Материалдар / «ШЖМ музыка пәні бойынша үздік бейімделген бағдарлама»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«ШЖМ музыка пәні бойынша үздік бейімделген бағдарлама»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының музыка өнерін қадірлейтін, өмірмен байланыстылығын түсінетін, ішкі жан дүниесі бай, өнерлі музыкалық – эстетикалық талғамы жоғары тұлғаны тәрбиелеу.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Көгедай орта мектебі» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі










«ШЖМ музыка пәні бойынша үздік бейімделген бағдарлама»









Бағдарламаның тақырыбы

__________________________Саз өнері______________________







Автордың аты-жөні: Салбанова Айгүл

Тұрысбекқызы







Көгедай ауылы

2023 жыл.


«Саз өнері»

Түсінік хат

Музыка арқылы оқушылардың шығармашылығын дамытып, олардың қиялын, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін арттыруына, өнермен араласу барысында жетістіктерге жетуіне ықпал ету. Сахналық қойылымдар мен концерттік сахналардан өнер көрсету арқылы шығармашылық белсенділіктері артады. Музыкалық ұғымдарды игеріп, ән айтып және музыкалық сауаттылықтарын шыңдап санамен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады. Жергілікті,аймақтық компоненттерді пайдалану арқылы композиторлардың өмірі, шығармашылығымен таныстырып, жаңа білім көздерімен сусындату. Сабақта алған білімдерін өмір сахнасында қолдана білуге үйретіп, өнер көзін ашу, тәрбиелеу.


МАҚСАТЫ:

Қазақ халқының музыка өнерін қадірлейтін, өмірмен байланыстылығын түсінетін, ішкі жан дүниесі бай, өнерлі музыкалық – эстетикалық талғамы жоғары тұлғаны тәрбиелеу.


МІНДЕТТЕРІ:

  • Оқушылардың музыка өнері жайында көзқарастарын кеңейту.

  • Көркемдік талғамын қалыптастыру.

  • Дәстүрлі қазақ музыкасының өткені және қазіргі замандағы адам өмірімен байланысы және оның композиторлар шығармаларындағы рөлі туралы түсінік беру.


Пәнаралық кіріктіру:

  • Қазақ әдебиеті, қазақстан тарихы, өнер пәндерімен байланыстыра оқыту.

  • Мәдениеттану, өнертану мамандықтарына баулу, ұлттық өнерімізді дамыту бағытындағы мамандықтарға бейімдеу.



Тарауларды аяқтау формасы:

  • Тест тапсырмасы.

  • Оқушы рефераты.

  • Концерттік бағдарлама.


Күтілетін нәтиже:

Алған білімдерін өмірде қолдана білуге, білім қорларын молайтуға, қосымша музыкалақ материалдарымен жұмыс жасауға үйренеді. Музыкалық сауатты тұлға қалыптасады. Жергілікті композиторлардың өмірі мен шығармалары жөнінде мағлұматтар алады.



І – тарау.


«Туған жерім - тұғырым» - 9 сағат

Балалар дауысын тәрбиелеудің кейбір ерекшеліктері. 1 сағат

Вокал, хор ұжымдары.

Жасына қарай дыбысталу ерекшеліктері.

Мутация сатысы (13 – 17 жас)

Дауыс сақтау ережелері.


Дауыс жаттығулары - 1 сағат

Ән айту кезінде дауыс жаттығуларының, тыныс алу әдістерінің шығармаға тікелей әсері. Әрбір жаттығудың қандай мақсатпен орындалатыны және талаптары. Ашық, жабық үнді дыбыс жаттығуларын айтқызу.


Композитор Құрмет Сақайдың шығармашылығы – 3 сағат

Композитордың жүріп өткен өмір жолы, атамекеніне оралуы, шығармашылығындағы жеткен жетістіктері.

Ән жинақтары. Балаларға арналған «Күміс қоңырау» бірінші ән жинағы, «Мұғалім», «Астанам, әнімсің» әндерімен таныстыру.

¾ ырғағында ән айту, оны сезіну.


Қанағат Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы – 3 сағат

Қанағат Мұқановтың өмірі, Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға қоныс аударғандығы, өз атамекеніне келгеннен кейінгі еңбек жолы, шығармашылығы. Ел жұртына ән жинағын ұсынған Зайсан өңірінің тұңғыш ақын композиторы. «Айнакөл», «Әке туралы жыр» әндерінің тарихымен таныстыру. «Айнакөл», «Әке туралы жырлары» Республикалық радиосының ән қорына жазылған, сөзімен, әуенімен таныстырып үйрету.


Біліміңді тексер – 1 сағат

Бір тоқсан бойғы алған білімдерін тест сұрақтары арқылы тексеру.


ІІ – тарау.


«Балалығым бақытым» - 7 сағат.

Жаттығу әндері – 1сағат.

Балаларға арналған қысқа қайырымды әндерді қазақша, орысша екі тілде орындау. «Қысылғаным-ай», «Жасырынбақ».


Бағдат Есдаулетованың шығармашылығы – 5 сағат.

Шығыс өлкемізден шыққан ұлттық мәдени мұраларымызды, дарынды өнер қайраткелерінің. ақын, әнші, композиторларының жетістіктерін кезендерімен салыстырып, білу арқылы олардың шығармашылығын оқушыларға паш ету. «Жүрек сыры» ән жинағындағы балаларға арналған «Қазақстан», «Дос боламыз», «Мереке әні», «Жаңа жыл»әндері


«Балдәурен » атты балалар әндерінің конкурсында Сейдолла Бәйтереков атындағы номинацияны жеңіп алды.


Қорытынды – 1 сағат.

Шығыс өңірінен шыққан ақын, композиторлардың, басқа да дарын иелерінің өмірлері, шығармашылығы жайында рефераттар дайындау.


ІІІ – тарау.


«Құлақтан кіріп бойды алар» - 10 сағат.

Дәстүрлі күйшілік өнер – 1 сағат.

Күйдің шығу тарихы, күйші - композиторлардың өмірі, шығармашылығы.

Биді күймен байланыстыру. Музыка ырғағын сезіну.


Қазақ халқының музыкалық фольклоры – 1 сағат.

Фольклор. Қазақ халқының музыкалық фольклоры . Музыкалық фольклор туындыларының ерекшеліктері.Ұлы зерттеушілер Әл-Фараби, Шоқан, Абай, А.Жұбанов, Б.Сарыбаев. Музыкалық аспаптар.


Музыка және оның достары – 1 сағат.

«Ер Төстік» ертегісі. Оның кейіпкерлері: Епті, Желаяқ, Саққұлақ, Таусоғар, Көлтауысар, Қырағы.

Нота сауаттылығы: ырғақ, жылдамдық, динамикалық белгілер, лига, фермата. Ертегі кейіпкерлері мен нота сауаттылықтарын салыстыру, теңеу.


Қазақтың эстрада өнері – 1 сағат.

Эстрада, эстрада өнері сөздерінің мағынасы, ән өнеріндегі алатын орыны. Қазақ эстрада өнерінің дамуы. Роза Бағланова, Шәмші Қалдаяқов, Роза Рымбаевалардың эстрада өнерінің дамуына қосқан үлесі.


Қазақтың қасиетті дүниесі – 1 сағат.

Аңыз, аңыз-күйлер дегеніміз не? Домбыра аспабы қалай пайда болған? Аңызға үңілу. Қазіргі замандағы домбыра аспабы қандай? ДЭККО – жанрының мағынасын ашу. Бұл жанрды дүниеге әкелген Жасарал Еңсепов туралы мағлұмат.


Ұлттық өнер әлемінде – 1 сағат.

Қазақтың қара қобызының өткені мен бүгіні.

Қобызға жаңа үн сыйлаған – Ахмет Жұбанов. Үш ішекті, төрт ішекті прима - қобыз.


Қазақтың ұлт- аспаптары оркестрі – 1 сағат .

Оркестрдің құрылуы. Негізін қалаушы Ахмет Жұбановтың өмірі, шығармашылығы. Оркестрлердің түрлері. Құрамындағы аспаптар.


Ананың аялы алақаны – 1 сағат.

«Ана» - деген ұлы сөздің астарында не жатыр? 8 наурыз мерекесі – тарихқа үңілу. «Анаға» ән арнаған композитор Н.Тілендиевтің өмірі жайлы деректер. «Асыл әжем» әні.


Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз – 1 сағат.

Бағдат Есдәулетованың «Наурыз» әнін үйрету арқылы осы мерекенің қазақ жұртшылығы үшін маңызы, мәні, алатын орыны.


Қорытынды – 1 сағат.

Тоқсан бойғы өткен тақырыптарына реферат жазып, өз білімдерін нақтылап, қорғайды.


ІҮ – тарау.


«Ән көңілдің ажары» - 8 сағат.


«Елімізді сүйеміз» - 3 сағат.

«Елімізді сүйеміз» атты Дүнгенбай Ботбаевтың балаларға арналған әндер жинағы. Өмірі, шығармашылығы. Әндері: «Көктем», «Әй-әй бөпем», «Шаттық әні».


Қанапия Қапашұлы Қайырбаевтың шығармашылығы – 4 сағат.

Композитордың өмір жолы, жетістіктері. «Ұрпақ үні» ән жинағымен таныстыру. «Тұсау кесер», «Ардагерлер», «Батыр бабам - Бауыржан» әндері.


Нені үйрендік? – 1 сағат.

Оқушылардың жыл бойғы бойына сіңірген, алған өнерлерін концерттік бағдарламамен бекіту.



















Қолданылған әдебиеттер тізімі:



  1. Қанағат Садықұлы Мұқанов. «Зайсаным, әнім»

Өскемен қаласы.

«Полиграфия» өндірістік бірлестігі

1994 жыл.


  1. Құрмет Сақай. «Ақ ордасы білімнің» мектеп оқушыларына арналған

әндер жинағы.

Көкшетау. 2013 жыл

«Келешек – 2030». ЖШС


  1. Бану Жакеева. «Хор үйірмесімен жұмыс»

Алматы «Өнер» 1988жыл


  1. Бағдат Есдәулетова. «Жүрек сыры»

Өскемен «Рекламный Дайджет» баспасы 2008 жыл

  1. Дүнгенбай Ботбаев.» Елімізді сүйеміз» Балаларға арналған әндер

жинағы.

Издательская компания Алматы 2011


  1. Қанапия Қайырбайев. «Ұрпақ үні».

Өскемен 2009 жыл.


  1. Абдулхамит Райымбергенов. «Күй қайнары».

Алматы «Өнер» 1990 жыл


  1. Ақбала Айекеева. «Музыка әлемінде»

Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал

Алматы қаласы


  1. Жарылқап Қалыбай - бас редактор «Аңыз адам» журналы

Алматы қаласы. 2012 жыл № 15













6-сынып

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны


Мерзімі

І – Тарау

«Туған жерім - тұғырым» - 8 сағат


1

Балалар дауысын тәрбиелеудің кейбір ерекшеліктері

1


2

Дауыс жаттығулары

1


3-5

Композитор Құрмет Сақайдың шығармашылығы

3


6-7

Қанағат Мұқановтың шығармашылығы

2


8

Біліміңді тексер

1


ІІ – Тарау

«Балалығым бақытым» - 8 сағат


1

Жаттығу әндері

1


2

Бағдат Есдәулетованың шығармашылығы

1


3

«Қазақстан» әні

1


4

«Дос боламыз» әні

1


5

«Мереке» әні

1


6-7

«Жаңа жыл» әні

2


8

Қорытынды

1


ІІІ – Тарау

«Құлақтан кіріп бойды алар» - 10 сағат


1

Дәстүрлі күйшілік өнер

1


2

Қазақ халқының музыкалық фольклоры

1


3

Музыка және оның достары

1


4

Қазақ эстрада өнері

1


5

Қазақтың қасиетті дүниесі

1


6

Ұлттық өнер әлемінде

1


7

Қазақтың ұлт-аспаптар оркестрі

1


8

Ананың аялы алақаны

1


9

Ұлыстың Ұлы күні -Наурыз

1


10

Қорытынды

1


ІҮ – Тарау

«Ән көңілдің ажары» - 8 сағат


1

Дүнгенбай Ботбаевтың шығармашылығы«Көктем» әні

1


2

«Әй-әй бөпем» әні

1


3

«Шаттық әні»

1


4

Қанапия Қапашұлы Қайырбаевтың шығармашылығы

1


5

«Тұсаукесер» әні

1


6

«Ардагерлер»әні

1


7

«Батыр бабам - Бауыржан» әні

1


8

Қорытынды: Нені үйрендік?

1





Аннотация


Салбанова Айгүлдің «Саз өнері» 6-сыныпқа арналған бейімделген бағдарламасы оқушылардың шығармашылығын дамытып, олардың қиялын, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін арттыруына, өнермен араласу барысында жетістіктерге жетуіне ықпал етеді. Музыкалық ұғымдарды игеріп, ән айтып және музыкалық сауаттылықтарын шыңдап жұмыс істеу дағдыларын арттырады. Аймақтық компоненттерді пайдалану арқылы дәріптелмей жүрген жергілікті композиторлардың өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа таныстыруда ықпалы зор. Сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйретеді. Оқушылардың дәстүрлі қазақ музыкасымен қазіргі заманауи музыкамен байланыстылығын көрсетеді. Бұл бағдарлама қазақ әдебиеті, қазақстан тарихы, өнер пәндерімен тығыз байланыста. Дарынды балалардың өнерін шыңдауға жол ашады, сондай –ақ, өнер сахнасында көрінуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның тағы бір маңыздылығы, қосымша материалдармен өз беттерінше шығармашылық жұмыс жасауға баулиды.







Чонаева Мәншүк Қахарманқызы

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі ,педагог-зерттеуші

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!