе түрлі әдістер арқылы оқушыларға шетел тілін меңгерту – баланың жан дүние рухын байытатын, әлемдік білім кеңестігіне жол ашатын, бәсекеге қабілетті, заман талабына бейімделгіш жас үрпақты тәрбиелеу болып табылады. 12 жылдық білім беруде шетел тілін бастауыштан бастап оқытудың себебі – білім негізі бастауышта қаланатындықтан және ең басты мақсаты – тілдің сапасын арттыру, яғни оқушыларға шет тілін сапалы түрде, бір-бірімен еркін қарым- қатынас жасай алу деңгейінде меңгерту талап етіледі.

Шетел тілін оқыту әдістемесі пәнін ағылшын тілінде жүргізу бірнеше қиындықтар туғызады. Әсіресе оқытушы мен студенттің сөйлесу қарым –қатынасы бір жақты болса. Студенттер көбінесе үнсіз қалады. Яғни:- студент өз ойын білдіру үшін көмекші сөздерді, тілдік құралдарды таба алмайды; - оқытушы мен топ алдында сөйлеуге қысылады; - өз білімінің дәрежесі төмен екендігін көрсеткісі келмейді. Бұл жағдайда студентті сөйлету үшін түрлі әдістер арқылы ыңғайлы, қолайлы мүмкіндік туғызылуы керек, өз іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру үшін оған сай ниетін оятып әрі оқу атмосферасын орнату қажет. Студенттерге шетел тілін оқыту әдістемесі пәнінің теориялық негіздерін тірек – сызбалар арқылы түсіндіру тиімді және білім беру стандартының талаптарына сай теориялық сабақтарда тек оқытушы ғана емес студенттерде жұмыс жасау талабы орындалады. Мысалы: Content of Foreign Language Teaching 1) Psychological component, i.e. habits and skills which ensure the use of the target language as a means of communication in oral (hearing, speaking) and written (reading, writing) forms  (2) Linguistic component, i.e. language and linguistic material which should be assimilated to be used in language skills  (3) Methodological component, i.e. the techniques which pupils should acquire to learn the foreign language in a most effective way Осы сызба арқылы шетел тілін оқыту әдістемесінің мазмұның компоненттерінің түсіндірмелерін аудару арқылы тақырыптың негізгі мазмұнын студенттер меңгере аладыСонымен қатар сөздік жұмыс жасау арқылы сөз қорларын байытыптақырыптың сұрағына ағылшын тілінде жауап беруге әр кезде дайын боладыҚысқаша тірек сызбаларды студенттер оңай есте сақтайдыПрактикалық сабақтарда студенттерге төменгідегідей тірексызбалар өз ойларын жинақтапқойылған сұрақтарға жауап беруге және де жауап беруші студент жаңылысса басқа студенттерге оның қателерін жөндеуге көмек бередіОсындай тапсырмалар арқылы студенттердің ағылшын тілінде сөйлеу қабілеттерін арттыру мәселесі шешіледі және диалогтық қарымқатынас жасауға мүмкіндік беріледіСонымен қатар студенттердің ағылшын тілінде сөйлеу қабілеттерін арттыру үшін түрлі топтық немесе жұптық тапсырмалар беріпәрбір студентке жеке рольдер мен міндеттер атқаруды талап етіпбірігіп жұмыс жасату бойынша білім деңгейлері төмен студенттер үлгірімі жоғары студенттермен кеңесіп жұмыс жасауына жағдай жасаладыОндай болса студенттердің пәнге деген қызығушылығыбәсекелестік сезімі негізінде студенттердің білуге құштарлықтары артады.

Қорыта келе студентердің коммуникативті және кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мақсатында шетел тілін оқыту әдістемесі пәні сабақтарында түрлі әдістер арқылы білім беру тиімділігін айтқан жөнӘр сабақты түрлендіріп өткізу студенттердің білім деңгейін көтередіқажетті білім алуғабіліктерді қалыптастыруға жағдай жасалынады.


Әдебиеттер

1. «Қазақстан мектебі» // 2010 жыл.

2.Мұғалім // Интернет сайтынан, 2010 жыл.

3.В.С.Кукушкин. Педагогикалық технологиялар. Алматы.2002.

4.АмандықоваГ.Н., Мұхтарова Ш.Е., Баймұқанова Б.С., Бисенғалиева А.Н. «Шетел тілін оқыту әдістемесі», Астана -2007

5.Бабинская П.К., Леонтьева Т.П., Андреасян И.М., Будько А.Ф., Чепик И.В. «Практический курс методики преподавания иностранных языков», Минск-2003

6.G.V.Rogova "Methods of teaching English”, Moscow – 1983

7.Шолпанбай С.К. «Шетел тілін оқытуда интерактивті тәсілді қолданудың ерекшеліктері мен тиімділігі», журнал «Мектептегі шет тілі» № 2-2008



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!