Сезімнің бұзылуы (эмоция)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сезімнің бұзылуы (эмоция)

Материал туралы қысқаша түсінік
Сезімнің бұзылуы (эмоция) Сезім бұзылғанда депрессия (гипотимия) жиі кездеседі. Адамның көңіл-күйі төмендеп қайғылы, мұңды болады. Зарығудың ауыр түрінде ауру өзін-өзі өлтіруге дейін барады (суицидальдық ойлар). Депрессиямен ауырған аурулардың бет пішіні қайғылы, салы суға кеткендей болып жүреді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сезімнің бұзылуы (эмоция)

 

Сезім бұзылғанда депрессия (гипотимия) жиі кездеседі.

Адамның көңіл-күйі төмендеп қайғылы, мұңды болады. Зарығудың ауыр түрінде ауру өзін-өзі өлтіруге дейін барады (суицидальдық ойлар). Депрессиямен ауырған аурулардың бет пішіні қайғылы, салы суға кеткендей болып жүреді.

Эйфория – көңіл-күйдің патологиялық жоғарлауы. Адам өзін-өзі жоғары санап, денсаулығын мықты сезініп, өзін шыдамды, күшті деп есептейді. Қоршаған орта жақсы болып көрінеді. Ойлары жылдам өтеді. Үнемі қуаныш сезімінде жүреді.

Аффект – адам өзін-өзі ұстай алмайтын қысқа мерзімді сезімнің кілт бұзылуы. Пантомимикалық және вегетативтік өзгерістер қатар кездесетін жағдай. Бұл жағдайларда адам өзіне-өзі есеп бере алмайды. Патологиялық аффектінің айырмашылық белгісі – сананың түнеруі және болған оқиғаның естен толық шығуы.

Физиолгиялық аффект кезінде (ұрсысқанда, өте жаман хабар алғанда) сана өзгермейді, амнезия болмайды.

Дисфория– зарығу, ашыну, кею жағдайындағы наразылық білдіру. Маниакальді адамның көңіл-күйі көтеріңкі бола тұрып сәл нәрсеге ренжуі, ашу шақыруы мүмкін. Қояншыққа, ми атеросклерозына және мидың басқа да органикалық ауруларына тән белгі.

Эмоциональдық селсоқтықта (апатия) сезім мүлдем

жоғалады. Шизофренияда, ми ісігінде жиі кездеседі.

Психиатрия тәжірибесінде ерікті қозғалыстардың бұзылуына көңіл аударылады. Бұзылудың айқын көрінісі ретінде ауру адамдардың қозуы кездеседі.

Қозудың түрлері: психопаттық, маниакальді, кататоникалық, геберфрениялықболып бөлінеді.

Қозуға қарама-қарсы қозғалыс бұзылуы

- ступоржағдайы болып есептелінеді. Кататониялық ступор кезінде қозғалыс тоқтатылып, ауру бір қалыпта қатып қалады.

Психогендік ступор – қатты психикалық зақымданғанда болады.

Мидың маңдай бөлімі зақымданғанда ықылассыз, босаң, адинамиялық белгілері бар апатико-адинамикалық ступор кездеседі. Ерікті қозғалыстардың бұзылуының белгісі ретінде әрбір әрекетті қайталайтын стеротиптік ыңғайсыз жағдайда бір қалыпты тұрып қалатын балауыз иілгіштік каталепсия (восковая гибкость),

- әрбір сыртқы әрекетке қарсыласатын – негативизм,

- біреудің сөзін және әрекетін қайталайтын-эхолалияэхопраксия

- мүлде үндемейтін – мутизм кездеседі.

Жігердің бұзылуына:

_гипобулия – жігердің азаюы,

_абулия – жігердің жоғалуы,

_гипебулия – жігердің жоғарылауы (маниакальді жағдайларда кездеседі),

парабулия – инстинктердің бұзылуы және әуестіктің өзгеруі.

Тағамдық инстинктің бұзылуы кезінде:

анорексия – тәбеттің болмауы,

мешкейлік (булимия) – тойғанын білмеу,

тағам емес заттарды жеуге әуестік (нәжіс, жуынды, өліксе, шіріген заттар) – инстинктің бұрмалануы болады.

Өзін-өзі сақтау инстинктінің бұзылуын

-көтеріңкі (қорқу, үрку үрей),

төменгі-суицит (өз денсаулығына немқұрайлықпен қарау, немесе өлімге ұмтылу) деп 2-ге бөлінеді.

 

Клиникалық тәжірибеде сананың бұзылуы деген түсініктің өзінше нақтылы мағынасы бар. Ауру адам кім екенін, қайда екенін, айналадағы жағдайды біле алса,кісілерді таныса,берілген сұрақтарға дұрыс жауап берсе оның санасын анық дейді.

Егер ауру қайда екенін білмей,айналадағыларды танымаса, өзінің кім екенін білмесе,онда оның санасы анық емес. Бірақ бүгінгі күнгі сана бұзылуының мұндай анықтамасы өзін толық ақтамайды. Барлық психикалық ауру адамдардың санасы анық емес деп есептесе дұрысырақ болады.

Есеңгіреу (оглущенность) - талықсу, қойылған сұрақтарға қиналып, қысқа жауап береді. Елестетушілік пен сандырақ ойлар болмайды. Қатты жұқпалы ауруларда, дене қызуы қатты көтерілгенде, ми зақымданған кезде болады.

Сопор- сананың толық болмауы. Ауру айналдырасына толық көңіл бөлмей, сұрақтарға дұрыс жауап бермейді. Бірақ көздің дәнекер қабын тітіркендіргенде қорғаныс ракциясының, табандарын тітіркендіргенде сіңір рефлекстерінің жоғалмағандары байқалады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.02.2022
929
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі