Материалдар / Сиқырлы шаршы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сиқырлы шаршы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сиқырлы шаршы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
2495
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Көктерек орта жалпы білім беретін мектебі











«Сиқырлы шаршы»


(Пән апталығы)








Орындаған: Егінбаев.Е.





2018- 2019 оқу жылы





Сыныптан тыс шара: «Сиқырлы шаршы»

Мақсаты:1)Математика пәні бойынша 5,6-сынып материалын қайталау,алған білімдерін пысықтау, математикаға деген қызығушылығын ояту;

2)Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа, іскерлікке дағдыландыру;

3)Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, күшіне деген сенімін арттырып, үлкен жетістіктерге жетуге тәрбиелеу.

Жоспар:

  1. Таныстыру

  2. Ойлан тап

  3. Шырпылармен жұмыс

  4. Кім жылдам?

  5. Математикалық терминдер

  6. Сиқырлы шаршы

  7. Тілін тауып , сөйлеп көр

1-жүргізуші:

Уа, халайық!

Бәріңе бірдей жер салайық,

Математика тілін үйренем деушілерге,

Математика тілін білмек ойы барларға

Бүгін болатын кешімізді арнаймыз.

2-жүргізуші:

Ғалымдардың патшасы атанғансың,

Евклид, Пифагордан бата алғансың

Төзбейтін өтірікке,жалғандыққа

Жасықтан емессің сен, қаталдансың

«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін

Нағыз пән – математика атанғансың!

  1. жүргізуші:

Уақытында математика сырын түсінбей, кейінен уысымызға түсірмей қалмас үшін, бүгінгі таңда математикамен сырласып, сандарменен мұңдасып қалу үшін өткізгелі тұрған кещімізде бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші:

Жиналған ылғи дарындар,

Жүректе от, көздерінде жалын бар

Білімді оқушыларды халайық!

Қол соғып қарсы алайық!

........ тобы 5 – сынып оқушылары

........ тобы, 6- сынып оқушылары

........ тобы, 7 –сынып оқушылары




2-жүргізуші:

Осы ойынға әділ де , дұрыс баға беретін әділқазы алқаларымен танысайық.

........

............

..........

1 – жүргізуші:

Сәлем берем халқыма,

Сәлем берем жалпыңа,

Сәлемдесу кіреді,

Ата-дәстүр салтына


Бас иіп топ алдында шығатын

Сәлемдесу парызы әрбір жастың

Өнерлерін паш етер сайыскерлер

Сәті келіп қалғандай танысатын, - дегендей сайысымыздың

«Таныстыру» бөлімін бастаймыз.

2-Жүргізуші:

Өмірді танып білу сан-саналы

Жолдары математикадан басталады

Әубәкіров сол ғылым арқасында

Атанды тұнғыш қазақ космонавты

1-жүргізуші:

Математика төрт амал негізінде

Туындатқан талай заң келбетінде

Жұмбақ әлем болғанымен, ей замандас,

Меңгерілер еңбек, талап шеңберінде деп, 2- і бөліміміз « Ойлан тап» бөлімін жалғастырамыз.

  1. Нүктеден бірдей қашықтықта жатқан,

Нүктелердің жиыны.

Геометриялық фигура болғанмен,

Ауданы жоқ қиыны

( шеңбер- )

2. Қарағанда шеңберге,

Ауданы бар көрімі.

Диаметрден жартысын.

Айналдырсаң шар шығады.

Бұл қай фигура екеніін

Бәрі бұдан ұғады. (дөңгелек)

3.Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі.

Екі қозылы екі қой

Бәрін бірге санап қой . ( Барлығы 15)




4. Бір-бірімен жарысқан,

Бес аю, бір арыстан

Екі қой мен үш түлкі

Бәрі нешеу, кім білді? (Барлығы 11)

5. Атам, әжем, ағаммен

Әкем, інім және мен

Анам және енесі,

Енесінің бөлесі

Отыр едік шай ішіп,

Жеңгем келді майысып

Арқасында кіші інім

Саны қанша айта ғой

Үйдегі бар кісінің?

(11)

6.Нұрымбетов Нұрлан бүгін

Атап өтпек туған күнін

Тойласуға Таңат келді

Марат, Манат, Манап келді

Жайық, Қанат, Жанат келді

Барақ, Марат, Бабақ келді

Сағат келмей Самат келді

Бірақ Самат қайтып кетті

Жай жапсарын айтып кетті

Жайық та енді Саматқа ерді

Одан кейін Талап келді,

Одан кейін Орақ келді

Бәрі қанша қонақ келді?

(11)

7.Бес бұтақты ағашта,

Бұтақ сайын бес алма,

Біреуін бер Алашқа,

Қалады сонда қанша алма?

(24)

8.Бір-бірімен жарысқан,

Бес аю, бір арыстан

Екі қой мен үш түлкі

Бәрі нешеу кім білді?

(11)

9. Бақшаға

Жақсы аға

Көп-көп

Ойыншық

Келді алып;

Бір балық,

Екі есек,

Үш үйрек,

Төрт түлкі,

Бес бүркіт,

Алты арғымақ,

Жеті жарқанат,

Сегіз саулық,

Тоғыз тауық,

Он торпақ

Болма есепке сен шорқақ!

Ауызша,

Жазбаша

Қосып шық

Бақшаға

Жақсы аға

Қаншама

Әкелді

Ойыншық? (55)


10.Түйе, бота маң басқан

Төрт аяғын тең басқан

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі,

Екі қозылы екі қой

Бәрін бірге санап қой.

(19)

2-жүргізуші:

Әлемнің құпиясын білдіретін

Ғылымның түрлері көп біз білетін

Математика ғарышқа алып шықты

Адамның саналы ойлау құдіретін


1-жүргізуші:3-кезең «Шырпылармен жұмыс»

1. Шырпыдан құралған 5 шаршыдан 3 шырпыны алып тастап, дәл осындай өлшемдегі 3 шаршы қалдыру керек.

















2. 17 шырпы 6 шаршы құрайды. 5 шырпыны алып тастап, 3 шаршы қалдыр.















3. 6 шаршы құрап тұрған 18 шырпының 2-уін алып тастағанда, 4 шаршы қалуы тиіс.




























3.Он екі шырпымен шаршылар құрастыр:

Shape3 Shape2 Shape1

Shape6 Shape5 Shape4

Shape9 Shape8 Shape7

Shape12 Shape11 Shape10

  1. 3 шаршы құрастыр,

  2. 2 шаршы құрастыр

  3. 5 шаршы құрастыр

Shape13




















  1. Жүргізуші:

Енді сайыскерлеріміз ойланып болғанша біз жанкүйерлермен сайыс жүргізіп жұмбақтар жасырсақ.

  1. Қабат-қабат қаптама

Ақылын болса аттама (кітап)

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында

Ұзындығы жазулы тұр бойынды (сызғыш)

  1. Бір тонна мақта ауыр ма?

Бір тонна темір ауыр ма? (бірдей)

Бес ін, бес іннің айызы бір ін (қолғап)

Аяғы біреу, қолы жоқ, шиыр жолы көп (қалам)

  1. Елу тісті, екі қолды (екі кісілік ара)

Мектепке келе жатқан бес балаға,

Қарсы жолда тағы төрт бала жолықты.
Мектепкем неше бала барды? (5бала)

  1. Жанұяда екі ұл және ір ұлдың екі әпкесі,

Бір әкесі бар. Әр қыздың бір анасы бар.
Жанұяда барлығы қанша адам бар? (2 ұл, 2қыз, 1әке, 1анасы – 6адам)


  1. Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас

  2. Бес бармақ жиналса, жұдырық болады

  3. Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды

  4. Бір кіс қазған құдықтан, мың кісі су ішеді

  5. Жеті жұрттын тілін біл, жеті түрлі білім біл

  6. Досыңды үш кін сынама, үш жыл сына

  7. Бір түйір дәнде, бір тамшы тері бар

  8. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

  1. Алты аға бірігіп әкең болмас, жеті жеңге бірігіп шеше болмас

  2. Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі

  3. Жалқаудың екі досы бар:

Бірі – ұйқы, бірі – күлкі.
Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ.


2-Жүргізуші:

Жас достарым, мұны

Математика құрметтеуге лайық,

Дүниедегі құбылыстың мәніне

Табиғаттың, қозғалысың бәрін де

Мүмкін емес есептерсіз түсіну,

Есебіңіз дүние кілті әлі де.

Келесі сайысымыз«Кім жылдам?»бөліміне кезек береміз.

Бұнда әр топқа бірдей 3есеп беріледі сол есепті кім жылдам , әрі дұрыс орындайды сол топқа 10 баллдан қосылады.

  1. 8 8 8 8 8 8 8 8 санының жазылуының арасына 1000 саны шығатындай етіп , «+» таңбасын қойыңыз. ( 88 + 8+8+8+888=1000)

  2. Қажетті санды табу.









  1. Жүргізуші:

Ойнайық, ойлайық та ойнайық

Білімділік көрсетейік , сынайық

Жеңсең де жеңбесең де ренішсіз болмайық

Қаймықпай көңілді боп тарайық – дей келе

«Математикалық терминдер»кезегін бастаймыз. Ол үшін әр топқа бір әріптен беріледі, сол әріптен басталатын математикалық терминдер айтасыңдар. Кем дегенде 10 термин айтуларыңыз керек.

1 топқа : А- аудан, айырма, алым, азайту, арифметика, анықтама, анықтауыш,

2 топқа: Т – түзу, теорема, тіктөтрбұрыш, теңдеу, төртбұрыш, теңдік, теңсіздік.

3 топқа: Б - Бөлім, бөлшек, бір, бұрыш, бөлу,

Сайыскерлермен бірге бізде П, С, Т әріптеріне математикалық терминдер ойлап айта отырсақ өз тобымызға қосымша 5 балл қоса аламыз.


2-жүргізуші:

Қиындықтан сірәда біз кашпаймыз

Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз





3

1

23

3

20

16

17

37

24

25

37

19

3

1

24

25

1

17

1

24

37 ---

24

1

18








1-жүргізуші:

Қиындық сірә пәннің биіктігі

Математика саласын қалағандар

Шыңына жетер ылғи жеңіп түбі

Елімнің үміт артар ұл-қызымыз

Дарынды әр оқушы жұлдызымыз

Келесі сайысымыз «Сиқырлы шаршы» бөлімімізді жалғастырамыз. Бұл бөлімнің шарты бойынша әр топ үш рет ойнау мүмкіндігі бар және айналмадағы көрсетілген сандарға түссе сол сан сол топқа ұпай саны болып қосылады.

1. Үш әке мен алты бала серуенге шықты. Олар қырық екі алма сатып алды. Бұлардың әрқайсысына алтыдан алма тиді. Бұл қалай болғаны? (бір ата, екі әке, төрт немере)

2. Тар шеңберді айналып,

Тұр құдықта байланып,

Қаға берер таңдайды,

Әдетінен танбайды. (сағат)

3. Жұмадан кейін он тоғыз тәуліктен соң аптаның қай күні сәйкес келеді. (сәрсенбі)

4. Дөңгелекті үш түзу арқылы ең көп дегенде неше бөлікке бөлуге болатынын табыңыз. (жеті бөлікке)

5. Бөлмеде екі ит, үш құс, бір шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады. (жиырма)

6. Төрт таяқтың сегіз ұшы бар. Алты жарым таяқтың неше ұшы бар? (он төрт)

7.

8.Тоғайда он қарға отыр, аңшы олардың екеуін атып алды. Нешеуі қалды? (екеуі қалды)

9. Үш май шам жанып тұрды. Екеуін сөндірсе, нешеуі қалады? (екеуі, өйткені сөндірмеген біреуі жанып кетеді)

10. Көшедегі өткелді жолақтап ақпен бояп қояды. Егер олардың арасында отыз боялмаған жолақ болса, ақ жолақтар саны қанша болғаны? (отыз бір)

11.Қорада тауықтар және қояндар бар. Олардың барлығы он бес бас, елу аяқ болса қорада неше тауық, неше қоян бар? (бес тауық, он қоян)

12. Қайрат Жанардан кіші, бірақ Талғаттан үлкен. Ал Ажар Жанардан үлкен болса, ең үлкені қайсы? (Ажар)


2-жүргізуші:

Өмірді танып білу сан-саналы

Жолдары математикадан басталады

Әубәкіров сол ғылым арқасында

Атанды тұнғыш қазақ космонавты



1-жүргізуші:

Математика төрт амал негізінде

Туындатқан талай заң келбетінде

Жұмбақ әлем болғанымен, ей замандас,

Меңгерілер еңбек, талап шеңберінде- Тілін тауып , сөйлеп көр. Жыпырылған сандардың тілін тауып сөйлеткенде ежелгі грек ойшылы, әрі математигі Пифагордің сандар туралы айтқан тұжырымын оқуға болады. Ол үшін сандарды қазақ әліпбиіндегі әріптердің рет санымен алмастыру керек. « Бар болмыстың бастамасы – сан»

2-жүргізуші:

Осыменен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаманболсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ.

Шынымыз биік болар, білім қусақ.


1-жүргізуші:

Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды,

Ал, қазір әділ-қазы сөз алады.

Кешіміздің жеңімпазын анықтап,

Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.

Қорытындылау: Жеңімпаздарды марапаттау, сыйлықтар беру















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!