"Шиеленісті шешу жолдары" баяндамасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Шиеленісті шешу жолдары" баяндамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
барлық мектеп, ЖОО, колледж, балабақша психологтарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шиеленісті шешу жолдары


Шиеністі жағдайға мына сипат тән:

- қатысушы пікіріндегі қарама-қайшылық – антогонистік;

- эмоциялы күй;

- шиеленіс нысаны – тұтас, бөлінбестей болып қабылданады;

- қарастырылу шеңбері – тұлғалық, мақсатқа жетуге бағытталған.

Қатысушы арасындағы қарама-қайшылық үнемі антогонистік, яғни үзіліссіз дауласу бағытында бола ма? Әрине, жоқ! Бірақ көбісі осылай көрінеді.

Шиеленістің жеке анықтамасына жүгінсек: «Қақтығысты шешу – оны тудырған себепті толығымен немесе жарым-жартылай жою, сол сияқты қақтығысқа қатысушының көзқарасын өзгерту». Көріп тұрғанымыздай, шиеленіс түйінін шешу қарама-қайшылықты жою мен ақылға салу шеңберінде қарастырылған.

Төменде бірнеше шиеленісті шешу әдісі көрсетілген.

Жеңіске жету әдісі өте қарапайым – ол шиеленісті жағдайды басқару рөлін қолда ұстау, күшті, ақылды, тілге шешен, қырағы болуға деген тілектің «жетегінде» кетпеу, я яғни өз көңіл күйіңізді басқару. Шиеленісті жағдайдағы атаққұмарлық, көкіректік – отқа май құйғанмен бірдей. Сәл тамызса, бықсып жатқан отты жалынға айналдырады.

Сонымен, бірінші қадам – өрт сөндіру.

Ең алдымен, шиеленісті күйден өзіңді арылту, бойдағы қысымнан босаңсу, сосын қалған қатысушыны сол күйден шығуға жәрдемдесу, жағдайды ақылға салып талқылау, дәйекетемемен сөйлеу. Әрине, оны жүзеге асыру оңайға соқпайды, ол үшін шыдамдылық танытып, кей жағдайда қарсылас пікірімен келісіп, артқа шегінуге тура келеді. Бұл жерде, сіз ашуыңызды ақылға салмасаңыз, ешқандай дәлел қабылданбайтынын есте ұстаған жөн.

Артқа шегіну кезінде әлсіз болып көрінуден қорықпау. Біз өзімізді қандай жағдайға дейін кейін шегіне алатынымызды білуіміз қажет. Егер шегіну қажет болса, еш өпкесіз, жеңіл жасаған жөн, себебі сол мезеттен бастап сіз өзіңіздің қарым-қатынас жасау сценарийіңізді орнықтырасыз. Уақытша шегіну – бұл қарым-қатынас жасаудың бір тәсілі. Ал біз ең бастысы – шиеленістің құрбаны емес, оны басқаратын тұлға ретінде таныламыз.

Екінші қадам – шиеленісті бейтараптандыру, маңызын жою.

Ақыл-ойды іске қосқаннан кейін, «тұлғалық шекараға» өтпеу үшін, бірден пікірталасты сынға ұшраған нысанға бұру. Біз адаммен емес, оның көзқарасымен пікірталастырудамыз. Адамның өзі сіз үшін жағымды, онымен ара-қатынасыңыз жақсы және бірге жұмыс жасаймыз. Біз қарсыласымыздың қайдан және қалай бұл сұрақты қозғай алатындығын талқыламаймыз. Біз қарсыластың – тұлғалық қасиетіне сынға алмаймыз. Қарапайым жұмысшы бола тұра, саясаттан хабарың болушы ма еді? – секілді сөздер қозғалмау қажет. Адамның тұлғалық беделі, «мағынасыз түсініктемесін» емес, шиеленіс нысанының анықтамасын нақты дәлелге сүйене отырып талқылаймыз. Пікірталас тек нысан төңірегінде өрбуі тиіс.

Бұл барлық қатысушының бейтарап және шынайы болуына мүмкіндік береді. Қатысушының барлығының бейтарап болуы – жартылай жеңіске жетумен бірдей.

Үшінші қадам – шиеленіс шекарасын тарылту.

Тұтас мәселеден бөлшекке ауысу. Біздің міндет – пікірталастағы нақты қандай көзқарас пен ой сәйкес келмейтінін анықтау.

«Ешкім», «ешқашан», «барлығы», «үнемі», «кез келген», «әрдайым» сөзін пайдаланбау. Қарсыластың әр пайдаланған осы сөзін нақтылауын сұрау. Барлығы осылай айтады. Кешіріңіз, нақтылап өтсеңіз, барлығы дегеннің ішінде кімдер бар? Әр сөзге жүйелі жауап ала отырып, бөлшектің мәнін аша түсеміз. Осы қадамды орындау кезінде шиеленістің түйіні де шешіле бастайды.

Төртінші қадам – түйісу көзін іздеу.

Пікірталастағы нақты айырмашылықты таба отырып, қарсыласпен пікірталас антогонистік пе, алде онда ымыра келу мен бірлесудің типінде екендігін анықтау.

Төртінші қадамда, адам шиеленісті эмоциясыз, ақылға салып шешетін болғандықтан, оның жауабын табу жеңіл болады. Тәжірибе көрсеткендей, ортақ пікір әрдайым табылады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.12.2018
3129
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі