Материалдар / Шіркейлі ауылының жер-су атаулары жайлы тарихи деректер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шіркейлі ауылының жер-су атаулары жайлы тарихи деректер

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған жердің тарихын білу керектігін жас ұрпаққа түсіндіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2019
755
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі


К.Қаракөзов атындағы №235 орта мектеп




Тақырыбы: Шіркейлі ауылының жер-су атаулары жайлы тарихи

деректер.


Орындаушы: Қызылорда қаласының К.Қаракөзов атындағы №235

орта мектебінің 5 «Б» сынып оқушысы Молдабек

Назгүл Ғабидуллақызы


Жетекшісі: К.Қаракөзов атындағы №235 орта мектептің

технология пәнінің мұғалімі Сүлейменова Гүлайхан

Құлтайқызы

Ғылыми

жетекшісі: К.Қаракөзов атындағы №235 орта мектептің

«Атамекен» мұражайының жетекшісі, Ы.Алтынсарин

төс белгісінің иегері Алматшаева Күләш Алматшақызы


Бағыты: Өлкетану








Қызылорда қаласы 2018 жыл

Ғылыми жобаның мазмұны




І.Кіріспе


Туған жерім тұғырым бет



ІІ Негізгі бөлім


а) «Шіркейлі ауылының» жер-су атауларын жан-жақты зерттеу

ә) Туған жердің тарихын білу керектігін жас ұрпаққа түсіндіру



ІІ Қорытындылау


Туған жерді құрметтеу, қастерлеу жас ұрпақтың міндеті.












Жобаның негізгі мақсаты


1) «Шіркейлі ауылының» жер-су атауларын жан-жақты зерттеу.


2) Туған жердің тарихын білу керектігін жас ұрпаққа түсіндіру.




Жобаның міндеттері


1. Туған жерімнің жер-су атауларымен танысу


2. Жер-су атауларының маңызын, ерекшеліктерін, алатын орнын көрсету.
















Аннотация


Менің Зерттеу жұмысының мақсаты қолда бар мәліметтерді пайдалана отырып, «Шіркейлі» ауылының жер-су атауларын жан-жақты зерттеп көрсету. Сонымен қатар жер-су атауларының не себепті бұлай аталғандығын зерттеп, келешек ұрпақтың туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту.

Жұмыс барысында ауылымның жер-су атаулары жайлы көнекөз қариялардан біраз мәліметтер алдым. Жер-су атауларының ерекшеліктеріне тереңінен үңіліп, біраз деректер жинақтадым.

Мен үшін туған жерімнің тарихын, жер-су атауларын білудің маңызы ерекше болып отыр. Алдағы уақытта жер-су атауларын тереңінен зерттеп, жас ұрпаққа туған жердің тарихын білу қажет екенін айтар едім.















Аннотация

Целью моей исследовательской работы является всесторонее изучение географических названий села «Ширкейли» используя имеюшиеся данные. А такжеисследовать значение географических названий и прививать к родной земле молодому поколению.

Во время исследования я собрала нужную информацию из уст стариков аула, глубже вникла в особенности географических названий.

Для меня является важным знание истории и значение географических названий родного края. В будущем я ставлю перед собой задачу глубже изучить родного села и ознокомить молодое поколение с историей родного края.

















Annotation

The purpose of my research is to explore geographical names of “Shirkeili” village using existing information, to find out why they were called like this, to bring up love and the feeling of honour of ht young to their native land.

I have interviewed aged people of the village about geographical names, learned the features of these names while exploring and gathered necessary data.

It’s important for me to know the history and all geographical names of my native land. In future I’m going to gather more data about the history of the village and would like new generation to know the history of their native land.


















К.Қаракөзов атындағы

№235 орта мектептің

5 «Б» сынып оқушысы Молдабек

Назгүлдің «Шіркейлі ауылының

жер-су атаулары» атты

ғылыми жобасына


Пікір

Жоғарыда көрсетілген, ғылыми жоба тақырыбының мазмұны бойынша жоба жазушы жер-су атауларының тарихы мен ерекшеліктерін жан-жақты зерттеген. Сол замандағы халықтың тұрмыс-тіршілігін, жасаған жұмыстарын, не себепті бұлай аталғандығын жазып көрсете білген. Әрбір жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігі оны қадірлеп, қастерлеуі қазіргі кезде басты мақсат болып отыр.

Осыған орай, болашақ оқушымыз Молдабекова Назгүл Ғабдуллақызы туған өлкеміздің жер-су атауларын одан әрі зерттеп, зор жанашырлық танытады деген үміттемін.


К.Қаракөзов атындағы №235 орта

мектептің «Атамекен»

мұражайының

жетекшісі, Ы.Алтынсарин

медальінің иегері: _____________ Алматшаева Күләш Алматшақызы.









Ғылыми жобаның мазмұны



І.Кіріспе

Туған жерім тұғырым ..........................................................................9-10 бет


ІІ Негізгі бөлім


а) «Шіркейлі ауылының» жер-су атауларын жан-жақты зерттеу.........11-16 бет

ә) Туған жердің тарихын білу керектігін жас ұрпаққа түсіндіру


ІІ Қорытындылау


Туған жерді құрметтеу, қастерлеу жас ұрпақтың міндеті......................17 бет


















Кіріспе

Кез-келген елдің өткені мен бүгінінің сабақтастығы оның жер-су атаулары топонимдері арқылы көрініс табады. Қазақ елінің де жер-су атаулары халықтың сан ғасырлық тарихынан сыр шертеді. Осы себепті де және еліміздің басынан өткен «сан қилы» заманда көптеген топонизмдердің өзгеріске ұшырауына, ұмыт болуына байланысты да жер-су атауларын зерттеу бүгінгі күні өзкеті мәселелердің біріне айналып отыр.

Топономика географиялық атауларды зерттейтін ономастиканың бір бөлімі.Топономика гректің topos - орын + onyma – есім, ат деген сөзінен алынған. Ол өзен, су, құдық, бұлақ, көл, теңіз аттарын жан-жақты зерттейді. Әрбір атаудың өз тарихы, дүниеге келу себебі бар.

Қызылорда облысының топономдері де республикамыздың басқа өңірінің топонимдері сияқты, сан мыңдаған жылдардың тұтас бір дәуірдің жемісі. Сондықтан да олар қоғам өмірі, халық тіршілігімен тығыз байланысты.

Бұл ғылыми жобаны жазуыма анам себепші болды. Ол кісі мектепте оқып жүрген кезінде үлкен кісілердің әңгімесін қағаз бетіне түсіріп жүреді екен.

Бұл жер-су атауларын анам 1990-жылдары өзінің ұстазы география пәнінің мұғалімі Палымбетов Әуезхан ағайдан жазып алған екен. Ол кісі қазір дүниеден озып кеткен. Жер-су атауларының атауын атағанымен неге бұлай аталғанын көпшілігі біле бермейді. Сол себепті анам маған жетекшілік жасап, жарыққа шығаруды жөн көрді. Ғылыми жобаны қорғап беруге мен де бекіндім. Жақын арада Шіркейлі ауылында тұратын Мақашев Біләл атаменен сөйлесіп, ғылыми жобамды одан әрі зерттедім.






Туған жерім тұғырым

Менің туған ауылым Сырдария ауданына қарасты қазіргі «Шіркейлі» ауылы. Облыс орталығынан оңтүстік бағытқа қарай 65 км, ал аудан орталығынан оңтүстікке қарай 45 км жер.

Ауылдың құрылымы бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізген. Алғашқы колхоздар қйымдаспастан бұрын көшпелі ата-бабамыз су жағалап, егін егіп отырықшылықпен айналыса бастаған. Сол кезеңде көкірегі ояу, ауылдың ардагер азаматтары Емберген Сейдекеев, Әлһайдар Сарбасы есімді аталарымыз елді үгіттеп 10-15 үйден серіктестікке (ТОЗ, товорищеский оброботкий земли) біріктірген.

1931-1933 жылдары колхоздастыру жұмыстары қызу жүргізген. Осы кезде біздің жерде он екі (12) колхоз болыпты. Атап айтқанда «Қурайлы», «Құрама», «Тасбөгет», «Талап», «Қызылту», «Қызылжалау», «Еңбек», «Өрлеу», «Жаңатаң» т.б.

1956 жылы колхоздар ірілене келе төрт колхоз «Қызылту», «Қурайлы», «Талап», «Қызылжалау» колхоздары қалып, олар да бірігіп, іріленген «Қызылту» колхозы болды. 1967 жылдан колхоз совхозға айналып, колхоз кезінен күріш, мал өсіретін совхозға айналып, барлық халық орталықтанып, осы күнгі «Шіркейлі» кеңшарына жоспарлы түрде қоныстанды.

Қазіргі кезде «Шіркейлі» ауылы аудандағы мәдениеті дамыған, республикаға белгілі ауылдардың бірі.

Кеңшарда тарихи атаулы жерлер, аты әйгілі озат еңбеккерлер, батырлар, ғалымдар, депутаттар көп. Атап айтсақ қос Ленин орденді, еңбек, соғыс, колхоз құрылысының ардагері Жаңабай Азаматов, Совет Одағының батыры Жаппасбай Нұрсейітов, Социолистік еңбек ері Балдырған Мұстафаева, Жоғары Кеңеске алғашқы депутаттар Күмісшаш Аманова, Қызкенже Пірішова, екі мәрте депутат болып сайланған күрішші Бексұлу Синаева, жазушы ақын, сыншы Әбдіраш Жәмішов, белгілі драматург Қалтай Мұхамеджанов сынды азаматтар мен азаматшалар тарихта аты қалған. Біз мұны мақтан тұтамыз.

ІІ Негізгі бөлім

Жер-су атаулары жайлы деректер

Шіркейлі атауы бұл негізінен «шыбын-шіркей» сөзінен шыққан. Бұдан 180 жылдай бұрын Сыр өзенінің жағасы қалың тоғай ұшы-қиыры жоқ ұласып жатқан көл болған. Тоғайында небір жыртқыш жабайы аңдар, қабылан, барыс, жолбарыс, қасқыр т.б. аңдар болған деседі. Көлдерінде үйрек, ойнаған балықтар: жайын, сазан, шортан т.б. тола болған екен. Кейінірек Сыр суы тартылып, тоғайлар қирап, құлап батпаққа айналып, көл маңы шыбын-шіркейқаптап, сасыған аймаққа айналған. Ол жерден өткен халық «шыбын-шіркейі көп жер екен» - деп содан «Шіркейлі» сөзі шыққан. «Шіркей» - деп шыбынның кішкене тұқымын айтады.

«Бесөзек» атауы

Қазақ «өзек» деп суы жоқ өзеннің арнасын айтады. Бір кезде біздің кеңшар жерімен бес табиғи өзеннің саласы аққан. Соның атымен біздің ауыл «Бесөзек» ауылы деп аталып келген. Қазір Нағи Илясов ауылы солай аталады.

«Айғырсоққан» атауы- жер аты, біздің ауылдың шығысында, 2-3 км жерде. Көнекөз қариялардың айтуы бойынша бұдан 140-150 жыл бұрын (Әгін Каюпов деген атаның айтуынша, ол кісі 92 жасында қайтыс болған. Жүніс деген атасының жүйрік, торы жорғасын үйірінің іргесінен жолбарыс жарып жеп кетіпті, сол жер бұл күнде «Айғырсоққан» деп аталады. Бұл атаудан біздің жерде бұрын қалың тоғай, жыртқыш аңдардың (жолбарыстың) болғандығын дәлелдейді.

«Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» - деген мақал осы-ау.

«Сарыбасат» - жер аты. Біздің ауылдың батысында 8-10 шақырымдай жердегі құмтөбе. Ертеде қыз ұзату, келін алу, ат жарысы бәйгелері сол төбенің басынан басталады екен. Бұл жарысқа Сыр өңірінен басқ да арқа елінен жарамды бәйге аттары келеді екен.

Бір бәйгеге арқадан жүйрік, суытылып жаратылған Сарыбас ат келіпті. Жарыста Сарыбас ат озып келе жатып, мертігіп мойыны үзіліп өліпті. Жылаған аттың егесі атын қимай, ақтыққа орап төбеге жерлепті. Содан бері сол жер «Сарыбасат» деп аталады.

«Қумола» - жер аты. Біздің ауылдың шығысында 3 шақырым жерде. Кешегі 1929-1932 жылғы ашаршылық Сыр бойында қатты шарпыған кез келген жерде адам өлігі көмусіз қалған. 1935-1936 жылдары ел егін егіп, тойына бастаған соң, туыстарының қураған сүйектерін жинап, қураған сүйектерді: молаға белгілеп жерлеген. Сол жерде «Қураған сүйек моласы» немесе «Қу мола» сөзі шыққан. Қазір үлкен қорым, әлі туысына қарай халық жерлеп отырады.

«Майшұңғыл» - «шұңғыл» деп қазақ «шұңқыр» терең жерді айтады. Біздің ауылдың батысында «Майшұңғыл», «Майшүңгіл» деген жер бар. Ертеректе балығы көп, жағалай отырған халықты ашаршылықта асыраған «майылсай», «майлышұңқыр» болған, содан «Майшұңғыл» атанып кеткен. Қазір сайдың орны бар, бірақ балық ауланбайды.

«Топан» - адам аты, батыр болған кісі деседі қариялар.XIV ғасырда біздің жерімізге қалмақтар, одан кейін қоқандар шабуыл жасап, көптеген қырғынға ұшыратқан. Сол кезде Топан деген батыр кісі қоқан әскеріне қарсы шығып «Сен қоқан болсаң мен Топанмын» - деп соңғысып, соғыста қаза тауып, сол жерде сүйегі қалыпты, сол жер «Топан» деп аталады, біздің ауылда Топан атаның ұрпақтары бар. Сол жерге бір шоқ «ақтікен» шыққан кейде «шырақ жанады» - дейді үлкендер.

Әжібай арық – Әжібай біздің нағашы аталарымыздың аты. 1948 жылы 82 жасында қайтыс болған. Оқымаған сауатсыз, бірақ көкірегі ояу, батыр, халықты ұйыта алатын адам болған. Ашаршылық жылдарында халықты соңына ертіп, үігіттеп Шіркейлі өзенінен 12-15 шақырым жерге қолмен арық қаздырып, егін егіп, халық тойынған.

1936 жылы облыстық Ленин туы газетіне ақын, марқұм, Қуаныш Баймағанбетов атамыз сол арықты, тойынған халықты жырлап былай депті.

Әжібай қазған ақ арық,

Шіркейліден саға алып

Ашынған халқым тойынды

Осы арықтан нәр алып – деп жырлапты, бұл ұзақ жыр, қария кісілердің, сол кезде жаттаған адамдардың ұмытылмастай әлі есінде.

«Жебір» - жер аты, күрішшілер күрішке су алу үшін арық қазып, суын азайтуға ешқандай мүмкіндік жасай алмапты, бұл бұдан 60-70 жыл бұрын болса керек. Ол кезде су тоспалары, шлюздер жоқ, әбден шаршаған халық ол жерді «Жебір» деп атапты. Кейінірек байқаса, анықтаса, ол жер бұрын тұзды тұзды көл табаны екен. Тұзды, кебірлі, сортақ жерде су тұрмайтыны содан екен.

«Түңлік тыққан» - бұл да жер аты. Жаңағы жоғарыда айтқандай артық суын бөгей алмаған халық үйдің түңілігін топыраққа орап, суды бөгепті, содан сол жер «түңілік тыққан» аталады.

Көл аттары – 1950 жылға дейін біздің ауылда 20 дан астам, бір-біріне ұласып жатқан көлдер болған. Атап айтқанда:

1) Қошай көл 7) Дала көл

2) Бидай көл 8) Тамаша көл

3) Сәкен көл 9) Ақын көл

4) Кошым көл 10) Құм көл т.б.

5) Лай көл

6) Лақа көл

Әрине бұл көлдердің тарихи атаулары сол жерді мекендеген ауқатты, малды байлардың есімімен, көл байлығымен, табиғатымен байланысты болса керек, қазір бұл жерлердің тек тарихи атаулары болмаса, тегістеліп, егістік жерлерге, мал жайлымдарына айналған.

«Жетімасар» - қолдан үйілген көлемі 2-3 га келетін құм төбе, кеңшардың оңтүстігінде 4-5 шақырымдай жер. Оқушылар саяхатқа шығып, мектеп мұражайына ескі қыш күзе,теңге,қанжар,мылтық,диірмен, қыш ыдыстар тауып әкелген. Мемлекет қорығында есепте. Қалмақ, Қоқан шабуылынан қираған, қолдан үйген бекініс болса керек. Жетім-жесірлер «асарлап» (бірігіп) үйген деседі халық. Содан «жетімдер» үйген төбе «Жетімасар» деп аталуы мүмкін дейді.

Кейбір деректерде бұл төбе жалғыз болған соң «Жетім асар» деп аталған болуы да әбден мүмкін делінеді. Жоспарында дөңгелек формалы, қалашықтың сақталған ең жоғары биіктігі – 7 метр, көлемі 2-3 га келетін құм төбе. Ескерткіш тақтада қалашық уақыты белгісіз ділінген. Бұл қалашықтың маңында бір батырдың жерленгінін халық аңыз етіп айтады. Қалашықтың маңайында қорым (биіттер) бар. Сол қорымда қылыш қожа руының батыры Дөнен батыр жерленген екен. Дөнен батыр – Сыр өңірінде қару ұстап, ел қорғаны болған батырлардың бірі. Жоқшылықтың кермек дәмін татқан батыр өз ағайынының жетім балаларына қамқор болған. "Не жасасам да осы жетім балалар үшін жалдадым" дейтін көрінеді. Бұл жер Қарақалпаққа дейін жалғасып жатқан үлкен күрежолдың бойы болған. Яғни «Шымбай жолы» деп аталып, керуендер жүрген, ат дүбірі толастамаған. Мен өмірден озғанда осы күрежолдың бойында жерлеңдер. Ат дүбірін естіп жатайын деген екен. Міне, сол бойынша батырдың мүрдесі осы Жетімасар қалашығының маңына жерленіпті.

Жетімасар қалашығында да тұнып тұрған жәдігер, анықталмаған сыр бар екені айқын. Бұл төбеге деп археологиялық жұмыстар жүргізілсе көптеген құндылықтарға қол жеткізеріміз анық. Сонымен қатар талай болжамдардың расталуына мүмкіндік болар еді.

«Қосасар» - бұл үлкен күрежолдың оңтүстік беткейіндегі қос төбе. Шаған елді мекеніндегі Үлкен және Кіші асардың жалғасы болып саналады. Ә.Марғұлан атындағы археология институты мен Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың «Археология және этнография» ғылыми зерттеу орталығы қазба жұмыстарын жүргізіп, ежелгі қаланың орнын анықтаған. Зерттеу жұмыстары нәтижесінде құнды жәдігерлер табылып, қаланың өмір сүрген мерзімін анықтауға үлкен септігін тигізді.

Өңірде Қос асар қалашықтары Сырдария мен Қармақшы ауданында орналасқан. Қармақшыда Үлкен және Кіші Қосасар қалашықтары болса, Сырдарияда Қос асар І, Қос асар ІІ қалашықтары бар. Олардың ішіндегі Шіркейлі аулынан оңтүстік-батысқа қарай 6 шақырымда орналасқан Қос асар ІІ қалашығын археологтар б.з. V-ІX ғасырларды қамтиды деп мерзімдеген.

Жетіасар мәдениетінің жұрнағы саналатын қалашықты зерттеушілер үш мәрте бұзып, қайта тұрғызылған деп пайымдаған.

Негізінен Қос асар ІІ қазіргі уақытта тұрғын үйлер мен құрылыс орындары ғана сақталған шағын қала орны болып табылады. Қос төбенің шығыс асары цитаделінің диаметрі 50 метр, оның сақталған биіктігі 8 метр. Ал батыс асар цитадель мен алаңы бар дұрыс дөңгелек формалы. Цитадельдің сақталған биіктігі 10 метрге жетеді. Осы батыс асарға жүргізілген қазба жұмыстары барысында үлкен және кіші екі бекініс орны табылған. Сондай-ақ, бірнеше бөлмеден тұратын үі-жай анықталған.

Қазба жұмыстарының кезінде қолға түскен негізгі археологиялық материал – керамика. Оған қоса, қалашықтар сүйектен (бұғы мүйізі) жасалған бұйымдар, белдік доғасы, шыны бұйымдар, қола қазан тұтқасы кішкене қола қоңырау, қайрақ тастар және мыс тиындар табылған. Бұл жерден көмір де шығыпты. Табылған қыш ыдыстар ортағасырлық Жанкент, Сартөбе және Сауран қалашықтарының IX-XII ғасырлардағы керамикаларымен сәйкес, келетінін көрсетеді. Мұнда Оғыз мемлекеті өмір сүрген кезеңмен сәйкес келетін ошақтың орны да белгілі болған. Оны тазалау барысында қасқыр тісі мен қой сүйегінен жасалған тұмар мен ғұрыптық мақсатта қолданылатын бүтін қыш ыдыс табылыпты.

Қос асар ІІ қалашығы туралы Шіркейлі ауылының ақсақалы Біләл ата Мақашұлы қос төбенің батыс беткейіндегісі биік екендігін және кезінде мұнда 4 биік ағаштан тұрғызылған белгі беретін ошақ болғанын айтты. Оған адамдар 7 сатымен көтерілген екен. Кейінірек бұзып тастапты.

«Қосасар» маңында Бәттел батырдың жерленгенін айтып берді.

Аңыз бойынша, 18-20 жас шамасындағы Бәттел батыр бір жорыққа кеткенде ауылын қарақалпақ сарбаздары шауып, малын айдап кетеді. Батыр жорықтан келгенде азан-қазан болып жатқан ауылындағы жағдайды біліп, қарақалпақтардың артынан қуады. Жауды қуып жетіп, жалғыз қарсы шыққан соң батыр жараланады. Алайды жауды талқандап, ауылын азат етіпті.

Шай

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!