|
Пән/сынып |
|
|
Мұғалімнің аты-жөні |
|
|
Тарау немесе бөлім атауы, ІХ бөлім |
Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология |
|
Сабақтың тақырыбы, 5-сабақ |
Соғыс жылдарындағы мәдени өмір. Одағайдың мағыналық түрлері |
|
Оқу мақсаты |
7.3.1.1 әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру. |
|
Сабақ мақсаты |
- тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді; - мәтіннің мазмұны бойынша күрделі жоспар құрады; - оқшау сөздердің қызметін түсініп, ажырата біледі. |
|
Бағалау критерийі |
- оқшау сөздердің қызметін түсініп, ажырата біледі; - мәтінге тақырып қойып, күрделі жоспар құрады. |
|
Құндылықтар |
Отанға деген сүйіспеншілік, төзімділік, табандылық |
|
АКТ дағдысын қолдану |
Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланады |
|
Пәнаралық байланыс |
Тарих, география |
|
Алдыңғы оқу |
Бауыржан Момышұлы. |
Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс- әрекет |
Ресурстар |
|
Ұйымдастыру кезеңі 1 мин |
Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру |
Қазақ тілі «Атамұра» 2017 |
|
|
Кіріспе Сұрақ- жауап
Жауабыңызды салыстырыңыз!
Жаңа сабақ
1-тапсырма. Өлең үзінділерінен одағайды тауып талдаңыз Ғаламат күш, апырау, бұл не деген? Тас та қалмас, сеземін, гүлдемеген. Тәттілігін еңбектің осыншама Қазақ қазақ болғалы білген емен.
Аз алған жоқ шапқындар
ғұмырымды, Тең бағалап қантамыр жалғасымен, Ұйықтап жатып санағам мал басын мен, «Шәйт!» деп енді лақтырсам, ақ таяғым Табысады жұмысшы балғасымен. (Ж. Молдағалиев) Дескриптор − одағайды табады; − одағайдың түрлеріне ажыратады. Жауабыңызды салыстырыңыз! Апырау – көңіл-күй одағайы О адамзат – көңіл-күй одағайы «Шәйт!» - шақыру одағайы 2-тапсырма. Тыңдаған мәтінге тақырып қойып, күрделі жоспар құрыңыз. Жоспар І: Кіріспе бөлім ______________________ ІІ. Негізгі бөлім 1)____________________ 2)____________________ ІІІ. Қорытынды ______________________ Дескриптор − күрделі жоспарды біледі; − жоспар құрады. МӘТІН Жатқанда отан жері отқа жанып, Тұрғанда туысқандар жауда қалып, Жеңбесек , жойқын қайрат шығармасақ, Жігіттің неге жүрміз атын алып? Жеңеміз! Жеңіс - совет адамы аты. Біздерміз азат етер адамзаты. Сенемін Партияма, ер халқыма, Қандай күш бұл дүниеден одан артты?! Киелі өнердің өміршеңдігі қандай қиыншылықта да тоқтамаған. Сондай оқ пен оттың ортасында жүріп, өнердің құдіретін сезіндірген, кеңес жауынгерлерінің жүрегіне жалынды өлеңдер шуақ дарытқан, отансүйгіштік рух пен күш-жігер берген сәттер сұрапыл соғыс жылдары аз болмаған. Соғыс жылдары Отанымызды қорғаған ер-азаматтардың қатарында жауынгерлерге бойындағы өнерімен қызмет еткен 17 өнер қайраткері 1942 жылы өздерінің оркестр, ансамбльдерімен майдан шебіне сұранып барғанын дәлелдейтін архивтік деректер бар. Ол өнер шеберлері артиллеристер мен ұшқыштар арасында, орман мен жасырын шалаш ішінде 50 концерт берген. Сталинград пен Украина майданында күннің ыстық- суығына қарамастан өнер көрсеткен. Олардың қатарында бұлбұл әншіміз КСРО Халық артисі Күләш Байсейітова, Роза Бағланова, Үрия Тұрдықұлова, Жамал Омарова, Елубай Өмірзақов, Манарбек Ержанов, Нина Куклина, Әнуарбек Үмбетбаев, Шара Жиенқұлова, Бибі Артықова, Ғарифолла Құрманғалиев, Зейнеп Розмұхамедовалар бар. Бәрі де ән салып, би билеп, кеңес жауынгерлерін көңілдендіріп отырды. 1941–1945 жылдары Алматының біріккен орталық кино- студиясында кеңес кинематографиясының алтын қорына енген фильмдер түсірілді. Олар: «Секретарь райкома», «Они защищают Родину», «Воздушный извозчик», «Два бойца», «Фронт», «Жди меня», «Парень из нашего городка» т.б. Соғыс жылдары Қазақстанда 500-ге тарта кино қызметкерлері мен әртістер еңбектенді. Орталық кино студия қызметкерлерімен бірігіп, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ә.Тәжібаевтардың қатысуымен «Абай әндері», «Жауынгер ұлы», «Саған, майдан» фильмдері түсірілді. Жауабыңызды салыстырыңыз! Соғыс жылдарындағы мәдени өмір І. Кіріспе бөлім Соғыс жылдары ІІ. Негізгі бөлім 1) Киелі өнердің құдіреті; 2) Соғыс жылдарындағы өнердің ролі ІІІ. Қорытынды Қазақ өнерпаздарының өшпес ерлігі Бүгінгі сабақта - Оқшау сөздердің қызметін түсініп, ажырата білдіңіздер; - Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіндіңіздер; - Мәтіннің мазмұны бойынша күрделі жоспар құрдыңыздар.
Қосымша тапсырма «Соғыс жылдарындағы мәдени өмір» мәтіні бойынша дербес пікір жазыңыз.
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
7-сынып. Қазақ тілі. Ашық сабақ жоспары. Соғыс жылдарындағы мәдени өмір. Одағайдың мағыналық түрлері
|
Пән/сынып |
|
|
Мұғалімнің аты-жөні |
|
|
Тарау немесе бөлім атауы, ІХ бөлім |
Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология |
|
Сабақтың тақырыбы, 5-сабақ |
Соғыс жылдарындағы мәдени өмір. Одағайдың мағыналық түрлері |
|
Оқу мақсаты |
7.3.1.1 әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру. |
|
Сабақ мақсаты |
- тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді; - мәтіннің мазмұны бойынша күрделі жоспар құрады; - оқшау сөздердің қызметін түсініп, ажырата біледі. |
|
Бағалау критерийі |
- оқшау сөздердің қызметін түсініп, ажырата біледі; - мәтінге тақырып қойып, күрделі жоспар құрады. |
|
Құндылықтар |
Отанға деген сүйіспеншілік, төзімділік, табандылық |
|
АКТ дағдысын қолдану |
Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланады |
|
Пәнаралық байланыс |
Тарих, география |
|
Алдыңғы оқу |
Бауыржан Момышұлы. |
Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс- әрекет |
Ресурстар |
|
Ұйымдастыру кезеңі 1 мин |
Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру |
Қазақ тілі «Атамұра» 2017 |
|
|
Кіріспе Сұрақ- жауап
Жауабыңызды салыстырыңыз!
Жаңа сабақ
1-тапсырма. Өлең үзінділерінен одағайды тауып талдаңыз Ғаламат күш, апырау, бұл не деген? Тас та қалмас, сеземін, гүлдемеген. Тәттілігін еңбектің осыншама Қазақ қазақ болғалы білген емен.
Аз алған жоқ шапқындар
ғұмырымды, Тең бағалап қантамыр жалғасымен, Ұйықтап жатып санағам мал басын мен, «Шәйт!» деп енді лақтырсам, ақ таяғым Табысады жұмысшы балғасымен. (Ж. Молдағалиев) Дескриптор − одағайды табады; − одағайдың түрлеріне ажыратады. Жауабыңызды салыстырыңыз! Апырау – көңіл-күй одағайы О адамзат – көңіл-күй одағайы «Шәйт!» - шақыру одағайы 2-тапсырма. Тыңдаған мәтінге тақырып қойып, күрделі жоспар құрыңыз. Жоспар І: Кіріспе бөлім ______________________ ІІ. Негізгі бөлім 1)____________________ 2)____________________ ІІІ. Қорытынды ______________________ Дескриптор − күрделі жоспарды біледі; − жоспар құрады. МӘТІН Жатқанда отан жері отқа жанып, Тұрғанда туысқандар жауда қалып, Жеңбесек , жойқын қайрат шығармасақ, Жігіттің неге жүрміз атын алып? Жеңеміз! Жеңіс - совет адамы аты. Біздерміз азат етер адамзаты. Сенемін Партияма, ер халқыма, Қандай күш бұл дүниеден одан артты?! Киелі өнердің өміршеңдігі қандай қиыншылықта да тоқтамаған. Сондай оқ пен оттың ортасында жүріп, өнердің құдіретін сезіндірген, кеңес жауынгерлерінің жүрегіне жалынды өлеңдер шуақ дарытқан, отансүйгіштік рух пен күш-жігер берген сәттер сұрапыл соғыс жылдары аз болмаған. Соғыс жылдары Отанымызды қорғаған ер-азаматтардың қатарында жауынгерлерге бойындағы өнерімен қызмет еткен 17 өнер қайраткері 1942 жылы өздерінің оркестр, ансамбльдерімен майдан шебіне сұранып барғанын дәлелдейтін архивтік деректер бар. Ол өнер шеберлері артиллеристер мен ұшқыштар арасында, орман мен жасырын шалаш ішінде 50 концерт берген. Сталинград пен Украина майданында күннің ыстық- суығына қарамастан өнер көрсеткен. Олардың қатарында бұлбұл әншіміз КСРО Халық артисі Күләш Байсейітова, Роза Бағланова, Үрия Тұрдықұлова, Жамал Омарова, Елубай Өмірзақов, Манарбек Ержанов, Нина Куклина, Әнуарбек Үмбетбаев, Шара Жиенқұлова, Бибі Артықова, Ғарифолла Құрманғалиев, Зейнеп Розмұхамедовалар бар. Бәрі де ән салып, би билеп, кеңес жауынгерлерін көңілдендіріп отырды. 1941–1945 жылдары Алматының біріккен орталық кино- студиясында кеңес кинематографиясының алтын қорына енген фильмдер түсірілді. Олар: «Секретарь райкома», «Они защищают Родину», «Воздушный извозчик», «Два бойца», «Фронт», «Жди меня», «Парень из нашего городка» т.б. Соғыс жылдары Қазақстанда 500-ге тарта кино қызметкерлері мен әртістер еңбектенді. Орталық кино студия қызметкерлерімен бірігіп, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ә.Тәжібаевтардың қатысуымен «Абай әндері», «Жауынгер ұлы», «Саған, майдан» фильмдері түсірілді. Жауабыңызды салыстырыңыз! Соғыс жылдарындағы мәдени өмір І. Кіріспе бөлім Соғыс жылдары ІІ. Негізгі бөлім 1) Киелі өнердің құдіреті; 2) Соғыс жылдарындағы өнердің ролі ІІІ. Қорытынды Қазақ өнерпаздарының өшпес ерлігі Бүгінгі сабақта - Оқшау сөздердің қызметін түсініп, ажырата білдіңіздер; - Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіндіңіздер; - Мәтіннің мазмұны бойынша күрделі жоспар құрдыңыздар.
Қосымша тапсырма «Соғыс жылдарындағы мәдени өмір» мәтіні бойынша дербес пікір жазыңыз.
|
шағым қалдыра аласыз




