Слямбаева Дильназ Асылбекқызы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Слямбаева Дильназ Асылбекқызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие- тал бесіктен 8 сынып 21ғасырдың балаларының даму процесі. Алдымен тәрбие отбасынан басталатыны хақ. Бірақ оның жақсы болуы үшін алдымен неден бастау қажет?
Материалдың қысқаша нұсқасы




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМҚК



«Бекітемін» _______________

Колледж әдіскері: Кабимолдина А.К.

«Келісемін» _______________

Сынып жетекшісі: Тайтолеуова Р.Қ.



Т
әрбие сағатының жоспары



  • Тақырыбы: « Тәрбие-тал бесіктен»

Өтетін орны: «№8 ЖОББМ» КММ

Сынып: 8«Ә»

Мерзімі: 12.10.2020

Тобы: 24

Машықкер: Слямбаева Дильназ

Баға: «__ » (________)

Баға: «___ » (________)








Семей 2021

Тәрбие сағатының мақсаты: Тәрбиенің тал бесіктен басталатынын түсініп,дұрыс тәрбиені және онымен атқарылатын жұмыстарды түсініп,өз бойында керегін дамыта білу. Тәрбие сағатының міндеті: Тәрбие жайлы барлық түсініктерді талдап,жағдаяттарды шеше білужәне онымен жұмыс жасай алу. Тәрбие сағатының ұйымдастыру формасы, түрі: әңгімелесу. Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,видеоролик, жағдаяттарды шешу,топқа бөлу. Техникалық жабдықталуы: компьютер. Көрнекілік: тақырыпқа байланысты суреттер, жағдаяттар жазылған қағаздар. Қажетті жабдықтар: а4 форматындағы қағаз, маркер.

Тәрбие сағатының құрылымы

I. Ұйымдастыру кезеңі -7мин.

- амандасу,таныстыру -2мин.

- психологиялық даярлық: “Видеоролик” -3мин.

- видеодан алған әсерлерімен бөлісу -2 мин.                        

II. Негізгі бөлім​​​​​​​ - 28мин.

  а)  Тақырып туралы пікірталас -7мин.

  б)  Жүректен-жүрекке - 3мин.                  

 в)  Топқа бөлу.Жағдаяттарды шешу   -10 мин.

с) “Баспалдақ”әдіс  - 10 мин.

III. Қорытынды ​​​​​​​​ - 5 мин. 

- Рефлексия



Тәрбие сағатының барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздерме оқушылар! Қалдарыңыз қалай? Көңіл күйлеріңіз қалай? Мен Семей қаласы М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «Шетел тілі пәнінің мұғалімі» мамандығы 24 топ студентті Слямбаева Дильназ Асылбекқызымын. Сіздермен тәрбие сағаттарын өткіземін. Біздің бүгінгі тақырыбымыз:”Тәрбие-тал бесіктен”.Бүгінгі күнге барлықтарыңызға көтеріңкі көңіл күй және сәттілік тілеймін. Бүгінгі тәрбие сағатын бастамас бұрын, -тақырыпты алдымен  видеоролик арқылы ашайық.

https://youtu.be/bSN4Sg2Tg7E

-Ал,видеоны көргеннен кейін қандай әсер алдыңдар?Қандай қорытынды жасай аласыңдар?



ІІ. Негізгі кезең.

а) Жалпы “Тәрбие-тал бесіктен”дегенді қалай түсіндіңдер?

-Адамның тәрбиесіне отбасы да,достары да,қоршаған ортасы да әсер етеді.Бірақ,ең алдымен оның бәрі тек сол адамның өз қолында.Сенің дұрыс тәрбиең-ол сенің жарқын болашағынның кепілі,нағыз тұлғаның айнасы.Сол себепті,тәрбиені тал бесіктен бастау қажет!

Тәрбиесіз алынған білім – адамзаттың қас жауы.

б) Жүректен жүрекке.

Оқушылар бір-біріне жүрекшені беру арқылы сол адам бойындағы ұнайтын 1 қасиетін айтады.






в)Оқушыларды 3 топқа бөліп,оларға 3 жағдаятты береміз.

1-жағдаят.

Автобусқа отырған оқушы баланың қасындағы бос орынға жас әйел келіп отырды. Келесі аялдамадан қарт әже трамвайға зорға мініп , бұлардың қасына келді. Жас әйел оқушы бала орын беретін болар деген оймен балаға қарап еді,ол терезеге қарап , әжейге көз салмады . Әйел өзi тұрып орын берді.Оған жалт қараған бала қызарып кетіп,әйелге өз орнын ұсынады.

Бала неліктен кызарды ? 

2-жағдаят.

4”а”сыныбына басқа мектептен үш қиын оқушы қабылданды.Сынып мүшелері араларында іріткі туып , оқушылар топ-топқа бөліне бастады . Тәртіп те төмендеді . Класс жетекшісі кластағы беделді балаларға сүйеніп , қиын балаларды тәртіпке шақырып класс дәстүрін мойындауға мәжбүр етті . Ал , 4-6 класында , осындай педагогикалық жағдайда класс жетекшісі тек өз тарапынан ықпал жасап , балалар ұжымы бұл істен сырт қалды . Қиын оқушылардың тәртіпсіздігі туралы шағымдар басқа мұғалімдерден түсе берді . Класс киын класс деп аталды . Сұрақ : ұжымдағы тәрбие жұмысындағы класс жетекшілерінің іс - әрекеттерін салыстырыңыздар .

3-жағдаят.

Сіз 9-шы сыныптың жетекшісісіз. Сіз бір апта оқушыларды бақыладыңыз, бұл оқушылармен жұмыс жасау қиын екенін білдіңіз. Олар жеке-жеке топ болып бөлініп алған, сынып жетекшісін елемейді де . Педагог сабақ аяқталғаннан кейін оқушыларды мектеп өмірін қалай қызықты және көңілді өткізуге болатыны жайындағы жиналысқа келулерін сұрайды. Жиналысқа сабақтан кейін тек жуас, сабақта тыныш отыратын оқушылар ғана келді. Бұл педагогты ашуландырды, өте ыңғайсыз жағдайға қалдырды.Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз. 

с)”Баспалдақ” әдісі. Тақтада баспалдақтың сатылары бейнеленеді.Оқушылар нағыз “тәрбиелі бала”шыңына жету үшін қандай болу керек екенін айтады.Ең соңында,жетістік шыңына жетеді.

III. Қорытынды

- Рефлексия.

Балалар өздерінің сабақ жайлы ойларын стикерлерге жазып береді.

-  

Балалар,міне осылай бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз!

Белсене қатысып отырғандарына үлкен рахмет!Тәрбие сағаты ойдағыдай өтті деген сенімдемін.

Тәрбие, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.10.2021
616
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі